Рт болған жағдайда.
Өртті сөндіру кезінде келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін (жаралану, күю, улану, электр тогына түсіп қалу, үсу және т.б.).
Зардап шеккенге дәрігер келгенге дейін жарақатына қарай көмек көрсетілуі мүмкін:
күйген кезде (жылу, термиялық және басқалары):
– зардап шеккенге тығыз матаны үстіне тастап, оны қарға жатқызып немесе жерге жатқызып, үстіндегі жанып жатқан киімін сөндіру;
– күйген орындарын еш нәрсе тигізбестен, дененің күйген бөлігін киімнен босату;
– дененің зақымдалған бөлігіне шарап спиртіне немесе дезинфекциялау ерітіндісіне малынған дәке тампонымен күйген жердің айналасын алдын ала тазалап алып, таза матадан залалсыздандырылған танғыш тарту керек.
Егер күйік қышқылдан болса, таза суық сумен 10-15 минуттай күйік орнын жуу керек, егер күйік сілтіден болса, 5–10%-дық бор ерітіндісімен немесе 2%-дық сірке немесе лимон қышқылымен жуу керек. Зардап шеккеннің денесінің көп бөлігі күйіп қалса, оны таза матаға орап, жылы көрпемен жауып, тәтті шай беру керек;
жарақат алғанда:
– кемінде 1,5 сағатқа жгут немесе залалсыздандырылған танғышпен қан ағуды тоқтату немесе азайту;
– жарақат айналасының терісін йодпен немесе спиртпен дезинфекциялау және оны залалсыздандырылған танғышпен орау;
сүйек сынған кезде:
– аяқ-қолдарын шиналарға, ағаш тақтайға немесе фанераға орау арқылы оның қозғалмауын қамтамасыз ету, содан кейін барып зардап шеккенді басқа орынға қозғауға болады;
буынның шығып кетуі, сіңірі созылуы немесе жарақат алған кезде:
– дененің зақымдалған бөлігінің қозғалысын шектеу, басып тұратын танғышпен орау, суық компресс қою, зардап шеккенге толық тыныштық орнату, дәрігер келгенше шығып кеткен буынды орнына салмау. Жараларға йод жағу;
бөтен дене кіріп кеткенде (шөгір):
– егер жараның ластануына жол бермей бөтен денені алып шығуға болады, жараға йод жағу, залалсыздандырылған танғыш байлау;
электр тогына түсіп қалған кезде:
– тоқты ажырату арқылы зардап шеккенді тоқтан босату, құрғақ немесе тоқ өткізбейтін заттың көмегімен зардап шеккеннің үстінен сымдарды кесіп тастау немесе алу, бұл ретте құтқарып алушының тоқ соғудан қорғану шараларын сақтауы қажет;
– тоқ кернеуін алғаннан кейін зардап шеккеннің құламауына шаралар қолдану қажет, оны таза ауаға шығару қажет және қолмен демалдырудың көмегімен жүрек қызметін қалпына келтіруге дереу шаралар қабылдау қажет;
түтіннен, улы газдан уланған кезде, есінен тану немесе тынысы тарылу кезінде:
– зардап шеккенді таза ауаға шығару немесе таза ауа кіруі үшін есік, терезелерді ашу;
– зардап шеккеннің аузынан шырыштан тазартып, тіс протезін алып және тілін таза матамен ұстап, бері тартып, қолдан демалдыру керек;
– зардап шеккенді жылытып, тыныштықты қамтамасыз ету, оған мүсәтір спиртін иіскету және ыстық шай беру;
– көзіне улы зат немесе сұйықтық тисе, оларды таза сумен жуу.
бумен уланған кезде:
– оттегімен, таза ауамен демалғызу, қолмен демалдыру, денесін жылыту, ішке – кодеин, аскорбин қышқылы (С дәрумені).
Ауыз арқылы уланған жағдайда – карболен, іш жүргізетін дәрі (кастор майы) қосып, асқазанды сумен тазарту, ішке – қара кофе, ыстық сүт. Демді ішке тартқанда уланған жағдайда – зардап шеккенді уланған атмосферадан әкету. Таза ауа, амилнитратпен, оттегімен демалу. Ішіп қойған жағдайда - тез арада белсендірілген көмірді қосып, калий перманганаты ерітіндісімен, 1...3%_дық сутегі тотығымен немесе 5%_дық натрий тиосульфиты ерітіндісімен асқазанды жуу, оттегімен демалу, қажет болған жағдайда – қолмен демалдыру.
