Бақылау сұрақтары. Тақырып. Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайына жалпы сипаттама
Тақырып. Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайына жалпы сипаттама
Дәрістің мақсаты:Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы жөнінде студенттердің теориялық, тәжірибелік білімдерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары
1. Нарықтық экономикадағы коммерциялық банктердің рөлі
2. Коммерциялық банкттердің бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайына жалпы сипаттама
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:депозит, несие, ссуда, банк жүйесі,
1. Нарықтық экономикасы бар елдердің барлығында коммерциялық банктер кредит жүйесінің басты операциялық буыны болып қалуы тегін емес. Олар кредит-ақша рыногының құбылмалы жағдайларына жеңіл көндігуге қабілетті екендіктерін көрсетіп отыр.
Депозиттік-ссудалық операцияларды орындай отырып, коммерциялық банктер барлық мүдделі жақтарға нақты пайда әкеледі. Салымшылар өздерінің депозиттері айналым құралдары және өтімді активтер функциясын орындағанын, кей жағдайларда пайыздық пайда әкелетінін кәдеге жаратады.Заемшылар ссуданы әжептәуір ұзақ уақыт кезеңінде пайдаланады. Бұл жекелеген ұсақ салымшылардың көпшілігі банкке азын-аулақ ақша сомасын қамшының сабындай қысқа уақытқа салуға ниеттенетін жағдайдын өзінде осындай дәрежеге жетуге болады.
Жалпы қоғамға қатысты алғанда ол банктердің ссудалық операцияларынан алатын пайдасы ссудаға берілуге тиісті қаржы ұсынысының шектеулі көлемімен неғұрлым өнімді мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді (мәселен, пайданың жалпы нормасы 4-тен 5%-ға дейін арттырады). Болашақ заемшыларды мақсатты түрде іріктей отырып, берілген қарыз қаражатқа жоғары пайыздық мөлшерлеме төлей алатындарға ғана ссудалар беріп, банктер ақша қаражаты ағынын жоғары қайтарым алуды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары шаралар арнасына бұрады.
Коммерциялық банктер өз клиенттеріне ақшаны сақтаудың алуан депозиттер түріндегі оңтайлы формасын ұсынады, мұның өзі ақшаның сақталуын және клиеттің өтімділікке қатысты сұранысын қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін ақша сақтаудың мұндай формасы оны облигацияларға немесе акцияларға салудан әлдеқайда қолайлы болып табылады.
Қазіргі заманғы коммерциялық банктер туралы айта отырып,олар кредит жүйесінің өзге де буындары сияқты ұдайы дамып отыратынын атап көрсету керек. Операциялар формасы, бәсекелестік әдістері, бақылау және басқару жүйесі өзгеріп отырады.
Коммерциялық банктің оны банк жүйесіне қосатын базалық функциялары бар, олар: депозиттерді қабылдау, ақша төлемдері мен есеп айырысуды қабылдау, кредиттер беру.
Коммерциялық банктердің сирек қабілеттерінің бірі және оны өзге қаржы институттарынан айырмалайтын сипатты белгісі ақшаны жасау мен жою болып табылады. Бұл жерде ақша ретінде қолма-қол ақша ғана емес, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі салымдар да жатады. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін үлкен маңызға ие .Ол экономика өсімінің салыстырмалы түрде тұрақты өсімнің қажетті шарты болып табылатын икемді кредит жүйесінде жүзеге асады.
Коммерциялық банктер осы мәселені шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларымен олар уақытша бос қаржыны жұмылдырып, кредит түрінде береді, сөйтіп халық шаруашылығының ақшаға деген сұранысынқанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Әлбетте, өз қызметі барысында банктер ақшаның бір бөлігін жояды. Бұл, біріншіден, клиет банкідегі есебінен қолма-қол ақша алғанда (ақшаның жалпы массасын өзгертпей), екіншіден, кредиттердің заемшының есебінен сызу жолымен өтегенде жүзеге асады.
