II. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері
I. Жалпы ережелер
1.1. Бұл дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың мақсаты ҚР БҒМ 2009ж. 31 шілдесіндегі № 366 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС 5.03.016-2009 сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да дипломдық жұмыстарға (жобаларға) қойылатын жалпы талаптарды бекіту болып табылады.
1.2. Дипломдық жұмыс (жоба) мамандықтың оқу жоспарына сәйкес оқудың қорытынды кезеңіде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
1.3. Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:
- студенттердің оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсіби білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту;
- дербес ғылыми зерттеу және нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлеу және зерттеу кезінде тәжірибе жасау әдістемесін игеру;
- студенттің дайындық, оның заманауи экономика, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында өз бетінше жұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыс (жоба) тиісті ғылым салалары нақты мамандықтарының маңызды сұрақтары мен мәселелерін дербес зерттеу нәтижелерін жинақтауы керек.
1.5. Дипломдық жұмыс (жоба) келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:
- ғалымдар, сарапшылар, тәжірибелік мамандар, инженерлер, экономистер, инженер-құрастырушылар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;
- зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар мен ұсыныстардың болуы;
- нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.
1.6. Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент келесі міндеттер шеңберін шешуі қажет:
- таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі керек;
- қажетті мәліметтерді жинау жолымен зерттеу нысанының (пәнінің) күйіне талдау жасау;
- зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау негізінде нақты қорытындылары мен ұсыныстар жасау;
- алынған нәтижелерді жинақтау негізінде зерттеу нысандарының қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселелерді, сұрақтар мен міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.
1.7. Дипломдық жұмыста (жобада) жүргізілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне, қабылданған шешімдерге дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы ретінде студент жауап береді.
II. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері
2.1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар
2.1.1. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбын мамандарды даярлаудың бейініне, мамандыққа сәйкес шығарушы кафедра әзірлейді, тақырыптар факультет Кеңесінде қарастырылады және ректордың бұйрығымен бекітіледі.
2.1.2. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы экономика, ғылым, техника мен мәдениет дамуының жағдайы мен келешегіне сәйкес келуі керек және бүгінгі күнгі өндірістің, білім, ғылымның және мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелері ескерлуі қажет.
2.1.3. Дипломдық жұмыстардың тақырыптарындағы тақырыптардың жалпы тізімі түлектер санынан 2-3 есеге көп болуы қажет және жыл сайын 30%-дан кем емесі жаңартылып отыруы қажет.
2.1.4. Студент кафедра меңгерушісінің атына жазылған жеке өтініш негізінде бекітілген тақырыптардан дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын таңдайды. Өтінішінде бітіруші студент оған дипломдық жұмысты жазу үшін нақты бір тақырыпты бекіту өтінішімен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы қатарынан нақты бір оқытушыны ғылыми жетекші етіп тағайындауды да сұрай алады. Студент өтінішінің үлгісі 1 қосымшада келтірілген.
2.1.5. Студент зерттеу үшін бекітілген тақырыптар арасында жоқ өз тақырыбын ұсына алады. Бұл үшін ол өзінің ғылыми және тәжірибелік мүдделеріне сүйене отырып, өз шешімін жазбаша түрде негіздеуі қажет.
2.1.6. Сырттай (қашықтықтан) оқу бөлімінде білім алатын студент дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын өндірістік қажеттілікке немесе өзінің тәжірибелік қызметі бейініне сәйкес таңдай немесе ұсына алады.
2.1.7. Студенттер мүдделі шаруашылық субъектілерінің жазбаша тапсырыстары (келісімшарт) бойынша тақырыптарға дипломдық жұмыстарды (жобаларды) орындай алады.
2.1.8. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы студентке ағымдағы оқу жылының бітіру курсының басында белгіленеді және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
2.1.9. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын қажет болған жағдайда диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту аяқталған соң шығарушы кафедра меңгерушісінің дәлелді ұсынысы негізінде өзгертуге, нақтылауға және түзетуге болады.
2.2. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми жетекшілерін тағайындау
2.2.1. Ғылыми жетекшілер ретінде профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар анағұрлым тәжірибелі оқытушылар және аталмыш жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар қызметі мен ғылыми басылымдары маманды дайындау бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалады.
