Инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясат
Инновациялық қызмет өзінің күрделігімен және жоғары тәуекелдігімен сипатталады. Инновацияға бастама жасау үшін ішкі ынта мен потенциалдың болуы жеткіліксіз. Мұнда шешуші қозғалтқыш күш сыртқы стимул, сонымен қатар мемлекеттік қолдау болуы мүмкін.
Белсенді мемлекеттік қолдау саласы болып ең алдымен «Фундаменталды ңылым» фазасы табылады. Ғылыми идеялар негізгі мақсаты табыс болып табылатын тікелей шаруашылық қызметте қолданыла алмайды. Сондықтан мемлекет көп жағдайда өзіне бизнесті инновациялық үрдістің маңызды қорларының бірі – ғылыми идеялармен және біліммен қамтамасыз етуді жүктейді. Осылайша, ғылымды қолдау саласында әлемдегі жетекші елдердің мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттары келесілер болып табылады:
-ел экономикасын дамытуда ғылым мен техниканың қосатын үлесін арттыру.
-Материалдық өндіріс саласындағы прогрессивті өзгерістерді қамтамасыз ету;
-Ұлттық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-Елдің қауіпсіздігі мен қорғанысқа қабілеттілігін арттыру;
-Экологиялық ахуалды жақсарту;
-Қалыптасқан ғылыми мектептерді сақтап қалу және дамыту.
Аталған мақсаттарды жүзеге асырудағы негізгі принциптер:
-Ғылыми және ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркіндігі;
-Зияткерлік жекеменшікті құқықтық қорғау;
-Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет пен білім беруді интеграциялау;
-Ғылыми дамудың басым бағыттарынна қорларды шоғырландыру.
-Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте іскерлік белсенділікті ынталандыру;
-Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
1979 жылы АҚШ конгресі «Ғылыми-техникалық инновациялар туралы ұлттық акт» қабылдады, мұнда ғылыми-техникалық инновациялар – АҚШ-тың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дамуының орталық сұрағы деп айтылған. Инновациялық стратегия сауда тапшылығын азайтуды, әлемдік нарықтағы бәсекелестікті жеңуге, доллар курсын тұрақтандыруды көздейді. ГФР-да да инновациялардың барлық әлеуметтік дерттермен күресудің негізгі құралы екені мемлекеттік деңгейде бекітілген. 40-50 жылдары инновацияның стратегиялық бағыты тек жекелеген фирмаларға ғана тән болған, 70-80 жылдары – бүкіл ұлттың экономикалық саясаты, дамыған елдердің мемлекеттік саясаты болды.
80 жылдардың соңында Батыста «критикалық технология» тұжырымдамасы дамыған. «Критикалық технологиялар» – елдік әлеуметтік-экономикалық дамуына неғұрлым көп фөпал ететін басым бағыттар. Оларға, мысалы, атом энергетикасы, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер, гендік инженерия, тау-кендік және техногендік шикізатты терең өңдеу технологиясы жатады.
Бұл ғылыми бағыттарға мемлекет қолдау көрсетеді.
Қазақстанда мемлекеттік деңгейде елдің ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттары айқындалған: ақпараттық технологиялар, тағам өнеркәсібінің технологиясы, мұнай-газ секторы, биотехнология және и фармацевтика, сонымен қатар баламалы энергетика.
Мемлекеттің инновациялық қызметіне қолдау көрсетуді қамтамасыз етуде деңгейі мен қолдау түрі бойынша ажырататын келесі стратегиялар ескеріледі:
-Белсенді араласу стратегиясы;
-Орталықтандырылмаған әрекет ету стратегиясы;
-Аралас стратегия.
Белсенді араласу стратегиясының мәні мемлекеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуінінің басты, анықтауышы деп мойындауында. Мемлекет өзіне ұлттық экономиканың дамуына салмақты үлес қосатын маңызды бағдарламалар мен жобаларды ұйымдастыру мен қаржыландыруда үлкен міндетті жүктейді (Жапония, Франция, Нидерланд).
Орталықтандырылмаған әрекет ету стратегиясы ғылыми және инновациялық салада мемлекеттің қатысуының анағұрлым күрделі механизмі. Мемлекет бұл стратегияда да мңызды рөл атқарады, алайда мұнда белсенді араласу стратегиясына тән қатаң директивтік байланыстар жоқ. Мұнда ғылыми ұйымдар мен өндірістік фирмалар бірінші орынға шығады, ал мемлекеттің рөлі қажетті құқықтық, экономикалық және басқа жағдайларды жасау болып табылады. (АҚШ, Ұлыбритания).
Аралас стратегия экономиканың маңызды бөлігін мемлекеттік сектор құрайтын және мемлекет осы сектордың жоғарғы экспорттық потенциалын қолдауда мүдделі болатын елдерде қолданылады. Мемлекеттік ұйымдарға қатысты мемлекет белсенді араласу стратегиясын қолданады, ал басқаларға - орталықтандырылмаған әрекет ету стратегиясын (Швеция).
Қазақстанда инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы жағдай келесі себептерге байланысты ойдағыдай қалыптаспаған:
-өз жасалымдары мен «ноу-хауларға» қолданыс таба алмау, өмір сүрудің төменгі деңгейіне байланысты білікті мамандардың шетелге кетуі;
-мемлекеттің жасалымдарды патенттеуге қаражат бөлмеуі, бұл патентке берілетін тапсырыс санының төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар КСРО-да лицензияны сатудан түсетін кіріс 500 млн долларды құраған, ал патенттеуге мемлекеттің жұмсайтын қаржысы 4 – 5 млн. долларды құрайды;
-Кәсіпорынның инновациялық қызметін ынталандыратын салық саясатының болмауы кәсіпорынның инновациялық белменділігінің төмен болу себебі;
-Фундаментады және қолданбалы ғылымның белсенділігінің біртіндеп төмендеуі.
Дегенмен, мемлекет ауыр экономикалық ахуалға қарамастан ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қолдау үшін шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы.
Мемлекет салықтық жеңілдіктер, негзігі қорларды жеделдетіп амортизациялау арқылы инновациялық қызметті қосымша реттеу бойынша кейбір шараларды қабылдауда. Табысқа салық салуды жеңілдету салық салынатын базаны қысқарту арқылы да, салық ставкаларын азайту, салық төлемдерінен ұстап қалу арқылы да жүзеге асырылады.