Бюджеттік құрылым. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар.

Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халык арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастардеп атайды. Бұл қатынастардың қаржылық қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, олар мемлекет қатысатын бөліс процесінде болуынан, екіншіден, олар жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған акша құралдарының орталықтандырылған қорды қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады.

Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және кайта бөліс процестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі денгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық арқылы.

Бюджеттік күрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байланысының ұйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайластырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.

Бюджеттік кұрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын құрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртұтас формасына сәйкес, мұнда елдің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекеттілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағынады. Жалпы айтқанда, бюджеттік құрылым әрекеттегі негізгі құқықтық актілер және экономикалық-әлеуметгік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.

Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қатынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындағы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шектеу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды бөлу әдістерінің бірлестігі табылады.

Бюджетаралык қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасьның Бюджеттік кодексінде келесі бюджетаралық принциптер мазмұндалған:

• төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттермен
аракатынасындағы теңбе-тендік;

• түсімдердің келесі шектеу критерийлерін есепке ала отырып, оларды тиімді бөлу;

а) төмен тұрған бюджеттер маңында тиянакты сипаттары бар, сыртқы факторлардын әсеріне тәуелсіз салықтык және салықтық емес түсімдер бекітіледі;

ә) мемлекеттік мекемелер корсеткен қызметтерге төленген төлемдер салықтык және салықтық емес түсімдер ретіндесол қызметтерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;

б)қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғастыруы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғұрлым деңгейіне бекітіледі;

в) салыктармен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғұрлым оларды жоғары дәрежеде жинайтын бюджет деңгейіне бекітіледі;

г) тиянақты аумақтык салыктық база бойынша жинайтын салықтар жергілікті бюджеттер маңына бекітіледі.

• әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджеттік деңгейлерді қамтамасыз етуді теңестіру;

• жергілікті атқарушы органдардыц мөлшерлес деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

• мемлекеттік кызметті максималды тиімді және нәтижелі көрсету, яғни мемлекеттік кызмет көрсетуді неғұрлым соларды тиімділік және нәтижелік түрде өндіретін және көрсететін мемлекеттік органдар маңына бекіту;

• мемлекеттік қызмет көрсету деңгейді оларды алушыларға максималды жақындату, яғни мемлекеттік қызмет саласын жоғарлату мен оларды алушылардың сұраныстарын жаксы білу үшін кызмет атқаруды бюджеттік жүйенің неғүрлым төменгі деңгейіне беру;

 

• алынған ресми трансферттер мен несиелерді тиімді және бекіткен мақсатта пайдалану маңындағы әрбір бюджет деңгейінің жауапкершілігі.

Тәжірибеде бюджетаралық қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет денгейшің әр біреуінің салықтық иотенциалы, аймақтардың мұктаждыктарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойынша бюджетаралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискал-дық саясатқа сәйкес тағайындалады.

Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қа-тынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансфертгер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетаралык қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі.

Трансферттер механизмі бюджеттік ретгеуді біріккен әдістемемш камтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қа-лынтасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сон-дықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру меноларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.

Жаңа Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа құрылымда қалыптасады. Құрылымға келесі белімдер кіреді:

1.Кірістер:

• салықтык түсімдер;

• салықтық емес түсімдер;

• негізгі капитал сатудың түсімдері;

• ресмитрансферттертүсімдері.

2. Шығындар;

3. Операциалық қалдық;

4. Таза бюджеттік несиелеу - бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу;

5. Қаржы активтер операциялары бойынша қалдық – қаржы активтерді сатып алу, мемлекеттің қаржы активтерді сатудың түсімдері;

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

 

1. Бюджеттік жүйе дегеніміз не?

2. Бюджеттің қандай түрлері бар?

3. Бюджеттік жүйенің қанша принциптері бар?

4. Шынайшылық принципі дегеніміз не?

5. Бюджеттік қатынастар дегеніміз не?

6. Республикалық бюджеттің құрлымы қандай?

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

3. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.

Наши рекомендации