Тақырыбы:Ойлау мен сөздің және идеологиялық ұғымдардың пайда болуы

Жоспары:1.Ойлау мен сөздің шығуының алғышарттары

2.Ойлау мен сөздің шығуы және оның адам қоғамындағы маңызы

3.Идеологиялық ұғымдардың пайда болуының алғышарттары мен жағдайы

4. Идеологиялық ұғымдардың пайда болуы

Мақсаты:Ойлау мен сөздің және идеологиялық ұғымдардың пайда болуының алғышарттарымен,маңызымен таныстыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Ойлау мен сөздің шығуының алғышарттары қалай қалыптасқан?

2. Ойлау мен сөздің шығуының адам қоғамындағы маңызы неде?

3. Идеологиялық ұғымдардың пайда болуының алғышарттары қалай

қалыптасқан?

4. Идеологиялық ұғымдардың адам қоғамындағы маңызы неде болды?

Глоссарий:

Номинация(лат. nomen–аты)-атауы, аталуы.

Магия (грек.mageia- арбау) - ерекше тәсілдермен айналаға әсер етуге болады деген және онымен байланысты әрекеттерге деген сенім.

Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:

1.Идеологиялық ұғымдардың пайда болуының алғышарттарын тізбек бойынша құрыңыз

Оқытудың интерактивті әдістері (түрлері мен формалары):

Реферат тақырыбы:

1. Алғашқы тұрмыстық қоғамдағы діни сенімдердің пайда болуы.

2. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтар саны және оның территориялық нормалары

3. Ой мен тілдің шығуы.

4.Нәсілдердің пайда болу проблемасы.

5. Алғашқы тұрмыстық қоғамдағы иемденуші шаруашылық.

Блиц тест:

1. Қай кезден бастап ойлау мен сөздің шығу проблемасы пайда болды

А) ХХғ. В) ХІХ ғ.ІІ жартысынды С)Ежелгі кезден-ақ Д) ХҮІІІғ. Е) ХХғ.60-жылдарында

2.Ойлау мен сөздің шығуына байланысты қол жеткен ірі ғылыми жетістік А)Тілсіз ой жоқ деген пікір В)Тіл бірінші пайда болды деген С)Ой бірінші пайда болды деген Д)Тілдің ойға қатысы жоқ деген Е)Сөйлеу қазіргі адамға тән деген пікір

3.Кинетикалық сөз идеясын негіздеуге әрекеттенген орыс ғалымы

А) Н.Я.Марр В) Сушкин П.П. С) Серебровский П.В. Д) Ламарк Е) Мак-Инерн

4.Кинетикалық сөзді шектейтін- ірі кемшілігі А) Тілдің шықпауына байланысты В) Қашықтықта шектелуі С) Заттарды атай алмауға байланысты Д) Адам аттарының болмауына байланысты Е) Барлығы

5. Кинетикалық сөзді шектейтін- ірі кемшілігі

А)Тілдің шықпауына байланысты В)Сөз тіркестерінің болмауына байланысты С) Заттарды атай алмауға байланысты Д) Адам аттарының болмауына байланысты Е) Қараңғыда шектелуі

6. Ерекше тәсілдермен айналаға әсер етуге болады және онымен байланысты әрекеттерге деген сенім А) мантия В) шаманизм С)магия Д)мана Е)анимизм

Әдебиет:

1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.

2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.

3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.

4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.

5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.

Тақырыбы:.Антропогенез процесінің аяқталуы: ерте рулық қауымдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар және идеологиялық ұғымдар(дискуссия элементтері бар семинар).

Жоспары:1. Ерте рулық қауымдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реконструкциялау мәселелері

2. Ерте рулық қауымдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың түрлері

3. Ерте рулық қауымдағы ұжымдық меншік пен бөлудің тең қамтамасыз ететін түрінің мәні мен алатын орны

4. Ерте рулық қауымда идеологиялық ұғымдардың пайда болуы

Мақсаты: студенттердің теориялық және практикалық білімдерін, біліктерін өз оқу қызметінде қолдана білуге жағдай туғызу

Бақылау сұрақтары:

1.Ерте рулық қауымдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реконструкциялау мәселесі және оны шешудің қиындығы неде?

2.Ерте рулық қауымдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қандай түрлері бар?

3.Ерте рулық қауымдағы ұжымдық меншік пен бөлудің тең қамтамасыз ететін түрінің мәні неде және оның алатын орны қандай? Айырбас деген не? Оның қандай формалары болған?

Глоссарий:

Геронтицид(грек.geron- қарт адам және caedes- өлтіру) – қарттарды өлтіру, жансыздандыру.

