Дістемелік нұсқау. Семинарлық сабақтар жоспары
Семинарлық сабақтар жоспары
Ші тақырып. Бірінші дүниежүзілік соғыс
Сұрақтар:
1. Соғыс басталардағы Антанта және германдық блоктың стратегиялық жоспарлары мен күш арасалмағы.
2. Соғыстың басталуы және 1914 жылғы науқан.
3. 1915 ж. соғыс қимылдарының негізгі майдандары.
4. 1916 ж. соғыс барысы. Верден және Сомма шайқастары.
5. 1917 ж. соғыс науқаны және соғыстың 1918 ж. аяқталу оқиғалары.
6. Соғыс жылдарындағы дипломатиялық істер.
7. Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері және тарихи мәні.
Тапсырма
Соғыстың оқиғаларының күш арасалмағын түсіну үшін М.В. Пономарев және С.Ю. Смирнованың 2 том 230-231 бб. Схемаларды зерделеу керек.
Негізгі әдебиет: [1-4,7,10,15,16,27,31,52,72,74,76,85,97,108,127,
132-133]
Қосымша әдебиет: [8,41,70,99]
дістемелік нұсқау
1. Соғысты екі әскери блок алдын ала дайындағанына дәлел олардың бас штабтарының бір-бірімен ат салыса отырып, стратегиялық жоспарларының болғандығы және өзара еңбек бөлісі болғандығын және нақтылы міндеттер алғанын айту керек. Соғыс басталған кезде күш ара салмағы тең болғанымен Үштік одақ, әсіресе Германия өзінің техникалық басымдылығына және аса мықты, жаң-жақты дайындалғанын сенгенін айта келіп, соғысқа дайындық Шлиффен жоспары бойынша жүргізілгеніне тоқтау керек.
2. 1914 ж. соғыстың алғашқы оқиғалары Германия тарапына сол жоспарға сәйкес жүргізілгенін айтқанда аталған жоспар Бельгияның қарсылығын, Марна түбінде француз халқының ерлігін, шығыс майданда Ресей армиясының тез қимылдағанын, Австро-Венгрия армиясының Галициядағы шегінуін болжай алмағандығын еске алу керек. 1914 ж. оқиғалар қатарында Тынық мұхиттағы Жапонияның, ағылшын-француз күштерінің Германияның африкалық отарларын алуы, Балқан және Кавказ майдандары да аталуға тиісті.
3. 1915 ж. стратегиялық жоспар бойынша соғыс оқиғаларының басты қимылдары шығыс майдан Ресейге қарсы жүргізілгенін зерделу керек. Карпат алқабында орыстар австро-венгриялық армияға қарсы елеулі алға басқанымен Ресей 1915 ж. жеңілгенін ашық айтқан жөн. (Польша мен Балтық аймақтарын германия оккупациялады.) Италияның 1915 ж. Антанта жағына қосылуы, оның күшін айтарлықтай молайта алмағаны, Сербия жеңіле бастағаны, Галлиполи түбегіндегі және Кавказдағы оқиғалар Герман блогының басымдылығының көріністері.
4. 1916 жылғы Верден және Сомма түбіндегі қырғын соғыстар соғыс оқиғаларының алапаттық, яғни тоталдық сипатын байқатады. Шайқастар нәтижесіздігінің себептерін техникалық оқиғалармен (улы газ, танкілер, ұшақтар, ауыр артилерия, әскери т.б.) ұштастыра түсініп, соғыстың тығырыққа ұшырағанын, осымен байланысты сол жылдың аяғында барлық соғысушы елдерде, әсіресе, Үштік одақ кірген (Гермнания, Австро-венгрия, түркия, Болгария) елдерде және Ресейде саяси және әлеуметтік қиыншылықтар басталғанын еске алу керек.
5. 1917 ж. соғыс науқаны жалғасып екі оқиға оларға жаңа бетбұрыс әкелгенін айту керек. Олар АҚШ-тың үлкен армиясының Антантаға қосылуы және Ресейдегі Ақпан революциясы. 1917 ж. жазындағы соғыс оқиғалары нәтижесіз қырғынмен аяқталғанын және Ресей мен Германия, Австрия-Венгрия, Францияда революциялық ахуал қалыптасқанына мән беру керек. Ресейдегі қазан революциясы, Брест-Литовск бітімі Германияға жаңа мүмкіндік бергенімен, АҚШ-тың үлкен армиясының Антантаға қосылуы соғыстың тағдырын соңғы мезетте шешіп женіске жеткізгенін байқатады.
6. Соғыс басталар алдында және басталғаннан бастап екі блок тарапынан дипломатиялық қимылдар жүргізіп, алғашында жаңа одақтастар үшін, соғыс барысында жаулар арасында жік ету үшін, 1916 ж. соңында империялистік соғысты империалистік бітіммен аяқтау үшін 1915-1918 жж. Ресейді соғыстан шығарып бітіммен келістіру үшін және бейтарап елдер үшін дипломатиялық айқастар жүргенін зерделеу қажет.
7. Соғыс нәтижесін адами шығынмен ғана өлшемей, бұл соғыстың алапат және тоталды болғанын, Батыс елдерінің өркениетінің құлдырауына әкелгенін халықтардың оянғанын және әлемдік қатынастардың мүлдем өзгергенін, ұлт-азаттық және пролетарлық революциялар болғанын да тұжырымдаған жөн.
3-ші тақырып. АҚШ президенті Ф.Рузвельттің
«жаңа бағыты»
Сұрақтар:
1. 1930 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері. Президент Г.Гувердің кризиске қарсы саясаты және мемлекеттік-монополистік реттеулер саясатына көшудің алғышарттары.
2. 1932 ж. Президент сайлау науқаны. Т.Д. Рузвельттің психологиялық-саяси бейнесі.
3. Т.Д. Рузвельттің алғашқы «жүз күні». Қаржы жүйесін сауықтыру саясаты.
4. «Жаңа бағыттың» әлеуметтік-экономикалық саясаты.
5. 1936 ж. Сайлау және Рузвельт әкімшілігінің ішкі саясаты.
6. Жаңа бағыт саясатының идеологиясы. Американдық қоғам және Рузвельттік прогрессизм.
Тапсырма
1. 1929-1933 жж. экономикалық дағдарыстың себептерін зерделеу.
2. Т.Д. Рузвельттің «жаңа бағыт» кезінде шығарған заңдарын оқып талдау.
Негізгі әдебиет: [1-2,46,48,54,73,82,85,86,89-93,96-99,106,108,
110,112,131-133.142-143]
Қосымша әдебиет: [1,10,21,41,56,108]