Зақымдалу ошақтарында қолданылатын барлау әдістері.

Ахуал жөнінде барлау деректері түрлі әдістермен табылады: бақылау, жер мен нысандарды тікелей қарау, іздестіру, зертханалық зерттеулер, фотосуретке түсіру, бейнеқұжаттау, қалаларды (мекенді жерлерді) салу жоспарларын және коммуналдық-техникалық қызметтер желілерінің техникалық құжаттамасын, ғимараттар мен құрылыстардың жобалық құжаттамасын зерделеу, жергілікті халықтан және өндірістік қызметшілерден сұрастыру, төтенше жағдайлар салдарын жою құралдарының бар болуы және техникалық қалпы.

Бақылау қоршаған орта нысандарының қалпын (ауа, су, топырақ, өсімдіктер жамылғысы) және зақымдану ошағында және апат аумақтарының дамуын, сондай-ақ жұмыстарды өткізу барысында құтқару бөлімшелерінің әрекеттеріне қадағалаудан тұрады.

Бақылаудың негізгі түрлері: көзбен көру (қарапайым көзқараспен немесе оптикалық құралдарды пайдаланып жүргізіледі) және техникалық бақылау (зақымдану ошақтарында және зілзала аумақтарындағы жағдай жөнінде экспресс-ақпаратты беретін техникалық құралдар көмегімен жүргізіледі).

Тікелей қарау зақымдану ошақтары мен зілзала аумақтарына, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткізетін жерлерге құтқару бөлімшелерінің шығуы кезінде жұмыс көлемін және әрекет тәсілдерін айқындау мақсатымен жердің, ғимараттардың, құрылғылардың, коммуналдық желілер мен өзге нысандар қалпының тиянақты зерделеуінен тұрады. Қарау іздестірумен қатар жүргізіледі.

Іздестіру- көмекті қажет ететін адамдардың орналасу жерін айқындау, олардың қалпын айқындау және оларға көмек көрсету бойынша әрекет тәртібі бойынша барлау бөлімшелерінің және құралымдары әрекеттерінің негізгі тәсілі, осы жерде іздестіруді жүзеге асырып жатқан барлау бөлімшелері және құралымдары арнайы аспаптармен жабдықталуы қажет.

Зақымдану ошақтары мен зілзала аймақтарында аудандар мен нысандарды фотоға түсіру (ауа және жердегі) қалыптасқан жағдай туралы көрнекі ұсыну үшін деректі мәліметтерді (фототүсірілімдер, фотопанорамалар, фотосызбалар) жедел алу мақсатымен жүзеге асырылады. Сол мақсатпен жағдайды киноқұжаттау қолданылады.

Аппаратура ұшақтарда, тікұшақтарда және басқа жылжу құралдарында орнатылуы мүмкін. Барлау түрін таңдау ахуал жағдайынан және орындалатын міндеттердің сипаттамасынан тәуелді.

Түрлі төтенше жағдайлар кезінде барлауды ұйымдастыру ерекшеліктері

Жер сілкінісі, жарылыс, дауыл, қарақұйын жағдайында

Жер сілкінісі, жарылыс, дауыл, қарақұйын аймақтарында табиғи зілзала шекарасын қажетті нақтылықпен болжамдауға мүмкіндік жоқ, сондықтан болжамды бұзылатын қауіпті аймақтарын толық деңгейде айқындауға, сәйкесінше бұзулулар мен зардап шегушілерді азайту немесе алдын алу бойынша барлық іс-шараларды өткізуді алдын ала қарастыруға мүмкіндік бермейді. Жер үстіндегі көлік түрлерімен үлкен аймақтардың бар болуын барлау қиындық туғызып, барлауды тәулік бойы жүргізу қажеттілігін талап етеді. Табиғи сипаттағы барлаудың сипатты ерекшеліктері кестеде көрсетілген

Табиғи сипаттағы ТЖ барлауының сипатты ерекшеліктері

Кесте-2

Зілзала апатының түрі   Барлауды өткізуде есептелетін сипатты белгілер (ерекшеліктер)  
Жер сілкінісі   Жер сілкінісінің күші мен сипаты (12-балды шкала бойынша); ядерлік-отын циклі аймағында бар болуы; үй құрылысы бұзылған аймақтарда бар болуы
Жарылу   ЗЗ, қоймалардың (ЖЖМ қоймалары), газ-мұнай құбырының бар болуы
Дауыл, қарақұйын   Табиғи зілзала аймағына жақын жерлерде судың бар болуы және оның деңгейі; аумақты, жол құрылғыларының сумен басып кетуі және су басқан жердің көлемі; желдің бар болуы және оның жылдамдығы (м/с); нысандардың мұздануы, ЭӨЖ және мұздану деңгейі; ЭӨЖ бұзылуы, тірек, құбыр, электрожабдықтаудың және байланыстың магистралды жоғары вольтті желілері және қирау деңгейі; теміржолда және автотрассаларында бұзылулардың бар болуы.

ТЖ болған кезде кешенді барлау (әуе, жер үстіндегі, су үстіндегі) ұйымдастырылады. Әуе барлауын өткізу кезінде ұшатын аппараттар (тікұшақтар, ұшақтар) қолданылады, оның көмегімен бұзылу шекарасы, бұзылу аймағында адамдардың бар болу орындары айқындалады және оларға бару мүмкіндігі анықталады.

Жер сілкінісі болған кезде арнайы құрылған бекеттер келесіні жүзеге асырады:

– жер асты дүмпуын және жер үсті тербелістерін тіркеу;

– жер бетінің үзілуі және опырылуын анықтау;

– жер сілкінісі ошағының көлемін, оның магнитудасын айқындау (Рихтер шкаласы бойынша);

– жер сілкінісі салдарын болжамдау, оның салдарынан опырылу, көшкін, қар көшкіні болуы мүмкін.

Дауыл болған кезде арнайы құрылған бекеттер желдің жылдамдығы мен бағытын, қозғалыс жолын айқындайды.

Қарақұйын болған кезде қарақұйын құрылымын (тығыз, бұлдыр), әрекет ету уақытын және қозғалыс бағытын (көзбен айқындалады, себебі алыс жерден жақсы көрінеді) айқындайды.

Жарылыс болған кезде жарылыстың сипаты, күші және бағыты, ҚӘУЗ ошағында бар болуы айқындалады.

Құламамен, көшкінмен, селдермен шақырылған ТЖ аймағында.

Құламамен, көшкінмен, селдермен шақырылған, пайда болған ТЖ аймағында барлауды жүргізудің ерекшеліктері нашар болжамалы табиғи зілзала шекаралары ең қауіпті аудандарды толық көлемде айқындауға мүмкіндік бермеу болып табылады, сәйкесінше мүмкінше бұзушылықтар мен қаза болғандардың алдын алу немесе азайту бойынша қажетті іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді.

Жер бетіндегі құралдармен барлау қиыншылық тудырған жетуге жолы қиын аумақтың айтарлықтай көлемдері түрлі құралдармен зақымдану ошақтарында тәулік бойы барлауды жүргізу қажеттілігін тудырады.

ТЖ болған жағдайда барлық түрдегі барлау ұйымдастырылады.

Әуе барлауы (тікұшақтарда, ұшақтарда) бұзылған аймақтардың шекараларын, бұзылған аймақтарда адамдардың болу орындарын анықтайды да, оларға жақындау мүмкіндігін айқындайды. Жер үстіндегі барлау жерді жалпы және тиянақты зерттеу, құтқару күш-құралдарының әрекет ету түрлерін есептеу және ұсыну негізінде оқиғаны (ТЖ) бағалау үшін нақты деректер береді.

Көшкін болған кезде құлама беткейдің тіктігінің көбею динамикасы, олардың негіздерін теңіз және өзен суларымен жуып кету сипаты, беткейдің тұқымдарын басып алу деңгейі мен көлемі және олардың қозғалу жылдамдығы, ылғалдылықтың бар болуы айқындалады.

Сел болған кезде тау жыныстарының құрамы және құрылымы, олардың желдету қабілеттілігі, сел бассеиндерінде бастау биіктігі, ауданға антропогендік әрекет ету және экологиялық құлдырау деңгейі, сондай-ақ селдерді тікелей қоздырушы болып табылатын құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі нақтыланады. Селдің қозғалысы кезінде сел толқынының биіктігі және алдыңғы шебі, сызба өлшемдері, көлемі, қозғалыс жылдамдығы, құрылымдық құрамы, ағын тығыздылығы және арна ерекшеліктері анықталады.

