Ндірістік микроклимат және оны нормалау. Желдету
Өндірістік микроклиматты гигиеналық нормалау МСТ ССБТ 12.1.005-88 «Жұмысшы аймағының ауасы. Жалпы санитарлық - гигиеналық талаптары» бойынша жүргізеді.
Өндірістік бөлменің талап етілетін жайы комлексті шараларды қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етіледі, олар төмендегі топтарға бөлінеді:
· пайда болу көздерінде бөлінетін зияндылықтармен күресу;
· өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, оларды дистанционды басқару;
· жұмысшы аймағында бөлінетін зияндылықтарды минималды түрде қамтамасыз ететін технологиялық процестерді қамтамасыз ету;
· желдету және жылыту қондырғылары;
· жеке қорғану құралдарын қолдану.
Бұл МСТ бөлмедегі адамның энергия шығыны мен жыл мезгіліне байланысты ауа температурасының, ылғалдылығының және қозғалыс жылдамдығының тиімді және рұқсат етілетін параметрлерін белгілейді. (Кесте 6)
Кесте 6 - Өндірістік бөлменің жұмысшы аймағында ауаның температурасы, салыстырмалы ыдғалдылығы және қозғалыс жылдамдығы
Жыл мерзімі | Жұмыс категориясы | Температурасы, | Салыстырмалы ылғалдылық, % | Қозғалыс жылдамдығы, м/с, көп емес |
Суық және ауыспалы кезең | Жеңіл - І | 20-23 | 60-40 | 0,2 |
Орт.Ауырлық -ІІ а | 18-20 | 60-40 | 0,2 | |
Орт.Ауырлық -ІІ б | 17-19 | 60-40 | 0,3 | |
Ауыр ІІІ | 16-18 | 60-40 | 0,3 | |
Жылы кезең | Жеңіл - І | 22-25 | 60-40 | 0,2 |
Орт.Ауырлық -ІІ а | 21-23 | 60-40 | 0,3 | |
Орт.Ауырлық -ІІ б | 20-22 | 60-40 | 0,4 | |
Ауыр ІІІ | 18-21 | 60-40 | 0,5 |
Желдету өндірістік бөлмелерде метеорологиялық жағдай мен ауаның тазалығын бір қалыпта ұстау үшін қолданылады, олар санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз етуі тиіс. «Пірімқұл және Ко» қонақ үйі ЖШС кәсіпорынында барлық бөлмелерде, қоғамдық орын бөлмелерінде кондиционерлермен жабдықталған. Бөлмедегі ауа алмасу санитарлық нормалар талаптарын қанағаттандырады.
Жалпы алмасу желдетуі ластанған ауаны таза ауаға бөлменің барлық көлемінде жүргізіледі, ол бөлмеге бөлінген зиянды заттарды (газ, бу, шаң) таза ауамен алмастырады, ал артық жылу бөлінетін жағдайда - ауаның температурасын төмендетеді. Сонымен қатар, жалпы алмасу бойынша желдету бөлменің ауамен жылыту функциясын да орындайды.
Бөлмедегі табиғи және жасанды жарықтандыру жүйелерінің сипаттамасы
Кәсіпорынның өндірістік, көмекші және әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерінде табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады.
Табиғи жарық (күн энергиясы сәулелерінің көрінетін бөліктері) организмдік тіршілігін реттейді, сыртықы ортамен байланысын сезінуге мүмкіндік береді және бөлмені тегіс жарықтандырады.
Табиғи жарықтандыру жүйесінің келесі түрлері болады:
· Бүйірлі - күндізгі жарық бөлменің сыртқы қабырғаларына жарық түсіру жақтары арқылы түседі;
· Жоғарғы - жарық бөлменің төбесіндегі жарықтандыру көзі арқылы түседі;
· Жинақталған - бүйірлі және жоғарғы жарықтандыру бірге болады;
· Біріктірілген - жарық мезгілді табиғи және жасанды жарықтандыруды қолдану арқылы болады.
Жасанды жарықтандыру электр көзінің көмегімен жүзеге асады. Жасанды жарықтандырудың екі түрі бар: жұмысшы және авариялық.
Жасанды жарықтандыруға қойылатын ережелер мен нормаларды адамның көру органдарының жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын заңдылықтарға негіздеп, құрастырылды. Жұмыс орындарында нормаланған жарықтандыру негізгі СниП 11.4-79 нормативтік құжатына сәйкес объекттің өлшеміне байланысты белгіленеді.
