Балшықтар.Классификациясы.Қолданылатын негізгі әдістері
Балшық көбінесе сазды минералдардан тұратын және кышқылға төзімді материалдар, қыш, т.б өндіруде қолданылатын шәгінді тау жыныстары. Ақ балшық және пластикалық балшық болып бөлінеді.
Қара сульфидті балшық Құрамында тұз көп мөлшерде болады,яғни тұзға бай болып келеді.Бірақ құрамында оргпникалық заттар аз болып келеді.Құрамы жағынан қара сульфидті балшық сульфпт хлоридтік немесе натрий кальцийлік болып келеді.
Сапропелдік балшық құрамында минерал мөлшері аз болып келеді.Бұл өте жұмсақ балшықтың түрі болып келеді.Биологиялық белсенді балшықтардың қатарына кіреді.
Соптық негізі бұл балшықтың түрі көп кездесе бермейді.Ол гидростатикалық қысымның әсерінен жер бетіне шығады.Құрамы йод және бромға өте бай болып келеді.
Тарихы
Балшықтың тарихы өте қызық. Ол дүние жаратылысы туралы аңыздан басталатын шығар. Бірінші аңыз адамның пайда болуына қатысты, өйткені бірінші адам – Адам атаны Жаратушы балшықтан жасап, сосын барып оған жан кіргізді ғой.
Жұмсақ материал болғандықтан, балшық тіршіліктің барлық салаларында қолданылды. Тіпті бес мың жыл бұрын хат жазу ойлап табылған кезде бірінші «қағаздың» өзі жұқа балшық тақтайшалар болған, оған ұшы үшкір таяқшалармен жазған. Одан кейін сол тақтайшаларды күнге кептіріп сақтайтын болған.
Ежелгі дәуірде қолөнершілер балшықтан кеселер, құмыралар, пеш түбектерін жасап, сыртын түрлі-түсті балшықпен әшекейлеген. Бұл бояу қыш (керамика) бояуы деп аталған. Бірақ балшық бояу бұдан ертеде, алғашқы дәуір тайпаларында жасалған болатын. Олар дұшпандарын қорқыту үшін және кейбір ғұрыптарды атқару үшін денелерін түрлі-түсті балшықтармен бояп алатын болған. Осы күнге дейін балшық бояулардың негізі ретінде пайдаланылады және әзірге оны алмастыратын материал табылған жоқ.
Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Сары балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланған. Бел және буындар ауырғанда ыстық суға керосин құйып, оны балшықпен араластырып, ауырған жерге таңып тастайтын болған. Жан-жануарлардың қасында көп жүретін адамдарда болатын теміреткіні біздің ата-бабаларымыз баланың жылы нәжісімен араластырылған балшықты жағып емдеген.
Балшық дұғалау, тіл-көзден емдеу, безгек ауруларын емдеуде де пайдаланылды. Саз балшықтан жасалған ыдыстарда дәрі-дәрмек жасап, өсімдік шикізаттарын сақтайтын болған, ал кішкене түбектерді қарапайым медициналық банкалар ретінде суық тигенде қолданған. Бірінші жылытқы (грелка) да балшықтан жасалған. Ол мойны тар құмыра болған, оған ыстық су құйған. Содан кейін аузын тығыздап жауып, жылытқыны ауырған жерге қойған.Көптеген аталар мен әжелер әлі күнге дейін пеште қыздырылған қызыл кірпішпен бел құяңын емдейтінін естеріне алып отырады. Сондай кірпіштің үстіне жуаның қабығын салып, суық тигенде ингаляция жасау үшін пайдаланылған. Кірпіш бөлмені зарарсыздандыруға да көмектескен. Ол үшін жуаның қабығының орнына жусан мен аршаның бұтақтарын пайдаланған. Емшілер қандай кірпішті қолдануды, қандай дұға оқуды жақсы білген. Пеш балшығы бәрінен жоғары бағаланған.
