Ташриқ тәкбірі қанша мәрте айтылады?

Парыз намаздарынан кейін бір мәрте айтылады. Нәпіл, үтір және жаназа намаздарынан кейін айтылуы уәжіп емес.

Кімге уәжіп?

Ташриқ тәкбірін мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз атқарылған әр парыз намазының артында ер адамдарға да, әйел кісілерге де бір мәрте айту уәжіп. Бұдан көбірек айту мустахап. Ер адамдар тәкбірді көтеріңкі дауыспен, ал әйел кісілер іштерінен айтады. Айт намазы мен үтір намазынан кейін айтылмайды. Сол секілді тұрғылықты кісіге де, жолаушы кісіге де парыз намазынан кейін ташриқ тәкбірін бір мәрте айту уәжіп. Намазға кешігіп қосылған кісі де өткізіп алған рәкәттәрін толықтырған соң тәкбір айтады. Ибн Омар мен Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оларға разы болсын, Арафа күні таңертең Минадан Арафаға барғанда жолаушы бола тұра ташриқ тәкбірлерін айтатын[729].

Үмму Ъатия, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Тіпті етеккір күйдегі әйел кісілер айт күні үйлерінен шығып, намаз оқымаса да, ер адамдардың арт жағында тұрып, адамдармен бірге тәкбір айтатын»[730].

Намаз аяқталғанда кімнің дәреті бұзылса, ташриқ тәкбірлерін дәретсіз айтуына болады.

Ташриқ тәкбірінің бейнесі:

" الله أكبر الله أكبر لا إله إلا الله الله أكبر الله أكبر ولله الحمد "

«Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар. Лә иләһа илләллаһу Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уа лилләһил-хамд»

Бұған қосымша мына сөздерді де айтса болады:

" الله أكبر كبيرا والحمد لله كثيرا وسبحان الله وبحمده بكرة وأصيلا لا إله إلا الله وحده صدق وعده ونصر عبده وهزم الأحزاب وحده لا إله إلا الله ولا نعبد إلا إياه مخلصين له الدين ولو كره الكافرون . اللهم صل على سيدنا محمد"

«Аллаһу әкбару кабира(у) уалхамду лилләһи касира(у) уа субханаллаһи букратау-уа асила. Лә иләһа илләллаһу уахдаһу садақа уаъдаһу уа насара ъабдаһу уа һазамал-ахзаба уахдаһу. Лә иләһа илләллаһу уа лә наъбуду иллә иййаһу мухлисина ләһуддина уа ләу кариһал-кафирун. Аллаһумма салли ъала саййидина Мухаммад»

Сол секілді зүлхижжа айының алғашқы он күнінде тәкбір сөздерін айту ұнамды. Әбу Һурайра мен Ибн Омар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, зүлхижжаның алғашқы он күнінде базарға қарай шығып, тәкбір сөздерін айтатын. Оларға еріп, адамдар да тәкбір айтатын[731].

Он үшінші бөлім:

Жолаушы намазы

Науқас кісінің намазы

Ауіп намазы

Бірінші: Жолаушы намазы

Жолаушы намазының үкімдерімен танысар алдын, алдымен, сапар түрлерін баяндайық. Сапар түрлері:

1 - Құлшылық сапары. Бұған қажылық сапары мен Аллаһ жолындағы күреске аттану сапары жатады.

2 - Мүбах сапар. Бұған саудалық немесе демалыс сапары жатады.

3 - Күнәлі сапар.

Жолаушыға тән үкімдер

1 - Рамазан айында ауыз ашуына рұқсат.

2 - Мәсіге жасаған мәсх мерзімі үш тәулікке созылуы рұқсат.

3 - Жұма намазының, айт намаздарының және құрбан шалу уәжіптері мойнынан түседі.

4 - Төрт рәкат намазды екі рәкат етіп қысқартып оқуы ләзім.

5 - Қауіптенген жағдайда намазды соңғы уақытына кешіктіріп оқуына болады.

Намазды қысқартып оқу

Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:

﴿وَإِذَا ضَرَبْتُمْ فِي الأَرْضِ فَلَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَن تَقْصُرُواْ مِنَ الصَّلاَةِ إِنْ خِفْتُمْ أَن يَفْتِنَكُمُ الَّذِينَ كَفَرُواْ إِنَّ الْكَافِرِينَ كَانُواْ لَكُمْ عَدُوّاً مُّبِيناً﴾

«Және жер кезіп, сапар шеккен кездеріңде кәпірлердің сендерге зиян тигізуінен қауіптенеңдер, намазды қысқартып оқуларыңда сендерге күнә жоқ. Әрине, кәпірлер сендерге ашық дұшпан»[732]. Бұл аятта намазды қысқартып оқуға рұқсат ететін шарт - дұшпаннан болсын, қарақшылардан болсын қауіп сезу. Жалпы, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) бүкіл сапары қауіпті болатын. Яъла ибн Умаййа Омардан: «Қазіргі жағдайымыз қауіпсіз емес пе? Намазды неге қысқартып оқимыз?»-деп сұрағанда Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, оған былай дейді: Мен бұл туралы пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам) сұраған едім. Сонда ол былай деді: «Бұл - Аллаһ тағаланың сендерге берген садақасы. Садақасын қабыл алыңдар!»[733].

Намазды қысқартып оқу дегеніміз – төрт рәкат парыз намаздарын екі рәкат етіп оқу. Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(فرضت الصلاة ركعتين ركعتين، في الحضر والسفر، فأقرت صلاة السفر، وزيد في صلاة الحضر)

«Негізінде, намаздар тұрғылықты кісіге де, жолаушы кісіге де екі рәкәттік бейнеде парыз етілді. Кейін жолаушы намазы сол бейнеде қалып, тұрғылық намазына тағы екеуі қосылды»[734].

Сүннет намаздарын жолаушы кісі жағдайына қарай өз қалауынша оқиды. Егер сапар түрі демалыс болса, оқығаны абзал. Сапар түрі шұғыл болса, оқымауына болады. Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) ешбір сапары демалыс үшін болмаған, керісінше бейнетке толы болатын. Сол себептен Ибн Омардың, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтуынша: «Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) серік болғанымда, сапарда нәпіл оқымайтын»[735].

Кімі

Ибн Аббас,Аллаһ тағала оған разы болсын, оған былай дейді:

(فرض الله لصلاة على لسان نبيكم في الحضر أربع ركعات و في السفر ركعتين وفي الخوف ركعة)

«Аллаһ тағала пайғамбарларыңның тілімен намазды тұрғылықты жағдайда төрт рәкәт, сапарда екі рәкәт және қауіпті жағдайда бір рәкәт етіп[736] парыз етті»[737].

Жоғарыда айтылған хадистердің негізінде жолаушы кісіге төрт рәкат парыз намаздарын екі рәкат етіп қысқартып оқу - ханафи мәзһабінда, - уәжіп. Ал қысқартпай толық оқу - мәкрүһ тахриман.

Наши рекомендации