Азақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі.
XVII ғасырдағы қазақ хандығының тарихында Тәуке хан (1680-1718) да айрықша орын алады. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Тәуке хан Қасым хан мен Есім ханның тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң жораларын бірізге түсіріп, «Жеті Жарғы» зандар жинағын жасады. Үш жүздің басын біріктіріп, олардың көшіп-қону конысын белгіледі. Әр руға таңба үлестіріп, ұранын айқындады. Жыл сайын қазақ ру басыларын жинап Күлтебеде кеңес өткізді. Қазақ хандығына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» деп аталатын зандар болды.
Қасым ханның кезіндегі заңдар жинағы бес бөлімнен тұрды:
1. мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);
2. қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал тонау, ұрлық)
3. әскери заң (қосын кұру, аламан міндеті, тұлпар ат, қару жарақ);
4. елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда
сыпайылық, әдептілік)
5. жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер)
Қасым ханның қасқа жолы бір ғасырдай қолданған соң, тиісті толықтырулар енгізіліп, Есім ханның тұсында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған.
Тәуке хан тұсында «қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, «Жеті Жарғы» деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді.
1718 жылы Тәуке хан дүние салды да, Қазақ елі саяси жағынан ыдырады. Осындай кезеңді Жоңғар ханы Сыбан Раптан қапы жіберген жоқ. Көрші мемлекеттерден қару-жарақ сатып алып 80 мың адамдық әскерімен Жетісу жеріне басып кірді.
1724-1725 жылдары жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды басып алып тонады. Осыған байланысты Ұлы жүз бен Орта жүздің көп бөлігі Самарқан мен Бұқараға барып бас сауғалаған. Кіші жүз Хиуаға қарай көшті.
Ата-баба қонысынан, туған-туысқанынан, барлық байлық мал-жанынан айрылған бұл 1723 жылғы қасіретті қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. Кіші жүзде оны «Сауран айналған» дейді. Осы қазақ халқының басына төнген құдіретті жылдары 1 жарым миллиондай адам қырғынға ұшырады.
Хандардың басы бірікпей алауыз болып жатқанда елін жаудан қорғау үшін Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Тайлақ, Саурық сияқты батырлар атқа қонды. Қазақтың ер жүрек жігіттері әр жерден жауға тұтқиылдан тиіп, кек қайтара бастады. Қазақ халқы жауға қарсы азаттық соғысына, Отан соғысына көтерілді.
Үш жүздің билері, батырлары Шымкенттен 30 шақырым жердей Бадам станциясынан 5 шақырым жердегі Ордабасы аталып кеткен төбе басында күш біріктіріп, күреске шығуға тоқтамға келді.
Бас қолбасшылыққа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды, Үш жүздің біріккен күші 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында Шұбартеңіз көлінің маңында жоңғарлар қолына соққы беріп, жеңіске жетті. Бұл жеңіс халықты рухтандырып, жауға қарсы жаңа күреске шығуға, туған жерді жоңғарлардан біржолата азат етуге бел байлатты. 1730 жылы көктемінде Балқаш көлінің төңірегінде Аңырақай деген жерде Үш жүздің қазақ әскері басқыншы жоңғарлар қолын тас-талқанын шығарып жеңді. Бірақ бұл жеңіс ұзаққа бармады. Аңырақай жеңісінен кейін-ақ өлген Болат ханның орнына бас хандыққа талас басталды. Үміткерлер үшеу еді. Біріншісі барлық қазақ әскеріне қолбасшылық жасаған және тамаша жеңістерге жеткен Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, екіншісі – Болаттың інісі Сәмеке, үшіншісі- Болаттың жас ұлы Әбілмәмбет. Хан сайлаушылардың көпшілігі осы Әбілмәмбетке дауыс берген. Осыған ызаланған Әбілқайыр Орынборға қарай көшті. Енді ол бүкіл үш жүзге хан болу арманын Ресейге арқа сүйеу арқылы іске асырмақ болды.
Сұрақтар:
1. ХV- ХVІғғ. Қазақ хандығы мен Қасым хан тұсындағы хандық территориясының ұлғаюын сипаттаңыз.
2. Тәуке хан (1680-1718жж) билік еткен кезеңдегі қазақ хандығының қоғамдық экономикалық және саяси жағдайы қандай болды?
3. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңының сипаты мазмұны мен ерекшелігі неде?
4. Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға жорығы және оның тигізген зардаптарын талдаңыз.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
4.Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI в. А., 1985.
5.Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы. А., 1957.
6.Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Ч. 1. А., 1959.
7.Дулати М.Х. Тарихи Рашиди. А., 2003.
8.Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. А., 1999, 2005.
9.История Казахстана в арабских источниках. В 3-х томах. Т. 3. А., 2006.
10.История Казахстана в персидских источниках. В 5-ти томах. Т. 4-5. А., 2006.
11.История Казахстана в русских источниках. В 10-ти томах. Т. 1-4. А., 2005-2007.
12.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник документов и материалов. А., 1961.
13.Казахстан в XV-XVIII вв. А., 1969.
14.Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. А., 1969.
15.Фазлаллах ибн Рузбихан. Михман-наме-и-Бухара (Записки бухарского гостя). М., 1976.
Қосымша әдебиеттер:
1. Адильгереев Е.М. К истории образования казахского народа. // Вестник АН КазССР. 1951. № 1.
2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ- ХҮІІ вв.: история, политика, дипломатия. – Алматы, 1998.
3. Аккошкаров Е. Из истории казахов. А., 1997.
4. Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХҮІІІ в.,-Алма-Ата, 1948.
5. Апполова Н.Г.Экономические и политические связи Казахстана с Россией в ХҮІІІ начале ХХ вв. –М., 1960.
6. Арғынбаев Х.А., Мұқанов М.С., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. А., 2000
7. Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. Т. 1. М., 1941.
8. История Казахстана: народы и культуры. А., 2000.
9. Марков Г.Е. Кочевники Азии. М., 1976.
10. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVIІ- XVIІІ вв. А., 1991.