Тақырып 5. Жүккөтергіш машиналардың жалпы құрылысы және жіктелуі.
Мақсаты: Бөліну белгілерімен және жүккөтергіш машиналардың құрылымымен таныстыру.
Жоспар
1. Жүккөтергіш машиналардың жіктелуі.
2. Жүккөтергіш машиналардың құрылымы және қолданылуы
Жүккөтергіш машиналар циклдік жұмыс машиналары болып табылады, олар көтеру, түсіру және кеңістікте жүктің орнын ауыстыруға бағытталған. Ауыл шаруашылық өндірісінде жалпы қолданысты жүккөтергіш машиналарды негізінде бүтін жүктерді тасымалдауға қолданады. Сусымалы, тесекті, байланған жүктерді тасымалдау үшін периодтық әрекетті арнайы тиегіштерді қолданады.
Жүккөтергіш машиналар былай жіктеледі:
құрылымы бойынша – көтергіш құрылғылар (домкрат, шығыр, ілгек), крандар (автомобильдік, мосылы, белдікті) және тиегіштер (бүгіпалмағышты, автотиегіш);
беріліс түрі бойынша – қолдық, машиналық және аралас;
тасымалданатын жүктің қозғалыс бағыты бойынша – вертикальді, горизонтальді және аралас (күрделі траекториялар бойынша).
Кішкене биіктікке (0,15 ... 0,7 м) жүкті көтеруге арналған домкраттарды (1 а суреті) көбінесе жөндеу және құрылыс - құрастырушы жұмыстарда қолданады. Домкраттың басқа жүккөтергіш машиналардан басты айырмашылығы: ол жүкті жүк қармағыш құрылғыларсыз көтереді. Кейбір домкраттар жүкті кішкене қашықтыққа горизонтальді бағытта тасымалдай алады. Домкраттардың берілісі қолдық және механикалық бола алады.
Ауыл шаруашылығында бұрандамалы(2,а суреті), тақтайшалы (2,б және г суреті ) және гидравликалық домкраттар кең тараған.
Жалпы қолданысты домкраттар жүкті қолдық беріліспен кішкене биіктікке (0,2...1м) көтеруге арналған, сондықтан жүк баяу көтеріледі. Жиі және жылдам көтеру үшін арнайы электрлік берілісті домкраттар қолданады.
Тақтайшалы домкраттарды машина бөлшектерін немесе құрылымын орнату жұмыстарында немесе оларды кішкене қашықтыққа орнын ауыстырғанда қолданады.
Тақтайшалы домкраттардың жүк көтергіштігі 5 т, П.Ә.К. 0,8-ге дейін жетеді. Бұл домкраттағы моменттердің негізгі арақатынасы келесі:
Тгр=Тр и η,
Мұнда Тгр = - тістідоңғалақ білігіндегі жүктің ауырлық күшінің моменті; m- домкраттың жүк көтергіштігі; dш- тістідоңғалақ диаметрі; Тр=Fрl- жұмысшының тұтқаға жұмсайтын Fр күш моменті; и – механизмнің беріліс саны.
1 сурет. Жүккөтергіш машиналар және механизмдер:
А – домкрат; б – шығыр; в – ілгек; г – автомобильді кран; д – мосылы кран, е – белдікті; ж – бүгіпалмағышты тиегіш; з - автотиегіш.
Қолданылуы бойынша домкраттар жалпы қолданысты, арнайы және машинаға орнатылған болып бөлінеді.
2 сурет. Домкраттар:
а - бұрандамалы; б - тақтайшалы- бұралаңтісті; в- гидравликалық; г- тақтайшалы- шаппалы; 1 и 21 – тұтқалар; 2- серіппе; 3- тірек; 4- ось; 5-екіжақты ілмешек; 6- шаппалық; 7 и 14- бұрандамалар; 8- негізі; 9- цилиндр; 10- белбау; 11- піспек ұштамасы; 12- шағыніспек - бұрандалық; 13- қорап; 15- күбі; 16- құюшы тесік тығыны; 17- буат; 18- бағыттаушы басы; 19- тірегіш басы; 20- тесік; 22- қайтақосқыш бітеме.
Осыдан, тұтқаға жұмсайтын күш Fр=
Тұтқаның айналу жиілігі п ≤0,25 с-1
2 б суретінде қаңқаны көтеру және тіреу үшін пайдаланатын машинаға орнатылған тақтайшалы -бұралаңтісті домкраттың құрылымы көрсетілген. Жылжымалы тақтайшалы - шаппалы домкраттың құрылымы (2г) тасымалдағышқа арналған тірекчгіш қозғалмалы бағана болып келеді.
