Сөздіктер, анықтамалар
15. Финансово-кредитный энциклопедический словарь. Под.ред. А.Г. Грязновой – М.: Финансы и статистика, 2002
16. Финансово-кредитный словарь. Т1,2,3 – М.: Финасы и статитика, 1984, 1986, 1988
17. Толковый словарь аудиторских, налоговых и бюджетных терминов. Под ред.Н.Г. Сычева, В.В.Ильина. – М.: Финансы и статистика, 2002
18. Статистический ежегодник Агентства по статистике РК
Аламтор бастаулары
www.akorda.kz
www.nationalbank.kz
www.minfin.kz
www.government.kz
www.minplan.kz
www.afn.kz
www.stat.kz және тб.
Азақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
АҚ «Қаржы академиясы»
«БЕКІТЕМІН»
ОӘЖ проректоры
Г.Т. Шакуликова
Ж.
СТУДЕНТТЕРГЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Пән атауы: «Сақтандыру»
5В050900 - Қаржы мамандығы үшін
Кредит саны 3
Курс 3
Семестр 5
Дәріс 30 сағат
Тәжірибе 15 сағат
Дәріс сағатының барлығы 45
СОӨЖ 45
СӨЖ 45
Жалпы жұмыс сағаты 135
Аралық бақылау саны 2
Емтихан 5 семестр
Астана 2016
Силлабус «Қаржы» кафедрасында 5В050900 – Қаржы, мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген
«Қаржы» кафедрасының отырысында қарастырылып ұсынылды
________________________________________________________________
«___»______________2016 ж. Хаттама №________________
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі _____________Г.Ж. Есенова
ОҚЫТУШЫ ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
ПӘННІҢ СИПАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОРНЫ
Пәннің жалпы сипаты
Экономикалық білім беру аясындағы оқу үрдісі нарықтық экономикадағы банктік, сақтандыру және басқа қаржылық институттардың қызмет ету спецификасымен байланысты және бизнес саласында табыстарға қол жеткізе алатын, мемлекеттің қаржылық мүдделерін қорғауға, дербес шешім қабылдауға қабілетті кәсіби даярланған мамандарды оқытуға бағытталған. «Сақтандыру» курсы «Қаржы» мамандығы үшін қажет пән болып таблады, өйткені сақтандыру саласында қаржылық құралдардың шығарылуы және айналысы үрдісінде пайда болатын қатынастар жүйесін қарастыру оның мақсаты болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, курстың практикалық мәнділігі тек қазақстандық сақтандыру нарығында қызмет ететін ғана емес, сонымен қатар әлемдік қаржы нарығындағы сақтандыру саласында әртүрлі қаржы құралдардың түрлерін қарастыруға негізделген.
Сақтандыру нарығы кез келген елдің қаржы жүйесінің үздіксіз бөлігі болып табылады және оның қаншалықты дамығанынан тәуелсіз ол үлкен перспективалармен анықталады, өйткені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарыұтық экономикида сақтандырудың сан алуан турлеріне мұраныс бар. Осы тұрғыдан «Сақтандыру» курсы экономикалық білім беру жүйесінде сөзсіз қажет және өзекті болып табылады.
«Сақтандыру» курсы қаржы нарығының бөлігі ретіндегі қаржы теориялық негіздерін және практикалық проблемаларын қарастырады.
Пәннің оқыту мақсаты
Болашақ мамандарды Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету заңдылықтары және ерекшеліктері туралы, сақтандыру нарығында қаржылық құралдардың айналысын ұйымдастыру және оның қатысушыларының қызметі туралы кәсіби біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Берілген пәнді оқытудың бағыты студенттерді курстың әр бөлімдерімен таныстыру және оларға қаржы нарығының негіздерін, сақтандыру мәнін, түрін, қаржы нарығына қатысушылардың қызметін , сақтандыру нарығының құқықтық базасын оқып үйрету.
Мұндай мақсаттарға жету үшін осы пәнді оқу барысында келесі міндетті шешу қажет:
пәнді оқытудың басты міндеті – сақтандырудың қызмет ету заңдылықтарын оқу, қазіргі сақтандыру жүйесі мен оның ұйымдарын ұйымдастыру, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайындағы сақтандырудың орны мен ролін оқыту.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды меңгеруі қажет:
- сақтандыру нарығының қызмет ету практикасында қолданылатын негізгі түсініктер және терминдерді білу;
- шетелдерде сақтандру операцияларды ұйымдастырудағы сипаттамалар және даму бағыттарын білу;
- қаржылық құралдардың сапасына, эмиссиялау процедурасына қойылатын негізгі талаптарды білу;
- сақтандыру нарығының қатысушыларының мақсаттары, міндеттері және қызметтерінің арасындағы негізгі ерекшеліктерді айқындау;
- алынған теориялық білімді практика жүзінде қолдана білу, сақтандыру нарығығының қызметін жақсартуға бағытталған шараларды өңдеу.