Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері

Мақсаты:Негізгі үш мәселе – пайдалылық, баға және табыс – тұтынушы теориясының негізгі мазмұнын құрайды және бізге осы мәселелердің мәні мен мазмұнын, өзара байланысы мен маңыздылығын анықтауымыз керек.

Дәріс жоспары:

1. Тұтынушы талғамы және пайдалылық. Пайдалылықтың концепциялары. Шекті пайдалылық теориясы.

2. Талғамсыздық қисығы және оның картасы. Пайдалылық функциясы. Бюджет шектеулілігі және бюджет сызығы.

3. Тұтынушының әл-ауқаты және экономикалық саясат. Тұтынушының тепе-теңдігі.

Негізгі ұғымдар: бюджет қисығы; бюджет шектеулілігі; пайдалылық; пайдалылық функциясы; шекті пайдалылықтың төмендеу заңы; су мен алмаздың парадоксы; Госсен заңдары; тұтынушы таңдауы; алмастырудың шекті нормасы; талғамсыздық қисықтары; Энгель қисығы; т.б.

Тақырыптың мазмұны.Микроэкономикалық теорияда тауарлар мен қызметтерге әрдайым сұраныс білдіруші – ол тұтынушы.

Тұтынушы дегеніміз – соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес отбасы (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.

Тұтынушының талғамы – жекелеген тұтынушылардың белгілі бір игіліктің жиынын таңдауына әсер ететін негізгі факторларының бірі. Тұтынушы таңдауындағы игілік деп біз тұтынушыға белгілі бір қанағаттанушылық дәрежесін әкелетін тұтынудың кез келген объектісін айтамыз. Әдетте, ереже бойынша игіліктер белгілі бір жиынтықпен тұтынылады. Сонда, игіліктер жиынтығы дегеніміз – белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бір мөлшерде тұтынылатын нақты игіліктер түрінің жиынтығы.

Әрбір тұтынушының алдында мынадай үш сұрақ тұрады:

1) Не сатып алу керек?

2) Қанша тұрады?

3) Тауар сатып алуға ақша жете ме?

Бірінші сұраққа жауап беру үшін - игіліктің пайдалылығын білу қажет, екінші сұраққа жауап үшін – бағаны зерттеу қажет, ал үшінші сұраққа жауап беру үшін – тұтынушының табысын анықтау қажет. Осы үш проблема – пайдалылық, баға, табыс – тұтынушы тәртібі теориясының негізін құрайды.

Тұтынушы тауарды оның пайдалылығы үшін тұтынады, яғни тауардың қасиеті тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Пайдалылықты бағалау тұтыну процесінің бірқатар заңдылықтарымен байланысты.

Біріншіден, адамдардың қажеттіліктері біртіндеп қанағаттандырылады, яғни, игіліктің қолданылу деңгейіне байланысты қанағаттандырылады. Жалпы пайдалылық бұл жерде өседі. Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы (total utility) – TU, (сурет 3.1а) – бұл тұтынылатын игіліктің барлық көлемінің жиынтық пайдалылығы.

Екіншіден, тұтыну мөлшеріне байланысты игілікті тұтынудың интенсивтілігі немесе мөлшерінің өсуі төмендей береді. Сәйкесінше, игіліктің әрбір қосымша пайдалылығы тұтынушы үшін төмендей береді. Мысалы, қатты шөлдеп тұрған адамға бірінші стакан судың пайдалылығы өте жоғары болады, содан кейін шөлді басу мөлшеріне байланысты әрбір қосымша стакан судың пайдалылығы алғашқыларына қарағанда біртіндеп төмендей береді. Тұтынылатын игіліктің әрбір қосымша бірлігінің пайдалылығы – шекті пайдалылық(marginal utility) – MU, (сурет 3.1ә) деп аталады. Тұтынылатын игіліктің санының өсуіне байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу тенденциясын біз шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деп атаймыз.