Қарастырылатын объектінің фон ашықтығы, жарықтандыру жүйесі жарық көзінің түріне байланысты болады.
«Пірімқұл және Ко» қонақ үйінде кәсіпорынды жобалау кезінде табиғи жарықтандыруды пайдалану алға қойылып, дұрыс қарастырылған және күндізгі мерзімде толығымен қолданылады. Жасанды жарықтандыру қазіргі заман талаптарына сәйкес қарастырылып әсем безендірілген және санитарлық нормаларды қанағаттандырады.
Рт қауіпсіздігі
«Пірімқұл және Ко» қонақ үйінде аз көлемдегі өрттерді сөндіру үшін біріншілік өрт сөндіру құралдары қолданылады. Онда өрт сөндіруге арналған шлангтар мен өрт стволдарымен жабдықталған. әрбір нөмірлерде және қоғамдық бөлмелерінде өрттен сақтану нұсқаулары бар және қосымша шығарылатын жақын эвакуациялық шығу жолына дейінгі арақашықты өрт немесе жарылыс қауіпіздігі бойынша өндірістің категориясына, ғимараттың өртке төзімді дәрежесіне, ғимарат қабаттарына және де басқа факторларға байланысты ұйымдастырылған. Бұл арақашықтық нормаларға сәйкес 30-100 аралығында.
ОРЫТЫНДЫ
ҚР қонақ үйлік бизнестің дамуы және қалыптасуын үйрену және талдау төмендегідей қорытынды және ұсыныс жасауға мүмкіндік берді:
Қонақ үйлік қызмет бизнесі кәсіпкерлік қызметтің түрі сияқты сұраныстың және ұсыныстың нарықты толқуына жақын болып шықты. Қонақ үйлік қызмет көрсететін жеке кәсіпорын үшін, нарықтағы сервис бойынша бағалау жүйесін жасау мүмкіндігі туындайды.
Қонақ үйлік кешеннің «бір қалыптылығы» және «жоғарылауы» жағдайындағы жүйеленуімен орын алған оқиғаны талдау жеткілікті негізде қонақ үйлік бизнес бірінші кезекте менеджменттің тиімділік деңгейімен байланыстылығы тиімділігін бекітуге мүмкіндік жасайды.
Соңғы уақытта дәстүрлі мейманханалардың қатарында және мейрамханалармен қатар туристік нарықтың белгілі бір сегментін ұсынушылардың қызметіне көзделген, тағам және қысқартылған қызмет жиынтығымен арнайы кәсіпорын пайда бола бастады.
Қонақ жайлық кәсіпорынның мамандандырылуын тереңдету қызмет көрсетудің жоғарғы стандартын жылжыту және жасауда маңызды орын алатын, халықаралық байламдағы білім сияқты маңызды тенденциямен тығыз байланысты.
Қонақ үй шаруашылығындағы «сервис» ұғымы қонақтардың алуан түрлі тұрмыстық, шаруашылық, мәдени сұраныстарын қанағаттандыратын жоғары комфорт деңгейін қамтамасыз ететін өлшемдер жүйесін білдіреді. Бірақ күннен-күнге тұтынушылардың сұранысы да жоғарылауын әрқашан ескеру қажет. Қонақтарды күтудің мәдениеті мен сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қонақ үйдің имиджі де жоғары болмақ. Ал ол қонақ үйдің материалдық жағдайын кеңейтіп, гүлденуіне тікелей әсер етеді.
Ұйымның басшылығы, фирманы гүлдендіріп және жалпы танымға әрі қарай да алып келуге қабілетті, санатты мамандарды жақсы ұйымдастырылған жүйе бойынша іріктеу қатарында, бірінші кезекте жұмыс нәтижесін жақсы етіп көрсете алатындай еңбек жағдайларына жақсы комфорттар жасай отырып, өздерінің қызметкерлері туралы ыңғайды қарастырулары қажет. Алайда, қызметкерлерді жұмысқа іріктеу еңбек ұжымын қалыптастырудың бірінші сатылы тапсырмасы болып табылады және компанияның болашағы соған байланысты, көрсетілген жұмыстың қаншалықты дұрыс орындалғаны да соған байланысты болады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде шетелдік және ресейлік мәліметтерді пайдалана отырып, әдеби шолу жұмыстары жасалынды.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде қонақ үйде қызмет көрсету сапасы және қонақ үй мекемелеріндегі қызмет сапасының орны мен ролі анықталды. Сонымен қатар қызмет көрсету сапасының моделі тұрғызылды. Тұтынушының қонақ үй қызметін қабылдауы бойынша қонақтың ой-санасында оның талап еткен және іс жүзінде көрсетілген қызмет арасындағы айырмашылықтың бейнелік көрінісін қалыптастырылды. Қазіргі кезде мамандар қызметінің басты тапсырмасы қызметкерлердің ұйым ұжымын жинақтауы болып табылады (қайта санат беру, санатын көтеру және т.б.); еңбек қызметінің шарттарын және ұйымдастыруын жүзеге асыру, оның әртүрлі ұстанымы. Қонақ үй бизнесінің саласында қызмет атқаратын қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыруды қарай отырып, басты назар қызметкердің еңбегін бағалау мәселесіне аударылады. Бұл сол арқылы әрбір жұмысшының атқарған еңбегін ұйымдастыру бағасына жағдай жасап, мамандар аппараты барлық ұжымның жұмысын толығымен жақсартады. Одан былай бұл бөлімде кәсіпорын қызметкерлері жұмысына талдау жүргізу кезіндегі барынша маңызды болып табылатын қызметкерді бағалау әдісінің түрлері қаралды.
