Сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

? 7-сыныпта оқытылатын Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихының мазмұнымен, авторларымен, қамтылатын материалдармен таныстыра отырып, жаңа оқу жылындағы тарих пәніне, білімге деген ынтасын күшейту.

? Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

? Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Кіріспе

Әдісі:әңгімелеу.

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Ü Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Ü Әнұран орындау, «Хабар»

Ü Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

G 6-сыныпта өтілген Ежелгі дүние тарихы материалдарына шолу жасау.

· Египет

· Рим

· Қосөзен

· Грекия

· Қытай

· Жапония

· Шумер және Аккад т.б.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

¯ Ерте орта ғасыр-феодалдық құрылыстың пайда болуы

¯ Гүлденген орта ғасыр-дамуы

¯ Кейінгі орта ғасыр-ыдырауы

Сабақты бекіту:

G Иә-жоқ

Бағалау:

Үйге тапсырма: Оқулықпен танысу

Сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы:§1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы

Сабақтың мақсаты:

? Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау.

? Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Ü Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Ü Әнұран орындау, «Хабар»

Ü Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

G Өткен жылға материалдарды қайталау.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.

2. ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар

– Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.

3. Франк мемлекетінің құрылуы.

– Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Сали ақиқаты»

4. Мемлекетті басқару.

– Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.

5. Жер иелену

6. Франктердің христиан дініне енуі.

Сабақты бекіту:

G Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?

G Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?

G «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?

G Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?

G Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?

G Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1.

сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Франктер империясының құрылуы және ыдырауы

Сабақтың мақсаты:

? Франктер мемлекетіндегі биліктің жаңа түрі-феодалдық монархияның қалыптасып, империяға айналып, кейін қайтадан ыдырау себептерін түсіндіру.

? Білімді, белсенді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Ü Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Ü Әнұран орындау, «Хабар»

Ü Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

– Рим империясының құлауының басты себебі неде?

– Франк мемлекеті қашан құрылды?

– Француз тілінің негізін ежелгі қай халықтардың тілі құрады?

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Майордом билігі

– «Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді.

– Карл мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс-феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.

2. Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі.

3. Ұлы Карл және оның империясы

4. Империяның ыдырауы.

– Ұлы Карл өлгеннен кейін оның империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнына Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.

5. Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті.

– Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.

Сабақты бекіту:

1. Қортық Пипин король атағына қалай қол жеткізді?

2. Ұлы Карл империясы қай жылдары өмір сүрді?

3. Ұлы Карл империясы неліктен ыдырай бастады?

4. Ұлы Карл мәдениетті дамытуға қандай үлес қосты?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §2.

Наши рекомендации