Ылмыстық заңның міндеттері, жүйесі
Ылмыстық заңның түсінігі, қызметтері.
Қылмыстық заң қылмыстық құқық қағидаларымен жалпы ережелерін қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып табылатыны және қылмыс жасағаны заң нормалардан тұратын ҚР-ң Парламенті қабылдаған заң шығарушылық акт.Заң – бұл а) ерекше тәртіпте қолданылатын биліктің жалпы мемлекеттік өкілетті органның б) ҚР-сы халқының еркін тікелей және тура білдіру в) аса мәнді және маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші г) жоғары заң күшін иеленуші акт.Қылмыстық заңды тұлғаны қорғау оның құқықтары мен босатндықтарын қорғау меншігін табиғи ортаны, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, бүкіл құқықтық тәртіпті қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар адамзат қауіпсіздігі мен тәрбиелілігін қорғауға көмек көрсетеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын алу азаматтарды республика заңдарын және Конституцияны сақтау рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Қылмыстық заң қылмыс болып табылатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жазалау қаупімен тыяды. Сонымен қатар ол сәйкес органдар лауазымды тұлғаларға әрекетте қылмыс белгілерінің бар болуын және кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды негіздердің басуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуды ұйғарады. Қылмыстық құқықтық нормалардың ескертушілік қызметі онда санкцияның белгіленуінде негізделеді – жасаған әрекет үшін жазалану мүмкіндігі. Осыған байланысты қылмыс жасай алатын тұлғаларға ескертушілік тәрбиелік әсер ету. Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау. Тәрбиелеу қылмыс жасаған адамдарға шыдамаушылық жағдайын қалыптастырған. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі.Адаммен жасаған әрекетті қылмыс деп тану және осы тұлғаға қылмыстық жаза қолдануды тек заңмен анықталған жағдайда жүзеге асырылады.Ал қандай да болмасын басқа нормативтік актілер соттық прециденттер негізінде немесе соттың қарауына байланысты шешілмеуі керек. Әрекеттік қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау сияқты мәселелерде заңдылық қағидаларын бұлжытпай сақтау қажет. Бұл тек егер қылмыстық заң қылмыстықпен қоғамға қауіпті әрекеттермен жазалануы, жаза қолдану және одан босату шарттары анықталса ғана мүмкін.ҚР қылмыстық заң шығарушылығы ҚР 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда қолдану енген ҚК-тен тұрады.
Қылмыстық заң функциялары:
Негiзгi функциясы болып қорғаушылық функциясы табылады. Қорғаушылық функция қол сұғушылық
жасау қылмыстық жауаптылыққа əкеп соғатын оъектiлердi қорғауға бағытталған. Қорғаушылық
функциямен қатар қылмыстық заң реттеушiлiк функцияны атқарады. Яғни, белгiлi бiр мiнез-құлық
ережелерiн бекiте отырып, қылмыс пен жазаға байланысты туындайтын қатынастарды реттеп отырады.
Қылмыстық заң сонымен бiрге ескертушiлiк функцияны жүзеге асырады. Қылмыстық заңдарды шығару
жəне оларды бұқаралық ақпарат құралдары, насихаттаудың өзге құқықтың нысандары арқылы көпшiлiк
халыққа жеткiзу азаматтардың құқықтық санасына елеулi ықпал етедi. Халық осылайша қандай əрекеттердi заң шығарушы жеке адам, қоғам мен мемлекет үшiн қауiптi жəне зиянды деп санайтындығын түсiне алады.
Ескертушiлiк функция моральдық жағынан тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан жазамен қорқыту
арқылы ұстап тұру рөлiнен де көрiнедi, қылмыстық заңның тəрбиелiк функциясы осы ескертушiлiк функциясымен тығыз байланысты.
Қылмыстық заңды шығару жəне оны практикада қолдану азаматтардың өз мемлекетiнiң заңын
құрметтеуге, өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қорғалуына сенiмдiлiкке, қылмыс жасағандардың
қылмыстық жауаптылықтан құтылмайтындығына сенуге тəрбиелейдi.
