Yen;ҚЫҚ Б¥ЗУШЫЛЫҚТАР
§1. Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасының жаңа 2014 жылғы Қылмыстық кодексінде 1997 жылғы ескі қылмыстық кодекстегі мемлекттің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін деген үғым мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері-не жэне қауіпсіздігіне қарсы кұқық бұзушылыктар деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып, жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасыньщ 1995 жылғы 30 тамызда кабылдаған Конституци-ясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.
Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар: мемлекетгік опасыздық (175-бап); тыңшылық (176-бап).
Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қолсүғу-шылық (177-бап). Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық (178-бап); Билікті басып алуды немесе ұстап тұ_руды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тңзу не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (179-бап); қарулы Бұлік (181-бап).
Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылысын күшпен қүлатуға немесе бұзуға шақыру: сепаратистік эрекет (180-бап).
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия (184-бап); экстремистік топ кұру, оған басшылык ету не-месе оның эрекетіне қатысу (182-бап); бүдаралық ақпарат кү-ралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру (183-бап).
Мемлекет қүлияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар: мемлекеттік қүлияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (185-бап); мемлекеттік қүлиясы бар мэліметтер жеткіз-гіштерді жоғалту (186-бап).
§2. Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Бап. Мемлекетке опасыздық жасау
1. Мемлекетке опасыздық жасау, ягни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтыгыс уаңытында жау жагына өтіп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мем-лекеттік құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдік ұйымға не олардың өкілдеріне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы багытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері -
2. ¥рыс жагдайында жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалган іс-әрекеттер -
Ескерту.
Осы бапта, сондай-ақ осыКодекстің 176 және 179-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттікоргандарға ерікті түрде және дер кезінде хабарлауыменне-месеезгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделеріненұқсан келтіруді болдырмауға ықпалетсе және егер оның әрекеттерінде өзге қылмысқурамы болмаса, қылмыстықжауаптылықтан босатылады.
Өз Отанына сатқындық жасау эр уақытта да ең ауыр мемлекеттік қылмыс ретінде қарастырылған, Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстың атауы — Отанға опасыздық деп көрсетілген еді. 1997 жылғы Қылмыстық кодекс бұл ата-уды Мемлекеттік опасыздық деп жаңа атаумен алмастырды. Өйткені Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумақтық ұғымды, яғни адамның туған жерін бейнелейтін үллм ғана еді. Қазақстан Республикасының азаматы болып оның аумағынан сыртқары жерде түрған Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кез келген ұлттың өкілі танылатыны баршаға аян. Осыған байланысты дүниежүзілік құқық стандарттарына сэйкес Отан деген түсінік мемлекеттік деген түсінікпен алмастырылуы заңды құбылыс.
Мемлекетке опасыздық жасау дегеніміз - қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден, сондай-ақ тыңшылық жасаудан, мемлекеттік құлияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұлппандық эрекет жүргізуден, шетелдік мемлекет-ке, шетелдік ұ_йымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе элсірету мақсатында жасаған қасақана эрекет (180-бап).
Мемлекеттік опасыздықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасының мем-лекеттік қауіпсіздігі болып табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері - конституциялық і^рылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы, сыртқы жэне ішкі қауіпсіздігі жатады. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам басқа бір нақты мемлекеттің пайдасына іс-эрекеттер істейді.
Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынастар, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекет-тік құрылысы (1-баптың 1-тармағы), республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы), республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мем-лекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі (3-баптың 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, атқарушы жэне сот тармақтарына бөлінуі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялық жэне саяси эр алуандылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің эр түрі жэне оның бірдей қорғалатыны (6-баптың 1-тармағы) т.б. мәселелер нақты айқындалған.
Конституцияда көрсетілген осындай жэне басқа ережелердің мазмүлы конституциялық қү_рылыстың мэніН/білдіреді.
Республиканың егемендігі дегеніміз - ел ішіндегі мемлекеттік өкімет билігінің үстемдігі жэне оның сыртқы саяси жағдайларға тэуелсіздігі болып табылады. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды (ҚР Конституциясы, 2-баптың 2-тармағы).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сэйкес өз аумағының тұгастығын, оған қол сүғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекетгің аумағының түсінігі, оның шекарасы, Қазақстан Республикасының «Мем-лекеттік шекарасы туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы арнаулы Заңында көрсетілген.
Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету; тыңшылық жасау; мемлекеттік қүлияларды жатқа беру; Қазақстан Рес-публикасына дүлшандық эрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Осы іс-эрекеттердің біреуін істеу қылмыстың объективтік жағының орын алғандығын көрсетеді.
Қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету дегеніміз - Қазақстан Республика-сы азаматының жау басып алған аумақта орналасқан жау жағына өз еркімен өтуі, жауға көмек көрсетуі, жау жағының тапсырмасымен өзі тұратын аумақта эр түрлі іс-эрекеттер істеуі; жау жағына ерікті түрде шығып кетуі; тұтқын болуы сияқты эрекетгер жатады. Жау жағына өз еркімен өту карулы жанжал кезінде ғана орын алады. Бейбіт кездегі мұндай іс-эрекеттер Қылмыстық кодекстің 330-бабында көрсетілген - Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан эдейі заңсыз өтуі қылмыс құрамын қү_райды.
Мемлекетке опасыздықтың бір түрі - Қазақстан Республикасы азаматының тыңшылық жасауы болып табылады. Қылмыстық кодекстің 176-бабында тыңшылықтың түсінігі берілген. Бұл түсінік Қылмыстық кодекстің 175-бабындағы тыңшылық деген ұғыммен объектісі, объективтік жағы жэне субъективтік жағы бойынша ү_қсас. Осы екі бапта көрсетілген ұғымның айырмашылығы тек қылмыстың субъектісінде ғана. І^ылмыстық кодекстің 175-бабындағы тыңшылық субъектісі — Қазақстан Республикасының азаматы, ал 176-баптағы субъекті шетелдіктер, азаматтығы жоқтар немесе басқа мемлекеттің аза-маттары болуы мүмкін. Тыңшылықтың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 176-бабына тал-дау жасағанда толық тоқталамыз.
Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне мемлекеттік қүлияларды беру дегеніміз - Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік құпия болып та-былатын мэліметтерді шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып табылады. Мемлекеттік қүлиялардың түсінігі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы наурыздың 15-індегі «Мемлекеттік қүлиялар туралы» Заңында көрсетілген. Осы заңға сэйкес «Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нү_қсан келтіретін эскери саладағы, сыртқы, саяси, экономикалық, барлау, қарсы барлау жэне оперативтік іздестіру қызметіне байланысты мэліметтер мемлекеттік қүлияларға жатады».
Мемлекеттік қүлияларды жатқа беру эр түрлі тэсілдермен - ауызша, жазбаша, схе-ма түрінде, эр түрлі өнімдердің бейнелері арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мемлекеттік құпияларды жатқа бергенде кінэлі адам қызметі немесе жұмысына байланысты өзі білетін мемлекеттік қүлия мэліметтерді жатқа береді.
Ал тыңшылықта мүлдай мэліметтерді кінэлі адам жинайды, ү_рлайды. Міне, осы бел-гі бойынша Бұл ұғымдар бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан Республикасына қарсы дүлшандык эрекет жүргізетін шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзгедей көмек беруге (тыңшылық жасау мен мемлекеттік құпияны жатқа бе-руден басқа) мына іс-эрекетгерді істеу жатады: шетел барлау агентін паналату немесе оны жалған құжаттармен, азық-түлікпен, қорғаныс құралдарымен жабдықтау; баспасөз қу_ралдары арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі туралы, халықаралық қатынастардағы оның беделін элсірететін жалған мэлімдемелер жариялау; республикаға басқыншылық соғысқа эзірленіп жатыр деген жалған жала жабу; мемлекетаралық соғыс өртін насихаттайтын эр түрлі ұйымдарды қүру, нэсілдік, ұлттық жікшілдікті тудыратын насихатты өрістету; Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттермен қырғиқабақ соғыс жағдайына итермелейтін эр түрлі іс-эрекеттер жасау.
Мемлекетке опасыздық жасау субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет эр түрлі көрініс алады, бірақ ол қылмысты саралауға эсер етпейді.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған Қазақстан Республикасының азаматы ғана танылады.
¥рыс жағдайында жасалған мемлекетке опасыздық осы құрамның ауырлататын түрі болып көрсетілген (175-бап 2-бөлігі).
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған (175-баптың 3-бөлігі) қылмыстар аса ауырлататын түрі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуіне сэйкес осы бапта, сондай-ақ осы кодекстің 176 жэне 179-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мем-лекеттік органдарға ерікті жэне дер кезінде хабарлаумен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделеріне залал келтіруді болдырмауға жэрдемдессе жэне оның іс-эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
176-бап. Тыңшылық
Мемлекеттік ңүпияларды қурайтын мәліметтерді шет мемлекетке, халықаралық не-месе шетелдік уйымга не олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларга беру маңсатында жинау, жымқыру немесе саңтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшін беру немесе жинау, егер Бұл іс-әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса -
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-бабына сэйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мэліметтерді шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты, оларға бару мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының ұлттык мүдделеріне қарсы пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы эрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса тыңшылық деп танылады.
Тыңшылықтың тікелей объектісі болып Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі танылады. Тыңшылықтың затына екі түрлі мэліметтер жатады: 1) мемлекет-тік кұпиялар; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін өзге де мәліметтер.
Тыңшьшықтың объективтік жағының белгілері: мемлекеттік немесе эскери қүлияны кұрайтын мәліметтерді беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мэліметтерді беру немесе жинау.
Бұ_л жерде беру деп осы бапта көрсетілген мэліметтерді шетелдік мемлекетке, ше-телдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне кез келген тэсілмен жеткізу, хабарлау болып табылады.
Хабарлау немесе беру - ауызша, жазбаша, телефон арқылы, басқа біреу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жинау дегеніміз осы бапта көрсетілген мәліметтерді эр түрлі тэсілдермен (жеке бақылау арқылы; қүлия объектілерді суретке түсіру; дыбыс жазбаларын пайдалану; акдлаға сатып алу) табу немесе алу болып табылады.
¥рлау деп заңға қайшы эрекеттермен мемлекеттік, қүпиялары бар мэліметтерді осы бапта айтылған өзге де мәліметтерді ү-йымдардан, кэсіпорындардан немесе жеке азамат-тардан тегін алуды айтамыз.
Кінэлі адамның завда көрсетілген осы мэліметтерді өзі тұратын мекен-жайда немесе басқа жерде (саяжайда, тоғайда, бау-бақшасында) сақтауы да мүмкін.
Шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша мемлекеттік қүлиялар болып табылмай-тын өзге де мэліметтерді жинау, Қазақстан Республикасының үлттық мүдделеріне зиян келтіре отырып пайдалану үшін берсе немесе жинаса ғана іс-әрекет тыңшылық үшін бел-гіленген қылмыс қүрамын құрайды.
Субъективтік жағынан тыңшылық тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асы-рылады. Қылмыстың субъективтік жағының белгісі мемлекеттік күлияларды, өзге де мэліметтерді беру мақсаты болып табылады.
Тыңшыльгқтың субъектісі болып 16-ға толған шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады. Субъекті белгісі бойынша бұл қүрамды мемлекеттік опасыздық құрамынан ажыратамыз.