Кәсіпорынның сипаттамасы

Іс-тәжірбиені жүргізудің негізгі міндеті Созақ мекенжайлы ас тұзының құрамындағы қоспаларды (кальций жэне магний тұздарын) зертханалық қондырғыларды пайдалана отырып тұндыру және соңғы өнімнің шығымын максималды дәрежеге жеткізу. Бұл жұмыстың ерекшелігі тұздықты тазалау процесі дайын өнімді алуға дейін бірнеше процестерден тұрады.

Содалы тәсіл

Содалы тәсілде тұздықты тазалау үшін тұздыққа кальцинирленген сода (57-67кг Na2CO3/л) қосады. Қосуды тұздықты механикалық қоспалардан тазалғаннан кейін 1000С температурада қосады. Нәтижесінде тұнбаға кальций және магний иондарыны тұнбаға түседі.

Калцинирленген соданы қосуды егерде рассол құрамында магний аз мөлшерде болған жағдайда жүзеге асырады.

Егер кальцинирленген соданы каустикалық содаға ауыстырса онда рассолды қыздырмай-ақ кальций және магний иондарының тұнбаға түсіруге болады.

Содалы тазалаудағы жүретін реакциялар:

СаСІ2 + Na2CO3 → 2NaCI + СаСОз; (26)

CaSO4 + Na2CO3 → Na2SO4 + СаСО3, (27)

MgСІ2 + Na2CO3 → 2NaCl + MgCO3; (28)

MgSO4 + Na2CO3 → Na2SO4 + MgCO3(29)

Үрдіске каустикалық соданы қосқанда магний гоидроксидтер түрінде тұнбаға түседі:

MgСІ2 + 2NaОН → 2NaCI + Mg(OH)2 (30)

MgSO4 + 2NaОН → Na2SO4 + Mg(OH)2 (31)

Менеджмент

Бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәлімет:

Қызметкердің аты-жөні: Махмут Жансая Айтмұратқызы

Жасы: 21

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы

Бизнестегі орны: мырыш өндірісі

Жалақы: қазіргі 94400 теңге, болашақта 150000 теңге.

Қызметкерлер саны 42.

Зерттеу нысанындағы кәсіпорынның өндірістік құрылымы біршама ерекшелікке ие болып, бірақ жалпы алғанда басқаларға ұқсас болады да келесі түрде көрсетіледі.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын анықтайды және ол кәсіпорын ішіндегі бүкіл өзара қатынастарды қамтиды. Ұйымдастыру құрылымының құрамына басқару аппараты, бөлімдер және инженерлік технологиялық қызметтер енеді.

Апаттың профилактика тобы
Басқару аппараты
Өндірістік қызмет базасы
Электр жабдық тарын жөндеу цехы
Құрал–сайман аумағы
Сумен қамту цехы
Табиғи тас тұзды жабдығының прокаттық жөндеу цехы
Орталық инженерлік техникалық қызмет
Аудандық инженерлік техникалық қызметтер
Табиғи тас тұзды игеру тобы
Игеру бригадалары

20- Сурет.Табиғи тас тұзды өндіру кәсіпорнының өндірістік құрылымы

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын анықтайды және ол кәсіпорын ішіндегі бүкіл өзара қатынастарды қамтиды. Ұйымдастыру құрылымының құрамына басқару аппараты, бөлімдер және инженерлік технологиялық қызметтер енеді.

Жетекші
ОИТҚ
Бухгалтерия
Бас инженер
Геологиялық бөлім
Бас бухгалтер
Бас геолог
Техникалық бөлім
Технологиялық бөлім
Бас механик бөлімі
Еңбек қауіпсіздіг және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
Өндірістік бөлім

21- Сурет.Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы

Німнің сипаттамасы

Ас тұзы кендері – ас тұзын өндірістік жолмен өндіруге жарамды кен орындары. Ас тұзы кендері тұзды көлдер, қазба тұздар және жер асты тұзды сулары болып үшке бөлінеді. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий маңы ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Қазба Ас тұзы кендері аридтік климат жағдайларында, теңіз қолтықтары мен теңізден бөлінген шығанақтардағы тұзға бай сулардың буланып суалуынан, тұздардың қайта кристалдануы мен шөгуі нәтижесінде қалыптасқан. Сондай-ақ қазба тұздар тұнба түрінде кейбір тұзды көлдерде (Басқұншақ, Индер) және осы күнгі теңізге жақын көлдер мен қолтықтарда (Каспийдегі Қарабұғаз, Аралдағы Жақсықылыш) кездеседі. Олардағы тұз массасы жылжымалы тепе-теңдік күйде болатын тұзды судан, тұздықтан және қатты тұздан тұрады. Тұз шоғырлары әдетте қабат, линза, шток түрінде түзілген.[2]

Тұздықтар алу, кептіру, қайнату, тазалау, қоймалау

Негізінен ас тұзынын өндіру әдістерін 4 топқа бөледі:

1. Тас тұзын өндіру;

2. Тұзды көлдердегі өздігінен тұндырылған тұздарды өндіру;

3. Теңіз және көл суларынан тұндырылған ас тұзын бассейнді әдіспен өндіру;

4. Табиғи және жасанды сорлардан қайнату арқылы қайнатылған тұздарды алу.