Жалпы қолданыстағы бұрандалы домкраттарды 25 т дейінгі жүктерді көтеруге арналған, сондай-ақ машинаға орнатылған арнайы құрылғы ретінде пайдаланылады. Олардың арнайы тежегіш құралдары жоқ, өйткені олардың бұрандасы сызығының көтерілу бұрышы 4…5˚ болатын өздігінен тежелетін бұранда. Мұндай домкраттардың П.Ә.К. 0,3...0,45 – тен аспайды. Домкратты қозғалтпай - ақ көтеру биіктігін өсіру үшін екі бұрандалы жылжымалы құрылғыларды пайдаланады.
Егер де көтерілген жүкті 150 ... 400 мм-ге жылжыту керек болса, онда сырғанайтын шамаға орнатылған домкраттарды қолданады. ( 2 а суреті)
Жөндеу шеберханаларында бұрандалы домкраттар көп пайдаланылады, олардың бәрі автомобильдерді, трактор мен комбайндарды көтеруге бейімделген арбалар мен мосыларға орнатылған.
Қысыммен істейтін домкраттар механикалық домкраттардан жоғары жүк көтергіштігімен, өте жоғары П.Ә.К. ерекшеленеді, көтеру мен түсіру бірқалыпты, кез – келген жағдайда тоқтату мүмкін.
Ауыл шаруашылығы машиналарында гидравликалық құрылғылар ретінде гидроцилиндрлер пайдаланады, олар тез көтереді және жылжу қашықтығы үлкен. Бұл жұмысшы сұйықтықты цилиндрлерге жіберетін насостың механикалық берілісін пайдалану арқасында болады.
Гидравликалық домкраттар кәдімгі және жылжымалы болып бөлінеді.
Машинаға орнатылған көтергіш құрылғылар үшін гидроцилиндрлердің үлгілі құрылғыларын пайдаланады.
Жұмыс уақытында домкратты жүктің не машинаның астына қойып, тұтқаны бұрау арқылы көтергіш цилиндрге сұйықтық жібереді. Өткізгіш бітемеді босатқан кезде, түсіп келе жатқан жүк, сұйықты қайтадан күбіге жібереді.
Жылжымалы домкраттың кәдімгі домкраттан айырмашылығы ол бірінің ішіне бірі кіріп тұратын екі поршеннің арқасында жүкті екі есе биіктікке көтере алады.
Жылжымалы гидроцилиндрлерді автомобиль-өзітүсіргіш пен тасымалдау арбаларына орнатылған гидрокөтергіштер ретінде пайдаланады.
Тартқыш жұмыс элементі ретінде арқан немесе шынжыр пайдаланатын жүк көтергіш машиналарын шығыр ( 1 б суреті) деп атайды. Шығырлар жүктерді жазықпен немесе көлбеу жолмен көтеру және қозғалту, жөндеу, құрылыс – орнату, жүктерді тасымалдауды механикаландыру үшін арналған. Шығыр деп сондай-ақ, жүк көтергіш крандар мен көтергіштердің көтеру механизмдерін, темір арқан мен шынжыр қолданылатын механизмдерде шығарым ұзындығын өзгерту және крандардың арбаларын қозғалтуға пайдаланатын механизмді атайды.
Шығырларды өзінше механизм ретінде және күрделі жүк көтергіш машиналардың құрамды бөлігі ретінде пайдаланады.
Шығырларды келесі белгілері арқылы ажыратады:
тарту құралы арқылы – арқанды және шынжырлы:
беріліс түріне қарай – қолдық беріліс және механикалық беріліс (электрлік немесе іштен жану қозғалтқыштарынан);
беріліс механизмі бойынша – тісті, бұралаңтісті, шынжырлы және үйкелісті берілістері. Шығырлар дабылды жалғағышның көмегімен ағытылмайтын және ағытылатын болып бөлінеді;
жұмыс дабылдарының санына қарай – бір, екі және көп дабылды;
жұмыс сүлбесінде қарай – бір жақты қимыл және бағыт өзгерткішті; соңғыны мал фермаларында, астық және минерал тыңайтқыштар тасымалдау және жүк аудару жұмыстарын механикаландыруда пайдаланады;
жасалуына қарай – тұрақты (жер немесе қабырға), қозғалмалы және трактор, автомобиль, арнайы арбалармен қозғалатындар.
Шығырдың құрылымына қойылатын негізгі талаптар: жұмыстағы сенімділігі, жоғары өнімділігі, құрылғы мен оны күтудің қарапайымдылығы, салмағының аздығы және қозғалту мүмкіндігі.
