Бап. Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру
1.Көлік қүралын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдыгын қасақана ңирату, зақымдау немесе өзге де тәсілмен пайдалануга жарам-сыз күйге келтіру, сол сияқты көлік коммуникацияларын бүгаттау, егер бул іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіруге не ірі за-лал келтіруге не көліи пен байланыстың қалыпты жумыс істеуінің бүзылуына әкеп соқса -
2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -
3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-эрекеттер -
Көлік қүралдарын, катынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс күралдарын не өзге де көлік жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тэсілмен пайдалануға жарамсыз күйге келтіру, сондай-ақ көлік коммуникацияларына тосқауыл қою, егер Бұл эрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлыктағы зиян келтіруге, не ірі көлемде залал келтіруге не көлік пен байланыстың қалыпты жұмысы бүзылуына экеп соқса, Қылмыстық кодекстің 350-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық туады.
Осы қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей немесе косымша тікелей объектілері Қылмыстық кодекстің 350-бабының қү_рамындағы қылмыспен бірдей.
Қылмыстық қүқық бұзушылықтың заты - Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы көрсетілген заттармен ұқсас.
Қылмыстық қү_қық бұзушылық объективтік жағынан: а) көлік қүралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс қүралдарын не өзге де көлік жабдықтарын бұзу; б) зақымдау; в) немесе езге де тэсілмен жарамсыз күйге келтіру; г) сондай-ақ көлік коммуникацияларына тосқауыл крю; д) заңда көрсетілген қылмыстық зардаптың келтірілуі; е) аталған іс-эрекеттер мен зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.
Көліктің техникалық жүйелерін толык жарамсыз күйге келтіру арқылы оны өзінің негізгі қызметін атқару қабілетінен айыруды бұзу деп айтамыз.
Көліктің техникалық жүйелерін ішін ара істен шығарып жарамсыз етуді зақымдау деп айтамыз.
Бұзу немесе зақымдау тэсілдерінен басқа кез келген эрекеттерді қолдану арқылы көліктің техникалық жүйелерін немесе оның жекелеген бөлшектерін істен шығаруды өзге де тэсілмен жарамсыз күйге келтіру деп айтамыз.
Көлік қүралдарының еркін қозғалысына қарсы сан түрлі кедергілер келтіру арқылы (ұшу алаңын, темір жол полотнасын қоршау, жол үстінде митинг өткізу, баррикада қою арқылы көлікті жүргізбеу, көлік коммуникацияларына қызмет ететін адамдарды машинист, диспетчер, жол жөндеушілерді) көлікке жібермеу сияқты эрекеттер, көлік комму-никациясына тосқауыл қою деп танылады.
Заңда көрсетілген зардап адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру не ірі көлемдегі залал келтіру не көлік пен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына экеп соқса кьілмыс кұрамы бар деп саналады.
Денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 344-348-баптарында көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармағына сэйкес, осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз еседен асып түсетін мөлшерде келтірілген залал не ү_йымға немесе мемлекетке қылмыстык құқық бүзушылық жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мөлшерде келтірілген залал ірі көлемдегі залал деп танылады.
Көлік пен байланыстың қалыпты жүмысының бұзылуы деп занда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-эрекеттердің салдарынан олардың біршама уақыт қызметін амалсыз тоқтатуы айтылады. Осы түрғыдағы мэселе арнаулы нормативтік актілер арқылы анықталады.
Заңда көрсетілген зардаптардың кез келгені кінэлінің істеген іс-эрекетімен себепті байланысты болуы арқылы орын алған уақыттан бастап қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.
Қылмыстық қүқық бүзушылық субъективтік жағынан кінэның абайсыздық түрі арқылы істеледі.
Қылмыстық құкық бұзушылықтың субъектісі - 14-ке толған, кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 350-бабының 2 жэне 3-тармақтарында осы қылмыстың ауыр-лататын (абайсызда кісі өліміне), өте ауырлататын (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне) экеп соқкан эрекетгері үшін жауаптылық көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 350-бабында көзделген қылмысты осы қү_рамға ұқсас қылмыстардан ажырата білген жөн. Қылмыстық кодекстің 344-бабынан бұ_л қылмыс құрамы субъектісі бойынша ажыратылады, Қылмыстык кодекстің 184-бабынан (диверсия) - арнаулы мақсат (Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін күйрету) болмауына байланысты, ал Қылмыстық кодекстің 351-ба-бында көрсетілген қылмыс құрамынан іс-эрекеттің мазмұны мен мэнінің ерекшеліктері-не, сондай-ак заң қорғайтын объектіге зиян келтіру процесінің даму ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады.