ТМД –ның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ………………………………………………………………3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕР ІШІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚҰРУ.

1.1 ТМД –ның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері...5

1.2 ТМД-ның Қазақстанға әсері.....................................................6-8

1.3 ТМД елдерінің Еуразиялық ықпалдасу үрдісі......................8-9

ТМД елдерінің экономикалық жағдайындағы

ортақ белгілері...............................................................................10-12

Збекстан,Қырғызстан мемлекеттерінің экономикасы..12-14

ТМД Интеграция тарихы......................................................................14-17

Қорытынды................................................................................18-19

Кіріспе

Қазақстан және ТМД: өзара қатынастардың сипаты, үрдістері мен нысандары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекетіміздің басшысы Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру міндеттерін қысқа да нұсқалы, негізделген түрде айқын белгіледі, кеңірек мәнінде – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қозғады. Осыған байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мәселелерінің, оның болашағы мен органдары қызметінің тиімділігінің әлдеқашан кеңінен талқылауға арқау болғанын атап өткен жөн. Қазір көпшілік Достастықты «өлі туған құрылым» деп ағат атап отыр. Бірақ мен бұл пайымды дәлелсіз деп есептеймін. Себебі, көбінесе осы бірлестіктің арқасында жаңа «қарбалас нүктелердің» пайда болуынан, көп жылдық тұрақты байланыстардың күрт үзілуінен құтылудың, сонымен қатар, халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуын қамтамасыз етудің сәті түсті. Достастық барлық салаларда посткеңестік мемлекеттердің және олардың халықтарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуде бірегей рөл атқаратын посткеңестік кеңістіктегі жүйе түзегіш құрылымға айналды.
Дегенмен, 2008 жылдың тамызындағы Ресей мен Грузия арасындағы Оңтүстік Осетия дауы және одан кейін соңғысының ТМД құрамынан шығуы Достастықты өткір сынаудың жаңа сылтауына түрткі болды. Қазақстан үшін Грузияның ТМД-дан шығу туралы шешімі күтпеген жағдай болған жоқ, керісінше, Тбилисидің әбден болжалданған, ТМД қатысуын шектеуге және Батыспен белсенді жақындасуға ден қойған көп жылдық бағытының қисынды түрде аяқталуы еді. Ресеймен қарулы қақтығыс бұл үдерісті тек тездетті. Сонда да болса, осы жағдайларда Грузия тарабы ТМД 75 халықаралық шартына өзінің қатысуын ұзартты, сонымен қатар, Достастықтың бірқат ар органдарының қызметіне қызығушылық танытып отыр. Қазақстан бірлестікке мүлдем басқаша қарайды. Қазақстан Республикасының П р е з и д е н т і Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың ТМД «негізін қалаушыларының» бірі болып есептелетіні орынды. Атап айтқанда, оның бастамасымен Алматыда 1991 жылдың 21 желтоқсанында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина басшыларының тарихи кездесуі болып өтіп, олар 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы Келісімнің Хаттамасына қол қойды.
Бірлестік қызметінің бастапқы кезеңдерінде қол қойылған құжаттар мазмұнының ретроспективті талдауы ТМД мүшелерінің Бірыңғай экономикалық және гуманитарлық кеңістікті, Кеден одағын құру тұрғысынан оған белгілі бір үміт артқандықтарын көрсетеді. Кірігудің ең терең нысаны көзделген болатын. Осы құжаттарға іс жүзінде ТМД қатысушыларының бәрі қол қойды, бірақ кейіннен ішінара және қиып тасталған пішінде іске асырылды, ал олардағы қалған императивтер басқа өңірлік бірлестіктер – ЕурАзЭҚ, Кеден одағы, ҰҚШҰ аяларында жүзеге асырылуда. ТМД сыртқы саяси басымдықтары анықтала түскен сайын мемлекеттердің екі тобы: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және ҚР әлемдік қоғамдастықпен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ байланыстары Тәжікстан – кірігудің «түйіні» деп аталатын тобы және – Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина – ТМД-да өзінің қатысу нысанын шектейтін мемлекеттердің тобы құрылды. Осындай бөліну бұрынғысынша ТМД-дағы жүйелік түйткілдердің пайда болу себебі болып қалуда, әйткенмен, оларға қатысты шешуге ұмтылыс жасалуда, оларды қолға алудағы табыс та әр түрлі. Мәселен, 1994 жылдан бастап ТМД реформалау туралы 12 құжат қабылданды.

ТМД –ның пайда болуы және дамуының негізгі кезеңдері

1991 ж. желтоқсанның8інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРОқұрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Құрылымы

1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі;

2. Үкіметтер басшыларының кеңесі;

3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

4. Экономикалық кеңесі;

5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі;

6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;

7. ТМД Экономикалық соты;

8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;

9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;

10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;

11. ТМД-ның Атқарушы комитеті.

Наши рекомендации