Үйкелісті жалғағышты шығырлар іштен жанатын қозғалтқыштың берілістерімен жұмыс істей алады.
Электроқозғалтқыштарымен жұмыс істегенде реерсия кезінде баяу қосылу үшін электрқозғалтқышын қоспауға болады. Ауыр салмақ түскен кезде жалғағыш тежеліп механизмді сынудан сақтайды.
Үйкелісті тежеуішсіз тісті берілісті шығырлар жүктің қауіпсіз түсірілуін қамтамасыз етеді.
Оларды қозғалту үшін арнайы кран электроқозғалтқыштары қажет, қосу моменті өте жоғары (қалыптыдан 2...3 есе жоғары).
Мемлекеттік қалалық техника бақылау ережесі бойынша қол берілістік шығырлар қауіпсіз тұтқамен немесе тежегіштермен жабдықталуы керек.
Қол, қабырға, жер, аспалы және ауыспалы шығырлардың жүк көтергіштігі 500 ... 1000 кг болады, тұтқадағы күш 100 ... 300 Н
500кг шығырдың жабық қорапты планетарлық берілісі болады. Механизмнің беріліс санының және П.Ә.К. – нің мәні өте жоғары және қауіпсіздік тұтқасы болғанда бұл шығыр жұмыста өте ыңғайлы.
Жеке механизм ретінде шығырларды сирек пайдаланады: көбіне олар күрделі машиналардың құрамында болады. Шығырларды әртүрлі жұмыстарда пайдалануға болады: моторланған қол шығыры – сымдар мен қоршауларды тарту, машиналарды тартып шығару үшін; екі дабылды – крандарды бұру үшін, жем үлестіретін және нәжіс шығарушы құрылғыларда және т.б.
Жоғары өткізгіш автомобильдердің қаңқасының алдыңғы жағында шығыр орнатылған, ол өзін-өзі тартуға, басқа автомобильдерді тартуға, жүктерді қозғауға арнаған. Автомобильге жебемен портал орнатқанда шығырды көтеру механизмі ретінде пайдаланады. Ең жоғары тартқыш күші 45 кН.
Шығырларды (тракторларға ілген кезінде) қопару, ысырғыштармен және сукөтергіш механизмдермен жұмыс істеуге пайдаланады.
Ілгек ( 1 в суреті) – темір аспалы белдіктерге ілінген немесе арнайы арбаларға орнатылған, аспалы біртөстік жолмен қозғалатын қозғалмалы жүк көтергіш құрылғы. Ілгектер жүкті тілімді немесе дәнекерленіп өлшемделген шынжырлар көмегімен көтереді, олар берілісті жұлдызшалар арқылы қозғалысқа келтіріледі.
Жүк шынжыры 2,3, анда-санда 4 қатарлы болып келеді. Олар құрылыс – орнату, жөндеу және т.б. жұмыстарда пайдаланылады. Ілгекті іліп қоюға үш аяқты, мосылы тірегі және аспалы жолдар қолданылады.
Ілгектер құрылымына қарай: бұралаңтісті мен тісті доңғалақтар; беріліс түріне қарай: қол, электрлік, ауаағынды және гидравликалық болып бөлінеді.
Ілгектің П.Ә.К. жоғарылату үшін бұралаңтіс өзін-өзі тежемейтін болып істелген (бұранда сызығының көтеру бұрышы 16....20). Кез – келген биіктікке жүкті дискілі тежегіш ұстап тұрады.
Бұралаңтісті ілгектің пайдалы әсер коэффициенті орташа 0,6-ға тең, тарту күші 0,3...0,7 кН, көтеру жылдамдығы 0,01 ... 0,002 м/с, беріліс шынжырының жылдамдығы 0,5 м/с болғанда.
Планетарлы тісті өзгерткішті тісті ілгектер үшін жүк көтеру жылдамдығының жоғары жылдамдық, (0,07 ... 0,8) П.Ә.К., және құрылғының ықшамдылығы тән. Жүк берілген биіктікте бұрандалы диск тежегішімен бекітіледі. Жүкті көтерген кезде тежегіш ұстағышы шаппалықтың айналуына кедергі жасамайды, жүк түсірген кезде ол шаппалықтың тісіне тіреледі, бірақ беріліс доңғалағының бұрандада айналуы кезінде тежегіш босатылады да, жүк ақырын төмендейді.
Бұл ілгектердің жүк көтергіштігі 0,5 ... 4 т, тарту күші 0,26 ... 0,55 кН, жүк көтеру жылдамдығы 0,003 ... 0,02 м/с, тарту шынжырының қозғалу жылдамдығы 0,5 м/с болғанда.
