Азақтардың шаруашылығы.

Жоспар: 1. Мал шаруашылығы. Егіншіліктің дамуы.

2. Әлеуметтік топтарға сипаттама.

3. Әскери іс және қару-жарақ.


Мал шаруашылығы. Егіншіліктің дамуы. Қазақтардың негізгі кәсібі болған мал шаруашылығы оларды тамақ өнімдерімен, киіммен және тұрғын үй материалымен қамтамасыз етті. Негізінен қой, жылқы және түйе өсірілді. Мал жеке отбасының меншігі болып саналды. Жайылымдық жерлерді көшпелі қоғамның еркін мүшелері қауымдасып пайдаланды. Ұлыс халқын құрайтын рулар мен тайпалардың жайылымдары ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Көші-қон ережелері сан ғасырлық тәжірибемен жинақталды. Жыл маусымдарына сәйкес жайылымдардың үлгілері қыстау, көктеу, жайлау және күзеу болып бөлінді.

Қазақ хандығының аумағында егіншіліктің даму дәрежесі әркелкі болды. Ежелден егіншілікпен айналысқан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда егін шаруашылығы маңызды орын алды. Қазақтар негізінен тары өсірді, бидай мен арпа аз егілді. Көшпелілер егіншілікке экономикалық қажеттіліктің қысымымен ауысып отырды, яғни отырықшылыққа ең алдымен малынан айырылған кедейлер көшкен.

Әлеуметтік топтарға сипаттама. Кейінгі орта ғасырлардағы қазақ қоғамының негізгі әлеуметтік топтары – ақсүйектер мен қарасүйектер. Олар экономикалық, саяси және құқықтық белгілері жағынан бір-бірінен ерекшеленді. Ақсүйектерге сұлтандар (төре, оғлан) деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар ғана жататын еді. Хан тағына отыру құқығын тек Шыңғыс ұрпақтары ғана иеленді. Сұлтандар өздерін түрік-монғол тайпаларының ешқайсысына жатқызбады. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің барлығы қарасүйек саналды. Шыңғыс ұрпағына жатпайтын ру-тайпа шонжарлары ақсүйектерден бір саты төмен тұрды. Қарапайым көшпелі малшылар қоғамдық сатының төменгі қатарына орналасты. Бас бостандығы жоқ құлдар ерекше топты құрады.

Әскери іс және қару-жарақ. Әскери дәстүрлер көшпелілердің өмірінде маңызды орын алды. Қару алып жүру еркін қауым мүшесінің құқығы ғана емес, тіпті міндеті де болған. Халық жиналысына қарусыз келген еркек дауыс беру құқығын иелене алмады. Көшплеі қазақтарда тұрақты әскер болған жоқ, қажет болған жағдайда рулық-тайпалық жасақтар жиналды. Рулық-тайпалық қосынды рубасы басқарды, мұндай қосындар ұлыс әскерін құрады. Біріккен әскердің жоғарғы қолбасшысы хан болды. Деректерге талдау жасау қазақ әміршілерінің атты әскерлерінің саны орта есепппен 30-50 мың адам болғанын көрсетеді. Кейінгі орта ғасырларда қазақтардың негізгі қаруы қылыш, садақ, айбалта, шоқпар, күрзі, найза болатын. Шайқастағы жеке басының ерлігі мен соғыс қимылдарына шебер басшылық еткені үшін батыр атағы берілген.
ОБСӨЖ тапсырмалары.

1-тапсырма. Мына ұғымдар мен терминдерге түсініктеме беріңіз.

ақсүйектер, қарасүйектер, сұлтан, төре, қожа, би, ақсақал, батыр, төлеңгіт, тағар, құшыр, қалан, баж, зекет, харадж, сауын, сыбаға.


2-тапсырма. Сызбаны толтыру.

азақтардың шаруашылығы. - student2.ru
3-тапсырма. Талқылауға арналған сұрақтар.

1. Ұлыстық басқару жүйесіне сипаттама жасаңыз.

2. Қазақ хандығында ақсүйектер категориясына кімдер жатты ?

3. Қазақ қоғамында феодалдық топтарға кімдер жатты ?

4. Қарасүйектер категориясына халықтың қай топтары жатқызылды?

5. Қарапайым халық феодалдарға қандай міндеткерліктер атқарды ?

6. Қазақ хандығында сот билігін жүргізу кімдердің қолдарында болды ?

7. Қазақ хандығының басқару жүйесі қандай сатылардан тұрды ?

8. Қазақ қоғамындағы билер мен батырлардың ролі қандай болды ?

9. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі салалары қандай болды ?

10. Жыл мезгілдеріне байланысты көшіп-қонудың тиімді жақтары қандай болды ?
4-тапсырма. Рефераттар мен баяндамалар жазу.

1. XVIІ-XVІII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.

2. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы.
Әдебиеттер:

Наши рекомендации