Инкотермс - 2000 базистік шарттары

Халықаралық тәжiрибеде шетелден және/немесе жақын мемлекеттердең құрал-жабдықтарды немесе басқада негiзгi активтердi сатып алу жағдайында оларды жеткiзудiң базистiк шарттар әзiрленiп және оған “Инкотермс-2000” атауы берiлген. Ережелер жиыны тауарлар жеткiзiлiмiнiң базистiк жағдайын қарастырады.

Тауар қозғалысының түрлi кезеңдерiнде оның жеткiзушi қоймасынан аларман қоймасына дейiн тасымалдаун қамтамасыз ету жөнiндегi екi жақтың мiндеттемесi, сатушы мен сатып алушы арасындағы көлiктiк, сақтандыру және басқа iлеспе шығындарын бөлiсу тәртiбiн, тауарды меншiктеу құқығының, оның бара жатқан жолында кездейсоқ опат болуы немесе зақымдалу қатерiнiң сатушыдан сатып алушыға көшуi жағдайын қарастырады:

· Франко

“Франко” италия тiлінен “бос”- «еркін» деп аударылады.

- тауарды жеткiзу және ақысын төлеу талаптары, көлiктiк жүк түсiру жұмыстарына, сақтандыруға жұмсалатын шығындарды бағаға шағып есептеу осы талаптарға байланысты.

· Франко – завод

Ағылшын тiлінен аударғанда “заводтан бос” – “свободен с завода”

- тауарлар жеткiзiлiмi базистiк жағдайының үлгiсi, мұнда сатып алушыға тауарды тiкелей өзiнiң қоймасында (яғни кәсiпорында) ұсынып, табыстау сатушының мiндетi болып табылады.

- Сатып алушы тауарды көлiк құралына тиеудi өзi қамтамасыз етедi және тауардың сатушы қоймасынан жеткiзiлетiн жерге дейiн жеткiзiлiуне байланысты барлық шығын мен тәуекелдiктi мойнына алады.

· Франко – вагон

Ағылшын тiлінен аударғанда “темiр жолда бос” – “свободен на ж/д”

- тауарлар өткiзiлiмi базистiк жағдайының үлгiсi, ол темiр жол тасымалында қолданылады. Сатушының мiндетiне тауарды жөнелтiлетiн (установленной станции отправления) шартты станцияда темiр жолға табыстау жатады.

- Сатушы тауарды темiр жолдын қарамағына табыстау сәтiне дейiнгi шығынды және тәуекелдiлiктi көтередi, ал сатып алушы осы сәттен бастап кейiнгi кезеңдегi шығын мен тәуекелдiлiктi мойнына алады.

· FAS –ФАС

Ағылшын тiлінен аударғанда “кеменiң қасында бос” – “свободен вдоль борта судна” (жүкті түсіру портын көрсету керек)

- Тауар бағасына оны кеме бордына (бүйiрiне) жеткiзу құны қосылғандағы су жолымен тауар жеткiзуге байланысты сатып алу – сату жөнiндегi сыртқы сауда келiсiм шартының түрi.

· «FOB» – ФОБ

Ағылшын тiлінен аударғанда «кеменiң бүйiрiнде бос» - свободен на борту судна (жүкті түсіру портын көрсету)

- Халықаралық саудада тауарлар жеткiзiлiмi талаптарының бiрi, мұнда сатушы жүк тиелетiн келiсiлген портта сатып алушы жалдаған кеменiң бортына тауарды белгiлеген мерзiмде өзiнiң есебiнен жеткiзуге және сатып алушыға коносамент тапсыруға мiндеттi.

- Коносамент – теңiз тасымалы шартының талаптары баяндалған құжат.

- Сатып алушы кеменi өзiнiң есебiнен жалдауға және тиелетiн мерзiмi мен орнын, кеменiн атауын, келетiн уақытын, тиеу кезiн де хабарлауға тиiс.

· «CFR» - «КАФ» - тағайындалған портты көрсету керек.

Стоимость и фрахт - “баға мен құны”

Сыртқы саудадағы сатып – сату шартының бiр түрi, мұнда тауардың бағасына оның тиiстi портқа дейiнгi теңiз тасымалының (фрахтының) құны қосылады.

· «CIF» – СИФ – тағайындалған портты көрсету керек.

Ағылшын тiлінен аударғанда “сақтандырудың құны және фрахт”

Сатушының мiндетi:

- фрахты төлеп бередi;

- тауарды кемеге тиеп бередi;

- теңiз тасымалдаудың тәуекелдiлiктен сақтандыру төлемдерiн жасайды.

· «EXS – с судна» - «Кемеден»

- Келiсiлген портта тауарды кеменiң бордына (бүйiрiне) сатушы тапсыру мiндеттi. Мұнда келiсiлген портқа дейiн тауарды жеткiзуге кеткен шығындарды сатушы мойындайды.

· «EXQ – с пристани» - «Айлақтан»

- Келiсiлген порттың айлағында сатушы тауарды түсiрiп бередi.

Сатушының мiндетi:

- тауарды кедең “тазалығынан” өткiзедi;

- кедең баждарын төлейдi;

- импорт лицензиясын шетел – сатып алушыдан алып бередi.

- Импорт лицензиясын сатушымен сатып алушы есебiмен алынады.

· «DAF - ДАФ» - «доставка до границы»

Шекараға дейiн сатушы бүкiл шығындарды мойындайды:

- кедең баждарың төлейдi;

- тауар сатып алған елден салықтар мен мiндеттi жинауларын төлеп бередi.

Наши рекомендации