Ыма туралы түсінік және оның негізгі элементтері.
Ұңғыма-тереңдігі бірнеше метрден бірнеше киллометрге дейінгі және диаметрі 75 мм-ден жоғары болатын, қалыңдығы бойынша тау жынысымен қоршалған дөңгелек қималы тау жынысының өңделуі (иілмелі немесе тік) (1 сурет).
Ұңғыма элементтері: саға – бетке шығу; түп; қабырға немесе оқпан – жақтық бет. Оқпан өсі бойынша сағадан түпке дейінгі қашықтық – ұңғыма ұзындығы, ал остің проекциясы бойынша тікке – оның тереңдігі.
Ұңғымаларды, шарт бойынша, интервалдан интервалға дейін диаметрді кемітумен бұрғылайды. Бастапқы диаметрі әдетте 900мм-ден аспайды, ал соңғысы 75мм-ден көбіне көп болады.
Ұңғымаларды тереңдету сағаның барлық ауданы бойынша жынысты бұзу (жазық бұрғылау) жолымен іске асырылады немесе перифериялық бөлік бойынша іске асырылады (колонкалы бұрғылау). Соңғы жағдайда ұңғыманың ортасында керн қалады (жыныстың цилиндрлік бағанашығы), оны жыныстың өтілген қимасын меңгеру үшін бетке үнемі көтереді.
а, б— тік; в— иілмелі; а, в— жазық бұрғылау; б — колонкалы бұрғылау; 1 — саға; 2 —қабырға (оқпан); 3 —өс; 4 —түп; 5 — керн
Ыма түрлері. Ұңғыманы бұрғылаудың негізгі тәсілдері. Бұрғылау қондырғылары және оның негізгі жабдықтары.
Ыма түрлері.
Регионалдық зерттеу, іздеу, мұнай кенорындарын өңдеу және барлау ұңғымалары келесі категорияларға бөлінеді: а) тіректік; б) параметрлік; в) іздестіру; г) барлау; д) пайдалану.
Тіректік ұңғымалар зерттелген ірі региондардың тереңдікті құрылысының негізгі пішінін меңгеру, шөгінділердің территориалдық және стратиграфиялық бөліну заңдылығын анықтау үшін жобаланады. Ұңғымаларды бұрғылау аяқталғаннан кейін және осы процессте арнайы конструкциямен қарастырылған зерттеулер комплексі жүргізіледі. Тіректік бұрғылаудың қорытындысында мұнай және газдың болжамдық қорына баға беріледі.
Параметрлік ұңғымалартереңдікті ескіруді меңгеру және мұнайгазжиналудың мүмкін аймағындағы мұнайгаздылықтың перспективаларын салыстырмалы бағалау үшін тұрғызылады. Тіректік ұңғымаларға қарағанда іздестіру жұмыстарыны тездету және негізгі геологиялық тапсырмалары шешуге зақым тигізбей олардың құнын төмендету мақсатымен бұл ұңғымалар керннің қысқартылған таңдалуымен бұрғыланады. Параметриялық ұңғымаларды бұрғылаудың қорытындысында жорамалдық қорлар дәлденуі және С2 категориялы газ бен мұнай қоры анықталуы мүмкін.
Іздестіру ұңғымаларыпараметрлік бұрғылаудың және жаңа аудандарда мұнай және газ шөгінділерінің болу немесе болмауын анықтау үшін геофизикалық жұмыстардың берілгендері бойынша жобаланады. Ұңғымаларды өткізу кезінде мүмкін өнімділік жиегінің шөгінде және стратиграфиялық бөлімнің шекарасында керннің толық жиналуы, сонымен қатар салалық-геофизикалық зерттеулер жиынтығын жүргізу мен мүмкін өнімділік жиекті байқау қарастырылады. Іздеу ұңғымаларын бұрғылау кезінде С1 және С2 категориялардың қорлары анықталуы мүмкін.
Барлау ұңғымаларыіздеу бұрғылауы кезінде олардың мұнайгаздылығын анықталғаннан кейін аймақтарда бұрғыланады. Бірінші деңгейде (алдынала барлау) мұндай ұңғымаларды бұрғылау мақсаты - олардың барлауының экономикалық мақсаты жайында технико-экономикалық баяндамаларын (ТЭБ) құрастыру. ТЭБ-ті бекіткеннен кейін екінші деңгейдің мақсаты (бөлшектік барлау) - (А + В + С) өндірістік категорияларының қорын дайындау және кенорынның (шөгіндінің) өндірілуінің жобасын тұрғызу үшін берілгендерді жинау.
Барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде өнімділік шөгінде кернді жинау, салалық-геофизикалық жиынтығын жүргізу, сонымен қатар жақтық грунтпен кернді жинау мен алдын-ала пайдаланудан тұратын жиекетерді байқау қарастырылған.
Өндіріске ендірілетін кенорындарда өнімділік барлау ұңғымалары пайдалану қорына беріледі.
Пайдалану ұңғымалар мұнай және газ кенорындарының өңделу жобасына сәйкес бұрғыланады. Бұл категорияға сонымен қатар айдау, бағалау, бақылау және пьезометриялық ұңғымалар кіреді. Пайдалану ұңғымалар өңделетін шөгіндіден мұнай мен газды алу үшін арналған; айдау – өнімділік қабатқа суды, газды және ауаны айдау үшін арналған; бағалау – өнімділік жиектердің коллекторларын бағалау үшін; бақылау және пьезометриялық – ұңғыманы пайдалану процесінде мұнайгаз жанасуының, қысымның өзгеруін жүйелі түрде бақылау үшін арналған.
Арнайы ұңғымалар.Мұнай және газ өндірісінде сонымен қатар кәсіптік суларды лақтыруға, мұнай мен газдардың ашық фонтандарын жоюға, жерасты суқойнауларына арналған құрылымды дайындауға және оларға газды айдауға, техникалық суларды барлау мен алуға арналған арнайы ұңғымалар бұрғыланады.