Немістің стандарттар институты

ЛЕКЦИЯЛАР КЕШЕНІ

Лекция 1-2

Стандарттаудың қысқыша тарихы, маңызы мақсаты.

Станндарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде ХХІ-ғасырдың басындағы өнеркісіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарларды бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті.

1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезіне қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.

КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандартты 1926 жылы бекітілген.

Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік түрлерінің стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консерверлері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын анықтауда үлкен рөл атқарады.

Ауыр өнеркісіптің дамуы стандарттаудың жаһандандыруды қажетті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналады. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйсезсіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлщегінің ені-1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда-1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уакытында көптеген қиыншылықтар тудырып , артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдауға түрлі кедегілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достықбекетінде жылына 13 млн. Тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре өалмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстреге ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Траснқазақстандық теміржол салу жоспар- Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.

Стандарттау жұмысынің нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәкестілігі, халықаралық саудадағы техниқалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық прогреске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.

Стандарттауды жүргізідің негізгі қағидалары келісімдік, еріктілік ыңғайлылық , экономикалық тиімділік.

Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптардың, әдістерді белгілі бір салада әрдайым кеңінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп сол саланы оптималды дәрежеде ретке келтіру. Жалпылама алғанда стандарттаудың мақсатына мыналар жатқызуға болады.

-өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына кауіпсіздігін қаматамасыз ету;

-техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;

-ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарлату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру;

-еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;

-өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық жіне ішкі нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру;

-өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз;

-мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту;

-табиғи және техногенді апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің кауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Стандарттау нысандары өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет осыларға арнап, мінездемелер, параметрлер, ережелер бекітілді.

Стандарттау аумағы- өзара байланыс стандарттау нысандарының жинағы. Стандарттау түрлі деңгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, ұлттық және административті-территориялық болып бөлінеді.

Лекция 3

Стандарттау бойынша нормативті-құқықтық құжаттар және стандарттар түрлері.

Техникалық регламент нормативті-құқықтық құжат болып табылады.

Мұнда мемлекеттің өнімнің, үрдістің, қызметтің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қойылатын кауіпсіздік талаптары көрсетілген.

Стандартты-нормативтік құжат, ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зертеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірибеге негізделуі тиіс.

Негізін қалаушы стандарт белгілі бір сала үшін жалпы және басқарушы ережелерден тұратн нормативті құжат. Әдетте ол стандарт немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады, соның негізінде басқа стандарт жасалынуы мүмкін.

Теминдік стандарт-құрамына терминдердің түсіндермесі жіне олардың қолданысы туралы нормативті құжат.

Өнімнің, қызметтің, бақылау әдісінің стандарттары-әдістемелерді, ережелерді, үрдістерді түрлі бақылау әдістері мен солармен байланысты іс-әрекеттерді анықтайтын нормативтік құжат.

Өнімге стандарт-өнімнің функционалдық қызметіне сәйкестігін растап, соны қамтамасыз ететін талаптардан құрылатын нормативтік құжат.

Үрдіске стандарт-үрдіске қатысып, талаптардан тұратын немесе қызметке қойылған талаптардан бейнеленген нормативтік құжаттар.

Ашық мәнді стандарт-келісімшарттық қатынастарда нақтыланатын көрсеткіштер тізімінен тұратын нормативтік құжат.

Әдістемелік ережелер құрамына нормативтік құжатқа сәйкес келуге мүмкіндік беретін әдістемелер, үрдісті іске асыру жолы, операциялар кіретін нормативтік құжаттар.

Бейнелеуші ережелер-құрылымды суреттеуші, шикізат материалдарының құрамы мен бұйымның бөліктерін анықтаушы нормативтік құжат.

Қазақстанның стандарттау жүйесі халықаралық ережелер мен нормаларға жіне халықаралық тәжірибиеге барынша сәйкестендірілген.