       
  Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru   Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru TU max MU

       
  Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru   Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

0 A B Q 0 A B Q

a) ә)

Сурет 3.1 Жалпы (а) және шекті (ә) пайдалылық

Табыстар мен бағалардың тұтынушының таңдауына тікелей әсер етуі оның сұранысын анықтайды, ал осыған сәйкес қажеттіліктердің қанағаттандырылу мүмкіндігі немесе сол игіліктің максималды пайдалылығы анықталады. Яғни, пайдалылық пен сұраныс арасында байланыс бар екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Шекті пайдалылықты ақша бірлігімен есептесек, онда біз тұтынылатын тауар мөлшері мен оның шекті пайдалылығы (тауардың бағасы) арасындағы кері байланыстың бар екенін байқаймыз. Осыған байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу заңы сұраныс заңына айнала алады, ал тұтынылатын тауардың көлемі мен шекті пайдалылығы туралы мәліметтер негізінде теріс көлбеулі сұраныс қисығын сызуға болады.

Сонымен, игіліктің пайдалылығыдегеніміз – экономикалық игіліктің адамдардың бір немесе бірнеше қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігі. 19-шы ғасырда австриялық мектеп өкілдерінің зерттеулері нәтижесінде мынадай заңдылық пайда болды: тұтынылатын игіліктің мөлшеріне қарай тұтынушы үшін пайдалылығы төмендей беретіндігі анықталды. Тұтынылатын игіліктің мөлшері үздіксіз өскен сайын оның жалпы пайдалылығы да өседі, бірақ оның шекті пайдалылығы төмендей береді. Егер игіліктің әріқарай тұтынылуы тұтынушыға зиян әкелсе, онда сол игіліктің жалпы пайдалылығы төмендейді, яғни әрбір қосымша тұтынылған игіліктің саны өскен оның біз үшін пайдалылығы төмендей береді. Осыған орай, тұтынушы үшін игіліктің бағасы оның жалпы пайдалылығымен емес, шекті пайдалылығымен анықталады.

Шындығына келсек, пайдалылықтың төмендеу принципін алғаш рет неміс экономисі және математигі Герман Госсен 1854 жылы ашқан. Бірақ сол уақытта бұл теорияға ешкім көңіл аудармады. Содан кейін, 1878 жылы ғана бұл ғалым өлгеннен кейін оның «Адамдық қарым-қатынас заңдарының дамуы» атты еңбегінің бір данасы табылып 1889 жылы және 1927 жылы қайта өңделіп жарыққа шығады. Г. Госсеннің бұл еңбегінің нәтижелері негізінде австриялық мектептің экономистері ғылымға Госсеннің бірінші және екінші заңдары деген ұғымдарды енгізді. Госсеннің бірінші заңы: игіліктің тұтыну мөлшерінің саны өскен сайын оның әрбір қосымша пайдалылығының төмендей беруі.Австриялық экономистердің өз жұмыстарының нәтижесінде Госсеннің бірінші заңы шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деген атқа ие болды.

Пайдалылық функциясы. Австриялық мектептің өкілдері К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Ф. Визер белгілі бір игіліктің әр қосымша тұтынылу мөлшерінің пайдалылығы үшін төмендейтіні туралы заңдылықты айқындады (сурет 3.2).

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

TU

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru 0 q1 q2 q3 qn

Сурет 3.2 Игіліктің жалпы пайдалылығының оның санына тәуелділігі

Пайдалылық функциясы дегеніміз – тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынуға жұмсаған ақшалай табысының әрбір бірлігінің (доллар, марка, фунт и т.б.) шекті пайдалылығының бірдей дәрежеде көрінуі.

Пайдалылық функциясы – игіліктің көлемінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының төмендеуін көрсететін функция:

MU = d(TU)/dQ

Бірақ 18-ші ғасырда А. Смит су мен алмаздың арасындағы оғаштықтың (парадокс) бар екенін анықтады.

«Адамға ең қажетті игілік – судың құны неге арзан, ал адамға қажеті шамалы – алмаздың құны неге қымбат?»

Судың жалпы пайдалылығы жоғары, ал шекті пайдалылығы – төмен; ал алмаздікі – керісінше, оның жалпы пайдалылығы төмен, ал шекті пайдалылығы – жоғары. Ал бұл жерде осы игіліктердің бағалары жалпы пайдалылықпен анықталмайды, шекті пайдалылықпен анықталады.

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушының ұтымы

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Р Р S

Тұтынушының ұтымы

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru S Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru P2

D

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Р1 D Жалпы шығындар

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Жалпы шығындар Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

0 Q1 Q 0 Q2 Q

Сурет 3.3 Су мен алмаздың парадоксы

Тұтынушы таңдауының негізгі постулаттары (Кардиналистік теория). Тұтынушы таңдауының қазіргі заманғы теориясы мынадай тұжырымдарға негізделеді: 1) тұтынушының ақшалай табысы әрқашанда шектеулі; 2) бағалар тұтынылатын игіліктердің көлеміне байланысты емес; 3) барлық тұтынушылар өздері тұтынатын барлық өнімдерінің шекті пайдалылығын жақсы түсінеді; 4) тұтынушылар өздерінің жалпы пайдалылықтарын максималдауға ұмтылады.

Тұтынушы таңдауының теориясы келесі қағидаларға (постулаттар) сүйенеді:

1) Тұтыну түрлерінің алуан түрлілігі. Әрбір тұтынушы көптеген жекелеген игіліктердің түрлерін тұтынуды қалайды.

2) Тойымсыздық. Тұтынушы кез-келген тауар мен қызметтің үлкен көлемін тұтынуға ұмтылады. Барлық экономикалық игіліктердің шекті пайдалылығы әрқашанда оң мәнге ие.

3) Транзитивтілік. Тұтынушы таңдауының теориясы тұтынушы талғамдарының белгілі бір үйлесімділігіне негізделеді.

4) Субституция. Тұтынушы А игілігінің белгілі бір мөлшерін тұтынудан бас тартады, егер оған А игілігінің орнын басатын – субститут В игілігі көбірек ұсынылса.

5) Шекті пайдалылықтың төмендеу принципі. Кез-келген игіліктің шекті пайдалылығы оның тұтынылу мөлшеріне тікелей байланысты.

Тұтынушының тәртібін анықтау үшін жалпы және шекті пайдалылық принципін қалай қолдануға болады? Біз білеміз, тұтынушы тұтынылатын игіліктің жалпы пайдалылығын өсіруге тырысады. Бірақ ол бұл мақсатқа қалай жетеді, егер ол сол тұтынатын игіліктің мөлшерінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығы төмендей берсе?

Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Айталық, тұтынушы үш игілікті тұтынады: А, В, С. Бұл игіліктердің шекті пайдалылықтары теңгемен есептегенде мынадай:

MUa = 100; MUb = 80; MUc = 45.

Бұл жағдайда жиынтық шекті пайдалылық мынаған тең болады:

100 + 80 + 45 = 225.

Бұл игіліктердің бағасы мынадай:

РА = 10; РВ = 4; РС = 3.

Енді әрбір игіліктің орташа өлшенген шекті пайдалылығын анықтаймыз (яғни, бір теңгеге шаққандағы шекті пайдалылықты анықтаймыз, MU/Р) және осы мәліметтерді кестеге енгізейік.

Шекті пайдалылық және игіліктердің бағасы кесте 3.1

Игіліктер Шекті пайдалылық Баға тг. Өлшенген шекті пайдалылық
  (MU) (P) (MU/P)
А
В
С

Кестеден көріп отырғанымыздай, игіліктердің шекті пайдалылықтары бірдей емес. Бұл жерде ақшалай табыс тиімді түрде бөлінбеген, В игілігі пайдалылығы жоғары, ал А игілігінің пайдалылығы төмен болып тұр. Бұл жағдайда тұтынушы қандай тиімді шешім қабылдайды? Ол В игілігін тұтынуды арттырады және А игілігін тұтынуды қысқартады. А игілігін тұтынудың төмендеуінен 10 теңге үнемделеді. Осы сомаға В игілігінің 2,5 бірлігін тұтынуға болады, яғни В игілігінің пайдалылығы артады: 80 * 2,5 = 200 теңге. Осы сомадан 100 теңгені алып тастаймыз (А игілігінің бірлігін тұтынуды қысқартамыз), және біз жалпы пайдалылықтың 100 өскенін байқаймыз. (200 – 100 = 100). Нәтижесінде А игілігінің (MUa) шекті пайдалылығы өседі, ал В игілігінің (MUb) шекті пайдалылығы кемиді.