Селдердің пайда болу аймақтарында барлау оларды өту жолдары және болжамды тарау жолдары туралы ақпаратты ұсына алады. Осы деректер бойынша ең қауіпті аймақтар да айқындалады, сәйкесінше мүмкінше бұзылатын жерлер мен қаза болғандардың алдын алу және азайту бойынша қажетті іс-шараларды өткізеді.

Су тасқыны мен су басып кеткен аймақта

Су тасқыны мен су басып кету кезінде барлау халық пен шаруашылық нысандарына зиянды максималды аз келтіру мақсатымен апат аймақтарында ахуалды айқындау үшін ұйымдастырылады.

Су тасқыны мен су басып кету кезінде барлаудың негізгі міндеттері келесілер болып табылады:

– апаттық су басып кету шекарасын анықтау;

– төтенше жағдайдың (су басып кету) даму динамикасын бақылау;

– адамдардың және ауылшаруашылық малдарының көмек қажет ететіндердің орналасу орындарын анықтау;

– табиғи зілзала аймағынан шығаруға жататын материалды құндылықтарды айқындау;

– адамдарды, жануарларды және материалды құндылықтарды жүзу құралдарымен құтқару жолдарын таңдау және барлау, кеме аялдайтын орындыжабдықтау;

– табиғи зілзала аудандарына тікұшақтардың жерге қону алаңдарын таңдау және жабдықтау.

Барлауды ұйымдастыру ерекшелігі үлкен аймақтардың бар болуы болып табылады, оларды барлау жер үстіндегі көлік түрлерімен қиынға түседі және оны тәулік бойы жүргізу керек.

ТЖ кезінде кешенді барлау (әуе, жер үстіндегі, су үстіндегі) ұйымдастырылады.

Әуе барлауын жүзеге асыру кезінде ұшатын аппараттар (тікұшақтар, ұшақтар) қолданылады, олардың көмегімен су басып кеткен шекаралар, су басып кеткен аймақтарда адамдардың бар болуы анықталып, оларға бару мүмкіндігі айқындалады.

Жер үстіндегі барлау кезінде арнайы құралған бекеттер су деңгейін бақылап, оның көтерілуі туралы басшы органдарға хабар береді. Адамдарды, малды және материалды құндылықтарды құтқару жолдарын таңдауда әуе барлауынан басқа су үстіндегі (кемелер, кішкентай қайықтар) де қолданылады.

Өрт кезінде

Газ түтіннен қорғау қызметі (ГТҚҚ) барлауға барар кезде келесілері болу керек:

– демалу және көру органдарын қорғайтын құралдар (оқшаулау газқағар);

– жауынгерлік киім мен құрал-жабдықтар немесе жылу беретін костюмдар;

– байланыс құралын (белгі беру-сөйлесу құралы, телефон, радиостанция немесе жол шпагаты);

– жарықтандыру құралы (жеке және топтық фонарь);

– өрт сөндіру құралы (химиялық немесе көміртегі өрт сөндіргіш, су қысымымен стволы бар жең сызығы);

– жеңілдетілген лом (құрылғыларды ашып, жылжу бағытын тықылдату үшін);

– құтқару жібі.

Түтінделген аймаққа кірер алдында буынның жеке құрамы жауынгерлік міндетті, әрекет ету жоспарын, қауіпсіздік бекетінің және бақылау кіргізу пунктінің орналасу орнын, жұмыс орнына барып-қайту тәртібін білу қажет.

Буын командирі дайындығы жақсылар санынан бітейтін өрт сөндірушіні тағайындайды, содан кейін жеке өзі демалу және көру органдарын қорғау құралдарының, сондай-ақ жауынгерлік киім мен құрылғылардың және жылу беретін костюмдердің дұрыстығын тексереді, буын (бөлімше) арасында өрт сөндіру құралдарын бөледі, буын мүшелерінің карабиндері арқылы жол шпагатын немесе белгі беру-сөйлесу құрылғысының сымын өткізеді, радиостанция арқылы немесе белгі беру-сөйлесу құрылғысы арқылы қауіпсіздік бекетімен байланыс орнатады, топтық фонарьді және жеңілдетілген ломды алады.

