Жаттардың құқығы, оның қайнар көздері және кодификациясы

Халықаралық шарттар құқығы – шарттық –құқықтың нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы. Халықаралық шарттардың құқығы осы заманға халықаралық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтың нормалармен, институттармен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін, шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдарын айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу объектісінің ерекшелігімен, осы заманға халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құқықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шарттың өзі халықарлық шарттар құқығының объектісі болып табылады, ол халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі; әдетегі ғана емес, сонмен бірге шарттық ережелерді де өзгерту құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың маңызды жаңа нормаларының мүмкіндік береді. Құқықтың басқа саласының құрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап өтілгендер халықаралық жария құқық осы заманға жүйесінде халықаралық шарттар құқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.

Халықаралық құқықтың өзіндік қайнар көздеріне толып табылмағанымен де, бұл қайнар көздер, біріншіден, халықаралық –құқықтық нормалардың жасалу процесінде белгілі бір сатылары болып табылады; екіншіден, заң шығару процесі басында әсерін тигізеді; үшіншіден, халықаралық құқық нормаларының бар болуын немесе мазмұнын бекітеді.

Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар міндеттер түзеді, бұлар оның заң нормаларында бекітіледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сәйкес келетін заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормалар жасайтын мемлекетердің келісілетін еріктер аяқталған нысандар болғанда шарт жасалады. Соңғы жағдайда біз мемлекетер арасында жасалатын келісімдерді де айта аламыз. Ол үшін ереже бойынша жазбаша бекітілген немесе ауызша айтылатын белгілі бір мәтін болуы керек. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқықа сай болуының басты белгісі ретінде оларды жасау басындағы еріктілікті айтады. Сондай-ақ, шарт тиісті мемлекетердің тең құқылы ерік білдіруі болып табылған жағдайда құқықтың қайнар көзі болып саналуы мүмкін. Халықаралық шартта көп мәрте қолдануға есептелген жалпы нормалар немесе бір ғана жағдайда қолданылатын жеке нормалар да болуы мүмкін. Халықаралық шарттың құқықтық табиғатына, жасалыс сатылары “Халықаралық шарттар құқығы” деген тарауда кеңінен тоқталатын боламыз.

Халықаралық ұйымдардың шешімдері, шарарлары. Халықаралық құқықтың аталмыш қайнар көзінің маңызы халықаралық құқық субъектісі ретіндегі халықаралық ұйымдардың рөлімен бірге арта түседі. Аталған қайнар көз өз бетінше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық ұйымдардың қаулылары ең бірінші Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің қаралары норма жасау процесіне қатысады.

Халықаралық Соттың және төрелік соттың сот шешімдері.

Халықаралық Сот пен төрелік сот қолданыстағы құқықтарды қолданады, талдайды, алайда құқық нормаларын шығармайды. Халықаралық Сот Статутының 38 – бабы, д тармағында олардың шешімдерін “құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралдар ” ретінде бейнелейді. Сот шешімдерінің маңызды ролі мемлекеттердің соттағы тәжірибелерін көрсетуінен шығып отыр.

Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің жүйесіне сәйкес, әдебиетерде “ қатаң құқық” және “ жұмсақ құқық” деген ұғымдар қолданылады.

“Қатаң құқық” санатына халықаралық шарттарды және үкіметаралық ұйымдардың міндеттейтін шешімдерін жатқызса, “жұмсақ құқыққа” – ұсыныстық қарарларды жатқызады.

Халықаралық шарт- бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндетерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Мұнда айта кететін бір жайт, халықаралық құқықтағы шарттық процесс қатысушыларының ерікті ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей жол берушілік нәтижесінде пайда болады. Халықаралық шарт құқығының теориясы шарттар тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария құқық субъектілерінің сапалы шарттық тәжірибелері үшін тең құқықты шарттардың алар орны ерекше екені дау тудырмайды, олар шарттық процесс қатысушыларының тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға негізделген.

Ал, өкінішке орай іс жүзінде кездесетін тең құқықсыз шарттарды не сипаттайды.

Шарттық процестің негізгі субъектілері – мемлекеттердің тәуелсіздігін сыртқы жағынан шектеу.

Халықаралық құқық субъектілерінің ішкі құзыреттерін құрайтын мәселелерге қол сұғу.

Өз мемлекеттерінің заңдарына бағындыру әрекеті.

Келісуші мемлекетердің құқықтар мен індетерді бөлісудегі әжептеуір үйлеспеушіліктерінің болуы.

Қаржылық міндеттемелерді сәйкессіздігі , өзара тиімділіктің болмауы, жол беруде бірдейліктің, теңдіктің жоқ болуы.

Халықаралық шарттар құқығының қалыптасу процессі құқығының әсеріне, оның ішінде міндеттемелік құқық нормаларының әсеріне көп ұшырады. Мәселен, “ pacta sunt servanda”-“шарттар орындалуы тиіс” деген шарттар құқығының негізгі ережесі рим құқығынан алынған. Шарттық құқықтың жүйеленуі тұтастай алғандығы халықаралық құқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Наши рекомендации