Дәріс3. Турбизнес негіздері және туризмнің функциялары, ғылыми зерттеулерінің мақсаты мен міндеттері
Дәрістің мақсаты:Туризм туралы жалпы түсінік, туризмнің маңызды мәселесін, турбизнесті жүргізудің жаңа әдістері мен формаларын талдаудың әдіснамалық ұстанымдарын әзірлеудің даму үрдістерін анықтау жолдарын ашу, туризм функциялары менғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қарастыру болып табылады.
Дәріс сұрақтары:
1.Туристік бизнес негіздері
2.Туризм функциялары
3.Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:туризм, туристік бизнес,менеджер, бизнес-жоспарлау, туристік қызмет, эстетикалық, экономикалық, таймшер нарығы және т.б.
Туризмдегі мемлекеттік саясат, миллиондаған адамдардың жақсы демалуын қамтамасыз ету қажеттілігі пайда болғанда басталады. Бұл мәселені шешудегі ең басты мәселе ол - еңбек демалысын жақсы өткізуді жоспарлаған азаматтар мен қонақүйлердің санын білу маңызды.
Туризм – азаматтар өзінің интеллектуалдық, этикалық және психологиялық талаптарын қанағаттандыра алатын қонақжайлық индустриясының маңызды бөлігі.
Туризмнің маңызды мәселесінің бірі – коммерциялық қызмет енгізуде жаңа формалар мен әдістерді іздеп табу болып табылады. Келешектегі туризм нарығының сипатын болжау, кәсіпкерлік формалары мен әдістерін әзірлеу дегеніміз - бәсекелестерден артықшылық, туризмдегі (турбизнес) өз кәсіпкерлігінде жетістік пен табысқа жету.
Турбизнесті жүргізудің жаңа әдістері тек эмпирикалық тұғыда анықталмайды. Оның жалпы заңдылықтарын анықтап, турбизнесті жүргізудің формалары мен әдістерін талдаудың әдіснамалық ұстанымдарын әзірлеуге, оның даму үрдістерін анықтауға болады. Менеджерлердің туризм бизнесіндегі шаруашылықты жүргізудің белгілі және жаңа әдістерін жетілдіру мен жасаудағы әдіснамалық дайындығы, туризмдегі жаңалықтар, оның техникалық жабдықталуы, стратегиялық мақсаттылығына қарай өте маңызды болып табылады.
Бизнесті-жоспарлау, мамандар дайындау, материалдық-техникалық жабдықтау, ғылыми зерттеулер, даму стратегиясы осы сәттегі туризм өнімдерін өндіру жетістіктері және ақпараттық қамтамасыз етумен байланысты. Бұл ретте, әсіресе менеджерлердің қабілеті маңызды орын алады, өйткені олар туризм өнімдерін әзірлей алады, нарық қызметі түрлеріне жылдам бейімделеді, осы саланың тез дамуына ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, заманауи туризмнің дамуында дарынды мамандар шешуші рөл атқарады.
Турбизнесті жүргізудің формалары мен әдістерін дамыту тек сапа ғана емес, сонымен бірге мамандар саны мен техникалық құралдарға да байланысты. Турбизнесті жүргізудің формалары мен әдістерін дамытудағы ілгерілеу сапасы, жаңа техникалардың санының өсуіне байланысты болады. Бұл туризмнің жаңа түрлерінің пайда болуы үшін материалдық база болады, мәселен, экстремалды/төтенше/ туризм, ол техникалық құралдарды өндіруге, мамандарды оқыту және тұтынушылардың болуына ықпалын тигізеді.
Туристік қызметтің қазіргі заманғы нарығы – бұл өзара байланысқан және қарама-қайшылықтағы әдерістердің араласуы. Турбизнесті, оның заңдылықтарын өте жақсы білуге, меңгеруге болады, дегенмен әрбір нақты жағдайдың өз ерекшелігі болады. Тәжірибелі болу, менеджердің интуициясы, оның жан-жақты білімі тез шешім қабылдауға, бәсекелестің әлсіздігін дереу көріп, өз міндетін шешуде пайдалануға көмек беруі тиіс.
Туризмнің кең ауқымда дамуы мемлекеттер арасында бейбіт қарым-қатынастар орнатуға, халықтар арасындағы достастық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпалын тигізеді. Туризм мәдени қызметтестікке ықпал етеді, мәдени дамуы түрлі халықтар арасындаєы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартады.
Туризм саласындағы зерттеулер оның тек қоғамдық қана емес, экономикалық құбылыс екендігін көрсетті. Туризмнің түрлері мен формаларының белгілері – бұлар бұқаралық, экономикалық фактор, әлеуметтік мәселелерді шешу.
Бұқаралық туризм жеке адамның физикалық дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізуді шешеді. Ол сауықтыру және тәрбие беру тәрізді әлеуметтік функцияларды жүзеге асырады.
Туризм ғаламдандыру дәуірінде экономиканың басты кілтіне/құралына/ айналды.
Қонақжайлық интустриясының құрамдас бөлшегі ретіндегі туризмнің беделі, адамдардың сана-сезіміне әсерін тигізеді. Туризмнің біліктілік, бедел, тіл табыса білу функциялары оның әлеуметтік жүйедегі орнын айқындап береді.
Туризм функциялары.Туризмге келесідей жалпы мәдени және жалпы тәрбие функциялары тән:
эстетикалық – жеке адамның жалпы жан-жақты даму қажеттілігін ќанағаттандыру;
нормативтік – регламентті жјне бағалау мәні бар белгілі нормативтерді әзірлеу және бекіту;
ақпараттық – халықтардың мәдени құндылықтарын, тарихи көрікті орындар, олардың қадір-қасиетін, оны жетілдіру туралы мәліметтерді, ұрпақтан ұрпаққа сақтап, жеткізу;
құқықтық – туризм қызметін заңдармен, халықаралық және құқықтық актілермен регламенттеу;
экономикалық – туризм кәсіпорындары қызметін, сала мамандарын, ғимараттар мен үй-жайларды материалдық -қаржылық, техникалық қамтамасыз ету, еңбек ақы төлеу.