Үшінші бөлімде «Пірімқұл және Ко» ЖШС кәсіпорыны мен қызметкерлерінің нарықтағы жағдайын талданып, кәсіпорынның жалпы сипаттамасы берілді, барлық бөлімшенің жұмыстары және солар үшін жұмыс істейтін, қызметкерлердің жүйелік міндеттерімен, қызметке жолдануына байланысты қызметтің жұмысы көрсетілді.
Төртінші бөлімде «Пірімқұл және Ко» сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыру шаралары ұсынылды, яғни ИСО 9001 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесінің бөлімдері бойынша жүргізілген талдаудан «Өзін өзі бағалау» кестесі жасалып, «Өрмекші ұясы» диаграммасы тұрғызылды.
Дипломдық жұмыстың бесінші бөлімінде еңбекті қорғау қарастырылған.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде келесі мәселелер алға қойылып, олардың шешімдері анықталды:
· қонақжайлық индустриясында сапа ұғымы түсінігі ашылды;
· қонақ үйлерінің қызмет сапасын талдау тәсілдері жан-жақты қарастырылды;
· қызмет көрсету сапасын басқару жүйесі сарапталды;
· сапа жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігі талданды;
· қызмет сапасын басқару негізін қамтамасыз етіп, қызмет сапасының жоғарылауына әкелетін, қонақ үйдің қызмет сапасын талдау тәсілдері таңдалды.
Қонақ үйлік бизнес басқармасымен үш бағыттың таралуы анығырақ қаралады:
- қонақ үйді толтыруға және максимум таза қонақ үйлік қызмет көрсету (барлық қонақ үйден 22%);
- тапшы менеджмент (56 %);
- бірінші және екінші бағыттағы симбиоз, белгісіз басқару (22%).
Қазақстандағы тек соңғы онжылдықта айтарлықтай нақты толтырылып келе жатқан қонақжайлық өндірісті кәсіпорынның дамуының негізгі тенденциясын төмендегілерге қатыстыруға болады:
- қонақ үйлік және мейрамханалық ұсыныстардың мамандандырылуын тереңдету;
- халықаралық қонақ үйлік және мейрамханалық жолдардың білімі;
- кіші кәсіпорын жүйесін дамыту;
- қонақ жайлық өндіріске жаңа компьютерлік технология енгізу.
Соңғы уақытта дәстүрлі мейманханалардың қатарында және мейрамханалармен қатар туристік нарықтың белгілі бір сегментін ұсынушылардың қызметіне көзделген, тағам және қысқартылған қызмет жиынтығымен арнайы кәсіпорын пайда бола бастады.
Қонақ жайлық кәсіпорынның мамандандырылуын тереңдету қызмет көрсетудің жоғарғы стандартын жылжыту және жасауда маңызды орын алатын, халықаралық байламдағы білім сияқты маңызды тенденциямен тығыз байланысты.
Қонақ үй шаруашылығындағы «сервис» ұғымы қонақтардың алуан түрлі тұрмыстық, шаруашылық, мәдени сұраныстарын қанағаттандыратын жоғары комфорт деңгейін қамтамасыз ететін өлшемдер жүйесін білдіреді.
Бірақ күннен-күнге тұтынушылардың сұранысы да жоғарылауын әрқашан ескеру қажет. Қонақтарды күтудің мәдениеті мен сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қонақ үйдің имиджі де жоғары болмақ. Ал ол қонақ үйдің материалдық жағдайын кеңейтіп, гүлденуіне тікелей әсер етеді.