Еңбек кітапшасы, толтырылу, сақталу тәртібі

1.Еңбек кітапшасы – қызметкерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. 2. Еңбек кітапшасының нысанын, оны жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 3. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. 4. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар осы Кодекстің нормаларын көрсете отырып жүргізілуі тиіс. Еңбек кітапшасын жүргізу кадр бөлімінің қызметкерлері мен басшылардан үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бұл құжаттың үлгісін, жүргізу тәртібін және сақтауын ЕК және басқа да нормативті актілер белгілейді.

Еңбек шарты,ерекшеліктері,жасалу жағдайлары Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шарт, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.Еңбек шарты – тараптардың еңбек құқығы, қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат. Еңбек шарты жұмыс беруші мен жұмысшы, ал ұжымдық еңбек шарты жұмыс беруші мен жұмысшылар тобы арасында еңбек қатынасын реттейтін ресми құжат. Еңбек шартында мына талаптардың біреуінің болуы: 1) қызметкердің жұмысты белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы; 2) міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы; 3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі болып табылады. 1. Еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі дана болады және оған тараптар қол қояды. Шарттың бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі.2. Еңбек шартында, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгінзуді тараптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. 3. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым мүлкінің меншік иесі не ол өкілеттілік берген адам немесе орган құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды.

Еңбек шартының жарамсыз деп танылуы,өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі: 1) алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп;2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетінсіз (жасалған еңбек шарты); 3) әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен; 4) осы Кодекстің 30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда 14 жасқа толмаған адаммен; 5) ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының келісімінсіз 16 жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайда, сот оны жарамсыз деп таниды.Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.ҚР еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады.

Еңбек шартының мерзімі және еңбек шартын жасауға болмайтын жағдайларЕңбек шарты:1)белгіленбеген мерзімге; 2) осы баптың 1-тармағының 3,4,5 тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкерлермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тиым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. 3) Белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; 4) Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытында; 5) Маусымдық жұмысты орындау уақытында жасалуы мүмкін. 2. Жұмыс беруші заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шартын: 1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына қайшы келетін жұмысты орындауға; 2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайы зиянды (ерекше зиянды) немесе қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға 18 жасқа толмаған азаматтармен; 3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айрылған азаматтармен; 4) ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін немесе ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, ҚР аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және азамат- тығы жоқ адамдармен жасауға жол берілмейді.

Құжат,оларды топтастыру,негізгі түрлері Құжат – латын тілінде “куәлік”, “дәлелдеу тәсілі” деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі 3 мағынасы бар: 1. Қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағазы; 2. Жеке басты ресми куәландыратын құжат; 3. Бір нәрсе туралы жазбаша куәлік.Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу. Жазылу, толтырылу мақсатына қарай құжаттар төртке бөлінеді: 1. Еңбек қатынасын реттейтін құжаттар (өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, жеке іс-парағы, еңбек кітапшасы, еңбек шарты, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша, жеке құрам бойынша бұйрықтар, өтініш). 2. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар (қолхат, сенімхат, кепілхат, келісімшарт, тапсырыс). 3. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар (анықтама, хабарландыру, хабарлама, хат, жеделхат, телефонхат, акт, ақпараттық хат, шақырухат, түсіндірмехат, ілеспехат, кепілдік хат, шағымхат, жауапхат т.б.). 4. Басқару немесе бұйрық-жарлық құжаттары (бұйрық, нұсқау, жарлық, жарғы, шешім, өкім, қаулы, нұсқаулық, хаттама). • Белгілеу тәсіліне қарай – жазба, графикалық, акустикалық. • Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу. • Атауына қарай – ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, арыздар т.б. • Түріне қарай – типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей. • Толтыру орнына қарай – ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс). • Орындалу мерзімі бойынша – жедел және жай. • Шығу тегіне қарай – қызметтік және ресми-жекелік. • Жариялылық дәрежесіне қарай – қарапайым және құпия. • Заңдылық күшіне қарай – шын және жалған. • Жасалу сатысына қарай – түпнұсқа және көшірме. • Сақталу мерзіміне қарай – 10 жылдан жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын. Көшірме іштей 3-ке бөлінеді.• Шығыс құжаттың толық көшірмесі;•Құжаттың бір бөлігінің көшірмесі;•Құжат жоғалғанда берілетін екінші нұсқа.

Наши рекомендации