Инфантицид(лат. infans–бала және caedes- жансыздандыру, өлтіру) – жас балаларды өлтіру.

Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:

  1. Ерте рулық қауымда ұжымдық меншікке не жататын атаңыз.

2. Мына сұрақ бойынша пікіріңізді айтыңыз: Австралияның аборигендерінде аң, балық аулайтын, терімшілікпен айналысатын, құралдар жасауда шикізатын пайдаланатын жер ұжымдық меншікте болған болу керек. Ал алакалауфтарда, эскимостардың бір бөлігінде,Шығыс Африканың хадзаларында мұндай жерлерге ешқандай меншік болмаған. Осының негізінде ғалымдардың бір тобы ерте рулық қауымда жерге меншік тіркелмеген дейді. Сіз қалай ойлайсыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.

3. Тамақ пен олжаға ұжымдық меншік -ұжымдық өндірістің нәтижесі ме, әлде қарапайым иемденуші шаруашылықтың өмір сүруді қамтамасыз ететін шарты ма? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Оқытудың интерактивті әдістері:оқытудың белсенді әдістері

Реферат тақырыбы:

1. Ежелгі тұрмыстық қауымдастықтың қалыптасуы.

Блиц тест:

1. Ерте рулық қауымда өндіргіш күштердің даму деңгейі қандай болған А)жоғары В)орташа С)төмен Д)өте төмен Е)өте жоғары

2. Ерте рулық қауымда шаруашылықтың қай түрі болған А)иемденуші В)өндіруші С)жартылай иемденуші Д)жартылай өндіруші Е) өндіруші басым болған

3. Ерте рулық қауымға қажет болған меншік түрі А)жеке меншік В)өз меншігі С)ұжымдық меншік Д)мемлекеттік меншік Е)белгісіз

4. Инфантицид көбіне көп кімге қатысты жүзеге асырылған А)қарттарға В)әйелдерге С)ер балаларға Д)қыз балаларға Е)бозбалаларға

5. Айырбастың шығуы немен қатар жүрді А)еңбекті тең бөлумен В)артық өнімнің пайда болуы мен өнімді еңбегіне қарай бөлумен С) артық өнімнің жоқтығымен Д)ақшаның шығуымен Е)өндіруші шаруашылықтың болмауымен

Әдебиет:

1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.

2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.

3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.

4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.

5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.

6. Семенов Ю.И. Развитие техники в каменном веке. Л.,1968.

7. Семенов Ю.И. Происхождение брака. М., 1974.

Тақырыбы:.Антропогенез процесінің аяқталуы: ерте рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдар мен биліктің ұйымдастырылуы

Жоспары: 1. Ерте рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдар

2. Ерте рулық қауымда билікті ұйымдастыру формалары

3.Жыныстық-жастық ұйым.

4.Қауымдық ұйымдар.

Мақсаты: Ерте рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдардың түрлерін

және билікті ұйымдастыру формалары анықтай білуге, практикалық іскерліктерінің қалыптасуына жағдай туғызу

Бақылау сұрақтары:

1. Ерте рулық қауымдағы рулық тайпалық ұйымдарды атаңыз. Олар қандай функция атқарған?

2. Ерте рулық қауымда билікті ұйымдастыру формалары қандай болған?

Олар қандай функция атқарған?

3.Жыныстық-жастық және.қауымдық ұйымдарды атаңыз.

Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:

1. Ерте рулық қауымда билікті ұйымдастыру схемасын құрыңыз

Оқытудың интерактивті әдістері (түрлері мен формалары):

Глоссарий:

Артефакті (лат. artefaktum- жасанды жасалған) –кез-келген табиғи емес, жасанды зат

Вирилокальді неке(лат.vir-ер, lokus-орын)-ерлі-зайыптылардың ерінің тобында тұруы, бір авторларвирилокальдікті патрилокальдіктен ерекшелейді, екіншілері ерекшелемейді.

Геронтицид(грек.geron- қарт адам және caedes- өлтіру) – қарттарды өлтіру, жансыздандыру.

Геронтократия(грек.geron- қарт адам және kratos-билік)- қарттар билігі.

Дислокальдік (лат.dis-бөлу дегенді білдіретін жұрнақ, lokus-орын) – ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы.

Дисэкономикалық семья(лат.dis-бөлу дегенді білдіретін жұрнақ, және грек.oikos- үй, шаруашылық) – ортақ шаруашылық жүргізбейтін семья, қосақ семья белгілі бір дәрежеде сондай семья болған.