1. ҚР СТ-ҚР-ның мемелекеттік стандарттары.

2. Мемлекеттік техникалық экономикалық ақпараттар жіктегіштері-ТЭАМЖ

3. Мемлекеттік ТМД елдерінің стандарттары –ГОСТ негізінен ол КСРО стандарттары, бірақ әлі күнге дейін қолданылады, егер ҚР Заңымен ғылыми-техникалық саламына қайшы келмеген жағдайда.

4. Құқықтық нормаға сай қолданылатын халықаралық аймақтық, ұлттық, стандарттар, техникалық экономика жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер және стандарттау бойынша нұсқаулар.

5. Стандарттау жөніндегі нұсқаулықтар.

6. Ұйымдық стандарттар, оған өндіріс стандарттары кіреді және ғылыми техникалық, инжинерлік қауымдастықтар стандарттары да кіреді.

Мемелекеттік стандарттар құрамына өнімге, жұмысқа, қызметке қойылатын талаптар көрсетіледі. Міндетті талаптар уақыт өте келе техникалық регламентке өтеді.

Міндетті талаптарға төмендегілер жатады:

-өнім,қызмет, үрдістің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға кауіпсіздігі жіне өндірістік кауіпсіздік жіне өндірістік қауіпсіздік пен тазалық нормалары;

-техникалық сәйкестілігі және бұйымдардың өзара алмастырушылық қасиеті;

-бақылау әдістері мен белгілеулердің бірегейлігі;

Нұсқаулық талаптарға кіретіндер:

-өнімнің көрсеткіштерінің негізгі тұтынушылық қасиеті мен оларды бақылау әдістері;

-орамаға қойылатын талаптар, тасымалдау, сақтау және жоюға қойылатын талаптар;

-экспулатация мен өндіруге қатысты нормалар мен ережелер;

-техникалық құжаттарды толтыру;

Фирманың стандарттары ішкі өндірісте қолдану үшін жазылады. Ол стандарт келесілерді регламенттейді:

-ұйымның құрушы бөлігінің іс-әрекеттері;

-өндірісті бақылау;

-шығарылған өнім сапасы;

-өнімді өндіру үрдісіне қойылатын жалпы техникаыық нормалар.

Әлеуметтік бірлестіктер стандарты жаңа өңімге, қызметке, үрдіске, сынақ түрлеріне, өндірісті бақылау әдістеріне жасалынады.

Нормативті кұжатты қолданғанда екі негізгі түрін қолдану ұсынылады:

-өзіндік сәйкес саласында тікелей қолдану;

-оны басқа нормативті құжатқа еңгізу;

Лекция 4 -5

ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесі

Қр мемлекеттік стандарттау жүйесі енгізілген, ол стандарттаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәжәрибелік негіздерін анықтайды.

Негізгі мақсаттары:

1. Техникалық прогресті жылдамдату, қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, еңбек өнімділігін жоғарлату;

2. Сапаны жақсартып оптималды дәрежеде қамтамасыз ету;

3. Өнімді жобалау мен өндірудегі мамандандыруды жоғарылатып жағдай жасау.

4. Өнімге қойылатын талаптардың ел қауіпсіздігін үйлесуін қамтамасыз ету.

5. Жоғары сапалы тауардыэкспорттау аясын кеңейтуді қамтамасыз ету.

6. Өндіріс қорын рационалды қолданып, ресурстарды үнемдеу.

7. Халықаралық бірлестіктіі дамыту

8. Денсаулық сақтауды қамтамасыз ету

Бұл мақсатқа ету үшін стандарттауға келесі міндеттер қойылады:

1. Материалдарды, шикізатты, жартылайфабрикаттарды кешенді стандарттау арқылы дайын өнімнің сапа көрсеткіштеріне талаптарды бекіту

2. Жобалау, өндіру қолдану сатысында қазіргі уақытқа сай сапалы өнім алу үшін стандарттар жүйесін енгізу

3. Өнім сапа көрсеткішінің, бақылау мен сынаудың ортақ жүйесін анықтау және қолдануға сәйкес бұйымдардың сенімділік деңгейін қамтамасыз ету

4. Өнімді жобалау мен өндіру сатысында оның сапасын оптималдау үшін нормалар мен талаптарды орнату.