Буын ішіндегі байланыс дауыс беру, бір-біріне тию, қолмен көрсету, жарық көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Буын командирі, бекеттегі күзетуші, жауынгерлік усаскедегі бастық, БКП, РТП арасындағы байланыс:

– белгі беру-сөйлесу құрылғысы бойынша;

– радиобайланыс бойынша;

– жақын қашықтықта электромегафон бойынша;

– жол шпагаты немесе құтқару жібі (алдын ала буын командирі қауіпсіздік бекетіндегі күзетшімен шартты белгілерді орнатады) арқылы жүзеге асырылады.

ГТҚҚ буыны (бөлімшесі) түтінделген аймақта қысқа жолмен жылжу керек. Үй-жайдың жоспары белгісіз болса, күрделі қабырға бойымен немесе оң (сол) жақпен терезелері бар қабырғалар бойымен жылжу керек. Саты алаңында жылжу кезінде күрделі қабырғаны ұстап жылжу керек, сол уақытта газ түтіннен қорғаушылар қол ұшымен бір-бірін тигізеді немесе жол шпагаты немесе жол сызығымен ұсталады.

Бағдарды жоғалтпай, кері жолды жақсы есте сақтау үшін қабырға бойымен жылжу кезінде оны шынтақпен немесе қолмен тигіздіру керек. Жылжып жұмыс жасауды бірге істеу керек, бір-бірімен байланысты үнемі қолдап отыру керек, жағдайы және противогаз туралы сұрастырып, оттегінің бар болуына көңіл аудару керек.

Өрт шыққан жерге өрт сөндірушілер бір-бірден колоннамен жылжиды, жетекші-буын командирі, ал бітейтін-ең тәжірибелі өрт сөндіруші болып табылады (оған буын командирі алдын ала фонарьді және жеңілдетілген ломды береді), ал қайтадан буын командирі бітеуші болып келеді және сымды белгі беру-сөйлесу құрылғысына орайды. Өткен жолды есте жақсы сақтау үшін жұмыс орнына бара жатқан кезде қабырғаны оң жақ қолмен тигіздірсе, қайтадан сол қабырғаны сол жақ қолмен тигіздіретінін есептеу керек.

Стволдармен түтінденген үй-жайда жұмыс істеу кезінде сорғалау бағытын және оның мөлшерін таңдауда сақтық сақтау керек. Ұзақ уақыт жанған үй-жайларда қабырғалар, төбелер және жанбайтын заттар жылынады. Оларға су тиген кезде тез буланып кетеді, бу үй-жайдың ішін толтырып кетеді, газ түтіннен қорғаушылардың дене мүшелерінің күйігін шақыртуы мүмкін және көрінуді нашарлатады. Одан басқа, сорғалауды абайсыз пайдалану кезінде түтінде сумен сымдарды немесе тоққа қосылған заттарға тию, сорғалаумен зертхана сөрелерінде тұрған улы заттарды түсіріп алу мүмкін, осының барлығы сәтсіз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Түтіндеген аймақта жылжу кезінде келесі қажет:

– қауіпсіздік бекетінің орналасу жерін білу, бір-бірін қарау, қоршаған ахуалды зерделеп, бақылау, өткен жолын еске сақтау, түрлі белгілерге зейінді болу;

– ТЖС және ЖС сақталатын үй-жайға ашық жалаумен кірмеуге;

– есікті жалаудың және қыздырылған газдың ГТҚҚ жеке құрамына шығып кетуін болдырмауда абай ашу керек. Егер есік «өзіңнен» ашылса, онда есікті ашар алдында буын күрделі қабырғаның артына тұру керек. Егер есік «өзіңе» қарай ашылса аяқпен есікті тіреп тұрып, кішкене ашу керек. Егер есік жоғары немесе жан-жаққа автоматты түрде ашылса, есікті ашатын кнопканы басар алдында буынды күрделі қабырғаның артына жабу керек.

Түтінделген үй-жайда адамдарды іздеу қажеттілігі болған кезде үй-жайдың кең жолағын тексере отырып, кертпешпен немесе маңдайшеппен өту керек. Жылжу және жұмыс жасаудың барлық жағдайларында буынның жеке құрамы бірге болу керек, қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін бір-бірімен деген байланысын үзбей, бір-бірін қарау керек.

Химиялық зақымдану аймағында.

