Азақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі . 3 страница

2.. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты: ерекшеліктері, жетістіктері.

20ж аяғына қарай елдің экономикалық стратегиясы ауысты. Жаңа экон-қ саясат орнына индус-у саясаты енгізілді.БК(б)П-ның ХІV съезі елімізде социалистік индустрияландыруды іске асыру, яғни аграрлық республикадан дамыған өнеркәсіпті республикаға айналдыру міндетін қойды. Идус-у қарсаңында Қаз-ның жалпы өнімінің 84,5% ауыл шаруашылық өнімдері құрады, халықтың 90% ауылда тұрды. Инус-у Қаз-н еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ.Оның дамуы біріншіден, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына, екіншіден жұмысшылардың өндірістік-тех-қ дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қаз-ның өнеркәсіптік деңгейін көтеруге, сол арқылы көлік шаруашылығын, ауыл шаруашылығын тех-қ негізде қайта құруға сөйтіп халықтың материядық жағдайын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.Қаз-ның индус-қ дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық- шовинистік, ұлтшылдық психологияның бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету іске аспайды, өйткені артта қалған көшпелі халық индус-дың дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар айтылды.Голощекин рес-да индус-у идеясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп орнына, ауылшаруашылығымен байланысты ұсақ, орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды.Интилигенция өкілдері оған қарсы шықты. Олар республикада қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар

салу талаптарын қойды. Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды.1927ж басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, істелінген шаралар негізінде ол мерзімінен бұрын 1930ж 25 сәуірде іке қосылып, Орт,. Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде үлкен рөл атқарды.ұрылысқа Рысқұлов,Тынышбаев елеулі үлес қосты.Идус-дың негізгі кемшілігінің бірі -Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты болды. Сондықтан республика қажетті заттарды -құрал жабдықтарды, цемент, ағаш, тұрмысқа қажетті заттарды сырттан әкелуге мәжбүр болды. Идус-дың дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі өзгерістерге әкеп соқтырды. Жұмысшылардың көбі орыстар, украиндар еді. Ал қазақтар көшпелі мал шаруаш-ғы салтын сақтады. Жаңа экон-қ саясаттан ауытқу, ауыл шаруашылығын ұжымдас тыруда жіберген қателіктер қазақ ауылына қатты әсер тигізді, аштық тудырды, қазақтардың миграцялық үрдісін күшейтті. Қазақстанға басқа республикадан көшіп келгендер саны артып отырды. Миграция қарқынының өсуі волюнтаристік, тіпті қылмыстық шешімдерден туындады.Қаз-ң 1926-1940ж индус-қ дамуы ірі нәтижелерге жеткізді.Республика шарруаш-да өнеркәсіп басым салаға айналды.Оның өнімінің үлесі 30ж ортасында басым бола бастады,939ж 58,9% жетті, ауылшаруаш-қ өнімі 41,1% болды.Қазақстан Кеңес Одағындағы алдыңғы қатарға шықты.Алайда осы жетістіктерге жету ү/н халықтың шамадан тыс көп тер төгуіне тура келді.Индус-ң жоғарғы қарқынына халықтың есебінен қол жетті, олардың тұрмыс жағдайы күрт нашарлады. Осы жылдары ауыл шаруаш-ң даму қарқыны төмендеп кетті.1928ж деңгейіне ауыл шаруашылығы тек 1940ж шыға алды, мал шаруа-ында бұл көрсеткіштерге тек 50ж басында ғана қол жетті.

3. ТМД аумағындағы интеграциялық үдерістер:

25-билет

1. 15ғ ортасы -17ғ. Қазақ хандығының сыртқы. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында соғыстарға, өзара қырқыстарға байланысты Қазақ хандығы қатты әлсіреп кетті. Хақназар хан билік еткен кезеңде бұ мемлекеттің ішкі сыртқы саяси өмірінде белглі бір өрлеу байқалып, ол кейіннен тағы құлдырауме алмасты.

ХҮІ ғ. 50-жыл-ң аяғынан бастап Қазақ хандығы ноағйларға, Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді.

Хасан бек Румлу «Ахсан ат-таварихта» 963/1556 жылы Барақ хан өлгеннен кейін Хақназар Ташкентті шапты дейді.

1560 жылы Моғостан билеушілерімен ерекше табан тірескен күрес өріс алды. Алайда Тәуекел хан тұсында қазақ хандары мен Моғолстанның Шағатай ұрпақтары арасында одақтастық қатынастар жолға қойылды. Осыған байланысты Шах-Махмұд Шорастың Моғостанда, атасақ, Шалыш пен Турфандағы саяси істеріне Тәуеклдің қатысуы туралы, онда Тәуекел ханның бұл иелік тағына кімнің отыруы жөніндегі мәселені шешуі назар аударарлық.

Москваға қазақтар туралы ноғай мырзаларының өздері де жазған. 1537 жылы ноғай мырзасы Жүсіп ІҮ иванға жолдаған грамотасында: «Ал егер Қазақ ордасымен соғысу керек болса, мен қазір де Жавйывқтың арғы жағындағы Елек өзенінде көшіп жүрмін», - деп хабарлаған. Ноғай мырзалары ұлыстардың Ноғай ордасынан бқлініп, олардың қазақұтарға қосылып жатқанын хабарлап отырды.

Сол кезде Шайбани ұрпағы, Сібір ханы Көшіммен күрес жүргізіп жатты, онда Хақназар әрқашан жеңіске жете берген жоқ. Бұл кезде Көшім хан өз билігін исламның рөлін күшейту арқылы идеологиялық жағынан негіздеуге ұмтылған еді. Алайда Көшім ханның Орта Азиямен жақын қатынастар орнатуға бағытталған саясатына бұл ғана себеп болған жоқ, оның үстіне Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Сібір хандығы олардан оқшауланып қалған еді. Сондықтан Көшім хан Орта Азияның Билеуші топтарының қолдауы мен көмегіне бағдар ұстады.

Башқұрт аңыздарында Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады. Осы аңыздарды негізге ала отырып, Рычков былай деп жазған: « Осы Ақназар хан болған соң, қатты күшейіп алды да, бір ғана ноғайлар мен Башқұрстанға ие болып қана қоймай, Қазан, Сібір, Астрахан патшалықтарын, Бухарияны, Хиуаны, Ташкентті өз қоластына бағындырып, алым жинады».

ХҮІ ғасырдың екінші жартысында, Қазан(1552) мен Астраханды(1556) қосып алғаннан кейңн, Ресейдің Орта Азия хандықтарымен байланыстары жолға қойылды, атап айтқанда, қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе түсті. Нақ сол кезде Орта Азия орыс саудасы орнығады. Хақөназар хан тұсында Қазақ хандығы Москвамен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады.

Орта Азиядағы саяси жағдай қазақтарды сенімді де күшті одақтас іздестіруге мәжбүр етті. Олар Реснейдің осындай одақтас бола алатынына көз жеткізді.

ХҮІ ғасырдың 90-жыл-н ХҮІІ ғ.басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан кетіп қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 ж. Қазақ-орыс келіссөздері, 1598-99 ж. Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты оқиғалармен толы болды.

2. .Қазақ-ғы ұжымдастыру саласы,оның салдары. ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы. Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.

Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық 1-съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын өмірге енгізуге жол ашып, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылықтар (олардың 9,3 проценті) ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің Пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды. Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі мал ш-на, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті (Кулак кәмпеске). Осындай қатал шаралар және ет, астық дайындау науқандарындағы асыра сілтеушілік, қазақтарды дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың жаппай қарулы наразылықтарын туғызды. Ресми мәліметтер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты (Ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысы).

Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).

3. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынға алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді. Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған. Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

26-билет

Қазақ Жоңғар соғыстарының кезеңдері.Қазақ халқының Жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: солтүстік-батыстан – башқұрттар; солтүстіктен-Сібір қазақтар; оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары; шығыстан – жоңғария; оңтүстік – шығыстан – Қытай. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты: қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру; қазақ жерін иемдену. XVII ғ соңы XVIII ғ басы – жоңғар әскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті. 1718 ж Аягөз шайқасы. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілхайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдаланған жоңғарлар жеңіске жетті. 1722 ж Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алды. 1723 ж – Цеван – Рабдан бастаған 70 мың жоңғар әскері 7 шепке бөлініп Қазақ өлкесін ойрандады (Жетісу – Қаратау –Талас алқабы). Бұл – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін» қайғысының бастамасы (1723-1727). Ел басынын кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жердерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті: Ұлы жүз және Орта жүздің бірқатар рулары – Шыршық өзенің Сырдарияға құяр саласынан жоғары өтіп, Ходжентке беттеді. Орта жүз рулары – Самарқандқа. Кіші жүз рулары – Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне; Қазақтардың бір бөлігін Тобыл губерниясына қарай жылжыды. Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен Еділ қалмақтарының иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қатынасты салқындатты. Жайық бойындағы қазақтар,оңтүстікте қарақалпақтар, өзбектер әлсіреген ауылдарға шабуылдап, жағдайды ауырлата түсті. Қатты ойрандалған жер – Жетісу. «18 ғ алғашқы он жылдықтарының қазақ халқының өміріндегі қияметі терең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары, башқұрттар ұлыстарды талқандап, малдарын айдап, отбасыларын тұтқындап алып кетті» деп жазды Ш. Уәлиханов. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қонтайшысы – Цеван – Рабдан. 1725 ж – жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Бұл Оңтүстік аудандардың елді мекендері мен керуен саудасына нұсқан келтірді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар билігінде қалып қою қаупі төнді. Хандар мен сұлтандар осы ауыр күндерге басқыншыларға қарсы күресті ұйымдастыру орнына, билік үшін таласып, өзара қырқысты. Тәукеден кейін оның мирасқорлары Қайып, Болат елдің басын құрай алмады. Ұлы жүзді Жолбарыс хан (1720-40) басқарды. Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-38), Күшік (1718-50) хандар басқарды. Кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілхайыр (1698-1748) 1723 ж жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық қабілеттерімен ерекшеленді. Ал қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Есет, Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек т.б. Біртұтас әскер ұйымдастыруда белгілі би Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 ж басталды. 1726 ж – «Қалмақ қырылған» шайқасы. Сарысудың орта ағысы, (Торғай даласы). Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қазақ әскері күшімен қалмақтар талқандады. Тарихи маңызы: қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді. Үш жүзді біріктіргенде біріктіргенде жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді. Қазақ өлкесінің солтүстік батысы азат етілді. Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылыс басталды. 1726 ж Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөнінде келісімге келді. Нәтижесі: Әбілхайыр бас қолбасшы болып сайланды. Жетісуды азат етуге аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер қазақ жасақтарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. Қазақ жасақтары жүздік негізде орналастырылды. 1729 ж көктем Аңырақай шайқасы (балқаш көлінің оңтүстігі) Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы: Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда, Болат ханның қазасынан кейін Әбілхайыр мен Сәмеке (Шахмұхамбет) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде: Әбілхайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жырып әкетті. Осы себептерден Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүз әскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуге талап етті.

2, Голощекиннің кіші қазан идеясы. Қазастанда индустриализациялауды жүзеге асырудың ерекшеліктері.Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 ж. қаңтарда «мемлекеттік тіл туралы заң» шығып, іс-қағаздарды қырғыз және орыс тілінде жүргізу енгізілді. 1921 ж. шілдеде Орынборда қазақ комсомолының 1-съезі өтті. Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының қазақ бюросының тұңғыш төрағасы. 1924 ж. В.И.Ленин қайтыс болып, Қаз-да Лениннің құрметіне 7944 адам партияға алынды. Оның 90% жұмысшылар болды және 2 мыңы қазақ еді. Сонымен қатар республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.Индустрияландыру – өнеркәсіп саласын дамыту, зауыт, фабрика, темір жол, кен ашу, жұмысшылар санын көбейту мақсатында жүргізілді. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-ші 5 жылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Индустрияландыру қарсаңында елдегі жалпы өнімнің 84,4%-ын ауыл шаруашылық өнімдері берді. Өйткені халықтың 90% ауылда тұрды. Ал қалада 10%-ы тұрды.Ф.И.Голощекин 1925 ж. партияның 14-съезінде индустрияландыру бағытын жариялады. Елде ол ЖЭС-ті тоқтатып, «әскери коммунизм» кезіндегі күрес әдістерін қолданып, жеке диктатура жүйесін енгізді, яғни әкімшіл-әміршіл саясат жүргізді.Қаз-да индустрияландыру саясаты табиғат байлықтарын зерттеуден басталды: Академик Губкиннің экспедициясы, кейін II Баку деп аталған Орал–Ембі мұнайлы ауданын ашты. Ал академик Курнаков Орталық Қаз-дың минералды шикізат қорын ашты. Сондай-ақ тұңғыш қазақ инженер-геологы Қ.И.Сәтбаев соғыс алдындағы Жезқазған мыс кенін ашып, осы үшін 1942 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.Индустрияландыру жоспары 1927-1928 жж. толық орындалды. Социалистік жарыстар ұйымдастырылып, 30-ж-дардың соңына қарай Қаз-дағы Стахановшылар қозғалысы күшейіп, екпінділердің саны 10 мыңнан асады. Донбас шахтері Стахановтың ерлігін Қарағанды шахтері Т.Күзембаев қайталап, социалистік еңбек ері атанады.Шикізатты елден әкету мақсатында 1927 ж. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолы салына бастап, 1930 ж. 28-сәуірде теміржолдың оңтүстік және солтүстік бөлігі Айнабұлақ станциясында түйісіп, 1931 ж. 1-қаңтарда пайдалануға берілді. Түрксіб теміржолында 100 мыңнан аса жұмысшы істеп, тәулігіне 1500 метр теміржол салынды. Жалпы ұзындығы – 2665 км-ге жетті. Құрылыстың басшысы – Шатов, инженер-технологы – М.Тынышпаев, ал жай жұмысшыдан басшылыққа дейін көтерілген Д.Омаров болды. Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы – РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары – Т.Рысқұлов болды. Ал Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы Қаз АКСР ХКК төрағасы – Нұрмақов болды. Түрксібте ерең еңбегі үшін социалистік еңбек ері атағын алған жай жұмысшы Қазыбеков болған. Түрксіб құрылысына дейін Қаз-да 1000 км2 жерге 1 км теміржолдан тиген. Теміржол арқылы жүк айналымы 1913 ж-мен салыстырғанда 21,3 есеге өсті.Индустрияландыру жылдарында урбанизация (қала халқы санының өсуі) процесі өте шапшаң жүрді. Мысалы индустрияландыру қарсаңында қалаларда 8,5% халық тұрса, 1938-1939 жж.29,8%-ға жетті. Ал қаладағы қазақтардың үлесі 16%-ға жетті. Жұмысшы құрамында 1935 ж. қазақтардың үлесі 43%-ға жетті.Соғысқа дейінгі 5 жылдықтар кезінде: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары салынды.Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30%-ы шаруалар еді. Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.

Наши рекомендации