үсіп қалған кезде:
– зардап шеккенді жылы орынға әкелу, оған ыстық шай беру;
– бөлме температурасындағы суы бар ваннаға дененің үсіген учаскесін уқалау және суға салу арқылы біртіндеп жылыту. Уқалау алдында қолды және дененің үсіген бөлігін дезинфекцияландыру ерітіндісімен, шарап спиртімен немесе одеколонмен сулау. Дененің үсік шалған бөлігін денесін жараламай, шетінен ортасына қарай таза қолмен және жұмсақ матамен уқалау және жұмсарту;
– үсік шалған орын қызарғаннан кейін дезинфекцияландыратын ерітіндіге малынған тампонмен (таза шүберекпен) сүрту, құрғақ залалсыздандырылған танғышпен орау;
– зақымдалған учаскенің іскен және үлбіреген орындары болған жағдайда сумен жуу, спиртке малынған мақта тампонымен сүрту, содан соң залалсыздандырылған танғыш орау, зардап шеккенге тыныштық орнату;
жылу соғып тастаған кезде (жоғары температуралы орында ұзақ жұмыс істеген кезде күюден):
– зардап шеккенді суық орынға апару, алдымен киімін ағытып, бетін суық сумен жуып немесе басына суық компресс қойып оның есін жиғызу;
– ішуге суық су беру және тыныштық орнату.
Химиялық залалдану аймақтарында
Залалдану аймақтарында кез-келген токсогентпен байланысқан кезде медициналық қорғау және зардап шеккенге келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
– ағзаға удың өтуін шұғыл тоқтату (залалдану аймағынан шығару, оларға санитарлық өңдеу жүргізу, тері және демалу органдарына дербес қорғау құралдарын пайдалану);
– ағзадан уды тездетіп шығару (құстыру, іш жүргізетін дәрілерді қолдану);
– ағзаның өмір сүруге маңызды жүйелерінің жұмыс істеуін қалпына келтіру және қолдау (реанимациялық іс-шаралар);
– КӘУЗ-мен қатты уланғанда пайда болатын гипоксиялық жағдайды емдеу әдісіндегідей оттегімен ингаляция жасау;
– КӘУЗ-мен уланудың алдын алу және емдеуде дәрілік (антидоттық) құралдарды пайдалану.
Көрсетілген іс-шараларды жүргізу белгі реттілікпен жүзеге асырылуы тиіс.
Көрсеткіштер болған кезде залалдану аймақтарынан зардап шеккенді эвакуацияланған соң ішінара санитарлық өңдеу жүргізіледі: мақта немесе дәке тампонының, сода ерітіндісінің немесе бор қышқылының (КӘУЗ түріне байланысты) көмегімен ашық тері бетінен улы заттар тазартылады, кейін сумен жуылады.
Зардап шеккен есінен айырылған жағдайда оны бетін төмен қаратып, оң жақ бүйіріне жатқызады. Құсқан кезде ауыз қуысы мен кеңірдегі дәкенің көмегімен (орамал, бет орамалы) құсық массасынан тазартылады.
Госпиталға жатқызғанға дейінгі кезеңде қарапайым реанимациялық көмек демалу жолдарынан ауаның өтуін, өкпеге жасанды вентиляция (ӨЖВ) жасау және жүрекке жанама (жабық) массаж жасау болып табылады.
Радиоактивтік ластану аймағында.
Авариялық жағдайдың ауқымы мен сипаты, сонымен қатар сәулелену жағдайлары мен аварияға жұмылдырылған тұлғалардың саны жайлы толық ақпарат зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету іс-шараларының көлеміне елеулі әсер етеді.
Авариялық жағдайларға тән сәулелену көздері, сәулемен зақымданудың жалпы және жергілікті анықталуының сипатымен олардың бірнеше түрлері болуы мүмкін.
Кіші инциденттер — халық арасынан персоналда және дербес тұлғада жазатайым жағдайлар келесідей бөлінеді:
— зардап шеккеннің қатты сәулемен ауыратын ауруының және (немесе) жергілікті сәулелі зақымдануының дамуымен гамма-, бета-, нейтрон және рентген сәулесінің көзіне адамның тікелей байланысы немесе жақындауына байланысты;
— жек тұлғалардың сәулеленудің ашық көздерімен және радиоактивті заттардың теріге, шырышты бөлігіне және демалу, ішек-қарын жолы және зақымдалған тері арқылы ағзаға түсуінен болуы мүмкін.
