Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру. Тақырып №1: Ортопедиялық стоматологиялық көмекті нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру
Тақырып №1: Ортопедиялық стоматологиялық көмекті нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы дәрігерлердің заңдық жауапкершілігі. Дәрігер стоматологты даярлауда ортопедиялық стоматологияның рөлі. Ортопедиялық және кешенді емге жататын тіс-жақ жүйесі ауруларының негізгі нозологиялық формалары
Курс - 5
Цикл -37 сабақ
1.
2.
3.
4.
5.
Алматы, 2016
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды
«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама
Ортопедиялық стоматология кафедрасының
меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков
Тақырып №1: Ортопедиялық стоматологиялық көмекті нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы дәрігерлердің заңдық жауапкершілігі. Дәрігер стоматологты даярлауда ортопедиялық стоматологияның рөлі. Ортопедиялық және кешенді емге жататын тіс-жақ жүйесі ауруларының негізгі нозологиялық формалары
2. Мақсаты:
Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру
- нарық заманында ҚР стоматологиялық қызметінің даму стратегиясы;
- ортопедиялық бөлімнің және дәрігер стоматологтың жұмыс орнын ұйымдастыру принциптері, бөлімнің ішкі ережесі;
- стоматологиялық орындардың құрал жабдықтарына қойылатын санитарлы-гигиеналық және қарсы эпидемиологиялық талаптар;
- науқастарды қабылдау ережесі;
- медициналық құжаттарды қалыптау;
- тіс-жақсүйек жүйесінің негізгі нозологиялық ауруларының жіктемесі туралы;
- ортопедиялық стоматологияның ролі туралы;
- ортопедиялық әдістермен емдеуді жүргізу туралы;
- стоматологиялық науқастарды тексеру әдістері туралы;
- медициналық есеп беру құжаттарын толтыру.
2) Операционалды дағдыларды қалыптастыру:
- ортопедиялық стоматологиялық қабылдауда науқастарды тексеру;
- стоматологиялық науқастардың амбулаторлық картасын толтыру;
- наряд-тапсырманы толтыру;
- дәрігер - стоматолог-ортопедтің күнделікті есебін толтыру (форма № 37);
- дәрігер стоматолог-ортопед жұмысының есептік біріктірілген ведомосын толтыру (форма №39);
- науқастың шағымын тыңдап, назарға салу;
- анамнез жинау;
- тексерудің нәтижесін зерделеу, интерпретация жасау;
- лифматикалық бездерді пальпациялау және алынған мәліметтерді талдау;
- рентгенологиялық зерттеудің нәтижесін талдау.
3) Коммуникативті дағдыларды дамыту:
- вербалды және вербалды емес коммуникативті дағдыларын дәрігер –стоматолог-ортопедтің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде, кабинетте жұмыс істеу барысында бақылау;
- пациенттің проблемасын тыңдау, анықтау дағдылары;
- пациентке таңдалған емдеу әдісінің себебін негіздеу дағдылары;
- науқастың ақпаратталған келісімін алу дағдылары;
- жаңа терминдер және түсініктемелерді қолданып келесі тақырыптарды зерделеу: «шағымдарды талдау», «ауру анамнезі», «өмір анамнезі», «тіс жақсүйек жүйесі туралы түсінік», «нозология және морфология», «рентгенологиялық зерттеудің нәтижесін талдау»
4) Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптасыру:
- науқасты диагностикалау және емдеу протоколдарын зерттеу арқылы;
- дәрігер науқас ара қатынасының құқықтық аспектілерін зерттеу арқылы;
5) Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:
Ортопедиялық стоматологиялық көмекті нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы дәрігерлердің заңдық жауапкершілігі. «Дәрігер-стоматолог дайындаудағы ортопедиялық стомтаологияның ролі. Кешенді ортопедиялық ем жасауға болатын тіс-жақсүйек жүйесінің негізгі нозологиялық түрлері».
3. Оқыту міндеттері: Ортопедиялық стоматология бөлімшесінің структарасын білуді, дәрігір стоматологтың квалификациялық мінездемесін білуді қалыптастыру. Жаңа әдебиеттер жинағын пайдаланып теориялық және тәжірибиелік дағдыларды жетілдір мен рефераттар дайындау, өз бетімен ситуациялық есептерді шығару. № 37, 39 формаларды, науқастың ауру тарихын толтыру.