Ас тұзын өндіру және өңдеу әдістері бойынша мынадай түрлерге бөледі:

1) майда кристаллды-буландырылған;

2) үгітілген, ол әр түрлі (тасты өздігінен түзілген) ірілікте үгітіледі;

3) үгітілгеннен – түйінді, дәнді (ядро);

4) иодталған.

Техникалық мақсат үшін тас және өздігінен тұндыру әдісі бойынша алынған натрий хлоридін пайдаланса, тамақ өндірісі үшін қайнату, өздігінен тұндыру және тұндыру әдістері бойынша алынған ас тұзы пайдаланылады. Сонымен қатар арнайы ас тұзы сорттарын – иодталған, түйіршіктелген, жабыспайтын және аса таза (99,9% және одан жоғары NaCl) тұздар өндіріледі. Біздің елімізде ас тұзын өндіру негізінен тас тұзы мен тұзды көлдерді өздігінен тұндыру әдістері арқылы алады. Қайнату және бассейнді тұндыру арқылы алу жалпы тұзды өндірудің 5%-дай мөлшерін құрайды.

АҚШ-та ас тұзын пайдаланудың 70% химиялық өнеркәсіптер алса, 6-6,5% тамақ өндірісіне шығындалады, ал ауылшаруашылық және т.б. салаларға 5% жуық мөлшері шығындалады екен. Ас тұзын өндірудің негізі олардың кен орындарына тікелей байланысты.

Өздігінен тұндырылатын көлдерден жаңа тұнбаларды шығарады, бірақ ескі тұнбалар сапасы жағынан жаңа тұнбаларды басып озады. Кейде ескі тұнбалардың астында гранатқа деп аталатын тұнбалар түзіліп қалады, ол өзі лай тұнбалармен ластанған, цементелініп, бітпеген ірі кристаллдар түріндегі үгілгені қақталған тұз болып келеді. Гранатқа әдетте тұзды масса түгелдей рапамен сіңірілген (томырап тұз болмайды) көлдерде жүзіледі және өңдеу объектілерінің негізілерінің бірі болып табылады. Бірқатар тұзды көлдер, мысалы, Баскунчак көлінде су өте майда. Жылдың ыстық мезгілінде көлдегі судың барлығы дерлік буланып кетеді, бұл тұзды өндіру жұмысын жеңілдетеді. Көлден тұзды шығару ашық вагондарда тасылады. Рельсті жолды тұздың пластары бойынша қондырады. Өндірілген тұздың құрамында 0,5-0,6 % топырақты лай қоспалары бар, бұл қоспалар тұзға лас сары түс беріп тұрады.

Маркетинг жоспары

Нарықта өнім құбылмалы себебі, нарық - сұраныспен ұсынысқа байланысты. Егер сұраныс көп болса баға жоғары болады. Ал керісінше ұсыныс көбейіп кетсе баға төмендейді. Жұмыс бойынша вакуум қондырғысы 922432 т өнім өндіру. Тауарға деген сұраныс негізінен құрылыс компанияларының қолданысына және нарықтағы бәсекелестерге, бағаға тығыз байланысты.

Ал бізге бәсекелестер кальций хлориді өндіруші отандық және шет ел компаниялары.

Негізінен өнім жарнама арқылы сатылады. Жарнама келесі бағыттар бойынша іске асырылады:

- кәсіпорынның сайтындағы жарнама, қала көшелеріндегі жарнама тақталарымен, теледидардағы баннерлер өнімнің толық сипаттамасы мен бағасы, жеткізу жолдары толығымен қарастырылған.

- теледидардағыжарнамай.

Коммерциялық ережелерге сай басшылыққа алу.

Келісім-шарттар жасау процесі мен тендерлік процеске қатысты барлық құжаттарды алу, қайта өңдеу және жіберу мәселелерінде компанияның жалғыз буыны болып табылу.

Әртүрлі есеп-беру жасау (статистикалық мағлұматтар, жинақтауға қатысты барлық мәселелер).

29-кесте - SWOT-анализі

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Өнеркәсіп саласының өндірістері үшін таптырмайтын қосымша шикізаты Пайдалану қасиеті жоғары Қосымша таптырмас құрал-жабдықтарды алу Құрал-жабдықтарды жөндеудің қымбаттылығы
Мүмкіндіктер Табиғи өнімдер мемлекететтің стратегиялық маңызды жоспарында ҚР-ның 2020 жылғы бағдарламасында ескерілген ҚР-ның бизнесті қолдау бағдарламасында ескерілген Қауіп-қатерлер Сыртқы нарықта бағаның түсіп кету қаупі Мамандардың жетіспеуі Мамандардың тәжірибелігінің аздығы  

Әлсіз жағын күштіге айналдыру үшін зауыттарға құрал-жабдықтарды жасайтын кәсіпорынмен келісімге түсу керек немесе мемлекеттен құрал-жабдықтар жасайтын кәсіпорын соқтыру керек. Ол біріншіден мемлекеттің өзіне екіншіден өз зауытына қолдау көрсеткені.

Ндірістік жоспар

Зерттеу жүргізу барысында реактивтер мен приборларға, құрал жабдықтарды жұмыс істеткенге электр энергиясы, және тәжірибе жүргізушілерге еңбек ақ сияқты шығындар жұмсалды. Жалпы зерттеу шығындары: 2937823 теңгені құрады.

Құрал-жабдықтардың сметалық құны: 2937823 теңге.

Жұмысшылардың операцияларды орындаудағы еңбек ақысы: 255000 теңге.

Наши рекомендации