Химиялық барлау келесі жағдайларда ұйымдастырылып жүргізіледі:

– тікелей зақымдану ошағында және ағып кету учаскелерін және химиялық қауіпті заттың таралу шекараларын анықтаумен химиялық қауіпті нысан аумағында;

– ХҚН жақын аудандарда (химиялық жұқтырудың мүмкінше аймақтарында) – жұқтырылған ауа бұлтының тарау бағыттарында, ең алдымен мекенді жерлерде, адамдардың демалу және жұмыс істеу орындарында, өндірістік персоналдың және халықтың қоныс аудару, АҚ күштерін авария салдарын жою үшін жылжыту.

Химиялық барлауды жүргізу үшін радиациялық және химиялық қорғалу, радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, азаматтық қорғаныстың құралымдары мен әскери бөлімшелері.

Химиялық барлау химиялық машиналармен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда РХБ бөлімшелері құрамынан барлау шоғыншылары (топтары) жаяу тәртіпте әрекет етеді.

Химиялық ахуалды айқындау мақсатында тікелей жеңілу ошақтарында және оған жақын аумақтарда (жұқтырылған ауа бұлтының тарау бағыттарында) өткізілетін химиялық барлаудың бірінші деңгейдегі мағынасы бар, олардың деректері халықты қорғауды және химиялық жұқтыру салдарын жоюды ұйымдастыруға шешім қабылдау үшін қажет.

Барлау ХҚЗ шығуымен авария ауданында қалыптасқан метерологиялық жағдайдың ерекшеліктерімен ұйымдастырылады.

ХҚЗ еркін жайылу көлемі ондықтармен, жүздіктермен және мыңдықтармен м2. есептеледі. Авария ауданының және оған жақын жатқан заттың жайылу жерінің радиусы тасталған ХҚЗ санынан тәуелді және 500-800 м. және одан да артық шекте өлшенуі мүмкін. Жел жылдамдығынан, жердің үстіңгі қабатының төсенішінен және жер бедерінен тәуелді жұқтырылған аймақтардың түрлі конфигурациясы болады. ХҚЗ бұлтының тарау тереңдігі 20 км. және одан да артық, ал әрекет ету ұзақтығы –бір-неше сағаттан бір-неше тәулікке дейін жетуі мүмкін.

ХҚО авария ауданында химиялық барлау химиялық барлау аспаптарымен жабдықталған, нысанда бар құралымдарды тартумен зақымдану ошағын зерделеуден басталады. Ол әдеттегідей жаяу тәртіпте жүргізіледі. Әрі қарай бұл мақсаттар үшін келіп жатқан АҚ әскерлерінің радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері тартылады.

Зақымдану ошағында химиялық барлау өзіне ХҚЗ бар болуын, ауада оның шоғырлануын және топырақ сынамаларын іріктеуді енгізеді.

Химиялық барлауды жүргізу барысында шолғыншымен (топпен) зақымдалу ошағында ХҚЗ бар болуы әр үй-жайда 20-30 м. сайын, үлкен үй-жайларда 10-15 м. сайын өткізіліп отырады. Ерекше көңіл ХҚЗ мүмкінше топтану учаскелеріне (жертөле үй-жайлары, желдетілуі нашар орындар) аударылады. Ауа сынамалары ХҚЗ бар болуы айқындалған орындарда алынады, осы заттардың сұйық түріндегі сынамалары –олардың ағып кету орындарында алынады. Авариялық нысан аумағында топырақ сынамалары алынады.

Көп ХҚЗ өрт және жарылу қауіптілігінен авария ошағында химиялық барлау кезінде қоршалудың штаттық белгілері (ҚШБ) әдеттегідей пайдаланбайды. Химиялық жұқтыру аймақтарын (учаскелерді, аудандарды) белгілеу үшін қол астындағы құралдар (бормен жазылулар, плакаттарды ілу және т.б.) қолданылады.