Тұтынушы өз табыстарын осылай әділетті бөле отырып, өзінің орташа алынған шекті пайдалылықтарын теңестіруге ұмтылады. Бұл жерде ол тепе-теңдік (максималды пайдалылыққа жету) жағдайға жетеді. Мұндай жағдай Госсеннің екінші заңына сәйкес келеді, оның мәні мынада: барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген жиынтық игілікті тұтынудан максимум пайдалылықты алады. Игіліктерді сатып алуға кеткен шығындарды әділетті түрде қайта бөлу нәтижесінде төмендегі кестеге мынадай мәліметтер жазуға болады:

Тұтынушы тепе-теңдігінің жағдайы (кардиналистік теория бойынша)

кесте 3.2

Игіліктер Шекті пайдалылық Баға тг. Өлшенген шекті пайдалылық
  (MU1) (P) (MU/P)
А
В
С

Бұл жағдайда үш игілікті тұтыну кезінде олардың жиынтық шекті пайдалылығы MU мынадай болады: 150 + 60 + 45 = 255. Көріп отырғанымыздай, MU1 >MU. Экономистердің айтуынша, мынадай шарт орындалғанда ғана тұтынушы тепе-теңдік жағдайға жетеді:

MUА/PА = MUВ/PВ= MUС/PС … = MUn/Pn = λ,

мұндағы λ – ақшаның шекті пайдалылығы

Тұтынушы таңдауы – бұл шектеулі ресурстар (ақшалай табыс) жағдайында ұтымды тұтынушының максималды пайдалылықты таңдауы.

Пайдалылықты максималдау ережесі бірнеше қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Егер,

MU1/P1 = MU2/P2 = …= MUn/Pn , болса, онда

MU1/MU2 = P1/P2; …MU1/MUn = P1/Pn және т.с.с.

Сәйкесінше, кез келген игіліктің шекті пайдалылығының арасындағы арақатынас оның бағаларының арақатынасына тең, яғни

MU1 : MU2 : …: MUn = P1 : P2 : … Pn .

өлшенген шекті пайдалылықты мына формуламен анықталады:

MU1/P1 = MU2/P2 = … = MUn/Pn = λ,

мұндағы λ – ақшаның шекті пайдалылығы.

Сонымен, ақша бірліктерінің шекті пайдалылықтары оларды қолданудың әртүрлі варианттарында тең болып келеді. Оның жалпы түрін былай көрсетуге болады:

MUi =Piλ.

Тұтыну сұранысының ерекшеліктері. Ұтымды тұтынушының таңдау принциптерімен қатар оның талғамы мен ұнамдылықтарымен анықталатын ерекшеліктері де бар.

Американдық экономист Х. Лейбенстайн тауарға деген сұраныстың екі түрін бөліп көрсетеді: функционалды және функционалды емес.

Функционалды сұраныс - экономикалық игіліктің (тауардың немесе қызметтің) өзіне тән тұтыну қасиеттері бар факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі.

Функционалды емес сұраныс – экономикалық игілікке тән қасиеттерге байланысты емес факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі болып табылады. Х. Лейбенстайн бұл сұраныстың түрін тағы да бірнеше түрге бөледі (сурет 3.4):

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru ТҰТЫНУ СҰРАНЫСЫ

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Функционалды Функционалды емес

       
  Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru   Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тиімсіз Әлеуметтік Спекулятивті

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Көпшілікке

ілесу әсеру Өзін-өзі жоғары ұстау

(Сноб) әсері Веблен әсері

Сурет 3.4 Тұтыну сұранысының классификациясы

(Х. Лейбенстайн бойынша)

1) Көпшілікке ілесу әсері. Тұтынушы басқаларынан қалып қоймауға тырысып, солар сатып алған тауарды бұларда сатып алуға тырысады. Ол басқа тұтынушылардың ойы мен сөзіне байланысты болады.

