Жуғыш заттардың классификациясы.

Ребиндердің классификациясы бойынша:

I топ. Беттік қабатта да, ерітіндінің көлемінде де мицелла түзбейтін БАЗ. Бұларға гидрофобты бөлігі қысқа, суда нағыз ерітінділер түзетін қосылыстар жатады: мысалы, спирттер. Бұлар жақсы флотореагенттер (көбікті жояды, өшіреді).

II топ. Эмульгаторлар мен диспергаторлар. Олар сұйық/сұйық, сұйық/қатты зат шекараларында беттік керілуді төмендетеді бірақ мицеллалық құрылым түзе алмайды. Бұлар керсінше бөлшектерді гидрофобтандыру үшін қолданылады.

III топ. Тұрақтандырғыш БАЗ-дар. Олар торлы гель тәрізді құрылымдар түзеді. Олар бөлшектің бетінде қорғағыш, гель қабықшаларын түзіп, біріктіруге қарсы әсер етеді. Олар әлсіз БАЗ, мысалы, глюкозидтер, полисахаридтер (КМЦ т.с.с.). Олар үлкен мицеллалар түзеді, сондықтан нашар эмульгаторлар диспергаторлар. Бұлар пластификаторлар ретінде құрылыс материалдарын дайындауда қолданылады.

IV топ. Жуғыш заттар. Мицелла түзу, беттік активтілік. Олар сұйық және қатты кірлерді матадан бөліп, эмульсия немесе суспензия күінде айналдыру. Жуғыш заттардың құрамына БАЗ-дан басқа – қорғағыш коллоидтар, электролиттер, т.б. көптеген заттар кіреді, яғни күрделі композиция.

БАЗ-дың ең жаңа классификациясы:

1) Анионактивті

2) Катионактивті

3) Бейионогенді

4) Амфолиттік

Анионактивті БАЗ.

Олар суда гидрофобты көмірсутек бөлігімен байланысқан теріс ион және қарсы ион ..... түзді.

1) Жоғарғы карбон қышқылдары және тұздары R – COONa

2) Алкилсульфаттар a) R – CH2 – OSO3-Na+ (біріншілік) немесе б) R1(R2)CH – OSO3-Na+ (екіншілік).

3) Алкил және алкиларилсульфаттар R – OSO3Na, R1(R2)CH – OSO3Na, RArOSO3Na

4) Басқа гидрофильді топтары бар қосылыстар – фосфаттар, фосфонаттар, тиосульфаттар, сульфаминдер.

1) Карбон қышқылында жуғыш заттар С8-ден басталады, мах – С1117. > С20 қолданылмайды, нашар ериді.

СООН – нашар полярлы, сондықтан кемшілігі көп.

Кермек суда жумайды (Mg, Ca ¯). Тек сілтілік ерітінділерде жуады, сондықтан жібек, жүн, синтетикалық маталарды жумайды. Бұл кемшіліктерді жою үшін, қосымша топтар енгізеді, көбінесе полипептидтер (ламенон): RCONHR1(CONHR2)COOMe. Бұлардың Mg2+, Ca2+ тұздары тұрақты, бейтарап ортада жақсы жуады.

2) Алкилсульфаттар – қазіргі заманда СМС (СЖЗ) құрамына кіреді: Mg2+, Ca2+ ериді, мах С1218.

Екіншілік алкил сульфаттар нашарырақ және сульфотоптың орынына байланысты, ол шетіне жақындаған сайын қатты күшейеді.

3) Алкил және алкиларилсульфаттар өте жақсы, Mg2+, Ca2+ ериді, тіпті қышқыл ерітіндіде де жуады. Ерігіштігі, термиялық тұрақтылығы жоғары, гигроскопиялығы төмен, бұл оларды порошок түрінде дайындауға мүмкіндік береді.

Катионактивті БАЗ.

Суда оң зарядты гидрофобты бөлшек және теріс қарсы ион береді. Бұлар негізінен 3 топқа бөлінеді: 1) аминдер; 2) төртіншілік аммоний тұздары; 3) басқа азотты негіздер, гуанидиндер, гидрозиндер, гетероциклды негіздер (пиридиний).

Бұлар негізінде – бактероцидтік әсері күшті, жуғыш әсері төмен. Медицина, өнеркәсіп (тоқыма), кө қолданылады.

Ең маңыздылары төртіншілік аммоний тұздары

Оптималдысы С818 және ЦПХ.

Шетелдерде: цефирол, оникс, роккаль, цетримид, церигель т.б. сауда маркаларымен шығады.

Олар хирургияда, стерилдеуде, дезинфекциялау үшін қолданылады. St, E. coli 1:35000 – 1:95000 ерітіндіде әсер етеді.

Бейионогенді БАЗ-дар. Ерігіштігі эфирлік және ОН топтарына байланысты. Көбіне, полиэтиленгликоль қалдығы. Неволин олардың суда еруін сутектік байланыспен түсіндіреді.

Бұл температура жоғарлағанда ерігіштіктің төмендеуімен дәлелденеді, сутектік байланыстар үзіледі.

Қозғалғыш сутегі бар көптеген қосылыстар (қышқылдар, спирттер, фенолдар, нафтендер, амидтер, аминдер т.б.) этилен оксидімен конденсацияланатын БАЗ-дар түзді.

1 2

ROH + nCH2CH2O ® RO(C2H4O)nH

1 2

RCONH2 + nCH2CH2O ® RCONH(C2H4O)nH

10-50 оксиэтилен тобы конденсациялануы қажет, себебі полярлығы төмен. Оны екі есе көп алу керек.

Жуу қабілеті жақсы, кең диапазонда жуады.

Бұлар сұйық болады және аз көпіреді. Сондықтан тұрмыста азырақ, кейбір техникалық процестерде көп қолданылады.

Амфолиттік заттар негіздік және қышқылдық топтары бар, сондықтан әрі катионактивті, әрі анонактивті БАЗ болып табылады.

Мысалы, [C12H25NHC2H4NHC2H4NH2CH2COOH] Cl-

Додецилди (аминоэтил) глицингидрохлорид. ДАГ

Жуғыштығы катионактивті БАЗ-дан жоғары, белокты тұнбаға түсірмейді, улылығы төмен.

Қышқыл ортада [RNH2CH2COOH]+Cl-

Негіздік ортада [RNHCH2COO-]-Na+

3 модуль Жуғыш заттардың композициялары (2 сағат)

Таза күйіндегі жуғыш заттардың (ББЗ) басты кемшіліктері және оларды жою жодары. Синергетикалық және антисинергетикалық эффектілер, органикалық қоспалар, жоғары молекулалық қоспалар, оптикалық ағартқыштар. Матаның түрі, көрнекті өкілдері. Кірдің табиғаты және судың ерекшеліктеріне қарай жуғыш заттардың рецептілері

Наши рекомендации