І. Ұйымдастыру кезеңі. · Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
· Оқушыларды түгендеу.
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1) Адамның шығуы туралы қандай болжам-пікірлерді білесіндер ?
Жаңа сабақтың жоспары:
1) Кіріспе.
2) Тас дәуірі кезіндегі климат, тас құралдары.
III.Жаңа сабақ.
Балалар, жер бетінде алғаш рет адамдар қалыптасып, еңбек құралдары пайда болған кезең тарихта «тас дәуірі» деп аталады. Тас дәуірінің «тас» деп аталуының өзі ежелгі адамзат тарихының ең ұзақ кезеңі болған алғашқы қауымдық қоғамда еңбек пен тамақ табудың басты құралдарының тастан жасалғандығында. Осыған байланысты, тас дәуірі тарихта ең ұзаққа созылып, өз кезегінде палеолит, мезолит және неолит болып үш кезеңге бөлінеді. Соның ішінде палеолит – ерте тас дәуірі, мезолит – орта тас дәуірі, ал неолит – жаңа тас дәуірі деп аталады. Бұл кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы еңбек құралдарының неғұрлым жетіле түсуінде еді. Соның ішінде балалар, біз бүгінгі сабақта ежелгі тас дәуіріне тоқталамыз.
Хронологиялық тұрғыдан алғанда, ежелгі тас дәуірі біздің заманымыздан бұрынғы 2,5 млн. жылдан – біздің заманымыздан бұрынғы 12 мың жыл аралығын қамтиды. Бұл кезде ежелгі адамдар бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғану үшін алғашқы қауымдық құрылыста «тобыр» болып өмір сүрді. Олар жабайы жануарлар мен жыртқыш аңдарды отпен үркіте қаумалап жерден қазылған орға түсіріп немесе биік құздардың басынан ұшырып өлтіргеннен кейін азыққа пайдаланған. Аң аулау барысында олар шоқпар, найза, шанышқы, гарпун, дротик, болас тәрізді аңшылық қаруларын қолданды. Сондай-ақ, ежелгі адамдар табиғат беретін дайын өнімдерді ғана пайдаланып, жер бетінде өсетін өсімдіктер мен әр түрлі жеміс-жидектерді теріп жеп, жеуге жарамды шөп тамырларын қорек етті. Осылайша, тас дәуірі адамдарының өмір сүруі барысында қалыптасқан мұндай кәсіп – «терімшілік» деп аталды. Сонымен қатар, ежелгі адамдар тынбай еңбектенгеннің арқасында өзара ұқсастықтары жағынан адам тәрізді маймылдардан мүлдем ерекшеленіп, оза түсті. Яғни, маймыл ешбір өзгерместен сол маймыл күйінде қалса, керісінше адамдардың бет-пішіні мен түр-тұлғасында өзіндік ерекшеліктер қалыптасты. Мәселен, ғалымдар Солтүстік Африка жерінен табылған тас дәуірі адамының қаңқасына зерттеу жүргізу барысында оны «зинджантроп», яғни «епті адам» деп атаса, Ява аралынан табылған адамды «питекантроп», ал Қытайдан табылған адамды «синантроп» деп атаған. Оларға тән ортақ атау «тік жүретін адам» деген мағына білдіреді. Одан кейінгі адамзат баласының даму сатысында Германиядан табылған «неандерталь» және Франциядан табылған «кроманьон» адамдар тұрды. Адамның бұл түріне тән ерекшеліктер адам санасының қалыптасуы мен қазіргіге ұқсас адамдардың пайда болуы еді. Осылайша, ежелгі адамдар ұзақ жылдар бойы өзінің даму сатысында көптеген өзгерістерді басынан кешірді. Нәтижесінде, олар жануарлардан мүлдем ерекшеленіп, саналы түрде даму жолына түскен болатын. Осы арада балалар, біздің ойымызда «сонда ежелгі адамдарды жануарлардан ерекшелендірген қандай тылсым күш болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабына келер болсақ, адам баласына бірден-бір ықпал еткен күш – қажырлы еңбек екенін алға тарта отырып, «адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырымның шынайы ақиқатына көз жеткіземіз.