Көпшілікке ілесу әсері – тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері, яғни «елдің бәрінде бар, менде де болу керек» деген ұғым сән талабына сәйкес болуға ұмтылу және басқадай әсерлер жекелеген тұтынушылардың сұраныс мөлшеріне әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерін ескеру ойыншықтар мен киім сататын фирмалардың маркетингтік қызметтері мен жарнамаларында маңызды рөл атқарады. Көпшілікке ілесу әсері нарықтық сұраныстың бағаға икемдірек болуын көрсетеді және ол фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын оның пайдалылығы мен құндылығы әрбір тұтынушы өсе бастайды. Мысалы, электронды пошта, ұялы телефондар, интернет жүйесі сияқты ақпарат көздері бар жүйелер бір адамда ғана болса, олардың құндылығы төмен болар еді, ал егер осы ақпарат жүйелерін қолданатын адамдардың саны өссе, онда олардың пайдалылығы мен құндылығы әрбір тұтынушы үшін арта түседі.

2) Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері. Бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады. Кейбір адамдар өте ерекше, сирек кездесетін немесе эксклюзивті тауарларға құмар болады. Атақты суретшілердің жұмыстары, өте қымбат және арнайы тапсырыспен орындалған заттар, киімдер сноб тауарларына жатады. Осы тауарларды тұтынатын тұтынушылардың саны аз болған сайын олардың пайдалылықтары мен құндылықтары өседі де сұраныс мөлшері көбейеді және керісінше болады. Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері нарықтық сұранысты икемсіздеу жасайды және бағаны көтеруге мүмкіндік береді. Көптеген фирмалар арнайы жарнама мен маркетингтік зерттеулерді жүргізе отырып өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін туғызуға тырысады.

3) Веблен әсері – тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері.

4) Спекулятивті сұраныс қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады.

5) Тиімсіз (рационалды емес) сұраныс – бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі, яғни бұл сұраныстың түрі адамның ұтымды шешім қабылдау туралы алғышартын бұзады.

Талғамсыздық қисығы. Субъективтік пайдалылықты абсолюттік шаманың көмегімен өлшеудің теориялық алғышарттары әрі қарай қарай дами алмады, сондықтан оның орнына бірқатар ғалымдар абсолюттік шаманы салыстырмалы шамаға ауыстыруды ұсынды және тұтынушының мінез-құлқын тауардың ұнамдылығын анықтау және саралау тұрғысынан сипаттауды алға қойды. Осындай ұсыныстар 19-шы ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қабылдана бастады.

Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар Ф. Эджуорт, В. Парето, И. Фишер, Дж. Хикс, Р. Аллен болды. Бұл экономистер субъективті пайдалылықты абсолюттік шаманың (кардиналистік теория) көмегімен емес салыстырмалы шаманың көмегімен өлшеуге болатынын ашты, яғни тұтынушылардың белгілі бір тауарға деген ұнамдылықтарын немесе тұтынылатын игіліктің пайдалылық дәрежесін өлшеуге тырысты (ординалистік, немесе реттік пайдалылық теориясы).

Бұл жерде тұтынушыға тек тұтынылатын екі игіліктің жиынтығы арасында ғана таңдау жасаса болғаны. Тұтынушының ұнамдылығы барлық игіліктерге қатысты болу керек, бірақ бізге қарапайым болу үшін екі ғана қарастырамыз.

Ординалистік тұжырымдамаға сәйкес, пайдалылықты зерттеудің негізгі құралдары болып талғамсыздық қисықтары мен картасы және бюджет сызығы табылады. Тұтынушының тәртібін талдаудың негізінде оның тепе-теңдік шарты анықталады.

