Й шаруашылықтары қаржысының мәні, олардың қызметтері

Орлану қоры:ШЖС/ң қарамағында қалатын табыс (пайда); негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар; шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім – ақша; банктердің кредиттері;басқа да көздер есебінен қалыптасады.Қорлану қоры пайдаланылады: ғылыми – техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге; табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға; өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдарын, құрылыс) салуға үлестік қатысуға; құрылысты және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (тұрғын үйлерді, клубтарды, демалыс үйлерін, пансионаттарды, санаторийледі) салуға үлестік қатысуға.Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну мен қорланудың кешенді қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке – жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады:жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.

Ұдайыөндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде резервтік қордың(резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры)маңызы зор.Қаржылық резервтерді ШЖС/ң өздері меншікті қаржылық ресурстар есебінен басқару құрылымдары, мамандандырылған сақтық ұйымдары және мемлекет жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық – қаржылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.

ШЖС/ң валюталық қорлары мына көздерден қалыптасады: экспорттық валюталық түсім – ақшадан; жарғылық капиталға түсетін жарналардан; банктердің, соның ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен; ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы валюта сатып алу; бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек.Валюталық қорлар ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік – мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін.Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізуүшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады.

15.Мемлекет қаржысының мәні

Мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болуымен б/ты. Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты. Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функциаларын орындауға пайдалану қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл- бөлу мен бақылау функциялары. Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн; бұл: 1) орналастыру; 2) қайта бөлгіштік; 3) тұрақтандыру қосалқы функциялары. Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктік тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін. Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады: 1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық-трансферттік тәсіл арқылы; 2) баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын үдемелі салықтар арқылы орындалуы мүмкін; 3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтар мен ұштастыру арқылы жету мүмкін.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті (муниципалдық) денгейде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларына қіріктіреді. Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз б/ты 2 процесс п.б.: 1) мем қаржылардың қарамағына қаржы русерстарын жұмылдыру (мем кірістер) 2) қаржыларды мем/ң әр түрлі қазметтеріне пайдалану – бұл процестің алғашқысы өзінің көрінісінің мем кірістері ұғымына 2-ші мем/ң шығыстарында көрініс табады. Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

16.Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер

Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер - өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттік тікелей қатысу нұскалары мүмкін бола алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады.

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады және мемлекет қаржысының қоғам дамуында, экономиканың жетілуінде маңызы зор.

Мемлекет өндіріске тура қатыса алады және белгілі бір тауарларды, игіліктерді, қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларға тікелей қатынаса алады. Қоғамдық тауарлардың нарықтық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол- олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды. Бөлгіштік қағидасы- жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

Шығарып тастау қағидасы- тұтынушы егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.Қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде- құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.Қоғамдық тауарлар бөлінбейді өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидасы іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде,ал қоғамдық тауарлардан пайда өндіру кезінде ажыратылады.Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидасының ықпалына түсіп кетеді. Яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті минимумнан жоғары қамтамасыз етіледі.

17.Жанама ұтымдарды реттеу

Мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі мына функцияларынан білінеді: экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау, монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау, табыстар мен байлықты қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субьектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты жіне дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Экономиканы реттеу екі нысанда жүргізіледі: өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу.

1. қоғам дамуының обьективті экономикалық заңдарының іс-қимылының есепке алу.

2. қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.

3. көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

4. шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономикалық салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

18.Мемлекет кірістерінің мәні мен сыныптамасы

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Табыстар (кірістер) - қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық қатегория. Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір цызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аральщ сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің жаңа стадиясына - айырбасқа көше отырып, (түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті табыстар деп корланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады) қызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары баска субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кэсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе элеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылатындығына көрініп білінеді.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кэсіпорындардың қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен байланысты болатын қаржылық қатынастардың бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржылық ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында калғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталыңтандырылган қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаган кірістер кәсіпорындардың өздерінін, ақшалай табыстары мен корланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) жалпы табыс (пайда), косылған кұн салығы, акциздер, кеден табыстары түріндегі мемлекеттік кэсіпорындар мен үйымдардың табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-су, басқа табиғат ресурстарынан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынат^йй^абыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұймдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінімдік алым);
4) үй-жай үшін жалгерлік төлемді, косалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды кіріктіретін бюджеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары.

