Р сыртқы экономикалық байланыстарын жетілдіру жолдары

Қазақстан өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына экономикасы серпінді дамып келе жатқан және нақты белгіленген сыртқы саяси басымдықтары бар қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде қадам басты.

Әлемдік аренада Қазақстан субъектілігінің артуы мемлекеттің рөлі мен халықаралық ықпалының жоғарылағанын, өңірлік салмағының ұлғайғанын, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызы өскенін айғақтайды.

Сонымен қатар, қазіргі заман болмысын ескерсек, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты ұлттық мүдделерді прагматизм қағидаттарымен жаңғыртуды және ілгерілетуді талап етеді. Бұл процеске бірқатар ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді.

Маңызды ішкі факторлар ретінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түбегейлі өзгерістерді, трансформациялық кезеңнің аяқталуы мен елдің ұзақмерзімді және орнықты дамудың 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегиясына өтуін атап көрсеткен жөн.

Сыртқы факторлар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың келеңсіз салдарын еңсеру қажеттілігінен, қақтығыстардың шиеленісуінен, адамзаттың қазіргі проблемаларынан, өңірлік және жаһандық деңгейлерде жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалдың пайда болуынан көрінеді. 2014 жылы Қазақстан экономикасының дамуы үшін сыртқы факторлардың нашарлағаны байқалды.

Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты әлемде экономикалық өсу жалпы баяулады және геосаяси тұрақсыздық ұлғайды. Ресей және Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) елдері мен АҚШ арасында өзара санкциялардың енгізілуі Ресейдегі өсу қарқынының құлдырауына және макроэкономикалық жағдайдың тұрақсыздануына әкеп соқтырды.

АҚШ жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсу қарқынының нығаюы, сан жағынан жеңілдету бойынша федералдық резервтік жүйенің үшінші бағдарламасының тоқтатылуы аясында АҚШ доллары нығайып, пайыздық мөлшерлемелер жоғарылауда.

Осы сыртқы экономикалық үрдістердің 2015 жылы Қазақстан экономикасы үшін тәуекелдері бар. Осындай жағдайларда 2015 жылы экономикалық саясат елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлардың салдарын нивелирлеуге бағытталатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының негізгі мақсаттары макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ экономикалық өсуді қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болады.

Капитал салымдары мен еңбек өнімділігін қолданудың тиімділігін талдаңыз. Кәсіпорынның рентабельділік коэффициенті мен пайда мөлшерін есептеңіз.

2015 жылдың қорытындысы бойынша зауыттың таза пайдасы 34 377 млн.теңге құрады және бұл көрсеткіш жоспарлы көрсеткіштен 4 910 млн. теңгеге немесе 11%-ке жоғары.

Атаулар 2015ж-жоспар 2015ж-нақты пайда Орындалу %
Өнімді сату мен қызмет көрсетуден түскен табыс 567 703 791 584 457 198 107%
Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны 138 858 827 123 877 550 92%
Жалпы пайда 328 844 964 360 579 648 105%
Жалпы және әкімшілік шығындар 9 900 630 7 133 438 86%
Өнімді сатуға және қызмет көрсетуге кеткен шығындар 151 723 246 154 509 918 101%
Операциялық қызметтен түскен пайда 57 221 088 154 509 918 118%
Қаржылық табыс 50 178 588 69 490 711 109%

Табыс бойынша жоспар фармацевтика шығару деңгейінің жоғарылауы мен қатар басқа да табыс көздерінің әсерінен (бағамдық айырма) атқарылды. Компанияның ресурстарын тиімді пайдалу әсерінен сатылған өнімнің өзіндік құны мен әкімшілік шығындардың үнемделгенін көріп отырмыз.

Кезең Таза табыс Меншікті капитал Рентабельділік
76 234 635 82 319 709 0,85
56 956 630 81 267 034 0,75
44 377 971 36 957 667 0,56

Компанияның тұтынушылар нарығын талдаңыз

Жеткізуші - өнім өндіруге қажетті факторларды жеткізеді, тасымалдайды. Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат немесе белгілі бір ұйым.

«EUROMEDEX» ЖШС негізгі тұтынушылары:

Тауар жеткізілетін ел Көлемі(тонна) Үлесі(%) Сомасы(тг)
Қытай 19 515 332 33,93% 15 730 874
Ресей 8 120 918 29,04% 6 419 480
Қырғызстан 6 269 909 12,30% 4 879 512
Әзірбайжан 5 543 147 10,22% 4 548 291
Тәжікстан 5 244 185 6,22% 3 929 676
Беларусь 4 031 925 4,98% 3 062 802
Өзбекістан 3 856 944 3,31% 2 846 713
  Барлығы 46 582 360 100% 41 417 348

2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандық фармацевтиканың экспорты 41 417 348 млн.тг құрайтын дәрі дәрмек шығарылды.

Наши рекомендации