Талғамсыздық қисығы (бұл қисықтың авторы, ағылшын экономисі Ф. Эджуорт, 1881 ж.) – бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтығын көрсететін қисық. Мысалы, Х игілігі - сүт, ал У игілігі – нан болып табылады. Айталық, тұтынушыға бәрібір: 3 кесек нан жеп 1 стакан сүт ішеме (R11 нүктесі), әлде 1 кесек нан жеп 3 стакан сүт іше ме (R12 нүктесі) (сурет 3.5).

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Y

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

K’

R’1

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru T1

R’2

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru T2

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru 0 H1 H2 L’ X

Сурет 3.5 Талғамсыздық қисығы

Ал екі экономикалық игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары – талғамсыздық қисықтарының картасы деп аталады. Талғамсыздық қисықтарының картасы тұтынушының ұнамдылықтарын көрсетеді және оның әртүрлі игіліктердің кез-келген екі комбинациясына қатынасын анықтауға мүмкіндік береді (сурет 3.6).

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Y

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

U4

U3

U2

U1

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru 0 X

Сурет 3.6 Талғамсыздық қисықтарыың картасы

Талғамсыздық қисықтарының мынадай қасиеттері бар:

1. Тауарлар кеңістігіндегі кез-келген нүкте арқылы талғамсыздық қисығын жүргізуге болады.

2. Талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды, егер олар бір бірімен қиылысатын болса, онда сол нүктеде қиылысқан екі қисық бірдей пайдалылықты көрсетеді, сондықтанда бұл біздің анықтамамызға қайшы болып келеді.

3. Талғамсыздық қисықтарында орналасқан тауар жиынтықтары неғұрлым координат басынан жоғары орналасса, онда ол соғұрлым көп ұнамдылық немесе пайдалылық әкеледі.

4. Талғамсыздық қисықтары теріс бағытты болып келеді. Бұл қисықтардың бойымен жылжи отырып біз бір игіліктің мөлшерінен оны екіншісіне ауыстыра отырып бас тартамыз, олардың жалпы пайдалылықтары өзгермейді.

5. Талғамсыздық қисықтары дөңес болып келеді.

Кардиналистік бағыт талғамсыздық қисықтарының формасын шекті пайдалылықтың төмендеуімен түсіндіреді, ординалистік бағыт – алмастырудың шекті нормасымен түсіндіреді.

Алмастыру зонасы (субституциялар) – бір игілікті екінші бір игілікпен тиімді түрде алмастыруға болатын талғамсыздық қисықтарының учаскесі (сурет 3.7).

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Y

Субституция зонасы

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru N R

S

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru M

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

0 Т Н Х

Сурет 3.7 Алмастыру зонасы (субституциялар)

Алмастырудың шекті нормасы (marginal rate of substitution - MRS) – өзара алмастырылу қасиетіне ие екі игіліктің шекті пайдалылықтарының арақатынасы және ол тұтынушының бір игіліктің қосымша (шекті) бір бірлігін тұтынуды арттыруы (азайтуы) үшін екінші игілікті тұтынудың қанша (шекті) бірлігінен бас тартуға болатындығын немесе азайта (арттыра) алатынын көрсетеді.

Егер абсцисса осіне Х игілігінің мөлшерін орналастырсақ, ал ордината осіне У игілігінің мөлшерін орналастырамыз, онда ΔУ/ΔХ немесе dy/dx қатынасы Х игілігін У игілігіне алмастырудың шекті нормасын (немесе субституциясын) сипаттайды (сурет 3.8).

MRSxy = - Δy/Δx ,

немесе

MRSxy = - dy/dx,

мұндағы MRSxy – Х тауарын У тауарына алмастырудың шекті нормасы.

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Y

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru у I

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Δy

II

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru y – Δy

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Δx

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

0 x x + Δx X

Сурет 3.8 Алмастырудың шекті нормасы

Талғамсыздық қисықтары тұтынушының ұнамдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жерде екі маңызды ұғым: тауарлардың бағасы мен тұтынушылардың табыстары есепке алынбайды.