Ірі ауқымды радиациялық авариялар олардың әрекет ету аймағында көптен таралуымен және зардап шеккендердің көп бөлігінде радиациялық зақымданудың болуымен сипатталады. Мұндай жағдайларға атом реакторының белсенді аймағының зақымдануы, сақтау қоймаларынан радиоактивті қалдықтарды шығару немесе атом қаруларын қолдану мысал бола алады.
Радиациялық жағдайлардың мұндай түрлері үшін гамма-, бета- және гамма-нейтрон сәулеленуі, көп жағдайларда (реактордағы авария, қалдықтарды сақтау қоймасының тұтастығының бұзылуы) және әртүрлі радионуклидтердің ағзаға түсуімен (көбінесе иод, цезий изотоптарының, сирек кезде стронция и плутония) сипатталады.
Көптеген жағдайлармен қатар басқа зақым келтіретін агенттер (химиялық, жылу, механикалық жарақат және т.б.) және түрлендіруші факторлар (діріл, қыздыру және т.б.) комбинациясы орын алуы мүмкін.
Жарақаттардың ілесуінсіз болған радиациялық зақымдану болған кезде тек өте көп мөлшерде сәулеленген жағдайда дереу (шұғыл) көмек көрсетудің қажеттілігі туындауы мүмкін. Радиоактивті заттар (уландыратындарды есептемегенде) тіршілік әрекетінің маңызды функцияларын бірден бұзбайды, ауыртпайды, естен тандырмайды, күйдірмейді, аралас зақымдану жағдайында мұндай құбылыстар байқалуы мүмкін.
Радиациялық авария болған кезде зардап шеккенге алғашқы шұғыл көмек көрсету үшін келесі негізгі жалпы іс-шаралар жүргізілуі қажет:
1. Иондандыратын сәулелену аймағынан зардап шеккенді әкету.
2. Демалуын қиындататын барлық киімдерді шешу.
3. Коллапс және естен тану жағдайында (сыртқы сәулеленудің күю мен жарақат алумен үйлескен жағдайда) ауруға қарсы немесе естен тануға қарсы препараттар енгізу қажет.
4. Радиоактивті заттармен жара ластанған жағдайда жараны сорбирлендіретін немесе кешенді сорбирлердіретін препараттары (плутониймен зақымдағанда пентацинмен) бар залалсызданған физиологиялық ерітіндімен тампон басу немесе жуу.
5. Терінің бетіне және шырышты қабыққа дезактивация және санитарлық өндеу жүргізу.
Ластанудан кейінгі алғашқы кезеңінде альфа-радиоактивті заттармен (материалдармен бөлінетін) ластанған ауамен демалған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшелігі өкпеден және жоғары демалу жолдарынан бұл заттарды мейлінше тазарту үшін жағдайлар жасау болып табылады, ол мұрын жолдарынан және ауыз қуысынан қақырық түсіретін, қақырық түсіруге ықпал ететін сұйықтықты (жылы сілтілі еретінді, ыстық сүт) ішке қолдану, пентациннің 5–10% ерітіндісімен аэрозолмен бірнеше рет демалу арқылы қол жеткізеді.
Осылармен қатар бүйрек зақымдануының алдын алу мақсатында ішек-қарын жолдарынан радиоактивті заттардың сіңуін азайтатын шаралар қолданылады:
— 4 сағат ішінде бірнеше рет іш жүргізетін дәрілер қосып, асқазанды сумен жуу немесе құстыратын дәрілер беру;
— бір уақытта көп су ішкізе отырып, іш жүргізетін және құстыратын дәрілерді қосымша қолдану;
— 12 сағат ішінде 2-3 рет тазарту клизмасы.
Эвакуацияланған зардап шеккендердің нақты зақымданғанына одан әрі бағалау үшін ілеспе құжат рәсімдеу қажет, онда міндетті мәліметтерден басқа келесілерді көрсеткен жөн:
— ластанған күні мен уақытын;
— алғашқы медициналық көмектің көлемі мен тиімділігі;
— ластанудың болжамды деңгейі;
— санитарлық өндеу жүргізудің сипаты.