2.2.2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі міндетті:
- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін тапсырма беруге;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының барлық кезеңдері көрсетілген барлық кезеңге дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;
- бастапқы мәліметтер көздерін және қажетті негізгі әдебиеттерді, соның ішінде монографияларды, заңнамалық-нормативтік актілерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, мерзімді ғылыми басылымдардан мақалаларды, нұсқаулықтар, ережелер, дәрістік курстар, журналдар, дипломдық жұмыс (жоба) тиісті арнайы әдебиетті терең меңгеру негізінде орындалуы қажет болғандықтан, оның ішінде шетел тілдеріндегі журналдарды ұсынуға;
- студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың күнтізбелік кестесін сақтауы үшін ағымдық бақылауды жүзеге асыруға;
- белгіленген уақытта дипломдық жұмыстың көлемі мен бөлімдері бойынша консультациялар өткізуге.
2.2.3. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындауы туралы мерзімдік есептерінің мерзімін бекітуге және ғылыми жетекшімен бірігіп дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы аралық есепті қабылдауға міндетті.
Шығарушы кафедра студенттерінің дипломдық жұмыстарының (жобаларының) дайындығы туралы ақпарат факультет деканына беріледі. Студент дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмаға сәйкес дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы үш есепті ұсынуы қажет:
біріншісі - оқу үдерісінің кетесіне сәйкес іс-тәжірибеге кетекнге дейінгі I тарауының орындалуы туралы аралық есеп;
екіншісі – оқу үдерісінің кестесіне сәйкес іс-тәжірибе аяқталған соң II және III тараулардың орындалуы туралы аралық есеп;
үшінші есеп оқу үдерісінің кестесіне сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын – алдын ала қорғау алдында дипломдық жұмыстың (жобаның) аяқталуы туралы.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалу кестесін сақтамаған және дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы есеп берілмеген жағдайда ғылыми жетекші шара қолдану үшін кафедра меңгерушісіне жазбаша түрде ақпарат береді.
2.3.Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма
2.3.1. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада бастапқы материалдар мен дерек көздерін сипаттау, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал (таблицалар, диаграммалар, сызбалар, суреттер және т.б.) тізімі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың толық күнтізбелік кестесі болады. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманың үлгісі 2 қосымшада көрсетілген.
2.3.2. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманы жұмыстың аяқталу мерзімін көрсетіп, кафедра меңгерушісі бекітеді және ол бірінші беттен кейін нөмірленбей дипломдық жұмысқа (жобаға) қоса тігіледі, бірақ беттердің жалпы санына кіреді.
2.3.3. Жекелеген жағдайларда дипломдық жұмыстың (жобаның) жеке бөлімдері бойынша ғылыми жетекшілікке берілген сағаттар көлемі шегінде (24 сағ.) дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмада көрсетіліп, кеңесшілер шақырыла алады.
2.3.4. Күнтізбелік кесте әдебиеттерді таңдаудан бастап алдын ала қорғаудан өтуге дейінгі дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың барлық сатылары көрсетіліп, бүкіл кезеңге құрылады [2 қосымшаны қараңыз].
2.3.5. Инженерлік-техникалық мамандықтарда білім алатын студенттер дипломдық жұмыстарында (жобаларында) негізгі тақырыптан басқа өндіріс технологиясы, автоматтандыру, кешенді механикаландыру, стандарттау, бағдарламалық өнімдерді пайдалану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті басқару, еңбекті қорғау мәселелері, өнеркәсіптік экология, жобаларды экономикалық негіздеу мәселелеріне түсінік беруді қамтамасыз етуі қажет.
Ескерту. Әдетте мұндай қосымша ақпарат қосымшаларда орналастырылады. Сондықтан инженерлік-техникалық және бірқатар жаратылыстану-ғылыми мамандықтар үшін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің жеке шешімімен қосымшалар ҚР МЖБС 5.03.016-2009 8.43 т. сәйкес беттерді алмастырмай номерлеуді қолдану арқылы (60-90) дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы көлеміне енгізілді.
2.3.6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі пайдаланылған есептеулер әдістерін негіздеу, өткізілген тәжірибелерді суреттеу, әр түрлі нұсқаларды салыстырмалы талдау арқылы жұмыс тақырыбының мақсатын, міндеттерін ашып, суреттер, кестелер, сызбалар, диаграммалар, схемалар және компьютерлік технологияны қолдану болуы қажет.
2.3.7. Дипломдық жұмысты (жобаны) студент жоғары оқу орнындағы сияқты зерттеу нысаны мен пәніне сәйкес басқа кәсіпорындарда, ұйымдарда, жобалық-құрастырушылық бюроларда, ҒЗИ-ларда орындай алады.
2.4. Дипломдық жұмыстың құрылымы
2.4.1. Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің нақты мамандық бойынша өз бетінше машиналық жазба мәтінінде 60-90 бет көлеміндегі қолжазба түрінде әзірлеген ғылыми-зерттеу жұмысы, гуманитарлық мамандықтар бойынша көлемі 100 бетке дейін баруы мүмкін. Қосымшалар көрсетілген дипломдық жұмыс (жоба) көлеміне енгізілмейді.
2.4.2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:
· Мұқабасы
· Бірінші беті
· Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
· Мазмұны
· Кіріспе
· Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынымдық бөлімдер)
· Қорытынды (қорытындылар мен ұсыныстар)
· Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
· Қосымша (лар)
2.4.3. Мұқаба мен бірінші бетдипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беттері болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін мәлімет беретін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Дипломдық жұмыстың мұқабасы мен бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді. Мұқаба мен бірінші беттің үлгілері 3 және 4 қосымшаларда келтірілген.
2.4.4. Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнынакіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.
Мазмұнында дипломдық жұмыстың әрбір элементінің (тарау, параграф) қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны келесі шарттарға жауап беруі керек:
· Материалды баяндаудың логикалық бірізділігі;
· Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы;
· Жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы;
· Қорытындылардың, нәтижелердің дәлелділігі және ұсынылатын шешімдер мен ұсыныстардың негізделгендігі
«Мазмұнының» үзгісі 5 қосымшада келтірілген.
2.4.5. Кіріспедедипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, мін деттері және нысаны қалыптастырылып, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы суреттелуі қажет. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрауы мүмкін.
2.4.6. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Дипломдық жұмысқа (жобаға) 2-3 тарау енуі мүмкін.
Бірінші тарау- теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда ғылыми, заңнамалық, статистикалық, тәжірибелік және басқа да әдеби деректерді шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдеби деректерді шолу барысында аталмыш тарауда қарастырылатьын мәселенің мағыналық аппараты, әдіснамалық негіздері ашылып, зерттеліп отырған тақырып бойынша отандық сияқты шетелдік ғалымдардың да әр түрлі көзқарастарына салыстырмалы баға берілуі және қойылған міндеттерді зерттеуде және шешуде өз тәсілі мен үлесі анықталуы қажет.
Екінші тарау – сараптамалық. Бұл тарауға 2-3 параграф енуі мүмкін, оларда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік және т.б.) меңгеру негізінде зерттеліп отырған нысанға жан-жақты кешенді талдау жасалады, зерттеу нысаны мен пәніне жіті сипаттама беріліп, зерттеліп отырған нысанның факуторлары мен заңдылықтары, қолданыстағы тәжірибедегі даму тенденцтялары, кемшіліктері және оларды әрі қарай шешу жолдары анықталады.
Үшінші тарау– түйіндік, ұсынымдық. Бұл тарау 2-3 параграфтан тұруы мүмкін,оларда зерттеліп отырған мәселені теориялық және тәжірибелік талдау негізінде зертттеліп отырған мәселенің кемшіліктері, аталмыш саладағы шешілмеген мәселелер, моделдеу мен жағдайды қолдану арқылы әрі қарай даму келешегі мен мәселені шешу жолдары анықталады, сонымен қатар зерттеу нысанының қызметін ұйымдастыру және басқарудың жеке бағыттарын жетілдірудің басқа да мүмкіндікті жолдары ұсынылады.
2.4.7. Қорытындыныңкөлемі 3-5 беттен тұрып, дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.
2.4.8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативтік, статистикалық, электрондық және басқа да көздердің тізімін сипаттап, құрамына 30-дан кем емес дерек көздері енгізілуі қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі 6 қосымшада көрсетілген.
2.4.9. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған және кестелер, суреттер, нұсқаулықтар, техникалық сипаттамалар, бағдарламалық өнімдер, есептеулер және т.б. түрінде ұсыныла алатын, дипломдық зерттеуді орындауға байланысты материалдар енгізіледі.