Талғамсыздық қисықтары тек бір игіліктің екіншісіне алмастырылу мүмкіндіктерін ғана көрсетеді. Бірақ бұл қисықтар тұтынушының қандай нақты тауарлар жиынтығы аса тиімді деп санайтынын көрсетпейді. Бұл ақпаратты бізге бюджет шектеулілігі (бағалар мен шығындар сызығы) анықтайды.

Бюджет шектеулілігі дегеніміз – тұтынушының дәл қазіргі уақытта берілген табыс деңгейінде және белгілі бір бағамен сатып ала алатын игіліктерінің барлық нұсқаларының жиынтығы. Бюджет шектеулілігі қолда бар нақты ақшаға қанша тұтыну тауарларын сатып алуға болатындығын және жалпы жұмсалатын шығынның табысқа тең болу керектігін көрсетеді. Тұтынушының табысы азайса бюджет сызығы параллельді түрде солға, ал табыс көбейсе сызық параллельді түрде оңға жылжиды.

Бюджет сызығы дегеніміз – берілген табыс мөлшерінің игіліктер жиынтығын толық сатып алу кезіндегі сол игіліктер жиынын көрсететін нүктелерді қосатын түзу сызық.

Егер I – тұтынушының табысы, Px- X тауарының бағасы, Py – У тауарының бағасы болса, онда X және Y тауарлары сатып алынған игіліктер санын құрайды, онда бюджет шектеулілігінің теңдеуін мынадай формуламен жазуға болады:

I = Px X + PY Y

немесе,

Y = I/Py – Px /Py × X

мұндағы – Px/Py – бюджет сызығының бұрыштық коэффициенті, бұл сызықтың абсцисса осіне көлбеулігін өлшейді.

X = 0 болғанда, У = I/Py , яғни тұтынушының барлық табысы У игілігіне жұмсалады. Оның мөлшерін табысты осы игіліктің бағасына бөлу арқылы есептейміз. Y = 0 болғанда, X = I/Px, яғни біз тұтынушы сатып алатын Х игілігінің мөлшерінің анықтаймыз (сурет 3.9).

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Y

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru I / Py

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru - Px/Py

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru 0 I / Px X

Сурет 3.9 Бюджет шектеулілігі

Талғамсыздық қисықтарының бюджет сызығымен жанасу нүктесін біз тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (оптимумы) деп атаймыз. Бұл нүктеде тұтынушы өзінің қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Сурет 3.10-да көрсетілгендей, бірнеше талғамсыздық қисықтары - U1, U2, U3 берілген. U1 қисығы бюджет сызығымен қиылысады, сондықтан бұл тұтынушы үшін тиімсіз. Ал U2 қисығы бюджет сызығын D нүктесінде жанап өтеді. Бұл нүкте тұтынушының тепе-теңдік жағдайын көрсетеді.

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Y

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru N C

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru D

U3

U2

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru U1

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru - Px/Py

0 М X

Сурет 3.10 Тұтынушының тепе-теңдік жағдайы

(ординалистік теория бойынша)

Сонымен, тұтынушының тепе-теңдігі дегеніміз – тұтынушы өзінің жалпы пайдалылығын және әл-ауқаттылығын максималдай алатын нүктесі немесе шектеулі табысын толық жұмсаудан алатын қанағаттанушылық деңгейі.

Қорытынды

1. Тұтынушы – соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес отбасы (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.

2. Тұтынушы тәртібінің теориясы тұтынушы таңдауының (мінез-құлқының) негізгі принциптерін зерттейді, оның негізінде игіліктің пайдалылығы, оның бағасы, тұтынушының табысы сияқты түсініктер қарастырылады.

3. Пайдалылық – белгілі бір игілікті тұтынуда одан оның ерекше бір қасиеттерін сезіну мен ләззат алу мүмкіндігі. Ал аса қатаң мағынада (маржиналистік тұжырымдамада), пайдалылық – бұл тұтынушының игілік туралы қалыптасқан ой-пікірі немесе сол қажет игілікті саралауы және бағалауы.

