Ж. Конституция бойынша Жапонияда формасы жағынан конституциялық, ал мазмұны жағынан абсолюттік монархия орнағандығын дəлелдеңіз.
Жапон халқының еңбекқорлығы,ақылдлығы, қанаудың жоғарғы нысаны,халықаралық қатынастардың жақсы қалыптасуы Жапонияның капиталистік дамуына жағдай туғызғаны айқын. Ол өте жылдам ірі капиталистік мемлекеттерге айналды және көрші елдерге қарсы өткізілген акциялары қосылды. 1889жылғы Жапонияның Конституциясы саяси қозғалыстың белсенділігіне алып келді. Сол жылы жылы басталған мықты оппозициялық қозғалыс "Дзию минкен ундо "қозғалысы. (Бостандық және халық құқықтары үшін қозғалыс). Буржуазия мүдделерін оның жағына көшкен дворяндардың жақтауы, халық кейбір өкілдерінің оларды қолдауы да таңданарлық құбылыс еді. Бәрін біріктірген бір жалпы талап емлекеттік Конституцияны қабылдауға тиісті. Императордың жанындағы Құпия Кеңес Конституцияның жобасын қарады. Бұл Конституцияны Жапонияның императоры 1888 жылы халыққа сыйлап, 1889жылы ол күшіне енді. Конституциямен қатар қабылданған бірнеше конституялық заңдар болатын. Олар император сарайы тралы, прлер палаталары туралы, сайлау туралы заңдар. Сонымен,Жапонияның мемлекеттік құрылысы өзгерді. Жоғары билік императордың қолына жинақталып, екі палатадан тұратын парламент құрылды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланды.
Конституцияның бірінші тарауында "Жапон империясы үздіксіз мәңгілік императорлық династия басқаруында болад"деп айтылған. Императордың еке басы қасиетті деп саналып, ешкім де қарсы келуге тиіс емес. Император мемлекет басшысы, ол жоғарғы билікке ие және осы Конституцияның қаулылыраына сай билікті жүзеге асырады. Ол әскер және флоттың жоғарғы қолбасшысы болып табылады, ол соғыс жариялайды, бейбітшілікке шақырады,келісім шарттарды жасайды. 1889жылғы Конституция Жапония император билігін күшейтті. Ол ешкім тиісуге шесіз құқықардың көбін бергені сөзсіз. Оның қол астындағыларға "заңмен бекітілген мөлшерде"демократиялық бостандықтарды пайдаануға рұқсат беріледі.
Бірде бір заң империя парламенттің қлдауынсыз шықпайды. Император парламентті тарта алтын құқығы бар. Ол парламент қаблдаған заңдарға қолын қояды, оларды жариялайды, заң шығару бастамаына да ие. Ол парламенттің мәжілістерін салтанатты түрде ашады, жабады. Кабинет парламенттің алдында жауапты емес.
Жапонияның үкіметінің құрамы бірыңғай министрледен тұрады. Олар өз ақылын императорға айтуға тиіс және сол үшін императордың алдында жауап береді. Мемлекеттік заңдар туралы барлық заңдар, түрлі императорлық жарлықтар мен актілер министрлер арқылы бекітілген. Үкімет парламентінің алдында емес, императорлың алдында ғана жауапты. Парламент үкіметтің ұсынға нбюджетіне келіспесе, үкімет отставкағ кетпейді, былтырғы жылдың бюджеті қабылданады. Сонымен парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алмайтын. Жапонияның 1889жылғы конституциясы рекциялық конституция деп саналады. Ол императордың, помещиктердің және буржуазияның одағын заң жүзінде бекітті. Монархия іс жүзінде буржуазияық – помещиктік монархияға айнлды. Жапонияның капитализмнің дамуының ерекшеліктері көп. жапония бір ғасырларда басқа мемлекеттерге жабық болды. Сол кезде бір жағынан феодалдық консервативтік қарым қатынастар сақталғанымен, капиталистік қарым қатынастар дами бастады. Жапония отарлық жағдайдан сақталып қалды, шетел капиталы оған құйылған жоқ. Жапониядағы 1868 жылғы буржуазиялық төңкерістің аяқталмай қалғаны белгілі. Ол монархияны да, феодалимнің басқа кейбір қалдықтарын жоя алмады. Жапонияның аралдық жағдайы оның мемлекет ретіндегі ерекшеліктерін сақап қалуы үшін тиімді болды. Жапонияның ерекшілігі дін жағынан да байқалды:олардың ежелгі діні-синтоизм, жергілікті рулардың, тайпалардың діні,ал екінші діні - буддизм, бұл дін өмірдің қатты жағдайларын , қиын оқиғаларды ,ауруды, өлімді жеңілдету бағытында болатын.
Жапонияның Конституциясы буржуазияның дамуына жол ашқан аса маңызды құжат болып табылады. Императордың билігі конституция бойынша күшті болғанымен, кейбір салаларда шектеліп қалды. Бұл монархияны дуалистік монархияға жатқызуға болады. Сонымен, осылай Жапония мемлекеті осы Конституция бойынша формасы бойынша конституциялық, ал мазмұн жағынан абсолюттік болып табылады.