4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. ҚРда медициналық көмекті ұйымдастыру принциптері мақсаты;
2. Стоматологиялық поликлиника құрылымы;
3. Ортопедиялық бөлім: дәрігерлік кабинеттер және тістехникалық лаборатория, заманауи құрал жабдық;
4. Ортопедиялық емнің профилактикалық маңызы;
5. Дәрігерлік кабинетке тістехникалық лабораториясына санитарлы-гигиеналық нормативтер;
6. Клиникада және тістехникалық лабораториясында дезинфекциялау, стерилизациялау жүйесі;
7. Клиникада және тістехникалық лабораториясындағы қауіпсіздік техникасы;
8. Медициналық құжаттар, толтыру ережесі.
9. Тістің жоғалуына алып келетін себептер.
10. Тісжақ жүйесінде болатын функциональды және морфологиялық өзгерістер.
11. Ортопедиялық стоматологияда кездесетін аурулардың нозологиялық түрлері.
12. Ортопедиялық стоматологияның жалпы стоматологияда ролі.
13. Ортопедиялық емдеудің комплексті тәсілдері.
5. Оқыту және үйретудің әдістері: ауызша сұрау, оқытушының жұмысын бақылау, демонст-рация, клиникалық жағдайларды талдау, ситуациялық есептерді шешу, кіші топта жұмыс жасау.
Сабақтың хронометражы (академиялық 6,5 сағат есебінде)
№ | Сабақ сатылары | Сабақ сатыларының құрамы | Оқыту әдістері | Бақылау әдістері (оқытушының таңдауы бойынша) | Сабақ сатысына берілген уақыт |
Кіріспе сатысы | Танысу, белгілеу тақырыппен, мотивациялық мінездемесімен, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру. | - | - | 5 минут | |
Дайындық бақылауының деңгейі | Білім деңгейін анықтау | - | 1.Ауызша сұрау 2Жазбаша сұрау 3. Қалыңдаған сұрау 4.Блиц-сұрау 5.Тестілеу | 45 минут | |
Негізгі саты | 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). | Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмы-сын бақы-лау Кіші топта жұмыс жасау | 1.Коммуни-кативті дағдыларды тіке бақылау | 100 минут | |
Ұзіліс | 30 минут | ||||
Негізгі саты - жалғасы | 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). | Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмы-сын бақы-лау Кіші топта жұмыс жасау | 1.Коммуни-кативті дағдыларды тіке бақылау | 120 минут | |
Сапаны бағалау сатысы | 1.Білімді қорытынды бақылау | 1.Жазбаша сұрау 2.Қалыңдаған сұрау 3.Блиц-сұрақ 4.Тестілеу | 10 минут | ||
2.Кері байланыс құру | 10 минут | ||||
3.Бағалаушы рубрикаларды, чек-парақтарды толтырып, балды есептеу | 5 минут | ||||
4. Бағалармен таныстырып, журналды толтыру. | 5 минут | ||||
5. Келесі тақырып бойынша түсінік беру | 5 минут | ||||
Барлығы | минут | ||||
6. Әдебиеттер:
1. Мирзабеков О.М. Основы организации стоматологической помощи Республики
Казахстан на современном этапе. Учебное пособие.-Алматы. -2002. -86 б.
2. Есембаева С.С., соавторы. Сборник нормативных документов по соблюдению правил санитарно-эпидемиологической безопасности в стоматологических организациях Республики Казахстан. Учебное пособие. –Алматы. -2007. -184 б.
3. Марков Б.П., Лебеденко И.Ю., Еричев В.В. Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии. - М., 2001.
4. Рузуддинов С.Р., Телебаева Г.Т., Петрова Л.А. Логико-дидактические структуры в изучении пропедевтики ортопедической стоматологии.
5. Руководство по ортопедической стоматологии. / Под ред. В.Н.Копейкина. - М., 1993.
6. Нападов М.А., Паламарчук В.М., Хохлов Э.М. Медицинская деонтология и психотерапия в стоматологии. - Киев: Здоровье. - 1984.
7. Рузуддинов С., Седунов А.А., Лобанов Ю. С. “Пропедевтика ортопедической стоматологии”, Алматы, «Эверо», 2010.
8. Е.И.Гаврилов, А.С.Щербаков. "Ортопедическая стоматология". М., 1984.
9. Сухарев Г.Т. Функциональная структура опорных тканей пародонта.
10. Дойников А.И., Синицин В.Д. - Зуботехническое материаловедение М.1986.
11. Седунов А.А “Ортопедическая стоматология является завершающим этапом лечения по общей стоматологии”.
12. Копейкин В.Н. Ортопедическое лечение заболеваний парадонта. М.Мед.1987.
13. А.С. Щербаков, Е.И. Гаврилов, В.Н.Трезубов, Е.И.Жулев. «Ортопедическая стоматология» Санкт- Петербург. 1998.
