Лшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
Өлшеу құралдары метрологиялық аттестаттаувға МҒМО-ға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:
- өлшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтініш;
- өлшеу құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшеу құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу құрастырылған болса);
- пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);
- өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасынын жобасы;
- өлшеу құралдарын (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжатттарында жоқ кезінде);
- әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.
Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынылады;
- жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);
- метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттау немесе өлшеуіш каналдың құрауыш элементтері болып табылатын өлшеу құралдарын с алыстырыптексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.
Эталондар метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған құжаттар жинағында қосымша ҚР СТ 2.3 талаптары есебімен құжаттар болуы тиіс. Мемлекеттік эталондар үшін салыстырып тексеру әдістемелерінің орнына салыстырулар әдістемесі ұсынылады.
Жеке дана енгізілген өлшеу құралдарына құжаттар метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.
Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшеу құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМО-мен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім-шарт негізінде МҒМО-ның әзірленуіне, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшеу құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.
Салыстырып тексеру әдістемесі ҚР СТ 2.63 талаптарын есепке ала отырып әзірленеді және рәсімделеді.
Эксперименттік зерттеулер кезінде қолданылатын жұмыс эталондары, өлшеу құралдары, стандарттық үлгілер (эталондық ерітінделір) және аттестатталған үлгілер Қазақстан Республикасында қолданысқа жіберілуі тиіс, қолданыстағы сертификатты және (немесе) оларды салыстырып тексеруді (аттестаттауды) бекітуді растайтын таңбалар оттискілері болуы тиіс.
Әрбір метрологиялық сипаттауды анықтау кезінде орнатылатын аттестатталатын өлшеу құралдарын эксперименттік зерттеу нәтижелерін В қосымшасының пішіні бойынша эксперименттік зерттеулер хаттамасына енгізеді.
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін немесе қолданыстағы құжатты шет елдердің салыстырып тексері бойынша байқау кезінде МҒМО-мен анықталған кемшіліктер аттестаттау жүргізу кезеңінде өтінушімен шеттелуі тиіс.
Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижесінде МҒМО метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты ресімдейді және өлшеу құралын және салыстырып тексеру әдістемесін Қазақстан республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӘЖ тізілімі) тіркеуді іске асырады.
Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелерінде МҒМО өлшеу құралдарын қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.
Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану үшін өтінуші мынадай құжаттар жинағаын ұсынуы тиіс:
- метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану процедурасын жүргізуге өтінім;
- метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе куәлік түпнұсқасы;
- өлшеу құралынапайдалану құжаттары;
- өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесі;
- метрологиялық аттестаттау хаттамалары.
Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану кезінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган өлшеу құралын және салыстырып тексеру әдістемесін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді іске асырады. Өтінім берушіге ҚР МӨЖ тізіліміне өлшеу құралын енгізу туралы белгімен ұсынылған метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттаң (куәліктің) түпнұсқасы қайтарылады.