Жбшж жҮргізуді Ұйымдастыру.
Ірі көлемді ҚжБШЖ жүргізуге ТЖ АҚ күштері мен құралдарын дайындау және халықты жедел қорғау және құтқару іс-шараларын жүргізу;
ТЖ аймақтарында ірі көлемді авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізу;
ТЖ зардабын жою.
I-кезеңге «Ірі көлемді ҚжБШЖ жүргізуге ТЖ АҚ күштері мен құралдарын дайындау және халықты жедел қорғау және құтқару іс-шараларын жүргізуге» мыналар жатады:
1. Халықты жедел қорғау және зардап шеккендерге көмек көрсету:
қауіп төнгені жөнінде жариялау;
дербес қорғану құралдарын баспана (қорғаныс) пайдалану медициналық профилактика құралдарын пайдалану;
залалдану қауіпі бар аудандардан халықты эвакуациялау;
тәртіп режимін сақтау;
зардап шеккендерді іздеу, босату, шығару және оларға медициналық көмек көрсету.
2. ТЖ қауіпті әсер етуінің дамуын және кемуін болдырмау:
аварияны оқшаулау, қауіпті заттардың бөлінуін тоқтату немесе тұмшалау;
технологиялық процестерді тоқтату немесе ағытып тастау;
өрттерді сөндіру.
3. ҚжБШЖ жүргізуге дайындық:
басқару және күш органдарының дайын болуы, ТЖ ӨҚ күштері мен құралдарының топтамаларын құру;
жағдайды алдын ала бағалау және барлауды ұйымдастыру;
ШТ жылжуы және ТЖ аймағының шекарасын анықтау;
АҚжБШЖ жүргізуге шешім қабылдау.
II-кезеңге «ТЖ аймақтарында ірі көлемді авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге» (бір мезгілде 1-кезеңнің міндеттерін орындау жалғасады) келесілер жатады:
1. ҚжБШЖ жүргізуге шешімді соңғы рет өңдеу.
2. Күштерге міндеттер қою.
3. Іс-қимылдарды басқаруды, өзара іс-әрекеттерді, жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
4. ҚжБШЖ барлық кешенін жүргізу.
5. ТЖ АҚ күштері мен құралдарының алдына қойған міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру:
ТЖ ауданында ТЖ АҚ күштері мен құралдарының топтамасын ұлғайту олардың дайындығы бойынша жүзеге асырылады:
1-эшелон — күштер мен құралдардың 0,5 сағатқа дейінгі дайындықпен.
2-эшелон — күштер мен құралдардың 0,5 сағаттан 3 сағатқа дейінгі дайындықпен.
3-эшелон — ТЖ алдын алу мен жою бойынша Іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) жоспарына сәйкес ТЖ жоюға жұмылдырылған барлық қалған күштер мен құралдар үш сағаттан артық дайындықпен.
Зардап шеккендерді іздеуді аяқтағаннан кейін, оларға медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, ТЖ салдары нәтижесінен жаңа залалдар мен шығындардың қауіпін жою ҚжБШЖ аяқталуы болып есептеледі.
ТЖ АҚ күштерінің негізгі бөлігін шығарғаннан кейін ТЖ аймағында міндеттерді атқаруға өздеріне тән құрамалар қалады.
III-кезеңге «ТЖ салдарын жоюға» мыналар жатады:
1. Зардап шеккен халыққа бірінші кезекте тіршілікті қамтамасыз етуге (ХТҚ) жағдайлар жасау және ұйымдастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың бірінші тобына:
аумақтарды, жолдарды, үй-жайларды және басқа объектілерді дезактивациялау, дегазациялау және дезинфекциялау;
тіршілікті қамтамасыз етудің мобильді құрамаларын ТЖ ауданында көшіру;
зардап шеккен ауданның пайдасына ресурстарды бөліп беру;
ХТҚ объектілері мен жүйелерінің жұмыс істеуіне жылу-энергетикалық және көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
ХТҚ бірінші кезектегі жүйелері мен объектілерін қалпына келтіруді ұйымдастыру;
медициналық-санитарлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
халықты реэвакуациялау (қажетті жағдайлар жасалғаннан кейін);
ТЖ аймағынан ТЖ АҚ күштері мен құралдарын шығару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ТЖ аймағы мен объектілерін тапсыру.
2. ТЖ кезінде зардап шеккен объектілердің қызметін қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың екінші тобына:
ғимараттарды қалпына келтіру немесе салу;
жабдықтарды қалпына келтіру немесе жаңасын орнату;
электр жабдықтарын және транспортты қалпына келтіру;
платиналар мен шаруашылық байланыстарды қалпына келтіру;
материалдық құралдардың қорын толтыру жатады.
ТЖ жою жұмыстарына басшылықты келесілер жүзеге асырады:
а) ТЖ жоюға жұмылдырылған барлық күштер мен құралдарға және олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға басшылық ету – ТЖ жою басшылары (ТЖЖБ);
б) Төтенше жағдай аймағына бірінші болып жеткен авариялық-құтқару қызметі, авариялық-құтқару құрамасының басшылары ТЖЖБ өткізілетін өздеріне алады және оларды ТЖЖБ келгенінше орындайды.
Бұл өкілеттер келесідей айқындалады:
Төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен;
ТЖ алдын алу және жою жоспарларымен;
Мемлекеттік биліктің тағайындалған органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, аталған ТЖ жою өкілеттілігіне кіретін ұйымдардың басшыларымен.
ТЖ жоюға бағытталған ТЖЖБ шешімдері егер басқалары ҚР заңнамаларымен қарастырылмаса, барлық азаматтар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады. ТЖЖ жұмыстарын басқару бойынша ТЖЖБ қызметіне ешкімнің де араласуына құқылары жоқ, олай болған жағдайда басқа белгіленген тәртіпте оларды міндеттерді орындаудан шеттетіледі, басшылықты өз мойына алады немесе басқа лауазымды тұлғаны тағайындайды.
Аса қажет болған жағдайда ТЖЖБ өз бетінше шешім қабылдауға құқылы:
Эвакуациялық іс-шаралар жүргізу жөнінде;
ТЖ аймақтарындағы ұйымдар қызметінің жағдайы жөнінде;
ТЖ аймақтарындағы ұйымдардың аумақтары мен объектілеріне АҚЖ жүргізу жөнінде;
ТЖ аймақтарына адамдардың баруына шектеу қою жөнінде;
ТЖ аймақтарындағы ұйымдардың ТЖЖ үшін материалдық ресурстарының резервтерін брондау жөнінде;
ҚР заңнамаларымен белгіленген тәртіпте ТЖ аймағындағы байланыс құралдарын, көлік құралдарын және басқа да ұйымдардың мүлкін пайдалану жөнінде;
ТЖЖ жұмыстарын жүргізуге штаттан тыс және қоғам АҚҚ-ын, АҚЖ жүргізуге аттестаттарының болуын куәландыратын құжаттары болған жағдайда көрсетілген құрамалардың құрамына кірмейтін құтқарушыларды жұмылдыру жөнінде;
Шұғыл жұмыстарды жүргізуге халықты, сондай-ақ АҚЖ жүргізуге келісім ала отырып, құтқарушылар болып табылмайтын бөлек азаматтарды ерікті негізде жұмылдыру жөнінде.