ылмыстық заңның міндеттері, жүйесі
Қылмыстық заң дегеніміз – мемлекеттің заң шығарушы органымен қабылданған, жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған, қылмыстық жауаптылықты белгілеуге бағытталған нормативтік-құқықтық акт.
Қылмыстық заңның міндеті ҚК-тің 2 бабына сәйкес: «осы қоғамдағы құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын-алу».
Қылмыстық құқықтың жүйесі: жалпы және ерекше бөлім.
Қылмыстық құқықтың жүйесі онымен жұмыс істеуді қарастырудың тиімді тәсілін білдіреді.
Жалпы бөлімде қылмыс пен жазаға қатысты ортақ ережелер қарастырылады. Мысалы, қылмыс түсінігі, қылмыс ауырлық категориялары және т.б.
Ерекше бөлімде жекелеген қылмыстардың түрлері анықталып және ол қылмыстардың жазасының түрі мен көлемі көрсетіледі.
Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.
Жалпы бөлiмдеқылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың
немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмденақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.
Қылмыстық құқықтың мiндеттерi жөнiнде сөз қозғамас бұрын, бiз əуелi қылмыстық құқықтың мақсаты не соны анықтап алуымыз қажет. Өйткенi, кез келген əрекет, жұмыс белгiлi бiр мақсатсыз жасалмайды, сондықтан қылмыстық заңның да өз мақсаты бар. Бiрақ бұл жөнiнде бiздiң қылмыстық заңымызда айтылмаған, онда тек қылмыстық заңның мiндеттерi ғана көрсетiлген.
қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе
белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын əрекеттi жасағаны үшiн қаралау
емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi əрекеттердi болдырмау жəне қылмыстың алдын алу болып
табылады жəне бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:
1). қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,
2). қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;
3). қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;
4). қоғамға қауiптi əрекеттердiң шеңберiн анықтау;
5). қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.
Қылмыстық құқықтың бұдан басқа да мiндеттерi бар олар жоғарыда аты аталған негiзгi мiндеттердi толықтырып нақтылап отырады.
Қылмыстық заңдар қоғамның тыныштығын сақтай отырып, қоғамға тəрбиелiк жəне жалпы ескертушiлiк тұрғысынан да əсер етедi. Қылмыстық заңдағы «мына əрекеттi жасасаң жазаланасың!ң деген жариялану фактiсiнiң өзi қоғам мүшелерiне əсер етедi. Сонымен бiрге сот процесiнiң өзi де қылмыскердi ғана емес сот залында отырған қоғамның басқа мүшелердi тəрбиелеп жəне қылмыс жасамауды ескертуге ықпал жасайды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнiң 2-бабына сəйкес қылмыстық заңның мiндеттерi болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Осы Кодексте қыл мыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi делiнген.
Қылмыстық заң тек Қылмыстық Кодекстен тұрады. Өзге заңдар қылмыстық кодекске енгізілгеннен кейін ғана заң ретінде қолданылады.
Көрiп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына екi үлкен мiндет қояды.
Бiрiншi мiндет – адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргiзу.
Екiншi мiндет - қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы жəне жеке (арнайы) алдын алуды қамтиды.
Жоғарыда аталған мiндеттердi шешу үшiн қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн анықтап, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатындығын айқындайды, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгiлейдi.
3. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші және уақытындағы күші.Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшінің жүзеге асырылуы Қылмыстық кодекстің 6-б. 7-б. 8-б. принциптерге сәйкес жүреді. (аумақтық,азаматтық,қылмыскерді ұстап беру туралы халықаралық шарт принциптері). Осы принциптерді жүзеге асыру үшін төмендегі түсініктерді анықтау қажет: -ҚР аумағы,-ҚР қылмыстық заңы қолданылатын жерлер мен объектілер,-қылмыс істелу орны,-шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің ж/е иммунитетті пайдаланатын өзге азаматтарының жауаптылығы,-қылмыскерді ұстап беру туралы халықаралық шарт туралы. Қылмыстық кодекстің 6-б-да ҚР аумағында қылмыс жасаған адамдарға, республика қылмыстық заңы ережелерінің қолданылу шарты көрсетілген: 1.ҚР аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуы тиіс. 2.ҚР аумағында басталған/жалғастырылған/аяқталған әрекет ҚР аумағында Кодекс күші ҚР құрлықтық шельфінде+ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады. 3.ҚР портына тіркелген,ҚР шегінен тыс ашық су/әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер ҚР х/қ шартында өзгеше көзделмесе,осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.ҚР әскери кораблінде/әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша жауапқа тартылады. 4.Шет мемлекеттердің дип-қ өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге азаматтардың қылм-қ жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар ҚР аумағында қылмыс жасаған жағдайда х-қ құқық нормаларына сәйкес шешіледі делінген. ҚР 1993-ж. 13қаңтардағы “ҚР мемлекеттік шекарасы туралы” заңына сәйкес Республика аумағының шегін құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. ҚР қылмыстық заңының күші Респ-ң кез-келген аумағында/объектілерінде істелген қылмыстық іс-әрекеттің бәріне де қолданылады.Қылмыстық заңның уақыт бойынша күші. Қылмыстық кодекстің 4-б-да іс-әрекеттің қылмыстылығы және жазалаушылығы сол іс-әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамға қауіпті әрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс істелген уақыт деп саналады. Яғни, зардаптың қашан болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің уақыты болып іс-әрекеттер жүзеге асырылған жыл, ай, күндер, сағаттар есепке алынады. ҚР заңдардың жариялау және күшіне ену тәртібі туралы заңға сәйкес қабылданған заңдар “Егемен Қазақстан”,”Казахстанская правда” газеттерінде жарияланғаннан кейін он күннен кейін заңды күшіне енеді. Кейбір реттерде қылмыстық заң жарнияланған күннен бастап күшіне енуі мүмкін. Қылмыстың істелген уақыты істелген қылмыстың мәнісіне, оның ерекшелігіне байланысты. Қылмыс істелу уақытының ұзақтығына қарай: -жалғаспалы және –созылмалы болып бөлінеді. Жалғаспалы қылмыс үшін заң бойынша жауаптылық оны істеудің алғашқы кезеңін жүзеге асырған уақыттан, ал созылмалы қылмыс үшін жауаптылық кінәлінің әрекетіне тыйым салынған немесе қылмысты актінің соңғысын істеп үлгерген уақыттан бастап басталады. Қылмысқа бірге қатысу арқылы істелген қылмыс орындаушының іс-әрекеттің объективтік жағынорындау уақытынан бастап аяқталған деп саналады.
4. Қылмыстық заңның кері күші.Қылмыстық кодекстің 5-б.қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық заңның күшінің, оның заңды күшіне енгенге дейінгі істелген іс-әрекетіне қолданылуына мүмкіндік береді. ҚР қылмыстық заңы іс-әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты және жазаны жеңілдететін немесе кінәлінің жағдайын басқа түрде жақсартатын заңның кері күші бар. Яғни мұндай заң күшіне енгенге дейін тиісті қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеген адамдарға, оның ішінде жазаны өтеп жүрген /өтеп шыққан сотталғандық атағы бар адамдарға күші жүреді деп белгілейді. Қылмыстық заңның кері күші қолданылады, егер: 1.жаңа қабылданған қылмыстық заңда жазаның мөлшерін қысқартса 2.балама жазалардың ауыр түрін қылмыстық баптың санкциясынан алып тастаса 3.қылмыс санкциясына жазаның ауыр түрінің орнына жеңілірек жаза түрін ендірсе 4.санкцияда көрсетілген қылмыстың қосымша жаңа түрін жойса5.оны жеңілірек түрдегі қосымша жаза түрімен алмастырса. Бұрынғы шығарылған сот үкімдері және басқа да сот актілерін қайта қарауды үкімді шығарған соттың немесе сотталған адам жазасын өтеп жатқан жерде орналасқан соттың судьясы жүргізеді. Іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазалаушылығын белгілейтін, жазаны күшейтетін немесе кінәлінің жағдайын басқа түрде нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды!
5.