Оғыздар, Кимек қағанаттары
Оғыз мемлекеті (9 – 11ғ)Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.
Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.
Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.
985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді.
Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды.
М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған.
Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп болды.
ІХ ғасырдың ортасында қазақ даласында саяси сатыға қимақ-қыпшақ тайпалары шықты. 656 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы нәтижесінде Қимақ тайпалық одағы туды. VIII ғасырдың екінші жартысында ІХ ғасыр басында қимақ тайпалары солтүстік батыс Монғолиямен бірге Қазақстан аумағына жылжыды. Солтүстік батыста – оңтүстік Оралға (негізінен қыпшақтар), оңтүстік батыста Сырдария мен Жетісудың солтүстік шығысы шегінде.
840 жылы Ұйғыр қағанаты тарағаннан кейін орталық Монғолияның соған кірген тайпаларының бөлігі (Эймұр, баяндур, татар) қимақ бірлестігіне қосылды. Сөйтіп, сол кезде қимақ федерациясы құрамында 7 тайпадан: Эймур, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, аджлар тұратын қалыптасты. Қимақ тайпасының басшысына «байғү» титулын таға бастады. Ол өз бағынышындағы жерлерде ақсүйек тайпалардан билеушілер тағайындады. Кимек қағанатында 11 басқарушы болғаны белгілі. Қағанның және билеушілердің билігі мұрагерлік арқылы берілетін болған. Сөйтіп, үлестік – тайпалық жүйе қалыптасты. Ол қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, қимақ қоғамында патриархалдық феодалдық қатынастардың пайда болу салдарының нәтижесі еді. Әскери және әкімшілік билік ірі тайпалық бірлестіктердің мүддесін қорғайтын үлесті билеушілер қолында болды.
Ал негізінде олар қағанға бағынса да, әр қайсысы өз бетімен билеуге тырысты. Мемлекеттік аппарат халықты алым салық төлеуге мәжбүр етті, азық түлікпен, соның ішінде алтындай.
Халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы және аң аулау болды. Халықтың негізгі бөлігін – қатардағы қауымдастар құрады.
Тұрғындар арасында егін шаруашылығымен, қолөнермен, балық аулаумен шұғылданатын отырықшы тайпалар болды. Олар ятуктар деп аталған.
Мемлекеттің ішкі саясаты Шығыс Түркістандағы тоғызоғыздарға жортуылдармен және енисей қырғыздарына шабуылдармен анықталған.
Бірақ қимақтар басқа мемлекеттер, мысалы қараханидтер тарапынан шабуылдарға кездесіп отырған.
Қимақ мемлекеті құдіретті держава болды. Бірақ Х ғасырда оның құлдырау белгілері көріне бастады. Үлес басқаруашылары, байтақ, аумақтарды басқарып отыра өз қызметтерінде жалдамалы әскерге ие болды, сондықтан өзін-өзі билеуге тырысты, осы әрекеттер орталық биліктің әлсіреуіне, мемлекеттің ыдырауына әкелді.
Х ғасырдың басында Солтүстік Қытайда қыдан (қарақытай) мемлекеті құрылды.
Бұл мемлекеттің жаугершілік жорықтары көшпелі тайпалардың Жетісудан Каспий теңізіне дейінгі кең байтақ аумақтарына қоныс аударуларына әкеп соқты. Осы көшу қозғалысында қимақ одағының тайпалары да болды. Осының нәтижесінде қазақ даласында қыпшақтар күшейді. Х ғасырда олар өз биліктерін қимақ қағанатының барлық аумағында және Сырдария өзенінің алқаптарында орнатқан еді. Қыпшақ бірлесулерінің қысымымен Қимақ қағанаты өз тіршілігін тоқтатты.