5. Унификациялауды дамыту

6. Өлшеу сенімділігі мен ортақтығын қамтамасыз ету

7. Ортақ құжаттама жүйесін орнату

8. Ең негізгі ғылым мен техниканеың салаларында ортақ терминдер мен белгілеулер еңгізу

9. Еңбек қауіпсіздік жүйесін орнату

10. Табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды қолдануды жақсартатын стандарттау жүйесін енгізу

Стандарттау жүйесі әрдайым ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық іс-шаралар нәтижесіне жетіліп отырады. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің максималды деңгейі ҚР экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, бәсекелестікті дамытуға үлесін тигізіп, ел азаматтарының қызығушылығын қорғап, саудаға сапасыз шет елдік тауардың енуіне жол бермеуі тиіс.

ANFOR 1926 ж құрылды. Жекеменшік коммерциялық емес құрылым бола тұра, ол елдегі стандарттау бойынша қызметті басқарып отырды.Бұл қызметке үкімет көніл бөліп, 1941 ж стандарттау бойынша комиссардың қызметі жөнінде заң қабылданды. Комисса ANFORдағы үкімет өкілі болып табылды.

1984 ж үкіметтің декретімен өнеркәсіп министрлігі жанынан стандарттау бойынша Жоғарғы Кеңес құрылды.

Ұлттық Франциялық стандарттаудағы кезекті өзгерістер 1991 ж болды.

Бұл өзгерістер халықаралық, оның ішінде біріккен Европаның пайда болуымен байланысты Европалық стандарттауда жүріп жатқан өзгерістерге үндестік қажеттігінен пайда болатын. Ұлттық стандарттаудың жағдайы сарапталып, бірқатар кемшіліктердің беті ашылды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жақын жылдарға негізгі міндеттер қабылданды:

1.стандарттауға кіші және орта кәсіпорындарды тартуды жандандыру,оларды салықтық жеңшлдіктермен ынталандыру;

2. ұлттық стандарттау жүйесінің процедураларын қарапайымдау және осы жұмысты үйлестіруді күшейту;

3. франциялық мамандардың европалық стандарттауға қатысуын ұлғайту.

1991 ж реформадан кейін стандарттаудың ұлттық ассоциациясының құрылымы өзгерді- үшдеңгейлі құрылым қабылданды.

1. Комитет по ориентации и планированию, Комитет по стратегическому планированию в отраслях экономики

2. Администраивный совет

3. Генеральная ассамблея

Франция стандарттау бойынша приритетті деп төмендегі бағыттарды белгілеп отыр:

1) Халықаралық стандарттауда- ақпараттық технологиялар

2) Европалық стандарттауда- көлік және коммуникациялар

3) Ұлттық стандарттауда- экология, қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік өндіріс.

ANFORдың жаңынан «Espace» ақпараттық және көмерлік орталық құрылған.

ANFORдың бірнеше мәліметтер- банкілері бар, олар- ішінде көзге түсетін- NORIANE, ол 45 .... астам ұлттық, халықаралық және шетелдік стандарттар мен техникалық регламенттердің анықтамаларын қамтиды.

Немістің стандарттар институты

1917 ж жалпы машинажасау үшін нормалар Комитеті құрылды. Осы жыл Германияда стандарттаудың ұлттық жүйесінің пайда болған жылы деп белгіленген. Комитет 1926 ж Германияның стандарттар комитеті және 1975 ж. Немістің стандарттар институты (DIN) болып өзерістерге ұшырады.