Біруақытта зақымдалған ошақты барлаумен қатар кәсіпорын аумағында және оның айналасында химиялық барлау жүргізіледі. Кәсіпорын аумағында химиялық барлау химиялық машиналарда немесе жаяу тәртіпте жүргізіледі, осы жерде барлау шолғыншылары (топтары) цехтардың арасында жылжып отыра, әр 50-100 м. сайын тоқтап, аспаптар арқылы өлшемдерді жасап, төгілу учаскелерін және ХҚЗ таралу шекараларын айқындайды. Зақымдалу аймақтарының шекараларында қашықтығы 300-500 м. ең алдымен жұқтырылған ауаның тарау бағытының өзгеруін және мүмкіндік болса ХҚЗ шоғырлану өзгеруін бақылауға арналған химиялық бақылау бекеттері орнатылады. Бақылаушы тапсырманы алып, көрсетілген орынды алып, берілген ауданда үздіксіз бақылау жүргізеді, көрсетілген мерзімде аспаптарды қосып, олардың көрсеткіштерін бақылайды, метеорологиялық бақылауды өткізеді.

Химиялық зақымдалуды айқындауда бөлімше (барлау тобының үлкені, байқаушы) командирі «Химиялық дабыл» белгісін береді және ХНП қойған командирге (бастыққа) баяндайды.

Хабарландыру белгісін бергеннен кейін бақылаушы жеке қорғалу құралдарын әскери қалыпқа ауыстырып, бөлімше командиріне (барлау тобының үлкеніне) нәтижелері бойынша баяндайды. Химиялық жұқтыруды айқындағаннан кейін, сондай-ақ метеожағдайлардың күрт өзгеруі жағдайында бақылаушы кезектен тыс метеорологиялық бақылау өткізеді. Ауысым кезінде бақылаушы кезекшілікке кіретінге неге көңіл аудару керек екенін айтып, бақылау нәтижелерін хабарлап, оған химиялық барлау аспаптарын және ХБП басқа мүлігін береді.

ХҚЗ жататын аумақтың химиялық барлауы өз міндеттерін химиялық бақылау бекеттері және химиялық барлау шолғыншыларының (ХБШ) көмегімен АҚ әскерлері бөлімшелерінің радиациялық және химиялық барлау және радиациялық және химиялық қорғау бөлімшелерімен жүргізіледі.

Химиялық бақылау химиялық қауіпті бағыттарда (аудандарда) химиялық ахуалдың өзгеруін бақылау үшін ХБП қою жолымен жүзеге асырылады. Химиялық барлау шолғыншылар ХБП міндеттерінен басқа жұқтыру аймақтарының шекарасын, оларды айналып өту жолдарын айқындайды және барлау ауданында қоршау белгілерін орнатады.

Химиялық барлау бағыттар (маршруттар) бойынша 8-12 км/с. жылдамдығымен жүзеге асырылады. ХҚЗ бар болуы аспаптар көмегімен әр 200-500м. сайын сипатты бағдары бар нүктелерде айқындалады.

ХҚЗ түрін көрсетумен қоршау белгілері химиялық жұқтыру аймақтарының шекарасында орнатылады, осы жерде химиялық жұқтыру аймақтарының шекарасын белгілеу химиялық жұқтырылған аймақтың сыртқы жағынан ХҚЗ анықталған нүктеден 250-300м. алыстау өткізіледі.

Мекенді жерлерде химиялық барлау көше және оралым бойында мұқият жүргізіледі. Жеке аулалардың, ғимараттардың, үй-жайлардың, аулалық учаскелердің және басқа нысандардың барлауы шолғыншылармен жаяу тәртіпте жүргізіледі. Қоршау белгілері осы жағдайларда көше және оралым қиылыстарында, аулалардан және ғимарат кіреберістерінен шығатын жерге, аула ішіне және жақсы көрінетін орындарға қойылады.

Химиялық барлау деректері негізінде жұқтыру төлқұжаттары құрастырылады, оның ішінде мекенді жердің әр үйіне (ғимарат, аулалық учаске).

Радиоактивті ластану аймағында

Радиоактивті ластану аймақтарында жұмыстарды өткізуде құтқару құрылымдарын нәтижелі пайдалану тек онда қалыптасқан радиациялық жағдай туралы нақты деректердің болуында ғана пайдаланылады.

Осындай деректер АҚ әскерлері мен жалпы және арнайы барлау құрылымдарымен жұмыс өткізу ауданында радиациялық барлауды өткізу жолымен алынады.

Осы бөлімшелер жердің және сыртқы ортаның өзге нысандарының ластану деңгейі туралы ақпаратты алу мақсатымен радиациялық барлауды радиоактивті ластану аймақтарында болған бөлімше жеке құрамының және халықтың радиациялық қорғауы бойынша шаралар туралы шешім қабылдау үшін жүргізе алады.