Өз қызметінде коммерциялық банктер нақты принциптерді басшылыққа алады:
- мерзімдері бойынша банк активтерінің құрылымына сәйкес келетін қолда бар ресурстар ауқымында жұмыс істейді, яғни қолда бар ресурстар қысқа мерзімді болып табылады, оларды активтерге салу дақысқа мерзімді болуға тиіс, әйтпесе ссуданы өтеу, қайтару қамтамасыз етілмейді;
- банктер экономикалық дербестікке ие болуға тиіс, яғни өз қаражатымен және тартылған ресурстармен еркін жұмыс істеуі керек, клиенттер мен салымшыларды емін еркін таңдауы қажет; өз табысына еркіние болуға тиіс. Тек осы жағдайларда ғана олар өз қызметінің нәтижесі үшін, өзіне тиесілі барлық қаражаты мен мүлкі арқылы өз міндеттемелері үшін жауап бере алады.Өз операцияларына қатысты барлық тәуекелді банк өз мойнына алады;
- коммерциялық банктің өз клиенттерімен қарым-қатынасы кәдімгі кәдімгі нарықтық қатынастар сияқты құрылады;
- мемлекет банк қызметін тек тек жанама әдістермен ғана реттей алады. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының банк қызметіне кез келген формада араласуына тыйым салынады. Банк кординаталарының мүдделерін қорғау және республиканың банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк ҚР Үкіметімен келісе отырып капиталының мөлшері теріс банктердің акционерлік құқықтары мен міндеттерін оларға заңда белгіленген санкцияларды қолдау жолымен мәжбүр ете шектеу туралы шешім қабылдай алады.
2. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банктен және мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, бірлескен және шетелдік банктерден, немесе екінші деңгейдегі деңгейден тұратын банк жүйесі бар.
Қазіргі жағдайларда дәстүрлі банк операциялары мен өзге кредит-қаржы институттарының операциялары шекара жойылып келе жатқанын атап өту керек. Бұл банктер көрсететін әлдеқайда кеңюінен туындап отыр. Бұлар факторингтік, лизингтік операциялар, жеке және заңды тұлғалардың қаржысын салымдар мен депозиттерге тарту болып табылады.
Жеке меншік бактерге мемлекеттік, бірлескен және шетелдік банктерден баска барлық екінші деңгейдегі банктер кіреді. Жеке меншік банктер арасындағы төмендегі банк түрлерін атап өтуге болады: бұрынғы мемлектеттік банктер (ТұранӘлем, Халық), жаңадан құрылған ірі банктер (Казкоммерц, АТФ) және ұсақ банктер (Дана банк, Азиякредит Банк), елеулі роль ойнамайтын. Мұндай бөлініс шартты екенін және талдау түріне байланысты басқаша жүргізілуі мүмкін екенін атап өту керек. Банк жүйесі қалыптасқан жылдар ішінде мемлекеттік банктер құрылып кейінен жабылып отырды. Мұндай банктер Эксимбанк, Тұрғынүйқұрылысбанк, Демеуші банк. Бұл банктер мемлекеттің сұраныстары мен міндеттеріне сәйкес келетін белгілі бір функцияларды орындады. Әдетте мұндай банктер орташа немесе ұзақ мерзімді, сондай секторлы бағытталған кредиттеу функцияларын орындайды. Халықаралық практикада мұндай банктер әдетте даму банктері деп аталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық банктен бөлек 2 мемлекеттік банк бар. Олар Қазақстан Даму банкі мен Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі.
«Қазақстан Даму банкі» АҚ (ҚДБ) даму банкттері ретінде ҚР Президентінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Даму банкі туралы» №531 Жарлығын үшін қабылданған ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы №659 Қаулысымен құрылды.
«Қазақстантұрғынүйқұрылысбанкі» АҚ Қазақстанда тұрғын үй құрылысын, ипотекалық кредиттеуді дамыту, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен 2003 жылы Үкімет Қаулысымен құрылды. Жарғылық капиталының 100% республикалық бюджет есебінен қалыптастырылды.
Тұжырымдамалар
Нарықтық экономика дамуындағы банк жүйесінің ролі.
Банк жүйесінің түсінігі. Банктердің несие жүйесіндегі ролі. Коммерциялық банкінің негізгі сипаттамасы. Банктердің қаржы нарығының субъектісі ретіндегі белгісі..
Бақылау сұрақтары
1.Коммерциялық банктер –банк жүйесінің негізгі буыны
2. Қазақстанның казіргі кездегі ЕДБ-нің негізгі сипаттамасы
3.Нарықтық экономикадағы банктердің рөлі
4.Қазақстандағы банк жүйесі дамуының кезеңдері және банк реформасы