14. В.Н. Копейкин «Руководство по ортопедической стоматологии» Москва. 1999.
15. И.К. Луцкая. Руководство по стоматологии. Ростов на Дону. 2002.
16. Каламкаров Х.А., Матвеева А.И. Клинические аспекты методики избирательного пришлифовывания зубов при заболевании парадонта. Стоматология 1983 N6.
17. Кульманбетов И.А. Парадонт аурулары. Методикалық нүсқау.
1. Бақылау:
1.Жасалған тіс протезіне берілетін кепілдеме мерзімі?
а) 0.5 жыл
б) 1 жыл
в) 2 жыл
г) 3 жыл
д) 4 жыл
2.Дәрігер- тіс технигі ара қатынасы болуы керек
а) 0.5:1.0
б) 1.0:1.0
в)1.0:2.0
г) 1.5:2.0
д) 2.0:3.0
3. Дау типтерін көрсетіңіз, біреуінен БАСҚА:
а) топаралық
б) жеке тұлғаішілік
в) жеке тұлғааралық
г) басшы және топ арасында
д) жеке тұлға және топ арасында
4. Дау жағдайын басқару әдістерін көрсетіңіз:
а) топаралық және жеке тұлғааралық
б) құрылымдық және жеке тұлғааралық
в) құрылымдық және топаралық
г) жеке тұлғаішілік
д) құрылымдық емес
5. Дауды шешудің құрылымдық әдістерін көрсетіңіз, біреуінен БАСҚА:
а) координациялық және интеграциялық механизмдер;
б) жалпыұйымдастырушы кешенді мақсаттар;
в) жұмысқа қойылатын талапты түсіндіру;
г) марапаттау жүйесінің құрылымы;
д) жұмыстан қуу
6. Тұлғааралық дауды шешу әдістерін көрсетіңіз, біреуінен БАСҚА:
а) жуып шаю (сглаживание)
б) тіл табысу (компромисс)
в) жазалау (наказание)
г) қашу (уклонение)
д ) проблеманы шешу
7. Лидерліктің негізгі түрлерін көрсетіңіз, біреуінен БАСҚА:
а) авторитарлық
б) лидер-ұйымдастырушы
в) директорлық және тұлғааралық
г) жұмысқа қарқын беруге тырысу
д) демократиялық және тәлімгерлік
Жауаптары:
1. б
2. в
3. д
4. б
5. д
6. г
7. а
Есеп №1. Науқас Н, 4 3 2тістер аймағындағы канағыштығына, тамақ ішу барысындағы ауру сезіміне шағымданып келді.
Қарап тексергенде: ортогнатиялық тістем, жоғарғы және төменгі жақ тістері интактілі, 4 2 тістері сауыттармен жабылған, 1 мм ге дейін қызыл иекке еніп тұр. Осы тістер аймағындағы қызылиек ісінген, қызарған. Перкуссия сәл ауырады.
Сұрақ: 1. Диагноз қойыныз?
2. Ажырату диагностикасы
Есеп №2. Науқас С., төменгі жақ сүйегінің ауру сезіміне, қозғалғыштығына, ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіске шағымданып келді.бұрын стоматологқа көрінбеген.
Қарап тексергенде: беттің конфигурациясы өзгермеген, тістемі ортогнатиялық. Төменгі жақ сүйегінің альвеола бөлігі аймағы қызарған, көгерген, гипертрофияланған, 21тістер аймағында жыланкөз бар. Тіс қызылиектік қалтаны сипап тексергенде ірің бөлініп тұр. Төменгі жақтағы 21\345 тістер аймағындағы қалта тереңдігі 8мм. Тістердің мойыны жалаңаштанған. Төменгі жақта 1/13 тәстер арасында диастема, тремалар бар. 21 тістер I-II дәрежелі қозғалғыш.
Сұрақ: 1. Диагноз қойыныз?
2. Ажырату диагностикасы
Есеп №3: Науқас С.,42 жаста, қызылиектің қанауына, ісінгендігіне, тамақ қабылдаудың қиындығына, тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді.
Анализінде: қант диабеті. Арнайы анализ: тістерінің жоғалуын қант диабетімен байланыстырады. Осы уақытқа дейін протез салмаған және емделмеген. Беті симметриялы, птологиялық өзгеріссіз.
Қарап тексергенде:
_7654321!1234567
0000321!1230000
Ауыз қуысын қарап тексергенде: 21, 12 тестер аймағының шырышты қабығы жедел қабынған. Барлық тістері III дәрежелі қозғалмалы.
Сұрақ: 1. Айтылған суреттемелер қандай ауруға тән.
2. Ажырату диагностикасы