Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
І нұсқа
1.Езулік дауысты дыбысты белгілеңіз.
A) Ұ B) Ө C) О D) А E) Ү
2. Үнді дауыссыздан басталатын қосымшалар қатарын көрсетіңіз.
A) ұлттар, балаға, әжеден B) кітапқа, сайлаушының, қыздар
C) таулар, атамен, шыңнан D) көпшілікпен, жолдастан, ауылға
E) ауласы, сызғышқа, алаңнан
3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.
A) түймедақ B) итмұрын C) бәйшешек D) қалампыр E) раушан
4. Синонимдік қатарды белгілеңіз.
A) бағалы, арзан B) жазық, таулы C) әдемі, көріксіз D) ажарлы, келбетті
E) төзімді, келбетті
5. «Көз байлау» фразеологизмінің мағынасын анықтаңыз.
A) сыйлау B) алдау C) аялау D) құрметтеу E) дәріптеу
6. «Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді» мақалдың мағынасын анықтаңыз.
A) туған жер, адамгершілік туралы B) төрт түлік, еңбек туралы
C) достық, дұшпандық туралы D)жақындық, туысқандық туралы E) елдік, ерлік туралы
Табыс септік жалғауындағы сөзді көрсетіңіз.
A) атқосшысына B) дәріхананың C) жолаушысын D) айтыскері E) жұмысшыдан
Рамында кіріккен сөзі бар жақты сөйлемді табыңыз. A) Күздігүні бақша жинауға көмектестік. B) Ертең ауылға әке-шешеме барамын. C) Менің жеміс-жидек жинағым келеді. D) ҰБТ-ге жақсы дайындық қажет. E) Бірқазан – құстың бір түрі. 9. Ілік септігін қажет ететін зат есімді тіркесті көрсетіңіз.
A) нан кесу B) кітап бетін ашу C) жұмыс істеу D) қала аралау E) тапсырма орындау
10. Қатыстық сын есімді анықтаңыз.
A) сарғыш B) ақшыл C) әдемілеу D) өте қызғылт E) сулы
11. Реттік сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Үшеуінің жүрісі суыт екен. B) Әйгерім 23-пәтерде тұрады.C) Киноға сағат алтыда барайық. D) Бес-алты баладан бөлініп отырыңдар. E) Жанар 2 есеп шығарды.
12. Өздік есімдігіне байланысты сөйлемді табыңыз.
A) Өзің қорықпасаң, жау қорқады. B) Олар жиыннан ерте қайтты.
C) Күллі дүниені алақанға сыйғызғандай. D) Отанды қорғау – әрбір азаматтың парызы.
E) Бұлар енді келместей болды.
13. Салт етістікті тіркесті табыңыз.
A) Кітап оқыды. B) Әкесін көрді. C) Дәптерін алды. D) Үйге жүр. E) Хат жазды.
14. Күрделі үстеу қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бұл жаңалыққа атам балаша қуанды. B) Ауыл жартылай көшіп кеткен.
C) Егін орағы жақында басталып кетті. D) Екі үйдің арасы алшақ орналасқан.
E) Асқар ала жаздай егін басында болды.
Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.
A) ешқандай тыныс белгісімен бөлінбейді B) қиыса байланысады
C) сөйлем мүшесі бола алмайды D) тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады
E) сөйлемнің мүшесі бола алады
Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын көрсетіңіз.
Оның құлағына гүріл естілді.
A) бастауыш B) баяндауыш C) толықтауыш D) анықтауыш E) пысықтауыш
Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) жылдам келді B) тез орындады C) биыл бастады D) жиырмасыншы пәтер
E) көп ойланды
18. Бастауыш қызметіндегі сын есімді анықтаңыз.
A) Ақылды аузын жауып, ділін ашар. B) Көркем дала көлбеп жатыр.
C) Жақсының көзіндей көремін. D) Қаһарлы сөз қамал бұзар.
E) Сөз қанжардан да өткір.
Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Біз, 11-сынып оқушылары, еңбекте, оқуда алда болуымыз керек.
B) Содан бері бір қыс, екі жаз өтті. C) Асан көл жағасына келіп, отыра қалды.
D) Ол қолынан мықтап ұстады да, сол қалпы жібермей қойды.
E) Біздің ұжым тамаша табыстарға жетіп келеді.
20. Көңіл-күй одағайы бар лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Айналайын, бері келіп кетші. B) Кел, балалар, оқылық.
C) Шіркін, туған жер ыстық қой. D) Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем.
E) Бәлкім, кім біледі, сенің айтқаның болып қалар.
Арсылықты салаласты көрсетіңіз.
A) Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай – бәрі де бар.
B) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады.
C) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. D) Күн біресе жауды, біресе басылды. E) Мен үлкенмін, сондықтан сен мені тыңдауың керек.
22. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
A) Әкем жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты. B) Институтқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік. C) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім.
D) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды. E) Жұртқа сездірмегенмен, іштей мүжілгені анық.
Ос сөзді күрделі одағай арасына қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
A) тырнақша B) сұрау белгісі C) нүкте D) леп белгі E) дефис
Ос нүктенің қойылу себебін белгілеңіз.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
A) кезектес салалас B) түсіндірмелі салалас C) себеп-салдар салалас
D) ыңғайлыс салалас E) қарсылықты салалас
25. Сөйлем қандай стильде жазылғанын ажыратыңыз. Ән күннің астында, ақша бұлттың үстінде ұшып жүреді екен. Ән көркем, әдемі жерлерді көргенде жер бауырлай ұшады екен.
A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) көркем әдебиет стилі
D) ғылыми стиль E) ресми іс қағаздары стилі
26. Сөйлем қандай стильде жазылғанын ажыратыңыз. Тұқымдастық (Familia) – өсімдіктер дүниесіндегі ең үлкен категориялық жік. Бұл жіктеу де өсімдіктің шыққан тегіне, оның дәнінің құрылысына қарай бөлінетін бірлік.
A) ауызекі сөйлеу стилі B) публицистикалық стиль C) ғылыми стиль
D) көркем әдебиет стилі E) ресми іс қағаздары стилі
27. Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне қаланы табыңыз.
A) Семей B) Алматы C) Қызылорда D) Түркістан E) Шымкент
28. Алғаш рет Парижде қай жылы , кім ән шырқағанын көрсетіңіз.
A) Шәмші Қалдаяқов, 1956 жылы B) Құрманғазы Сағырбаев, 1926 жылы
C) Дина Нұрпейісова, 1936 жылы D) Әміре Қашаубаев,1925 жылы
E) Роза Рымбаева, 1984 жылы
29. Бала мектепке барғанда қандай той жасалатынын көрсетіңіз.
A) Бесікке салу B) Тілашар C) Ұзату D) Арқан тарту E) Тұсау кесу