Туристік қызмет әдерісінде адамдар түрлі қарым-қатынастарға түседі, өз кезегінде, барынша кең әлеуметтік қарым-қатынастардың жетегінде болады. Мұндай қарым-қатынастардың жиынтығы, туризмнің жеке адамға тигізетін әсерін, јлеуметтік өмірдегі белсенділігін көтеруге тигізетін ықпалын айќындайтын негізі болып табылады. Туристік іс-шараларда жеке адамды әлеуметтендіру әдерісі жеделдете жүргізіледі, сонымен қоғамдық белсенділікті көтеруге ықпал етеді.
Ќоғамда жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру қажеттілігі үнемі өсіп отырады, ол әдетте, туризмнің барлық формалары мен түрлерін ынталандыру қажеттілігін талап етеді.
Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Туризмді ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері оны дамытудың мемлекеттік саясатымен байланысты болады. Аймақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу отандық мүддені қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік саясаттың іс-жүзіндегі сипаты теориялық тұжырымдардың ғылымилығы мен обьективті болуын анықтайды.
Туризм туралы ғылымды жетілдірудің жолдары материалдық-техникалық құрал-жабдықтарды дамыту, құрылыс, қонақ үй кешендерін қайта құру, автотранспорт, арнайы техникалық құрал-жабдыќтар, ел азаматтарының тұрмыс-жағдайын көтеру мәселелерімен айқындалады. Осымен туризмнің тағы бір заңдылығы көрінеді, ол оның дамуының тиімді экономикаға байланысты екендігін көрсетеді. Туризмнің ғылым алдындағы өркендеу интенсификациясына байланысты келесідей міндеттер пайда болады: аймақ инфрақұрылымдарын дамытуды болжау; заңдық базаны жетілдіру бойынша негізді ұсыныстарды әзірлеу: қызмет көрсететін қызметкер/персонал/ дайындау.
Туризмдегі ғылыми зерттеулердің мақсаты – еліміздің туристік қуатын, білікті кадрлар дайындаудың жоғары деңгейін, сондай-ақ, қызмет көрсету нарығында туристік істі басқару теориясы мен практикасын барынша көтеру болып табылады.
Мемлекет және оның субьектілерінің туризм саласының алдына қойған мақсаты, нақтылы бағдарламаларды орындау кезінде өзгереді. Мысалы, мемлекеттік стратегия әлемдік нарық қызметінде қалыптасқан жағдайды ұстанады. Туризм туралы ғылымның алдында мынандай мақсат тұр – ол – басқа ел азаматтарының сұранысындағы ел аумақтарында туризм инфрақұрылымдарын дамытудың мақсатты бағдарламаларын әзірлеу. Бұл ретте нақтылы мақсат стратегиялық, жедел және тактикалық проблемалар арќылы нақтыланады.
Туризмнің мақсаты мен сипатын анықтайтын факторларды белгілеу, оны дамыту бағытының барынша нақты логикалық негізделуі тұрғысынан өте маңызды. Бұл факторлар біртұтас болады: туризм үшін тек бір ғана талап бойынша негізін қалаушы бағдарды таңдау мүмкін емес.
Туризмде іздеу сипаты міндеттерін шешу керек, олар зерттеулер мен әдерістерді түсіндірулерден тұрады. Оның бір мысалы таймшер нарығы (клуб демалысы), онда жекелеген демалыс пайда болған, ең соңында, ол шетелде туризмнің қуатты экономикалық базасына айналды, оның өзіндік заңнамалық практикасы және халықаралық алмасу ұымдары бар: Resort Condominium International (RCI), Interval International (II). Ғалымдар мен мамандар таймшерлі практикада пайдалану мүмкіндігін болжай алмады. Туризмнің бұл түрі кеңінен танымал болды, дегенмен ресей өмірінде ол әлі де арнайы зерттеулерді талап етеді.
Туризмді дамытудағы іздеу бағыты мынандай мәселелерді зерттеуден тұрады: жаңа ашулардың жаңа техникалық құралдарды құру, мысалы, яхталар, автобустар, теңіз және өзен пароходтары, құрал-жабдықтар, мүліктермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ нарық жағдайында шаруашылық жүргізу әдістеріне тигізетін әсері т.б. Бұл аймақтарда туризм инфрақұрылымын жетілдірудің болашағын анықтауға, өз құралдарының бәсекелестердің құралдарымен арақатынасын анықтау үшін өте қажет. Іздеу проблемаларын шешу шектес ғылымдардың дамуына, туризмді дамыту стратегиясына ықпалдық етеді.
Егер менеджерге нарық сегментіндегі жағдайды бағалау қажет болса, ол оның туризм өнімін жылжытуға, бәсекелестер әрекетіне тигізетін әсерін бағалауы тиіс, сонымен бірге, серіктестік қарым-қатынастарды, несие ұйымдарының қолдауын, бұқаралық ақпарат құралдарын қалай пайдалану керектігін ойлауы керек.
Менеджердің ойлау қабілетінің мақсаттылығы оның өз қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуі керек, атап айтқанда, жұмыс тиісті мерзімінде орындалуы тиіс.
Орындаушының мақсатты нақтылы түсінбеуі немесе дұрыс жеткізбеуі жақсы нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Мақсат пен міндетті қойған кездегі ой мен істің нақтылығы мен тиянақтылығы - коммерциялық қызмет кепілі.