Оқу тәртібінің мінездемесі

Азақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономикалық теория» кафедрасы

CИЛЛАБУС

коды 1109 «Экономикалық теория негіздері»

пәні бойынша: 5В0110900 Математика, 5В060100 Математика, 5В060300 Механика, 5В070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу, 5В071100 Геодезия және картография, 5В072900 Құрылыс, 5В04200 Сәулет, 5В042100 Дизайн - мамандықтарға арналған

Астана 2012

Мазмұны

Бағыттың нөмері Бағыттың атаулары Беттері
Силлабус. Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (SyLLABUS) 3-8
Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар 9-12
Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар 13-67
Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі 68-69
Білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар және/немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау 69-80
Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау 81-83
Семинар сабағын өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау 84-93
Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау 94-96
Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары  

Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша

Механика-математикалық, сәулет және дизайн

Факультеттің барлық бакалавриаттарына арналған

СИЛЛАБУС

1. Доғалов Амангелді Нәжмиденұлы, э.ғ.к., «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, жұмыс телефоны - 32-819

Ғылыми қызығушылығы: Экономикалық ілімдер тарихі. Қазақстатның экономикалық тарихі. Қазақстаның экономикалық даму мәселелері.

Ауелбекова А.Қ.– э.ғ.к., «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, жұмыс телефоны – 32-819

Ғылыми қызығушылығы:Қазақстанның ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.

Жансеитова Г.С. – э.ғ.к., «Экономикалық теория» кафедрасының аға мүғалым жұмыс телефоны - 32-819

Ғылыми мектеп:С.М.Киров ат. Қазақ мемлекттік университеті, Экономикалық ілімдер тарихі, ғылыми жетекшісі- э.ғ.д., академик А.Қ.Кошанов.

2. «Экономикалық теория негіздері» пәні, 2 кредит, коды 1109

3. Сабақ өтетін уақытпен, жері: 1 семестр, сабақ кестесіне сәйкес сабақ жүргізіледі.

4. Оқу пәндерінің деректемелері:

Пререквизиттер: Философия, Математика, Қазақстан тарихы.

Постреквизиттер: Микроэкономика, Макроэкономика, Халықаралық экономика.

Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты: әртүрлі экономикалық жүйеде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды, экономикалық көрсеткіштердің мәнін жүйелі түрде білуге, шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін-өзі реттеу тетігін білуге және т.б. үйренуге бағытталған.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының заңдылықтары мен эволюциясының теориялық аспектілерін түсіндіре отырып, шектеулі ресурстар жағдайында адамдардың іс-әрекеті мен оның қағидаларын, сол сияқты мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының іске асуына белсенді азаматтық көзқарасын білдіруге бағытталған.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- экономикалық теорияның қалыптасуын және даму кезеңдерін білу;

- экономикалық теорияның әдістерін, заңдарын меңгеру;

- экономикалық қажеттіліктерді, экономикалық ресурстарды және олардың шектеулілігіне мән беру;

- меншіктің мәні және түрлерін оқу;

- нарықтың мәнін, бәсекенің түрлерін үйрене отырып, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізін білу;

- негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін үйреніп, мемлекеттің қаржы жүйесі мен қазына саясатына мән беру;

- экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін тану.

5.4.Оқу тәртібінің мазмұны:әрбір студент осы курсты меңгергеннен соң, зияткерлік қабілетін дамыта отырып, жүйелі түрде өзінің ой-пікірін ел экономикасының дамуына жұмсау.

Наши рекомендации