19.Мемлекет шығыстарының мәні, олардың құрамы

Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.

Мем/к шығындардың құрамына келесілер кіреді:1)эко/ны қаржыландыру

2)ғылыми-тех/қ прогрессті қаржыландыру 3)әлеу-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар 4)қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар кіреді;

Мем/к шығындардың мақсатты сипаты – мем/к қаржыларды қатал белгіленген шараларды қолданумен анықталады. Бұл арқылы ұлттық шаруашлықтағы және аудандардағы жеке салалардың даму пропорциясы қамтамасыз етіледі. Яғни, ғылыми-тех/қ прогресті маңызды әлеу/к мәселелердің шешімдері анықтайтын перспективалы және прогрессивті салалардың дамуына қаржы бөлінеді. Мем/к шығыстарды қаражаттардың ең жоғарғы тиімділігін пайдаланған жағдайда мем/к қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған б/ты мем/ң шығыстарын қаржыландырудың 2 әдісі бар: 1) шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйым/ды қаржыландыру – меншікті ресурстар; банк кредиттер есебінен жасалынады; 2) бюджетке қаржыландыру – бюджеттік тәртіппен қаржы/тын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Мемлекеттік шығыстар – мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты аұша шығындарымен көрсетіледі. Құрамы: 1. Экономиканы қаржыландыру – бқл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оларға: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар, негізгі капиталға жөндеу т.с.с. 2. ҒТП қаржыландыру – көзін таңдау кезеңдерге және тиісінше ғылыми техникалық зерттеулерге байланысты соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер, жобалау зерттемелері, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті басқаруды, ұйымдастырудың әдістерін енгізу. 3. Әлеуметтік мәдени іс шараларды қаржыландыру – оқу ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге, мәдениетке, денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын.Түрлері: 1)білім беру, кадр, кәсіби даярлау. 2)мәдениет, өнер, спорт, БАҚ. 3)денсаулық сақтау. 4) мемлк. әлеуметтік сақтандыру және әлеум.к көмек. 4. Қорғанысқа жұмсалған шығын – қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға қаржы материалдық-техникалық және өзге ресурстарды бөлу, ҚР-ң қорғанысы кепілін қамт. ету. Қорғанысты қаржымен қамт. етуге кіреді: а)қарулы күштерді қаржыландыру; б)ғылыми зерттеулер мен қоғаныс сипатындағы зерттемелер; в) ақпаратты жүйені жасау және дамыту; г) әскери объектінің күрделі құрылымы.

20.Мемлекет шығыстарын ұйымдастырудың қағидаттары

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспаршылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру максатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен үлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі болып табылады. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын катаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және еңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржыларды ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективалық және прогрессивтік салаларға бөлу және аса маңызды екі әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттің шығыстарын каржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредиттік механизмнен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл кагидат бойынша каржылық ресурстарды беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен катар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын каржылық ресурстардың тиімділігін арттырады. Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай ңаржыландыру қаржылық ресурстарды тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді. Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды кағидаты, ол ішкі резе-рвтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджеттік, кредиттік және метиікті көздердің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасау үдерісінде олардың қатысы болып табылады.

21.Мемлекет шығыстарын қаржыландырудың әдістері мен нысандары

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджеттіжасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын —профицитті құрайды. Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:

1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;

2) кірістер түрақты, шығыстар азаяды;

3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ темендейді).

Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.

2. Мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады.

3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді.

4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

1. Жыл сайынгы теңгерілетін бюджет.Мүндай бюджет мүндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті тең-геру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін. Жүмыссыздықтың болуы және халықтың табысының қүлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бүл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет.

2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет.Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы қүлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер терендігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

3.Қаржының функциялық тұжырымдамасыныңмақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық түрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мүның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады.

22.Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы

Мемлекеттiң шығыстары – бұл мемлекеттiң жұмыc iстeyiмeн байланысты aқшaлай шығындары. Экономикалық категория peтiндe олар қоғамдық өндiрiстi дамытып, жетiлдiру, қоғамның сан алуан қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында iшкi жалпы өнімнің бiр бөлiгiн бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды бiлдiредi.

Мемлекеттiң шығыстары – мемлекеттiң қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кipicтepiн пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бiр бөлiгi.

Мемлекет шығыстарының өзгешелiгi сол, ол қызметтiң тек мемлекеттiк сферасының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етедi. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк, басқару, қорғаныc және т.б. функцияларымен тiкелей байланысты.

Мемлекет шығыстарының құрaмынa мемлекеттiк бюджеттiң, мемлекеттiк бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттiк кәсiпорын-дар мен ұйымдардың, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сфералар мекемелерiнiң шығыстары кіреді. Мемлекеттік бюджеттiң шығыстары тереңірек 7 дәрісте баяндалған. Мемлекеттiк сектордың кәсiпорындары шығыстарының құpaмынa мыналар кiредi:

1) өндiрiстiк, шаруашылық-пайдалану қызметiмен байланысты шығындар;

2) ұлғаймалы ұдайы өндiрiске (негiзгi және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

3) бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетiн төлемдер;

4) көтермелеу және ынталандырy қорларына аударылатын аударымдар.

Бағыттары мен мaқcaтты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерiнiң жuынтығы мемлекет шығыстарының жүйесiн құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлiгi мемлекеттiк бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттiк кәсiпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебiнен жүргiзiледi. Олар сондай-ақ өнімнің өзiндiк құнынa кiрiктiрiлетiн амортизация сомаларымен өтелуi мүмкін, бұл ақша мемлекеттiк шаруашылықтың өндiрiстiк капиталдарын көбейту үшiн қарастырылған күрделi жұмсалымдарға бағытталады.

Мемлекет шығыстарының бiр бөлiгi салықтық төлемдер, қарыздардан түceтiн түciмдep түрiндегi халықтың қаражаттары есебiнен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландырy үшiн негiзгi өндiрiстiк капиталдарды көбейту және техникалық жетiлдiру мақсаттарында және кейiн кәсiпорындардың табыстарынан өтелетiн банктердiң ұзақ мерзiмдi кредиттерi тартылады. Мемлекеттiң шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландырy мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртiбiн белгiлеу арқылы қол жетедi. Сoндықтaн мемлекеттiң шығыстарын ұйымдaстыpy қағидаттарының бiрi жоспарлылық болып табылады.

Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтiк жұмыс деңгейiн арттырy мақсатындa мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады.

Мемлекеттiң шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиiмдiлiкпен пайдаланған жағдайда мемлекеттiк қажеттiлiктердi неғұрлым толық қамтамасыз eтyi тиiс. Осыған байланысты шаруашылық жүргiзудiң ерекшелiктерiмен анықталатын мемлекеттiң шығыстарын қаржыландырудың екі әдiсi бар:

1. Шаруашылық есептегі кәсiпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншiктi ресурстар, банк кредиттерi есебiнен және жетiспеген бөлiгi бюджеттік қаражаттар есебiнен жасалынады.

2. Бюджеттiк қаржыландыру. Бюджеттiк тәртiппен ерекше құжаттардың – қаржылаңдырудың дара жоспарларының негiзiнде әлеуметтiк-мәдени шаралар, мемлекеттiк билiк пен басқару органдарын ұстay, қорғаныc шығындары қаржылаңдырылады. Бюджеттiк тәртiппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттiк деп аталады. Ерекше жағдайларда әдiс peтiндe айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттiк эмиссия есебiнен (қолма-қол ақшасыз) эмuссuялық қаржыландыру қолданылады.

23.Салықтардың экономикалық мәні, қағидаттары және функциялары. Лаффер қисығы.

Салықтардың экономикалық мәніолардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы калыптасқан:

1. Бірінші жағдайда (пайда кағидасы) салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады.

2. Екінші қағидатқа сәйкес «кайыр көрсету» субъектілер үшін колайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатка байланысты болуы тиіс.

Шотланд экономисі және философы А.Смиткез келген экономикалық жүйеге кажет салық салудың төрт негіз қалаушы(классикалық болған) кағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар:

1) салық салу төлеушінің әркайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);

2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық кағидаты);

3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық кағидаты);

4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем кағидаты).

