Монополиялардың мемлекеттік реттеуі.

Монополиялардың мемлекеттік реттеуінің мақсаты: монополияның жағымсыз жақтарын шектеу, атап айтқанда – көтеріңкі бағалар мен өндірістің төмен көлемін. Ол заң және экономикалық шаралар арқылы іске асырылады.

Заң шараларына жатады: бағалар мен нарықты бөлу туралы заңнамалық тиым салу, бірігу (қосуларды бақылау, тұтыну қызмет көрсетулер жиынтығын реттеу).

Экономикалық шаралар – бағалар мен пайдалардың реттеуі: тура (бағаның жоғары және төмен шегін және пайданың шекті деңгейін реттеу) және жанама (салық салу). Енді бағаның жоғарғы шегін белгілеу ахуалын қарайық. Оның мақсаты: төменірек баға бойынша өндіріс көлемінің өсуі. Әдетте бұл шара табиғи монополия қызметтеріне қатысты. Мемлекет белгілеген баға, бір жағынан, фирмаға шығындарының жабуын қамтамасыз етіп, екіншіден, монополиялық пайдаға қол жеткізбеуін қадағалау. Монополистің ең алғашқы тепе-теңдігі РМ баға мен QМ санға сәйкес келеді (74 сурет).

Монополиялардың мемлекеттік реттеуі. - student2.ru P

MC

PM MR

P1

PK

D

QM Q1 QK Q

74 сурет.«Бағаның жоғарғы шегін» белгілеу

«Бағаның жоғарғы шегін» Р1 деңгейінде белгілеген соң, фирма – монополист монополиялық баға бойынша сату мүмкіндігі болмай, өзі нағыз бәсекелес сияқты өндіріс көлемін Q1 дейін өсіреді. Сонымен мемлекеттік реттеу мақсаттары жетілген болып саналады. Мұндай шараның пайдалану шегі бар: «бағаның жоғарғы шегі» бәсекелес нарықтың бағасынан төмен түспеуге тиісті (онда, өндірістің өсуі емес, керісінше – төмендеуі басталады) және де монополиялық нарық бағасынан аспау керек. Енді жанама реттеу шарасын қарайық – тауар бірлігіне салық енгізу немесе пайдаға салынатын салық. Тауар салығын енгізгенде сұраныс икемділігінің дәрежесін есептеу қажет, өйткені оның жағымсыз салдары – өндіріс шығындарының өсуі, нәтижесінде монополист бағаны жоғарылатып, өндірісті азайтады. Егер сұраныс икемді болса, бағаның өсуі салық шамасынан аздау болып, монополиялық пайда тұтынушылар пайдасына қайта үлестіріледі (осы монополистің өнімін сатып алатын тұтынушылардың). Егер сұраныс икемсіз болса, монополияны мемлекеттік реттеу шарасы ретінде тауар салығын енгізуге болмайды, себебі бұл қоғамдық әл-ауқаттың одан сайын төмендеуіне әкеледі. Пайдаға салық енгізудің мақсаты: монополистің пайдасын кәдімгі (нормалы) деңгейге түсіру (пайдасының жартысын алу нәтижесінде). Бұл салық бағалар мен өндіріс көлеміне әсер етпейді, оны толық өндіруші көтереді. Нәтижесінде алынған салық түсімдеріне барлық тұтынушылар ие болады. Алайда, мұнда шектен шығуға болмайды, себебі салық салудың нәтижелілігі түсіп, өте жоғары салықтар, бағаның өте төмен шегі сияқты, жағымсыз салдарға әкеліп соғуы мүмкін.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылауға арналған сұрақтар

1. Нарықтық құрылым түрі (тұрпаты) ретінде монополияның мәнін ашыңыз.

Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай?

2. Қысқа мерзімді кезеңде монополист пайдасының өсу шарты қандай?

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.

4. Монополияның қоғамдық шығындары деген не?

5. Монополиялық билікті анықтау үшін қандай көрсеткіштер қолданады?

6. Монополия қызметін реттеу мақсатымен мемлекет қандай шараларды қолданады?

Наши рекомендации