Бап. Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері

1. Бастықтың әскери қызмет міндеттерін орындауы кезінде немесе осы міндеттерді орындауга байланысты оган қатысты жасалган урып-согу, денсаулыққа жеңіл зиян кел-тіру немесе өзае де куш қолдану -

2. Мынадай:

1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

2) қару қолданып;

3) денсаулыққа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіріп жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган, ұрыс жагдайында немесе төтенше жагдай кезінде жасалган, сол сияқты адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, сотые уақытында жасалған іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан алғанда бастықтың эскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты оган қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану эрекеттері екі түрлі жағдайда: 1) бастықтың эскери қызмет міндеттерін атқару кезінде 2)немесе осы міндет-терді атқаруына байланысты жүзеге асырылады.

Әскери қызмет міндеттерін атқару деп бастықтың ұрыс эрекеттеріне қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, эскери кезекшілікті атқаруы, қызметтік жағдайына бай­ланысты эскери бөлімнің аумағында белгіленген уақыт ішінде міндетін өтеуі, қызметтік іссапарда болуы кезінде өз борышын өтеуін айтамыз.

Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-эрекеттеріне кінэлінің оның кызмет бабын атқаруына көңілі толмаудан немесе одан кек алу, я болма-са басқадай өзара қақтығыстықтан пайда болған өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген кылмыс бастықтың қызмет бабына байланысты жасалады. Жэне оған қарсы күш қолдану әрекетімен үласады. Күш қолдану ү_рып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян кел-тіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап қою, бетін тырнау т.с.с) арқылы көрініс табады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жаса­лады.

Дэл сол эрекеттер:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы топ жасаса;

б) қару қолданып жасаса;

в) денсаулывда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардап-тар келтірсе, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. Бү_л көрсетілген жағдайлардың түсінігіне ҚК-тің 438-бабын талдағанда тоқталғанбыз.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кылмыстық топ жасаған, үрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған. Сол сиякты адам өліміне экеп соққан эрекеттер көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түрі болып табылады (469-баптың 3-тармағы).

Соғыс уақытында бастыққа қатысты күш қолдану іс-эрекеттері үшін жауаптылық ҚК-тің 469-бабы 4-тармағында белгіленген.

Бап. Эскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу

1.Әскери қызметшілер арасында багыныштылық қатынастар болмаган кезде олардың арасындагы өзара қарым-қатынастардың жаргылың ңағидаларын жәбірленушіні урып-соғудан, денсаулыгына жеңіл зиян келтіруден немесе өзге де иүш қолданудан көрінген не оның абыройы мен қадір-қасиетін түсіруге немесе қорлауга байланысты бұзу -

2. Бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) екі немесе одан да көп адамга қатысты;

2) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арңылы адамдар тобы жасаган;

3) қару немесе арнайы құралдар қолданып;

4) денсаулыққа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіріп жасалган іс-әрекеттер –

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаган не адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы бойынша бір-бірінің арасында бағыныштылық катынастары болмаған кезде эскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жэбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу арқылы сипатталады.

Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде эскери қызметшілердің арасындагы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, Бұл ережелерді бұзып осы баптың диспозициясында көрсетілген эрекеттердің біреуін істеу көрсетілген қылмыстық қү_қық бү_зушылықтың құрамын құрайды.

Бір-біріне бағынышты емес эскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастарын рет-тейтін жарғылық ережелерді бү_зу деп, бір эскери қызметшінің басқаларға қызметке байла­нысты немесе олардың ең болмағанда біреуінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде, сондай-ақ басқа да жағдайлар кезінде, бірақ эскери ұжымға көрінеу құрмет көрсетпеуге, бөлімшенің ішкі тэртібін өрескел бұзуға ұласқан ҚК-нің 440-бабының диспозициясында көрсетілген күш көрсету түсініледі. Күш қолдану - эскери қызметшіні ұрып-соғу жэне денесін ауырту, сондай-ақ масқаралау, ар-ождан мен кадір-қасиетін кемсіту, азық-түлікті,

арнайы киім бұйымдарын, сондай-ақ эскери қызметшіге берілген заттар жэне өзге де қажеттілік мүліктерін алып қою немесе айырбас жасау түрінде болуы мүмкін.

Мүліктік некелік-отбасылық жэне басқа да азаматгық қүқықтық катынастарға неме­се міндеттемелерге байланысты күш қолданушылық, әскери-қүдықтық тэртіпке қатысы жоқ жеке адамға, бөтеннің мүлкіне карсы қылмыстар жэне эскери қызметке катыссыз қылмыстық кұкьіқ бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделген ҚК-нің баптары бойын-ша сараланады.

Дәл сол әрекеттер:

Бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз, 440-бабының 2-тармағы).

1) екі немесе одан да көп адамға катысты жасалса;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (ҚК-тің 31-бабы).

3) қару немесе арнайы құралдар қолданып жасаса;

4) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлыктағы зиян келтірсе (ҚК-тің 106, 107-бабы), осы талданып отырылған қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (440-баптың 3-тармағы).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» каулысының 7-тармақшасына сәйкес:

ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстың бірне-ше рет жасалу белгісі бойынша, егер адам бұрын жасаған эрекеті үшін жауаптылықтан босатылмаса не ол үшін соттылығы алынбаса, не жойылмаса жэне қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі етпесе, әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін екі немесе одан да көп бұзу деп саралау қажет.

Қылмыстың жалғаспалы белгісі болмаған кезде эр түрлі уақытта белгілі бір адамға қатысты жасалған эрекеттер бірнеше рет жасалған әрекеттер деп саралауға жатады.

Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған қылмыстық кдмылдар бір ниетпен қамтылып жалғасқан болса, бірақ эр түрлі себептермен бір мезгілде жүзеге аспаса, бір уақытта, сол секілді эр мезгілде бірнеше адамдарға қатысты жасалған эрекет деп таны-лып, ҚК-нің 440-бабы екінші тармағының 2) тармақшасы бойынша саралауға жатады. Осы орайда соттар кінэлінің ниетінің бағытталуын, жасалған қылмыстың нақты мэн-жайын жэне оның себептерін, эр түрлі жэбірленушілерге қатысты жасалған эрекеттердің арасындағы уақыт шегінің ұзақтығын жэне т.б.зерттеуі тиіс.

Осы баптың бірінші, екінші жэне үшінші тармақтарында көзделген қылмыстық топ жасаған не адам бөліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан әрекеттерге (440-баптың 4-тармағы) талданып отырылған қылмыстың өте ауырлататын түріне жата­ды. Ауыр зардаптарға жэбірленушінің денесіне ауыр дене жарақатын келтіру, абайсы-зда кісі өлімінің болуы, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-эрекеттен қасақана кісі өлтіру болса, онда іс-эрекет Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша саралануға жатады.

§3. Эскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстық

құқық бүзушылықтар

Наши рекомендации