Мерзімдік жоспарлаудың түрлері, ережелері, негізгі мәліметтері
Мерзімдік жоспар – бұл, жалпы құрылыстық арнаулы және жинақтау жұмыстарының реттілігін, ұзақтығын, үйлестіру мен жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу үшін жасалатын жобалық құжат. (22.1. кесте)
Мерзімдік жоспарда материалдық, механикалық және энергетикалық ресурстарға қажеттілік те көрсетіледі.
Мерзімдік жоспардың түрлері:
Құрылыс жұмыстары алдағы бірнеше жылда қарастырылатын жоспарды перспективті деп атайды.
Еркін жоспар негізгі бөлінген объектілер негізінде жасалады. (22.2. кесте)
- Жекелеген объектілердің құрылыстық мерзімдік жоспары.
- Құрылыс процестерінің жүргізілуі туралы мерзімдік жоспар.
- Дайындық кезеңінде жүргізілетін жұмыстар жоспары.
Мерзімдік жоспарды дайындау, алдымен объектіге анализ жүргізіп барып жасалады.
- ғимараттар мен үймереттерді мұқият тексерістен өткізу;
- құрылыс ауданы мен көлемі;
- тұрғын-үй – тұрғын ғимараттар үшін;
- пайдалы – қоғамдық үшін;
- өндірістік және қосалқы – өнеркәсіптік үшін;
- өнеркәсіптік ғимарттар үшін қабат саны, аралық өлшемдері мен саны;
- ғимараттың конфигурациясы мен өлшемдері;
- климаттық және топырақ жағдайлары;
- негізгі конструкция материалдары;
- құрастырмалы элементтердегі мәліметтер (өлшем, салмақ т.б.)
- ғимараттың бөлшектегендегі олардың тұтастығы мен мүмкіншілігі.
22.1. кесте
Құрама мерзімдік жоспары
№ объектті тасқын номері | Объектілер атаулары | Толық құны (капиталды салымдар) | Құрылыс-монтаждау жұмыстары көлемі | Құрылыс жұмыстарын жылдарға бөлу | |||
22.2. кесте
Құрылыс объектілерінің мерзімдік жоспары
№ | Жұмыс атаулары | Жұмыс көлемі | Еңбек және көлік сыйм | Көлік, механизм | Бригада, ұжым | Күн ауы-сымы | Күн ұзақ-тығы | Жыл | |||||||||||
Айлар | |||||||||||||||||||
Бір-лік | Саны | Адам аусым | Көлік аусым | Марка атауы | Саны | Маман-дық | Саны | Мерзімдік күндер | |||||||||||
1-10 | 11-20 | 21-30 | 31-40 | 41-50 | 51-60 | 61-70 | 71-80 | ||||||||||||
... | |||||||||||||||||||
∑= ∑= ∑=
Жұмыстар көліктермен жүргізіліп жатқан жерде, процестің ұзақтығы негізгі көліктердің ауысуына байланысты, ал брига құрамындағы жұмысшылар жалпы ортақ құнға сай келетіндей еңбек сыйымдылығына ие.
Екі не үш күндік жұмыс ауысымы мерзімдік жоспардағы негізгі көліктердің жүрісін ауысым санына бөледі.
Бригада құрамындағы жұмысшылар санын анықтау үшін және процестердің орындалу ұзақтығын табу үшін ірі көліктер қосылмайтын процестегі еңбек сыймдылығын ауысым санына бөліп, немесе керісінше, жұмыс ұзақтығын жалпы еңбек сыйымдылығын бригада құрамындағы жұмысшылар санына бөліп табады.
Мерзімдік жоспар номенклатурасын жасағанда өндіріс жұмысының әдісі мен бригадаларға жұмыстың бөлінуін есепке алу керек. Олар мына ережеге сүйене отырып жасалады:
- Технологиялық түрлі уақытта орындалатын барлық жұмыстар бөлек жоспарлануы керек, яғни әр жұмыс немесес процесс үшін бөлек түсіндірме қатары болады (мерзімдік жоспар құрамында);
- Бригадамен (кешенді немесе арнайы) бір уақытта орындалатын жұмыстар мерзімдік жоспарда бір қатарда біріктіріліп көрсетіледі;
Алдағы жұмыстың мерзімдік жоспары жұмыстық сызбалар мен жұмыс көлеміне қарап құрылады.
Өндіріс жұмыстардың әдісін басшылыққа ала отырып келесі анықтамаларға назар қою керек:
- Максималды үнемділік;
- Өндіріс жұмыстарының технологиялық тұтастығын және көліктердің жұмыс процестерінің талаптарына сай келуі;
- Жұмыстың кешенді механизациясы мен белгіленген көліктердің толық пайдаланылуы;
- Әр түрлі құрылыс процестерін орындау үшін бір көліктің, құрылғылардың қолданылуы;
- Түрлі құрылы процестерін құрамы тұрақты болатын бригадамен орындау;
- Құрылыстың максималды индустриалануы, яғни құрылыс алаңынан бөлек жерде жартылай фабрикаттар, құрылыс бұйымдар мен бөлшектерін үлкен көлемде дайындау.
