Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау. OBZh 1111 «Өмір қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша
СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
OBZh 1111 «Өмір қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша
Барлық мамандықтарға арналған
Алматы, 2012 ж.
Мір қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша
Студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) туралы әдістемелік нұсқау
«Өмір қауіпсіздігі » пәні ҚР ЖОО білім беру жүйесінің міндетті білім беру бағдарламаларының қатарына енеді. Пән 1 кредиттен тұрады. Пән экономикалық мамандықтарға арналған. Бұл пәнді студент жетік меңгеру үшін «Экология», «Философия», «Физика, Химия», «Психология» секілді пәндерді меңгеруі керек.
Пән студенттің қоршаған ортаның, сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен өзін өзі қалай қорғану керек, еңбек үрдістерінде техникалық жүйелерді тиімді, дұрыс қолдана білуі жайындағы білімдерін жетілдіруге бағытталған.
СОӨЖ орындау тәртібі келесідей бөліктерден тұрады:
1. Ауызша;
2. Кесте құрастыру;
1. Пікірталас;
2. Ғылыми баяндама;
3. Реферат;
4. Нақты жағдайды талдау;
5. Тәжірибе негізінде талдау және т.б.
СОӨЖ тапсырмаларын орындауға оқытушыда студент те қатар қатысып отырады. Яғни оқытушы берген тапсырманы студент орындап нәтижесін көрсетеді. Оқытушы қойған сұрақтарға студент ауызша баяндап береді. Кейбір тақырыптар бойынша студент СОӨЖ дәптеріне кесте құрастырады. Тақырыптар бойынша студенттер арасында пікірталас, нақты жағдайды талдау, тәжірибе негізнде талдау жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы да, студент те пікірталасқа қатысушы ретінде қарастырылады.
Реферат, ғылыми баяндама орындау тәртібі бойынша жүргізіледі. Студент берілген тақырып бойынша жекелей дайындалып келеді.
Ішкі семестраралық бағалау балы бойынша СОӨЖ тапсырмаларын бағалау – 25 бал. СОӨЖ тапсырмаларын уақытылы орындап, өткізбеген жағдайда студент балы төмендетіледі. Ал қатыспаған жағдайда «қатыспады» деген белгі қойылады.
Тақырып 1: Өмір қауіпсіздік негіздері пәніне кіріспе.
Тапсырма №1
1. Өмір қауіпсіздік негіздеріпәннің мақсаты мен міндеттерін атап өту.
2. Пәннің принциптерін қарастыру.
3. ӨТҚ теориялық негіздері мен тәжірибелік қызметтерін талқылау.
Тапсырманың мақсаты:ӨТҚ пәні студенттің қоршаған ортаның, сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен өзін өзі қалай қорғану керек, еңбек үрдістерінде техникалық жүйелерді тиімді, дұрыс қолдана білуі жайындағы білімдерін жетілдіруге бағытталған.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
1 – ші тапсырма. Өмір қауіпсіздік негіздеріпәннің міндеттерін кесте құрастыру арқылы жеткізу қажет. Өмір қауіпсіздік негіздеріпәннің мақсатына байланысты бағыттарын атап өту керек.
2 – ші тапсырма. Пәннің принциптерін студенттер ауызша баяндап беруі тиіс. Тапсырма бойынша студент дәптеріне кесте құрастырады.
3– ші тапсырма. ӨТҚ теориялық негіздері мен тәжірибелік қызметтерін талқылау бойынша студенттер арасында пікірталас, нақты жағдайды талдау, тәжірибе негізнде талдау жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы да, студент те пікірталасқа қатысушы ретінде қарастырылады.
Бақылау нысаны:Ауызша, кесте құрастыру, сөздіктермен жұмыс
Тапсырманы орындауды бағалау баллы
Орындалған тапсырмаға келесі жағдайларда ғана жоғары балл қойылады:
- Студент ауызша жатық тілмен жауап бергенде
- Өз ой-пікірін ашық білдіре білгенде;
- Нақты материалдарды пайдалана білгенде
Бағалау баллы: 9
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Аипов А.К. Тіршілік қауіпсіздігі. –Астана- 2009
2. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері. (Оқу-әдістемелік құрал). Алматы - 2004.
3. Өмір қауіпсіздігі . Оқулық. Құрастырған С.Арпабеков. Алматы 2004 ж.
3. Студенттің оқытушымен өздік жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Пәнде қолданылатын терминдерге сипаттама беру.
- Негізгі анықтамаларға тоқталып өту.
- Өмір тіршілік қауіпсіздік пәнінің мақсаттары мен міндеттерін айқындау
Тақырып 2: Өмір қауіпсіздігін басқару
Тапсырма №2
1. Нақты мәліметтер мысалында салыстырмалы талдаулар жүргізу
Тапсырманың мақсаты:ӨТҚ басқарудың негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстыру
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау
1 – ші тапсырма. Шетелдік тәжірибе негізінде өмір қауіпсіздігін басқару ерекшеліктеріне талдау жүргізу және басқару әдістерімен таныстыру.
Бақылау нысаны:нақты мәліметтер негізінде салыстырмалы талдау