Радиациялық барлау күшімен келесі міндеттер шешіледі:

— жердің және ауаның жер үстіндегі қабатының радиоактивті заттармен ластануын айқындау және сол туралы ақпаратты аға бастыққа хабарлау;

— құтқару құралымдарының қозғалу бағыттарында гамма-сәулелену мөлшерінің қуаттылығын айқындау және радиоактивті ластану аймақтарының шекарасын белгілеу;

— ластанған учаскелерден өту үшін айналып өту жолдарын іздеп табу (қажет болған жағдайда);

— радиациялық жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау;

— судың, тамақтың, қсімдіктің, грунттың, техника және мүлік обьектілерінің сынамаларын алу және оларды зертханаларға жіберу;

— метеорологиялық бақылау;

— құрылымның жеке құрамы радио белсенді ластанған аймақтан шыққаннан кейін дозиметриялық бақылау.

Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмыстарды өткізетін аудандарда сыртқы жағдайдың (желдің бағыты, ауа-райының өзге элементтері) өзгерілуі кезінде немесе қайталанатын радио белсенді ластану жағдайында пайда болатын ахуалды есепке алу керек.

Құтқару құрылымдарының орналасу аудандарында, сондай-ақ жұмыстарды өткізу нысандарында радиациялық жағдайды бақылау үшін радиациялық бақылау бекеттері құрылуы мүмкін, олардың негізгі міндеттері:

— радиоактивтіластануды уақытында айқындау және жария ету белгісін беру;

— радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын айқындау;

— бекет ауданында радиоактивті заттармен ластанған учаскелерді барлау, сондай-ақ метеорологиялық бақылау.

Радиациялық бақылау бекеті әдеттегідей үш адамнан тұрады. Бекет ДП–5 (А, Б, В), ДРГ–01Т түріндегі өлшем қуаттылығының өлшеуішімен, №3 метеокешенмен, ИД-11 (ДКП–02 және т.б.) мөлшерді өлшеудің жеке өлшеуіштерімен, ИД–1 түріндегі өлшеуішпен, секундомермен, демалу органдарын және теріні қорғайтын жеке қорғау құралдарымен, белгі беру және байланыс құралдарымен, радиациялық жағдай параметрлерін жазу үшін журналдармен, ауа сынамасын алу үшін жабдықтың жинақтамасымен жабдықталады.

Радиоактивті ластану аймақтарын айқындау, жердің, мүліктің, техниканың, тамақтың, судың ластануын бақылау бойынша міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ АҚ күштері бөлімшелерінің орналасу орындарында және әрекет ету аудандарында талдау жасау үшін ластанған объектілерден сынама алынып зертханаларға апарып, радиациялық барлау топтары (буындар, есептер) тартылады.

Жұмыс басшысында радиациялық авария болған ауданда бар болған күш-құралдарынан шыға отырып, радиациялық барлау және ластану деңгейін бағалау жер үстіндегі және әуе барлау құралдарын пайдаланып, кезегімен және (немесе) қатар өткізілуі мүмкін.

Әуе радиациялық барлау (ӘРБ), қойылған міндеттерден арнайы дайындалған мобильді авиациялық бөлімшелермен (буындармен, экипаждармен) арнайы радиометриялық (спектрометриялық) аппаратурамен арнайы жабдықталған ұшақтарда және тікұшақтарда жүзеге асырылу мүмкін.

Жер үстіндегі радиациялық барлау (ЖРБ) автокөліктерде, жүзу құралдарында және өзге көлік құралдарында, сондай-ақ жаяу тәртіпте жүзеге асырыла алады. Жер үстіндегі радиациялық барлау әдеттегідей автомобильдерде өткізіледі. Қысқа тоқтаулар барлау құралдарының көрсеткіштерін нақтылау және сыртқы орта нысандарының сынамаларын іріктеу үшін жасалады. Жеке жағдайларда жердің үлкен емес учаскелеріндегі (мекенді жерлер, өтуі қиын учаскелер және с.с.) жер үстіндегі барлау жаяу тәртіпте жүргізіледі.

Жаяу жер үстіндегі радиациялық барлау топтары (есептер, буындар) өтуі қиын орындардың, автомобильдерде радиациялық барлау жасау мүмкін емес аудандарда және мекенді жерлерде ластану деңгейін бағалау бойынша міндеттерді орындайды.