Өндіріс жұмысының әдісін таңдау жұмыс көлеміне, шарттарына, көліктерді қолдану мүмкіндігі, жұмыс орындалу мерзіміне негізделеді. Қорытынды шешім техника-экономикалық көрсеткішіне негізделеді.
Жұмыстың еңбек сыйымдылығын есептеу ҚНжЕ және ЕНиР бойынша алынады. Сонымен қатар, нормативтер мен техникалық бөлім пункттерімен танысып отыру қажет.
Технологиялық жүйелілік жұмысының мақсаты – жұмыстың ретімен, бірінен соң бірінің жүруін қадағалау. Ол, салынып жатқан ғимараттар мен үймереттердің конструктивті ерекшеліктері мен әдістеріне байланысты. Технологиялық жүйелілік, жұмыстың реттілігі мерзімдік жоспардың оң бөлігін оңай оқуға мүмкіндік береді. Сол жақ бөлігінде де (2 графа) мүмкіндігінше осындай объектідегідейреттілік болғаны жөн.
Көпқабатты ғимараттардың құрылысында құрылыстық процестер ҚНжЕ басшылыққа алуы керек:
- Төменгі қабаттың қорытынжы монтаж жұмыстарын аяқтағаннан соң ғана, келесі жоғарғы қабатқа көшу;
- Жалпы құрылыстық және санитарлы-техникалық жұмыстар ғимаратты салу процесімен қатар жүруі қажет. Тек екі қабатқа ғана қалу мүмкіндігі бар;
- Ішкі әрлеу жұмыстары жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай жүргізіледі, яғни барлық монтаж жұмыстарымен немесе солармен қатар жүргізіледі. Кейде әрлеу жұмыстары монтаждау жұмысынан 6 темірбетон жабан аралығында жүргізіледі. Объектідегі жұмыстардың жүйелілігі жобалық шешіммен нақтыланып, белгіленген.
Тұрғын-үйде монтаждау жұмыстар ҚНжЕ бойынша алынған көрсеткіштермен мына реттілік бойынша жүргізіледі: терезе-есік орнату; сылақ жұмыстары; еден астын даярлау; таза еденді өңдеу; әрлеу жұмыстары. Таза паркет едендерін майлау, бояу жұмыстарына дейін, ал линолеум жаю майлау жұмысынан кейін орындалады.
Санитарлы-техникалық жұмыстар төменнен жоғарыға қарай конструкция монтажымен қатар жүргізіледі.
Жыл мезгілдері жұмыстың техникалық жүйелілігіне әсер етеді. Қыс мезгілінде монтаж бен басқа да құрғату жұмыстарын қажет етпейтін жұмыстар жүргізіледі. Ал, жаз мезгілінде – әрлеу жұмыстары жүреді. Тәулік уақыты да жұмыс реттілігіне әсер етеді. Желім мен бояу жұмыстарын жарық кезде орындаған дұрыс.
Бірқабатты өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысын келесі технологиялық жүйелілікпен жүреді:
- Нөлдік цикл жұмысы – аудан жобалау, іргетас астынан ор мен қазаншұңқыр қазу, іргетас орнату.
- Жерүсті цикл – негізгі қабырға мен жабын монтажы, қабырға орнату, еден астын даярлау, терезе мен есік аралықтарының тігістерін толтыру.
- Әрлеу цикл – әйнектеу, сылақ пен бояу жұмыстары, таза еден орнату.
- Арнайы цикл – са-техникалық және электр монтаждау жұмыстары жерүсті жалпы жұмыстарымен қатар жүріп және әрлеу-жұмысына дейін бітеді.
Мерзімдік жоспар негізінде жұмыс күшінің қозғалыс диаграммасы құрылады. Онда әр түрлі құрылысқа қажет жұмысшылар саны көрсетіледі. Диаграмманы сызу кезінде бастапқы уақытында жұмысшылар саны бірқалыпты өсуін қадағалау керек. Одан кейін жұмыс процесі күрделенген кезде жұмысшылар саны 10-15% өсу не кемуден аспауы керек. Яғни, диаграммада бірден өсу мен құлдилау сызықтары болмауы тиіс. Жұмыс соңында құрылыстағы жұмысшылар саны өсіп отыруы керек.
Мерзімдік жоспардың құрылыстық негізі болып саналатындар: көлік пен механизм қажеттілігінің графигі, материалдар, конструкциялар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың қажеттілік графигі.