4. Экономистер игіліктің пайдалылығын (мысалы, судың немесе алмаздың пайдалылығын) емес, сол игіліктің белгілі бір мөлшерінің пайдалылығын қарастырады. Сондықтан тұтынушы игіліктің өзін қажетсінбейді, ол сол игіліктің белгілі бір көлемін тұтынуды қажет етеді, яғни тұтынушының қажеттілігі қажеттіліктердің қанағаттанушылық заңы арқылы қанағаттандырылады.

5. Госсеннің бірінші заңы (шекті пайдалылықтың төмендеу заңы) – белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бірлігін тұтыну барысында оның пайдалылығының төмендеуі.

6. Пайдалылық функциясы – тұтынушының сатып алатын тауарларының немесе қызметтерінің саны мен сол тауарды тұтынудан көрген қанағаттану деңгейі арасындағы арақатынасты көрсететін функция. Бұл функция игіліктің тұтыну көлемінің өсуіне байланысты оның пайдалылығының төмендеуін көрсетеді. Бұл функция формула түрінде былай берілуі мүмкін:

U = f (Qi)

мұндағы U – игіліктің пайдалылығы;

Qi - игіліктің қосымша бірліктері.

7. Игіліктің бағасы оның жалпы пайдалылығымен емес, оның шекті пайдалылығымен анықталады.

8. Игіліктің шекті пайдалылығы оның тұтынылу мөлшеріне сәйкес төмендегендіктен тұтынушы өзінің сатып алу көлемін (сұраныс көлемін) тек баға төмендегенде ғана арттырады. Мұндай жағдайды сұраныс қисығының төмендеу сипаты деп түсіндіруге болады.

9. Тұтынушы берілген игіліктер жиынтығын тұтынудан көретін ең жоғары қанағаттанушылықты барлық тұтынылатын игіліктің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда ғана ала алады. Бұл қағиданы алғаш рет Г. Госсен ашқандықтан біз оны Госсеннің екінші заңы деп атаймыз. Тұтынушының ақшалай табысы игілікті тұтынудағы әкелетін шекті пайдалылығы бірдей болатындай етіп бөлінсе ғана ол ең жоғарғы пайдалылыққа жете алады:

MU1/P1 = MU2/P2 = …= MUn/Pn.

10. Тұтынушының тәртібін модельдеу үшін, яғни жеке тұтынушының сұранысын модельдеу үшін талғамсыздық қисықтары және бюджет сызығы сияқты құралдар қолданылады.

11. Талғамсыздық қисықтары – бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі тауардан тұратын жиынтық нүктелер (тұтынушы осы жиынтықтардың қайсысын таңдайды, оған бәрібір) – олар бірдей пайдалылыққа ие.

Тұтынушыға А және В нүктелері бірдей

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru пайдалылық әкеледі

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Y

А

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru В

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері - student2.ru

0 X

Сурет 3.11 Талғамсыздық қисығы

12. Екі экономикалық игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары – талғамсыздық қисықтарының картасы деп аталады. Талғамсыздық қисықтарының картасы тұтынушының ұнамдылықтарын көрсетеді және оның әртүрлі игіліктердің кез-келген екі комбинациясына қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

13. Тұтынушының мүмкін болатын және кол жеткізе алатын тауарлар жиынтықтарын сипаттау үшін бюджет сызығы (бағалар сызығы немесе шығындар сызығы) қолданылады. Бюджет шектеулілігін былай көрсетуге болады:

I = Px X + PY Y

мұнда, І – тұтынушының табысы;

Px, PY - Х және Y тауарларының бағасы.

Бюджет шектеулілігінің мәні тұтынушының табысының Х және Y тауарларын сатып алуға кеткен шығынға тең болу керектігімен түсіндіріледі.

14. Тұтынушының оптимумы (берілген шектеулілік жағдайында тұтынушы әл-ауқатының максималды деңгейге жетуі) бюджет сызығы мен талғамсыздық қисығының жанасу нүктесінде қалыптасады.

Наши рекомендации