Ластанған аумақты зерделеу доза қуаттылығын үздіксіз өлшеу әдісімен өткізіледі. Әр 100–300 м сайын доза қуаттылығының және ластану тығыздылығының көрсеткіштерін картаға (жоспар-сызбаға) нүкте нөмірін және өлшеу уақытын көрсетумен екі аспаппен өлшенеді. Жаяу барлауының есеп (буын) қозғалысының жүру жолы ауа-райы мәліметтері бойынша алдын ала айқындалады және әуе барлауын өткізгеннен кейін алынған радиациялық жағдай туралы алғашқы деректер негізінде нақтыланады.

Мекенді жерді зерделеу барысында қоғамдық жерлерге, тұру үй-жайларына, мектептерге, балалар мектепке дейінгі мекемелерге, фермаларға, клубтарға, дүкендерге және адамдар жиналатын басқа да орындарға кіруде міндетті доза қуаттылығы өлшенеді. Қажет болған жағдайда зерделеу жеке меншік үйлерде де өткізіледі. Барлау барысында мекенді жердің зерттелу сызбасы нақтыланады, оған қосымша бағдарлар салынады, олар әрі қарай өлшеулерді және сынама іріктеуді өткізу орындарын нақты орнатуға мүмкіндік береді. Жер мекенінің және оған жақын жерде орналасқан жердің ластану деңгейін болашақта айқындау үшін радиоактивті ластану өлшемдерін өлшеу барысында келесілер өткізіледі:

— гамма-сәулелену мөлшерінің қуаттылығын өлшеу;

— бета сәуле шығарғыштармен үстіңгі ластануын айқындау;

— аймақты жеке радионуклидтармен ластаудың гамма_спектрометриялық талдауы.

Гамма сәуле шығарғыш мөлшерінің қуаттылығын өлшеу өлшеудің кең диапозоны бар және арттырылған тез әрекет ететін, сенім білдірілген және мөлшер қуаттылығының бөліктеу өлшеуіштердің көмегімен өткізіледі. Бета-сәуле шығарғыштармен үстінгі қабатының ластану деңгейін айқындау радиометрлердің көмегімен жасалады.

Радиоактивті ластанудың бақылауы техниканың, көліктің, киімнің, қорғалудың жеке құралдарының және аяқ киімнің ластану деңгейін айқындау үшін өткізіледі. Осы бақылау әдеттегідей құрылымдармен қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, жеке құрамның ластанған жерлерден шыққаннан кейін, толық арнайы өңдеуден өткеннен кейін өткізіледі.

Дозиметриялық бақылауды өткізгеннен кейін құтқару құрылымдар құрамына енетін жалпы және арнайы барлау топтары (буындары) тартылады.

Дозиметриялық бақылау буындары жұмысты арнайы өңдеу пунктерінде (АӨП), санитарлық-жуу пунктерінде (СЖП), киімді зарарсыздандыру станцияларында (КЗС) өткізеді.

Радиоактивті ластануға тиген және АӨП, СЖП, КЗС толық арнайы өңдеуді өткізу үшін келген құрылымның жеке құрамы, техникасы және көлігі бақылау тарату пункті (БТП) арқылы өтеді, ол ластанған жерде жұмыс істегеннен кейін құрылымдардың ластану деңгейін анықтайды. БТП құтқару құрылымдарының барлау бөлімшелерінің құрамына енетін дозиметристтер есебінен ұйымдастырылады. Осы жерде бекетке келген адамдар мен нысандардың ластану деңгейі өлшеніп, қажетті әдіс пен арнайы өңдеу толықтығы айқындалады.

Адамдардың және нысандардың ластану деңгейі ДП_5, КРБ_1 және т.б. түріндегі аспаптардың көмегімен айқындалады. Жеке құрамды және техниканы өткізу сайын мезгіл аралық дозиметрист жұмыс орнының ластануы тексеріліп отырады, қажет болған жағдайда оның дезактивациясы немесе басқа орынға ауысуы өткізіледі.

Дозиметриялық бақылау екі бекетпен жүзеге асырылады, олардың біреуі АӨП кіреберісінде, ал екіншісі шығатын жерде орналасады.

Наши рекомендации