Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары мен еңбектері (студенттің таңдауы бойынша).
Бүгінгі күні мен үшін «2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой. Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды.
Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар.
«Қазақстан-2030» Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн. адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
Біз қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз.
Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Елдің ІЖӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан 2006 жылы 14,7%-ға және 2011 жылы 25,8%-ға өсті.
Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық. Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде.
Жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.
- Оның ішінде әйелдер – 4.420.
- Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.
Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:
- Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.
- Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.
- Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.
Әлемдік деңгейдегі “Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:
- Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.
- Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.
- Каспий мәселесі қарастырылды.
Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды
Р-ның Н.Ә.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деген дәрісінің мазмұны мен бағыттары (2009 ж.қазан).
Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асулардан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдардан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мыңдаған қазақстандық жастар білім алды, армандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.Математика, физика, басқа да жаратылыстану салалары бойынша ауқымды ғылыми жұмыстар осы жерде іске асырылды.Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдарды, осы істі бастаған азаматтарды атап өткім келіп еді, бірақ, олар өте көп. Сондықтан барлығын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын.Ел тағдырына қатысты күрделі кезеңдерде университет ұжымы аса маңызды тарихи оқиғаларды да бастан кешірді.1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің еркіндігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жандарын шүберекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шыққандар да осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері болатын.Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.Университет түлектері байтақ Отанымыздың барлық түкпірінде жеңісті де жемісті қызмет етіп жатыр. Осы жиында бас қосып отырған бәріңізді, университеттің оқытушылары мен студенттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!Еліміздің мүддесі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.
Біз сіздермен алғаш рет кездесіп отырған жоқпыз. Біздің барлық кездесулерімізде елімізді дамытудың проблемалары талқыланған болатын.Бүгінде біздің бәрімізді дағдарыстан кейінгі дүние қандай болатыны толғандырады. Берігірек болып, кез келген қиындықтарға төтеп беру үшін, Қазақстанды жаңа биіктерге көтеру үшін біз не істеуіміз керек? Бұл жөнінде бүгінгі дәрістің аясында әңгіме қозғағым келеді. Бүгінде еліміздің даму сатысы маңызы үлкен межелі тұста тұр. Алдымызда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі келе жатыр.Біз қазір бұл межеге іргемізді нығайтып, күш-қуатымызды арттырып, жетілген мемлекет ретінде келіп тұрмыз. Әлемді қалтыратқан қаражат дағдарысына байланысты қиындықтардың бетін қайтара білдік. Қазақстан - бүкіл әлем сыйлайтын және есептесетін беделі биік іргелі ел болды.
Міне, бүгінгі жауапкершілікті осындай дәрежедегі елдің игілігін одан әрі еселеп, озық елдердің қатарынан орын алу үшін сіздерге зор міндет жүктеледі. Алдымызда биікке жетелейтін үлкен мақсат тұр. Бұл, әрине, оңай шаруа емес. Бірақ, біз бұл міндетті жүзеге асыра аламыз.Себебі, біз не істеу керек екенін білеміз. Елімізді өркендетудің барлық саласын ғылыми негізде қамтыған ұзақ мерзімді жоспарымыз бар.Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады деген бар. Біз - болашағымызды болжап отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіміз керек.Жастарға айтатыным: бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата-бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болу керек. "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген өсиет қалдырған. Өз Отаның бұл дүниедегі жәннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар. Сол үшін менің қатарластарым еңбек етіп келеді. Бұл міндет сендердің де мойындарыңа түседі. Сонда өз ұрпақтарыңды ойлайтын боласыңдар. Сондықтан осы бастан қам жасау керек. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс» дәрісінде еліміздің білім беру үрдісіне барынша ауқымдылықпен қарауға шақырды. Елбасының ойынша, өзгермелі, дағдарысқа бейім, ақпаратқа қаныққан «қазіргі заманғы әлемде әр адамды іс істеуге, білім ала білуге, өмір сүре алуға, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет». Президенттің жоғарыда айтқан ақылы, заманауи қоғамда өз орынын табуға ұмтылған жастар үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қазақстан үшін дағдарысқа төтеп бере алатын шаралар кешенін белгілегенде, олардың қатарында ғылымды қажет ететін өндірістің, инновациялық технологиялардың, адами капиталдың дамуын атап көрсеткен