Солтүстікте балшықты өздерінше пайдаланған. Чукчалар мен коряктар ақ балшықты тамаққа пайдаланған және оны жер май деп атаған. Бұл «майды» сорпаға қосып, «кәмпит» жасау үшін де қолданған. Сүт құйылған ыдысқа бір қасық балшықты салып қойса, сүт тіпті ыстық күнде де бірнеше күн ашымай тұратын болған.Ал мысырлықтар балшықты мәйітті бальзамдау үшін пайдаланған. Олар сол кездің өзінде-ақ балшықтың күшті антибактериалық қасиеті бар екенін білген, өйткені балшықтың құрамында радий болады, ол біздің ағзамыздан барлық зиянды заттарды шығарады.Орта ғасырларда балшықтың кішкене кесегін сусындарға тастап, оларды стерилдеу үшін қолданған. Індет ауру кезінде балшық бактерия жойғыш құрал ретінде жүрген. Түрмелерде, әскери бөлімдерде және басқа қоғамдық мекемелерде балшық ұнтағы үнемі болған, оны қандай да бір жұқпалы аурудың пайда болуы туралы ақпарат алғаннан кейін бірден қабылдай бастаған. Ал кемелерде балшықты ағзадағы жетіспейтін заттардың орынын толтыратын витамин ретінде қабылдаған.
БАЛШЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Біздің ғаламшарымызда балшықтар көптеп кездеседі. Олар өздерінің құрамы, қасиеттері және түсі жағынан бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Әдетте балшықтың түсі оның химиялық құрамына байланысты болады. Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұржәне қоңыр. Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп.
Жасыл балшықта – мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сондықтан егер қарттықты уақытынан бұрын сезінгіңіз келмесе, ағзаңызда оның жеткілікті болуын қадағалауыңыз керек.
Сары балшық – темір мен калийге, қызыл балшық темірдің қоспаларына бай. Әсіресе, темір маңызды болып табылады. Өйткені ол қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға жасыл балшық көмектеседі. Оны тек су ерітіндісі ретінде ғана емес, бірінші және екінші тамаққа сеуіп пайдалануға болады. Осылайша сіз және сіздің жақындарыңыз оның ағзаңызға қалай түскенін де, қалай емдік әсерін беріп жатқанын да байқамай қаласыз.
Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды.
Балшықтың қай-қайсысы да өзінше жақсы. Мысалы, ақ балшық ағзадан қалдықтарды жақсы шығарады, жақсы сорып, антисептикалық әсер береді. Көк түсті балшықтар қабынуға қарсы жақсы құрал. Ол ткандердері зат алмасу процестерін жақсартып, қан айналысының белсенділігін арттырады. Сары балшық та қабынуға қарсы және ауруды басатын жақсы құрал болып табылады. Ол ағзадан уытты заттарды шығарып, теріні оттегімен қоректендіреді.Қызыл балшық – анемия, қаназдық және қан тамыры жүйесінің басқа ауруларында таптырмас құрал. Ол терінің қан айналысын жақсартып, иммунитетті нығайтады. Ал сұр балшық – теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бірақ бәрінен пайдалысы жасыл балшықболып табылады. Ол өте сирек кездеседі, бірақ балшықтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады. Бұл балшық жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді. Жасыл балшық ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келеді.
Балшық қоюлығына қарай да әртүрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5% балшық майлы, ал 30% құм бар балшық жұтаң болып саналады. Орташа майлы балшықтың құрамында 15% құм болады.
Балшықпен емдеу (балшық терапиясы) бұл белгілі бір балшық түрлерін емдік және профилактикалық мақсаттарда қолдану. Балшық терапиясы басты түрде курорттан тыс жағдайларда физиотерапевтік ауруханаларда және бөлімдерде өткізіледі. Балшық үшін аз мөлшерлі ағзалық заттар, төмен ылғал сыйымдылығы, жоғары жылу өткізгіштік және жылуды ұстап тұру қабілеттілігі, төмен дене өткізгіштігімен мінезделеді. Балшықтың негізгі қасиеттерінің бірі – иілгіштік, яғни сумен қамыр тәріздес массаны жасау қабілеті. Балшықпен емдеу механизімінің әрекеті сазбен емдеу әдісіне сай келеді.
Кептірілген, тиянақты үгітілген балшықты сумен араластырып, пайда болған бір қалыпты массаны 40-46˚ С дейін қыздырады. Негізінен процедураларды жергілікті аппликациялар түрінде өткізеді. Балшықты көбіне асқыну аурулары кезінде, қозғалу және сүйену мүшелерінің жарақаттану нәтижесінде гинекологиялық аурулар кезінде қолданады.
Балшықпен емдеукөбіне комплексті терапилда қолданады. Балшық, су, тұз және торфоемдеу болып бөлінеді.
