Талқылауға арналған сұрақтар. 1. Салыстырмалы статика теориясы нені зерделейді?

1. Салыстырмалы статика теориясы нені зерделейді?

2. «Табыс - тұтыну» қисық сызығы қалай сызылатынын түсіндіріңіз.

3. Энгельдің қисық сызығы дегеніміз не? Энгель заңы дегеніміз не? Тауарлардың әр тобы үшін Энгельдің қисық сызықтары өз пішінін қалай өзгертеді?

4. «Баға – тұтыну» қисық сызығын салыңыз (сызыңыз). Графикті түсіндіріңіз.

5. Табыс әсері мен ауысу әсерінің әрекетін түсіндіріңіз. Хикс пен Слуцкой тәсілдерінің айырмашылықтары. Слуцкой теңдеуін түсіндіріңіз.

6. Бағалардың өзгеру ықпалымен тұтынушының әл-ауқаты қалай өзгереді?

7. Белгіленген және нақты табыс дегеніміз не? Нақты табысты есептеу үшін қандай индекстер қолданады (пайдаланады)?

Есептер, жаттығулар, тестілер

Егер бір игілікке баға өссе, онда

а) бюджеттік сызық жарыспалы, параллельді солға жылжиды

б) бюджеттік сызықтың еңкіштігі өзгереді

в) бюджеттік сызық өзгермейді

г) бюджеттік сызық жарыспалы, параллельді оңға жылжиды

Барлық табысыңызды Сіз 2 тауарды сатып алуға жұмсайсыз. Талғаусыздық қисық сызықтарын талдау арқылы 2 тауардың сапасыз еместігін көрсетіңіз.

3. Сапалы тауарлар көбірек тұтынады (сатып алынады), егер:

а) нақты табыстар өссе

б) нақты табыстар төмендесе

в) баға өссе

г) тұтынушының ұнатымдары өзгерсе

4. Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша талғаусыздықтың қисық сызығын шығарыңыз (салыңыз):

А тауардың бірліктер саны В тауардың бірліктер саны
10,5

Бюджеттік шектеу сызығын салыңыз (сызыңыз): тұтынушы табысы 1250 құрайды, ал А және В тауарлардың бағасы 250 және 100. Пайдалылық ең жоғары болу үшін тұтынушы А және В тауарлардың неше (қанша) бірлігін сатып алу керек? Егер табыс 2000 жетсе, бюджеттік сызық қалай сызылады? (жаңа бюджеттік сызығын салыңыз). Егер табыс бұрынғы деңгейде қалып, А және В тауарлардың бағасы 2 есе өссе, бюджеттік сызық қалай өзгереді?

Егер А тауардың бағасы азайса, ал В тауардың бағасы өзгермесе, тұтынушының бюджеттік сызығы қалай салынады (сызылады)?

а) бастапқы бюджеттік сызыққа жарыспалы параллельді жылжиды

б) В тауардың өсін бойлай, осы өспен қиылысу нүктесін көбейту жағына жылжиды

в) А тауардың өсін бойлай осы өспен қиылысу нүктесін көбейту жағына жылжиды

г) бюджеттік сызығының орны өзгермейді

6. А тауар үшін әр түрлі сатып алушылардың төлеу қабілеттілігі мына кестеде көрсетілген:

Сатып алушы А Б В Г Д Е
А тауардың шекті пайдалылығы доллар

А тауардың нарықтық бағасы – 1300 доллар. Әр сатып алушының тұтыну артығы неге тең (қанша?). Жиынтық тұтыну артығы қанша? Егер 100доллар көлемінде тауар салығы енгізілсе, жиынтық тұтыну артығы қалай өзгереді?

7. Кестеде берілген көрсеткіштер (мәліметтер) бойынша Пааше мен Ласпейрес әдістерімен бағалар индекстерін есептеңіз:

Азық-түлік өнімдері Наурыз Көкек
бағасы тұтыну бағасы Тұтыну
ұн
сүт

Тұтынушының тепе-теңдігі графикте көрсетілген

 
  Талқылауға арналған сұрақтар. 1. Салыстырмалы статика теориясы нені зерделейді? - student2.ru

Y

E1

E2

10 16 24 32 X

Y тауардың бағасы 4 тең. Х тауар бағасының төмендеу нәтижесінде тұтынушының бюджеттік сызығы жылжып кетті, оған сәйкес тұтынушы тепе-теңдігі де жылжиды (Е1 → Е2)

а) тұтынушының табысы неге тең (қанша?)

б) тауар бағасы қалай өзгерді?

в) «баға – тұтыну» қисық сызығын салыңыз (сызыңыз).

Тақырып. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ПЕН КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ

Наши рекомендации