Халықаралық құқық субьектілері және халықаралық құқықтық жауапкершілік
Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.
Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады
1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.
2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.
Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы — жеке тұлғалар.
Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды.
Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.
Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғащқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады.
Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.
Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.
Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың — құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.
Халықаралық құқықтың субьектілерінің ішкі мемлекеттік құқықтың субьектілерінен ажырататын белгілері болады:
1) Халықаралық құқықтық нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы;
2) Ұжымдық құрылым болып табылады [мемлекет билік және басқару аппарат; күресуші халық - ел ішінде және халықаралық қатынастарда оны білдіретін - саяси орган. Халықаралық ұйымдар - тұрақты әрекет ететін органдары; Биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруда халықаралық- құқықтың субьектілері салыстырмалы түрде тәуелсіз және бір-біріне бағытынышты емес. Әрқайсысының өзінің халықаралық мәртебесі бар және халықаралық қатынастарға өз атынан қатысады].
3) Халықаралық нормаларды әзірлеуде және қабылдауда қатысатын қабілеттілігі бар. Келісімшарттың құқық-әрекет қабілеттілік халықаралық құқық субьектіліктің маңызды элементі. Халықаралық құқықтың субьектілері халықаралық-құқықтық нормалардың адресаттары ғана емес, сондай-ақ оларды шығаратын (тудыру, құрастыру) тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқықтың субьектілері – сонымен бір уақытта халықаралық құқықтың саласы – халықаралық келісімшарт құқығының субьектілері болып табылады.
Осы аталған үш элементтің болуы (халықаралық құқықтың нормалардан туындайтын құқықтар мен міндеттердің болуы, ұжымдық құрылым түрінде болуы, халықаралық құқықтық нормаларды құруда тікелей қатысуы) қандайда бір құрылымды халықаралық құқықтың субьектісі деп санауға болады.
80. халықаралық құқық бойынша адам құқығы. Қылмыспен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық қылмыстық құқық - бұл жалпы сипаттағы қылмыспен күресу, халықаралық сипаттағы қылмыстармен, сонымен қатар халықаралық қылмыстармен күресу бойынша мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық құқықтың саласы.
Жалпы қылмыстық істермен мемлекеттер өздерінің егемендіктерінің шегінде ұлттық-құқықтық құралдарды негізге ала отырып күреседі. Бірақ мемлекет жалғыз өзі өз аумағынан тыс жүрген, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты жзалаудың болмай қоймайтындығы қағидасын жүзеге асыра алмайды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстарға терроризм, ұшақтарды айдап кету, нашақорлықты дамыту, контрабанда, қарақшылық, ядролық материалдарды ұрлау және т.б. жатады. Осы қылмыстардың халықаралық, «шетелдік» элементпен, және де солар үшін жауапкершілік халықаралық келісімдер де қарастырылғандығы олардың халықаралық сипатта болатындығын білдіреді. Солармен күресу мемлекеттердің ынтымақтастығының маңызды бағыттары болып табылады.
Қазіргі уақытта қылмыстың алдын алу бойынша, онымен күресу бойынша және қылмыскерлерді ұстау бойынша халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандары бар. Ол екі жақты, аймақтық және универсалды деңгейде жүзеге асырылады.
Қылмыспен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастықтарының негізгі нысандары болып мыналар табылады:
а) қылмыскерлерді ұстап беру (экстрадиция) және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмектер көрсету;
б) ішкі мемлекеттік ғылыми және практикалық тәжірибелермен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу проблемаларын талқылау;
в) мемлекеттерге олардың қылмыспен күресуде кәсіби және техникалық көмектер көрсету,
г) бірнеше мемлекеттерді қамтитын қылмыстармен күресуді үйлестіру.