Жоспарлаудың негізгі қағидаларының мәні мен өсіңкілігі

Жоспарларды әзірлеу әдіснамалық қағидаларға негізделуі тиіс. Жоспарлаудың маңызды әдіснамалық қағидаларына келесі қағидаларды жатқызуға болады: жүйелілік, үздіксіздік, кешенділік, барабарлық, мақсаттылық пен басымдық, оңтайлылық, теңгермешілік пен пара-парлық, әлеуметтік бағдарлау, жоспарлаудың салалық және аймақтық аспектілерін үйлестіру.

Жүйелілік қағидасы экономикалық жүйелердегі сандық және сапалық заңдылықтарды зерттеуді, оған сай кез келген шешімді дайындау мен негіздеу үдерісі жүйенің жалпы мақсатын анықтаудан итерілуі және барлық жүйешелердің қызметін осы мақсатқа жетуге бағындыруы тиіс болатын зерттеудің логикалық тізбегін құруды ұйғарады. Ол кез келген жүйені көптеген жүйешелерге (экономика кешендерге бөлінеді және т.б.) бөлуге мүмкіндік береді. Бұл қағида әрбір обьектінің мазмұнына сәйкес келетін және оның дамуының тұтас бейнесін құруға мүмкіндік беретіндей үлгілер, әдістер, көрсеткіштер жүйесін құруды ұйғарады.

Экономикалық дамудың үзіксіздігі, өндірістің жетілуіне байланысты ғылым мен техника дамуының негізінде жоспарлау үзіксіздігінің, яғни болжамдар, жоспарлар мирасқорлығының, қағидасы сақталуы тиіс. Осы қағидаға сәйкес түрлі уақыт аспектілерінің болжамдары мен жоспарлары әзірленіп, өзара келісілуі керек. Мәселен, орта мерзімді жоспарлар ұзақ мерзімді жоспарларда көрсетілетін келешек бағыттар негізінде, қысқа мерзімді -орта мерзімді жоспарлардың көрсеткіштері негізінде әзірленуі тиіс. Ұзақ мерзімді жоспарлар түзетілуі және сәйкес кезеңге ұзартылуы тиіс. Бұл қоғамның жаңа қажеттіліктерінің пайда болуынан, техникадағы ірі өзгерістерден, басқа да себептерден туындаған.

Мақсаттылық пен басымдық қағидасы әрбір жоспар мақсатты сипатта болуын, яғни белгілікті мақсаттарға жетуге бағытталуын, ал басымдықтар ретәнде олардың дамуы мен шешілуіне тұтастай экономиканың дамуы тәуелді болатын әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен экономика салалары ерекшелеуін талап етті. Бұл қағида ресурстарды экономика дамуының басты бағыттары мен жалпы мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу үшін жұмылдыруға мүмкіндік береді. Басымдық қағидасы зерттеу обьектісінің барлық жақтарын өзге үдерістер және құбылыстармен байланыста және тәуелділікте қарастыруды ұйғаратын кешенділік қағидасымен тығыз байланыста іске асады. Маңызды салалардың дамуында басымдықты қамтамасыз еткенде барлық өзге салалардың сәйкес дамуы ескерілуі тиіс. Осы қағидалармен тығыз байланыста әлеуметтік мәселелерді басымдықпен шешілуін қамтамасыз етуді талап ететін әлеуметтік бағдарлау қағидасы іске асырылуы керек.

Экономиканың барынша тиімді жұмыс істелуін қамтамасыз ету үшін оңтайлық қағидасы сақталуы тиіс. «Оңтайлы» термині ең жақсы дегенді білдіреді, яғни барлық мүмкін болатын нұсқалардың ішінен ең жақсысы, барынша тиімдісі таңдап алынуы тиіс. Оңтайлылық өндіріс тиімділігін арттырумен тікелей байланысты. Оңтайлы – бұл оларды ұтымды пайдалануды ескере отырып, қолда бар ресурстармен халық шаруашылығы мен халықтың мұқтаждықтарын барынша қанағаттандыруды ескеретін экономика дамуының нұсқасы. Бұл қағида ЭЕМ пайдалану, экономика-математикалық үлгілеу және ӨБАЖ, ЭМРАЖ және ОБАЖ аясында оңтайландырғыш міндеттерді шешуге негізделген оңтайлы жоспарлауды дамыту арқылы іске асырылады.

Барабарлық қағидасын көбіне әлеуметтік-экономикалық үдерістерді үлгілеуге қатысты қарастырған жөн. Оңтайлы жоспарлау мен экономиканың дамуын болжау үдерісінде пайдаланылатын экономика-математикалық үлгілер барабар болуы, яғни нақты үдерістерді көрсетуі, тиіс. Болжалдық және жоспарлық есептердің нәтижелері көбіне осыған тәуелді.

Экономиканың теңдестірілген және папа-пар дамуы болжамдар мен жоспарларды әзірлеу үдерісінде теңгермешілік және пара-парлық қағидасын ескергенде ғана мүмкін. Бұл қағиданың мәні көрсеткіштерді баланстық ұштастыру, қатынастарды құру мен олардың сақталуын қамтамасыз етуден тұрады.

Сипаты мен маңыздылығына қарай барлық қатынастар бірқатар топтарға бөлінеді: жалпы экономикалық, салааралық және салаішілік, аумақтық, сыртқы экономикалық.

Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде жалпы экономикалық қатынастарды қалыптастыру мен олардың сақталуын қамтамасыз етуге ерекше мән берілуі тиіс. Жалпы экономикалық қатынастарға келесі ара-қатынастарды жатқызу керек: сұраныс пен ұсыныс, тұтыну мен қорлану, мемлекеттің кірісі мен шығысы, ақша массасы мен тауарлық ресурстар, өндіріс құралдарының өндірісі мен тұтыну заттарының өндірісі, еңбек өнімділігінің артуы мен жалақы және т.б. арасындағы. Аталған қатынастарды бұзу экономикадағы келеңсіз құбылыстарды (инфляция, өндірістің құлдырауы және т.б.) тудырады.

Экономиканың түрлі салалары арасындағы арақатынасты сипаттайтын салааралық қатынастар да маңызды болып табылады. Олар салааралық баланс көмегімен орнатылады.

Салаішілік қатынастар түйіндес өндірістердің жекелеген түрлері арасындағы арақатынасты білдіреді. Мысалы, жеңіл өнеркәсіптегі жіп, мата өндірісі мен оларды өңдеу арасындағы арақатынас.

Аумақтық қатынастар аймақтар арасындағы арақатынасты сипаттайды және өндірістің ел аумағы бойынша орналасуын көрсетеді.

Сыртқы экономикалық қатынастар – бұл ел ішіндегі өнім өндірісі және тауарлар экспорты мен импорты көлемдерінің арасындағы арақатынас.

Жоспарлаудың салалық және аймақтық аспектілерін ұштастыру қағидасысалалық жоспарлар аталмыш аумақтың мүдделері және жергілікті ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып әзірленуі тиістігін талап етеді. Салалық жоспарлау әрбір салада бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыруға, сала өніміне деген сұранысты анықтауға, қажетті(салаішілік, салааралық) қатынасты ұстап тұруға, алдыңғы ұатарлы тәжірибені пайдалануға, өзге міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Аумақтық жоспарлау аумақ шаруашылығының кешенді дамуын, өндірісті ұтымды орналастыруды, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы қағиданы сақтау қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, халықтың әл-ауқатының өсуіне және қоршаған орта жағдайының жақсаруына көмектеседі.

Наши рекомендации