1990 ж. бастап стандарттау, метрология және өнімді бақылау Басқармасымен (бұрынғы ГДР-дің ұлттық ұйымы) қатынастарын тәртіпке келтіру үшін біраз қадамдар жасалды, соның нәтижесінде халықаралық және европалық стандарттарға сай келетін біріккен Германияның бірегей нормативтік құжаттар түзуге шешім қабылданған. Осы жылдан бастап DIN стандарттау бойынша Германияның ұлттық ұйымы болып саналады, елдің халықаралық (ИСО мен МЭК) және европалық стандарттау ұйымдарында бірден- бір өкілетті өкілі.

DIN мүшелері Президиумды сайлайды, оның құрамында президент және оның орынбасарлары, қаржы комитетінің төрағасы, DINдің директоры, сонымен қатар өнеркәсіптің, ет бизнесінің, сауда мен қызмет көрсету айналасынан, ҒЗИ, қоғамдық ұйымдардың және үкіметтік мекемелерінің өкілдері кіреді.

Германияда ұлттық стандарттаумен төмендегі салалар қамтылған: құрылыс, электротехника, химиялық өндірістер, дәл механика және оптика, фотография мен кинематография, құжаттар мен іс қағаздарды жүргізу, денсаулық сақтау, атом техникасы, ауыл шаруашылығы, бояу өндірісі, машина жасау мен кеме жасау, авиация, спорт пен демалыс, сағаттық, зергерлік және тіс емдеу ісі, су шаруашылығы мен және т.б. Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету облыстарында стандарттауға және негізгі стандарттарды түзуге үлкен көңіл аударылады.

Немістің ұлттық стандарттары ұсынышылық сипатқа ие, сондықтан олар құқықтық нормалар ретінде емес, «техникалық жалпытанылған ережелері» ретінде қабылданады. Егер ұлттық стандарт федералдық заң нормалары жұмыс істейтін облыстарға қатысы болса, онда ол міндетті сипатқа ие болады.

DINнің үкіметпен достастық келісім- шарт шеңберінде қабылдаған бірқатар ұлттық стандарттары, Техникалық құрылымдардың қауіпсіздігі туралы заң шыққан соң (1980ж), неміс өндірушілеріне де және өнеркәсіптік өнімдердің импортерлеріне де міндетті болып шыға келді.Қоршаған ортаны қорғау туралы заң шыққан соң (1980ж), судың, атмосфераның тазалығына, шудың деңгейіне қойылатын талаптардың стандарттары міндетті құқықтық нормаларға айналды. Тамақ өнімдері мен көпшілік қолданатын тауарлар туралы заңның негізінде халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі стандарттар міндеттілік сипатқа ие болып отыр.

Сертификаттау мәселелерімен халықаралық және европалық ұйымдарда сертификаттау бойынша Германиялық кеңес (DINZERT) айналысады.

Стандарттауды ақпаратпен қамтуда техникалық ережелердің Ақпараттық орталығының (DITR) рөлі өте үлкен.

DIN мен Ресейдің мемлекеттік стандарты арасында қарым-қатынас дамып келеді. DIN, Ресейдің мемлекеттік стандарты Берлин- Бранденбург Техникалық бақылау одағы құрған- «Европадағы сертификаттау бойынша қоғамы (GZE)» біріккен кәсіпорын бірнеше жыл жұмыс істеп келеді. Кәсіпорынның міндеті- Ресей мен Украинаға барлық европалық өнімдерді экспорттауға қолдау көрсету. Бұл үшін үлкен жұмыстар істеліп жатыр, әсіресе тауарлар мен қызметтерді сертификаттау жұмыстары. GZE кәсіпорынның екінші міндеті ақпараттық функциялармен байланысты: қабылдайтын елдерде қолданылытын стандарттарды табу, олардың сертификаттау бойынша талаптарын және тауарларға қойылатын техникалық техникалық талаптарды анықтау.

Наши рекомендации