Салық салудың міндеттілігі қағидасы:

Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Салық салудың айқындылығы қағидасы:

Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

Салық салудың әділдігі қағидасы:

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Салық жүйесінің біртұтастығы қағидасы:

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

жариялылық қағидасы:

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Салықтардың мәні олардың функцияларында көрінеді. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сиякты негізгі үш функцияорындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржылық категорияның ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі.

Салықтардың реттеушілік функциясымемлекеттің экономикалық кызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына кабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді.

Қайта бөлгіштік функцияарқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.

Лаффер қисығысалық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

24.Тікелей салықтар, олардың сипаттамасы

Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Оған мындай салықтар жатады: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салықтар және т.б. Тура салықтар салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей төленетін салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің(меншігінің) кейбір түрлеріне(үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с) салыднады. Жеке тура салықтар бұл жеке адамдардар мен заңи ұйымдардың табыстары мен мүкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде, оның қаржылық жағдайында ескеріледі. Корпоративті табыс салығынтөлейтіндер – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары. КТС келесідей ставкалармен төлейді: 20%, азайтылған салық ставкасы 10%, бейрезиденттер15%. Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар. Есептеу ставкалары: жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн зейнетақы төлемдерiн қысқартқандағы табыс соммасының 5 тен 20 пайызына дейнгi ставка бойынша есептелiнедi, табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 5% . Көлік құралдары салығынтөлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.Салықты есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі (АЕК). Мысалы; жеңіл автокөліктерге 4-тен 117 АЕК дейін, ал ауыр автомобильдер мен арнаулы автомобильдер 6-дан 15 АЕК дейін. Жер салығын төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар. Ставкалары:5000 шаршы метрге дейін - әрбір шаршы метр үшін 0,20 теңге; 5000шаршы метрден жоғарғы –әрбір шаршы метр үшін 1,00теңге.Жергілікті өкілді органдар шешімі бойынша 5000шаршы метрден жер салығы үшін салық ставкасын әр 1 шаршы метр үшін 1,0 теңгеден 0,20 теңгеден дейін төмендете алады.

25.Жанама салықтар және олардың сипаттамасы

Жанама салықтар- мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді және бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар,олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 Жылы енгізілген Қосымша құн салығы(ҚҚС) болып табылады.Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады.Салық салу объекті материалдық шығынсыз өндірілген өнім(амортизациясы бар таза өнім)болып саналатын қосылған құн болып табылады:қосылған өнімге кешенді шығыстар,мысалы,жарнамаға жұмсалатын және бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған мына тұлғалар:дара кәсіпкерлер,мемлекеттік мекемелерді қоспағанда ,заңи тұлға резиденттер;қызметін ҚРда филиал,өкілдік арқылы жүзеге асырылатын бейрезиденттер,жұмыстарды,қызметтерді сеімгерліпен атқарушылар;Кедендік Одақтың немесе ҚР аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар ҚҚС төлеушілер болып табылады. Салық заңнамасына сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС салынатын объектілер болып таблады Қосымша құн салығы бойынша есепке алу қарастырылмаған тауарларды өткізу кезінде оларды сатып алуда салық салынатын айналым мөлшері тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.Салық салынатын импорт мөлшерін анықтау кезінде тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ Қазақстан республикасында импортталу кезінде төленуге жататын жинақтар, баждар, салықтар сомасы қосылады..ҚР тауарларды,жұмыстарды,қызметтерді өткізу бойынша ҚР да ҚҚСты төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал,өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды,қызметтерді сатып алу бойынша ҚҚСты төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.