Балшықтың терапефтік күші физика-химиялық кұрамынан байқалады,онық қолданылуы құрал саны мен ұзақтығына байланысты болып келеді. Балшықпен емдеудің қозғалысы жылумен, механикалық және химиялық фактордан байқалады. Балшықпен емдеудің жылумен күш беруі онық жылуды өткізу, ұстау арқылы бөлінеді.
Балшықты жылту 44-48˚С, ал сульфидті балшық үшін 46˚С балшықпен емдеу кезінде, сосудтар кеңейеді, кровотокты тездетеді.
Химиялық фактор – балшықта органикалық, неорганикалық, биологиялық активтізат, кішкентай элемент, газ және басқалар қосылу күштері кездеседі. Осы компоненттержері де және терінің ағзаларында өзгеріс тудырады. Кейбір бөлшектері қанға түседі және басқа мүшелерге әсерін тигізеді. Балшықпен емдеу кезінде ферменттердің күші жоғарылайды.сондықтан құрылу – қышқыл процесі жылдамдатылады, газ алмасу дене тынысы жақсарылады.
Балшықпен емдеу процедурасын жүргізу кезінде үш фактор дененің бөртуіне себебін тигізеді және әртүрлі дене мүшелерімен ағза жүйелеріне рефлектор – гуморандық күш көрсетеді. Балшықпен емдеу әсіресе стимулдық қозғалыс етеді және жергілікті суық тиген жерге әсер етеді. Тканнің гипермиясын шақыру, трофиктордың жақсаруы, қан айналымы, ауысу процесі, балшықпен емдеу, суық тиген жерді, ауруды суырып алуға әсерін тигізеді. Балшықпен емдеу процедуралары тканнің қоректенуіне, жараның жазылуына, сүйек формасының жиылуына, суставтардың қозғалуын жақсартады. Балшықпен емделу кезіндегі реакция емделгеннен кеәін де реакция береді. Қайтадан балшықты қолдану адаптациялық құрылысты байқатады. Балшықпен емдеу үстемдігі капилярды одан сайын үлкейтеді, қанның денеден шығуы, қан ағымының тездетуі, жүрек соғысының шапшандығы, АД өзгеруі. Балшық процедурасы жоғары температурамен жүрек сосудтарына әсерін ерекше тигізеді. Бұл процедуралар денсаулықтың төмендеуін көрсетеді.
Балшықпен емдалудің ең негізгі көрсетілімі: опорно-двигательді аппаратты ауру (артрит, остеопания, ревматизм аурулары және сүйек сынықтары), трофикалық язва, ұзақ жазылмайтын жаралар, жұқпалы аурулар, цис, жаралар және жүйке жүйесінің травмасы, әйел және ер адамдар органдарының ауруы, асқазан (полит, гепатит, холецистит), тері (экзема, псариоз, нейродермит), күйік және үсіп қалудан кейінгі жағдайлар жалпы және жергілікті балшық процедурасыболып бөлінеді. Ең көп тараған аппликациондық тәсіл, балшықпен емдеу жалпы және жергілікті балшық аппликациясы. Ауру денеге балшықты жағады, температурасы, қалындығы орнықты болу керек. Процедура уақыты 15-20 минут. Жалпы аппликация кезінде бүкіл денені балшықпен түгел жағу керек, бас пен кеуде клеткаларынанбасқа.
Жергілікті аппликация кезінде балшықты әр дененің бөлшектеріне ғана жағылады. Жергілікті процедураға балшық компрессоры жатады. Буын суставтары ауығанда ғана қолданады. Жоғарғы температурада интенсивті балшықпен емдеу 2-3 күн белгіленеді және бір күн демалыс беріледі.
Полостные балшықпен емдеу – балшықтан тампон жасау, кіші ішек пен кіші тазды емдеу кезінде процедураны бір күннен кейін өткізеді. Емдеу курсы – 10-15 прцедура.Ең кең тараған тәсіл балшық қоспасын және балшықтан компрессор, токфорезін алу.Балшықпен емдеу әртүрлі ток тәсілдеріменемдеу болып келеді. Теріге «шелпек» сияқты салынады, бұл әрі әлектрод және ток арқылы жіберіледі.
Токқа байланысты гальванно, диатермо және индукты балшықпен емделу болып бөлінеді. Балшықпен емделу курсы жылына бір рет өткізіледі. Курстардың интервал арасы 6 ай болуы керек.