Жүк көтергіштігі 0,5 .... 5 т электрілгектер көп таралған, ықшам және пайдалануға жеңіл. Олардың көтеру жылдамдығы (0,008 ... 0,4 м/с) жүк көтергіштігіне және жұмыс жағдайына байланысты. Азғана жылдамдықпен жұмыс істеуге өте аз көтергіш пайдаланылады. Жүк көтеру биіктігі 40 м дейін.
Қалыпты жұмыс режимі ПВ – 25% болғанда. Монотөстікпен тасымалдау жылдамдығы 0,5 м/с – ке дейін, кран – белдеумен 0,25 м/с. Электрілгектер әртүрлі жүкқармағыштар мен бүгіпалмағыштармен сусыма жүктерді тиеу кезінде жұмыс істейді. Өндіріс кәсіпорындарында, құрылыс алаңдарында, өзен және теңіз айлақтарында, темір жол тасымалында механикаландыру құралдарының көп тараған түрі жүк көтергіш крандар болып табылады. Крандар жүк көтеру, оларды азғантай қашықтыққа қозғалту және жүк қармағыш құралдар көмегімен түсіру жұмыстарын атқарады. Кран құрылымы жүк қармағыш құрылғылардың жұмыс қозғалыстарын (көтеру - түсіру) немесе жебенің бұрылыс платформасының айналумен қатар істей алады.
Автомобиль крандары (1 г суреті) – көп таралған өздігінен жүретін жебелі крандар. Крандардың орнықтылығын қамтамасыз ету үшін, оның қозғалмайтын бөлігі шықпалы тірегі бар, тірк ауданын ұлғайтатын қаңқамен жабдықталған. Шықпалы тірексіз жұмыс істеу үшін, артқы белдіктің жұмсартқыштарын уақытша жұмысқа қоспау үшін арнайы құрылғы – тұрақтандырғыш қолданылады.
Мосылы крандар ( 1 д суреті) кранның жүру дөңгелектері орналасқан кранның жүру арбаларына орнатылған тіректермен қосылған белдікті құрылым. Жұмыс кезінде олар жер бетіндегі төстік жолына немесе тегіс, қатты еденге сүйенеді: асфальт, бетон, ағаш еден. Мосылы крандардың барлық механизмдерінің жылдамдықтары жұмыс жылдамдығы болып табылады, себебі кран мен арбаның қозғалу механизмдері көтерілген жүкпен жұмыс істей алады. Мосылы кранды басқару тұрақты немесе қозғалмалы болып істелген кабинадан басқарылады.
Белдікті крандар халық шаруашылығының әртүрлі салаларының ішкі цехтық және ішкіқоймалық тиеу-түсіру жұмыстарында қолданылады. Олар негізгі екі түйіннен тұрады: цехтық өне бойымен қозғалатын белдіктан және кран арбасы немесе ілгектен.
Белдікті крандардың нгізгі қасиетіне кран төстіктерінің осьтерінің ара қашықтығы болып табылады. Кранды басқару көбінесе кабинадан басқарылады.
Тиегіштер тиеу-түсіру жұмыстары мен ұсақ және сусымалы жүктерді тасымалдауға қолданылады.
Анда – санда ұсақ және сусымалы жүктерді тиеуге және сусымалы жүктерді үзілісіз тиеуге пайдаланатын тиегіштер болады. Өте көп таралғаны арнайы қаңқаға орнатылған анда – санда қолданылатын бүгіпалмағыш тиегіштер ( 1 ж суреті) және автотиегіш ( 1 з суреті).
Бүгіпалмағышты тиегіш өздігінен жүретін машинаға (көбінесе трактор) орнатылған бүгіпалмағыш. Тиімділікті арттыру үшін бүгіпалмағышты тиегіш қосымша құрылғылармен жабдықталған: бульдозерлі күрек, тіркеу құралымен. Автотиегіштерде іштен жану қозғалтқыштарының берілістері ауаағынды доңғалақтар бар. Трансмиссиясы автомобильдің түйіндері негізінде жасалған.
Машиналардың негізгі мінездемелері: жүк көтергіштігі (25 кг-нан 10 т дейін, ГОСТ 1575-81); көтеру, қозғалту және бұрылыс жылдамдығы; көтеру биіктігі; аралық; ұзындығы; көлемі; салмағы, қуаттылығы, негізі.
Дебиет.
1. Красников В.В. Подъемно-транспортные машины. М.: «Агропромиздат». 1987 – 272 с.
2. Александров М.П.Грузоподъемные машины. М.,Высшая школа.1986–400 с.