Салық Кодексіне сәйкес, қосылған құн салығынан төмендегідей тауарларды, жұмыстар мен қызметтерлі өткізу бойынша айналым босатылады:

• пошта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);

• акциздік алымдар маркалары (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есептік-бақылау);

• өкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекет баж алатын қызметтерді;

• адвокаттық қызметті, нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

• Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі өткізетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;

• мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;

• Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беру, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беруді;

• жарғылық капиталға жарналарды;

• жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;

• жерлеу бюроларынан, әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулердің, зираттар мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;

• оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымдар;

• банк карточкаларымен жасалынатын операциялар бойынша есеп-кисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрестулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;

• жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға өткізумен байланысты айналымдар;

• қаржылық қызметер, оларға жататындар: банк операциялары, бағалы қағаздармен операциялар, төлемдік карточкаларымен, чектермен, депозиттік сертификаттармен операциялар;

Қосылған құн салығы төмендегідей шарттар орындалса есепке алынады:

? тауарларды, жұмыстар мен қызмттерді алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;

? өнім беруші өткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шот-фактурасын ұсынса, егер өнім беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот-фактура «Қосылған құн салығы жоқң деген белгімен жазылса.

2001 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерінен 15%-ті құрайды.Салық төлеуші салық мерзімі өткен соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынуға міндетті.Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен нақты есеп айырысатын салық кезеңі болып күнтізбелік ай саналады. Егер де бюджетке төленуге жатқызылған салықтың орташа айлық сомасы 10000 АЕК-ті құраса, онда салықтық кезең болып тоқсан есептелінеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші — салық төлеушілер үшін салықтық кезең болып жыл саналады.

26.Алымдардың, төлемақылардың арналымы және рөлі

Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді: Салықгар., Алымдар, Төлемақылар, Мемлекеттік баж, Кеден төлемдері.Бұлар бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары төлемдер болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:

Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем. 2002 жьлы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап "елтаңбалық алым "алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1. "Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым" және 6.1. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекетгік тіркеу үшін" және 8.1. «Туындылар мен сабақтас қүқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.

Алымдардың түрлері:

І.Заңды түлғадардың мемлекеттік тіркегені үшін алым. 2.Жеке кэсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.З.Жылжымайтын мүлікке құкықтарды жэне олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.3.1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым(2005 жылдың I каңтардан)4.Радиоэлектрондық күралдарды және жиілігі жоғары қүрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.5.Механикалык көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. б.Теңіз.озен кемелері мен піағыіі көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. б.і.Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылдың 1 қаңтардан)7.Азаматтык әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым. 8.Дәрі-дәрмек күралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.8.1.Туындылар мен сабактас күкықгар обьектілеріне құкықтардыдуындылар мен сабақтас күқықтар обьекіілерін пайдалануға лизензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым(2006 жылы 1 қаңтардан)9.Автокөлік кұралдарының Қазакстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы. 10.Аукционардан алынатын алым11 .Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу күқығы үшін лицензиялық альтм.12.'Гелевизия және радио хабарларын тарату үйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рүксат бергені алым.

Төлемақылар әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатынан жүзеге асырылады және тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы тұлғаларға ғана төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар кімдер?
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңының 8-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиісті:

· қызметкерлер, жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда;

· өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасы аумағында табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыратын шетелдіктермен азаматтығы жоқ тұлғаларды қоса айтқанда. Осылайша, пайдасына жұмыс берушісі немесе басқадай тұлға тарапынан әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жасалған жеке тұлға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылады.

Төлемақы түрлері:

1. Жеручаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

27.Салықтарды аудару үрдісінің ерекшеліктері

Салықтарды аудару — салық ауыртпалығын салықтың түпкілікті салынушысына — салықтардың негізгі ауыртпалығын оз мойнына алатын халыққа көшіру процесі. Салықтарды аудару бірқатар салықтар бойынша толеуші мен салық салынушы ғана смес, сонымен бірге салық салу объектісі мен козінің дәл келмеуіне байланысты.

Аудару бүркемелі нысанда өндіріс сферасында да, сонымен бірге айналыс сферасында да болады.

Өндіріс сферасында табыс немесе пайда есебінен толенетін са-лықтар жалдамалы қызмсткерлердің еңбегін интенсивтендіру жо-лымен, яғни қажеггі жүмыс уақытын салыстырмалы қысқарту және қосымша уақытты көбейту жолымен аударылуы мүмкін. Бұл жал-дамалы қызметкерлерге салықты аударудың аса бүркемелі нысаны. Айналыс сферасында салықтар бағалардың механизм! арқылы аударылады.

Наши рекомендации