Дуальді ұйым(лат. dio-екі) - екі рудың өзара некелесетін ұйымы, кейін фратрий.

Инфантицид(лат. infans–бала және caedes- жансыздандыру, өлтіру) – жас балаларды өлтіру.

Левират(лат. levir-қайынаға, ерінің ағасы) – екі немесе бірнеше ағайындыға бірден күйеуге шығу, өлген күйеуінің ағасымен некелесу.

Локальді топ(лат. lokus-орын)-отан этнологиясында аңшылардың, балықшылардың және терішілердің ерте тұрмыстық қауымын белгілеу.

Микролит(грек.mikros-шағын, litos-тас) – құрамды қарулардың арасына салынатын ұсақ тастар.

Моногамия(грек. monos-бір, жалғыз, gamos-неке) – бірнекелік.

Мононормалар (грек. monos-бір, жалғыз және norma-ереже) – құқық, адамгершілік, этика сияқты әлеуметтік реттеудің түрлі нормалары дараланбаған кездегі тәртіптің міндетті ережелері

Неке -тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғам негіздейтін және реттейтін, ерлі- зайыптылардың семьядағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін рәсім.

Патриархат( лат.pater-- әке, грек. arche-билік) – қоғамда, отбасында ер адамның үстемдігі.

Патрилинейлілік(лат.pater-- әке, linea-сызық) –туыстықтың әке жағынан саналуы немесе агнаттық туыстық.

Патрилокальдік ( лат.pater-әке, lokus-орын) - ерлі-зайыптылардың ерінің тобында тұруы

Полиандрия(грек. poly-көп, andros-күйеу) –көпкүйеулілік.

Полигиния(грек. poly-көп, gyne-әйел) –көп әйел алушылық

Потестарлық ұйым(лат. билік,) - отан этнологиясында мемлекетке дейінгі, саяси қоғамға дейінгі биліктің ұйымдасуын белгілеу үшін қабылданған термин.

Пуналуа(гавай.punalua –жақын жолдас) - ағайынды біренеше жігіттің бір-біріне туыс емес әйелдермен некелесуі. Бұл гавайлық ауқаттылар арасында кең тараған. Осы салттың негізінде Л.Г.Морган неке-отбасы қатынастарының ежелгі формасын қателесіп реконструкциялаған.

Сорорат(лат.soror – апа, сіңлі) – бірмезгілде екі немесе одан көп апалы-сіңлілермен некеге отыру, кейінірек өлген әйелінің сіңлісіне үйленетін болған.

Тотем (үндіс-оджибе. От-отем- оның туысы) –жануарлардың, өсімдіктердің, заттар мен құбылыстардың қандас туыс болып саналатын түрі, кейін ата-бабасы. Кейінірек тотем рудың белгісі болған.

Унилокальді неке (лат. unus –бір lokus және- орын) – ерлі-зайыптылардың бірге тұруы

Уксорилокальді неке (лат.uxor -әйелі және lokus –орын) - ерлі-зайыптылардың әйелінің жағында тұруы тұруы.

Филиация (лат.filius, filia –ұлы, қызы) – туыстықты ата-ананың бірі жағынан орнату.

Блиц тест:

1. Ерте рулық қауымның екінші атауы

А) Локальді топ В)Филиация С)Тотем Д)Дисэкономды топ Е)Микролит

2. Локальді топ құрылымы қандай болған А)туыс семьялардан тұрған, достарының семьялары біріге алған В)туыс емес семьялардан тұрған С) туыс және туыс емес семьялардан тұрған Д)тек достас семьялардан тұрған Е)ата-ана мен балалары құрайтын семьядан тұрған

3. Локальді топ біреу болса оны қалай атаған А)дисперсті-рулық В) Локальді С)компакті-рулық Д) Дисэкономды топ Е) Локальді емес топ

4. Ерте рулық қауымда шаруашылық, әскери және қандай билік бөлінбеген А)сот В)заң шығару С)бақылау Д)атқару Е)азаматтық

5. Австралия аборигендерінде қауымның әйел бөлігін кім басқарған А) «үлкен ер адам» В)ақсақал С)көсем Д)патша Е) «үлкен әйел адам»

Әдебиет:

1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.

2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.

3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.

4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.

5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.

6. Семенов Ю.И. Происхождение земледелия. Л., 1974.

7. Формозов А.А. Очерки по первобытному искусству. М., 1969.

8. Шнирельман М.И. Происхождение скотоводства .(Культурно-историческая прблема). М., 1980.

9. Токарев С.А. Ранние формы религии и их развитие. М., 1964.

Наши рекомендации