Жер ресурстарын қорғау

Жер қойнауын қорғау дегеніміз – фонтанды ұңғы атқылауын, ұңғы оқпанының опырылып қалуын, бұрғылау кезінде өнімділік қабатты дұрыс ашпағандықтан, мұнайдың жер қойнауынан жоғалуын, өндіру процесі кезінде олардың уақытынан бұрын сулануын болдырмау үшін кешенді шараларды іске асыру.

Сонымен қатар оған мұанй, газ, су қабаттарын бір-бірінен айыру, құбардың бетіндегісін қамтамасыз ету бірінші рет цементтеген кезде сапасының жоғары болуын және ұңғының техникалық жағдайларын жақсы сақтай білу жатады.

Топырақ пен жер қойнауын қорғау үшін жобада келесілер қарастырылған:

- ҚР нормативтік актлерін және заңдарын сақтау;

- қалдықтар шығармайтын және қабат флюидтеріңнің төгілуін болдырмайтын барлама ұңғымалар констукциясын және технологиялық құрылысын қолдану;

- улылығы аз бұрғылау ертінділерін және жуу сұйықтарын, сондай-ақ табиғи негізді ертінділерді қолдану;

- нақты жолдар бойынша көліктер қозғалысы;

ескі нашар цементтелген ұңғылардан күкірттісутегінің жер қабатына жайылуын болдырмау;

- ұңғыларда ақаудың немесе басқа себептердің болуына байланысты мұнайдың жерге төгілуі және материалдар мен қалдықтардың сақталынуы;

- өндірістік операциялар аяқталғанан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

- мониторинг жүргізу.

Геологиялық ортаға әсер ететін мүмкін негативті әсерлер:

- кен орынды пайдалану кезінде және ұңғыларды бұрғылау кезінде – жыныстардың мұнаймен, қабат сулармен, бұрғылау ерітінділерінің токсикалық реагенттерімен ластануы тау жыныстардың табиғи жату жағдайын бұзу;

- автокөліктің қозғалысы кезінде топырақ түзуші субстраттардың бұзылуы, рельефке әсер етуі, топырақты ластауы.

Мұндай негативті әсерлерді азайту үшін келесі шараларды іске асыру керек:

- ластану потенциалы және қоршаған ортаға әсері минимал материалдарды, техникалық құралдарды, технологиялық процесстерді қолдану;

- ұңғыларды пайдалану кезінде ластаушы заттардың көлемін минималдау;

- қауіпсіз көму үшін максималды утилизациялау, қайта өңдеу.

Жер қойнауын ластайтын деңгейді төмендететін шаралар 4-ке бөлінеді:

- ұйымдастырылған шаралар;

- технологиялық шаралар;

- проектілі-конструкциялық шаралар;

- санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар.

Ұйымдастырылған шаралар: қалдықтармен айналысатын ұйымдар, кен орын территориясы бойынша техникалар және автокөліктер қозғалысы мен ұйымы.

ОРЫТЫНДЫ

Геологиялық бөлiмiнде кен орнының геологиялық жағдайлары, геолого – геофизикалық зерттеу тарихы, стратиграфия, тектоника, мұнайлылық және жер асты сулары толығымен сипатталған. Құмкөл кен орнын шартты аймағындағы мұнай кәсiпшiлiгi оны жинауға, скважина өнiмдерiн дайындауға және тұтынушыларға арналған техникалық құрылыстар мен коммуникациялардың күрделi кешенiнен тұрады. Жүйе элементтерi айырғын аспап, өлшеу қондырғылары, түрлi бағыттағы құбыр желiлерi жылу ауыстырғыштар мұнай мен газды дайындау және оның тауарлы сапаға жеткiзуге, қондырғылардың тиiмдi технологиялық жұмыс режимiне толығымен негiздеме бере отырып, жеке анализ берiп таңдап алынған.

Экономикалық бөлiмiнде ЖАҚ “Торғай – Петролеумнiң” техника – экономикалық көрсеткiштерiне талдау жасап, газды пайдаланудың экономикалық тиiмдiлiгi есептелдi.

Онымен қоса, қоршаған ортаға неғұрлым аз зиян келтiре отырып, шартты аймақта газды тиiмдi пайдалану жобасы.

Мұнайлы газды дайындау процесі келесідей этаптардан тұрады:

-сепараторлардағы тазарту;

-газды компремирлеу және тұтынушыға жеткізу.

Технологиялық процесс технологиялық циклдың үзілмей аяқталуымен сипаттлады. МКДАЦ- технологиялық құрылымдары СНиП-90-81 бойынша жарылу қауіпі бар өндіріс категориясына жатады.

Барлық мұнай мен суды дайындаудың технологиялық кешендері МКДАЦ-ты автоматты басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын құралдарды автоматты бақылау және реттеу автоматты жүйесімен қажетті жағдайда орындалады.

Қондырғының тауарлы өнімі мыналар:

- тұзсыздалған мұнай – МЕСТ 9965-76 бойынша 1А спа тобы, құрамында – 0,5% массалық суы бар, хлорлы тұзы 40 мг/л-ге дейін, механикалық қоспасы 0,05% массалық;

- тұзсыздалған мұнай – МЕСТ 9965-76 бойынша 1А спа тобы, құрамында – 0,5% массалық суы бар, хлорлы тұзы 100 мг/л-ге дейін, механикалық қоспасы 0,05% массалық.

Қазіргі уақытта екінші МДҚ-ның (ескі парк) тауарлы өнімінің құрамындағы хлорлы тұз мөлшері 200 мг/л-ден асады.

Ескі парктағы термохимиялық әдістің орнына электрохимиялық әдісті қолдану арқылы мұнай дайындауды өркендету осы дипломдық жобада ұсынылған.

Отстойниктер мен электродегидраторларды қосымша орнату екінші МДҚ-дағы (ескі парк) мұнайды дайындау сапасын жоғарылатып хлорлы тұз құрамын 200 мг/л-ден 40/100 мг/л-ге дейін азайтып тауарлы өнімді 1А және 1 топтары бойынша тапсыруға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации