Түсіндірме 7. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың аудиті
( таңдалған)
Дебиторлық қарыз- 470 334 теңге, кредиторлық қарыз- 2008 жыл-
475978теңге (Қосымша-1). Дебиторлық және кредиторлық қарыздар уақытысында төленіп отырған, олардың мерзімін ұзарту болмаған.
Түсіндірме 8. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің аудиті ( таңдалған)
Негізгі құралдардың есебі ұлттық бухгалтерлік стандарттарға және салық есебіне сәйкес жүргізілген. Амортизациялық аударым бекітілген норма бойынша тікелей әдіспен жүргізілген. Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындарды акт құжаты арқылы есептен шығарған. Негізгі құралдар 2008 жылы 216 269 теңгені құрады (Қосымша-1).
Түсіндірме 9. Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті (таңдалған)
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі орташа еселенген құн әдісі бойынша жүргізіледі. Сатып алынған материалдар, отын, құрал-жабдықтар кәсіпорынның орталық қоймасына кірістеледі.
Онда қоймалық карточка есебі ұйымдастырылады. Тауарлы-материалдық қорлардың түсуі, кіру актісі арқылы ұйымдастырылады. Тауарлы-материалдық қорларды алуға сенімхат құжаты негізінде тіркеу журналы жасалған. Басшының шешімі бойынша тапсырыс арқылы тауарлы-материалдық қорлардың шығуына накладной жазылады. Тауарлы-маетериалдық қорларды түгендеу жылына 1 рет жүргізіледі. Дайын өнім қойма арқылы алынады. Ай сайын қоймада дайын өнім тугенделеді.
Түсіндірме 10. Бюджетпен есеп айырысу ( таңдалған)
Бұл компанияны тексеру барысында 2008 жылғы мәліметінде мынадай капитал мен міндеттемелер анықталған (Қосымша-1):
- бөлінбеген табыс - 42 440 теңге
- ақша қаражаты- 101 752 теңге
- негізгі құралдар - 216 269 теңге
- меншікті капитал - 349 940 теңге
- дебиторлық қарыз - 470 334 теңге
- кредиторлық қарыз - 475 978 теңге
Тексеру барысында ешқандай ауытқулар анықталмады. Субьектінің шаруашылық барысының тапсырушы шартында көрсетілген обьектілері тексерілді. Нақты айтқанда, жалпы мәліметтер, үздіксіз қызметті қадағалау, есеп саясатының негіздері, меншікті капитал аудиті, касса аудиті (таңдалған), банктік шоттардағы қолма-қол есеп айырысу аудиті (таңдалған) дебиторлық және кредиторлық қарыыздардың аудиті (таңдалған), негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің аудиті (таңдалған), тауарлы-материалдық қорлардың аудиті (таңдалған), бюджетпен есеп айырысу (таңдалған) тексерілді. Біздің ойымызша, тапсырушының қаржы есебі 30. 06. 2009 жыл аралығындағы барлық бөлімдердің қаржылық жағдайын толық дұрыс көрсеткен. Аудит ҚР-ның ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттарына, заңдарына сәйкес жүргізілді.
ОРЫТЫНДЫ
Бухгалтерлік баланстың дұрыстығына аудиторлық тексеру жаппай әдіспен жүргізілді.
Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған әдістері, пайдаланушының күтуі және бизнесті жүргізу практикасы аудитордың процедураны «қаржылық есеп беру бойынша пікірі шындыққа сәйкес келмейді» деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындауын талап етеді.
Аудиторлық тексеру кезінде айтылған пікір пайдаланушы үшін кәсіби стандарт сақталды, елеулі мәліметтер жинақталды және осы пікірді дәлелдеу үшін бағаланды дегенді білдіреді.
Аудиторлық тексерістер тек олар қоғамдық мүддені білдіретін жəне ол үшін мүмкіндіктер болған (қысқа мерзімді перспективада) жағдайда міндетті болуға тиіс: Аудиторлық тексерістер заңнаманың негізінде міндетті тəртіпте жүргізілетін ұйымдардың саны қолда бар білікті аудиторлардың санымен шамалас болуға тиіс. Экономикалық саясатты əзірлеушілер аудиттың заңнамалық белгіленген талаптарын, олар Қазақстандық аудиторлардың мүмкіншіліктерінен асып кетпейтіндей, біртіндеп енгізуге тиіс.
Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті реттеудің қолданыстағы жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістерді енгізу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен аудит саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.
Ең соңында, бұл қаражаттарды кəсіпорындардың өздерінің ішінде де, экономика масштабында да анағұрлым тиімді бөлуге жəрдемдеседі, өйткені кəсіпорындардың жетекшілері мен инвесторлар қандай инвестициялық мүмкіншіліктер мен іскерлік операциялардың жақсы, ал қандайларының нашар екенін жақсырақ түсіне алады. «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңға ұсынылған түзетулермен көзделген ОПИ үшін өздерінің қаржылық есеп-қисаптарын қоғамдық депозитарийге табыстау туралы талап қаржылық есеп-қисаптардың жұртшылық үшін қол жеткізу деңгейін көтереді.
Қаржылық есеп беру дәлділігінің толық кепілдігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.
Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әрқайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор «қаржылық» есеп беруде аудит аяқталғаннан кейін де елеулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік дуңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.
Аудиторлық қорытынды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясына үш беттен тұратын 3 дана етіп дайындалды.
Аудиторлық қорытындының әрекет ету мерзімі – берілген күннен бастап үш ай.
Аудиторлық қорытындыға акционерлік қоғамның 2003 жылдың 1 маусымындағы жағдайы бойынша құрылған бухгалтерлік балансы, кәсіпорынның 2003 жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымыны дейінгі табыстары мен шығыстары жөніндегі қорытынды есебі, төлей алу қабілетін, өтімділікті және тұрақтылықты есептеу көрсеткіштері тіркелді.