Ежелгі тас дәуіріндегі қазақ жерінің табиғаты, ауа райы, бүкіл Еуразиядағы секілді қазіргі күндегісіне мүлде ұқсамаған. Ол кезде таулардың аласа болғандығынан оңтүстіктегі Үнді мұхитынан Қазақстан территориясына жылы, әрі ылғалды ауа соғып тұрды. Өзен, көлдердің суы мол болып, ыстық және ылғалды тропикалық климат алуан түрлі өсімдіктердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Осыған байланысты, тас дәуірінде ежелгі Қазақстан аумағында өскен өсімдіктер өте үлкен, жануарлар ірі болды. Алайда біздің заманымыздан бұрынғы 100 және 80 мың жылдар аралығында табиғатта болған күтпеген өзгерістерге байланысты ауа райы күрт суытып, жер бетін «мұз басу» басталған болатын. Бұл ежелгі адамдардың тіршілігіне үлкен кедергі келтірді. Мұз басудың нәтижесінде өзен-көлдердің бағыттары мен аумағы өзгеріске ұшырап, үлкенді-кішілі өзендердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Табиғатта болған мұндай өзгерістердің салдарынан сол дәуірде жер бетінде тіршілік еткен мамонт, жүндес мүйізтұмсық, үңгір аюлары тәрізді алып жануарлар азайып, керісінше ұсақ жануарлардың көбеюі тас дәуірі адамдарының өмірінде үлкен қиындықтар туғызды.
Қазақстан аумағын ежелгі адамдар шамамен бұдан бір миллион жыл бұрын мекендеген. Алайда, Қазақстан жерінде тас дәуіріндегі адамдардың қаңқасы әзірше табылмаса да, олардың мекендеген тұрақтары мен қоныстары көптеп кездеседі. Оған Қазақстан аймағынан табылған – Арыстанды, Тәңірқазған, Бөріқазған, Шабақты, Қазанғап, Қарасу тұрақтарын жатқызамыз. Ежелгі тас дәуірінің адамдары қатты тастармен жұмсағырақ тастарды өңдеген Көп жағдайда негізгі шикізаттық материал – өзендегі кәдімгі жұмыр тастар болғандықтан, тас өңдеудің бұл тәсілі тарихта «жұмыр тас мәдениеті» деп аталады. Сөйтіп, тас дәуірінің әрбір кезеңдеріне байланысты тас өңдеу әдістері барынша жетіле түсті. Шындығында, тас дәуірі кезеңдерінің бір-бірінен айырмашылығы да осында болатын. Осылайша балалар, біз бүгінгі сабағымызда ежелгі тас дәуіріне қатысты бірқатар мәліметтерден хабардар болдық.
ІV. Сабақты бекіту:
1) Сызбаны толтыру.
Тас дәуірі |
2) Терминдермен жұмыс:
чоппер, болас, қолшапқы, кескіш, қырғыш.
3) Тас дәуірі кезіндегі Қазақстанда ауа райы қандай болды ? суреттеп беру.
4) Тас дәуірінің басты жаңалықтарын айтып беру.
V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.
VІ. Үйге тапсырма: үйде оқу, мазмұндау, сұрақтармен жұмыс
Сынып: 5 «а». Сабақ №:______5_____ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан жеіндегі қола дәуір кезеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қола дәуірі,Андронов мәдениеті деген ұғымының мәнін,бұл дәуірдегі щаруашылықтың дамуы өндіргіш күштегі өзгерістерін меңгерту;
Дамытушылық:Оқушыларды тарихи жағдайларды талғауға, салстыруға , оны саналықпен түсіне білуге үйрету олардың қабілетін жан-жақты дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың тарихқа,өз халқының және басқа халқының мәдениетіне деген қызығущылығы мен құрмет сезімін дамыту,олардың өз елінің бүкіл азаматтың мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.